1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (15548) 11 қараша, бейсенбі 2010
ХАЛЫҚ БАТЫРЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚТЫҢ ҚҰПИЯСЫ АШЫЛУЫ ТИIС
Мемлекет және қоғам қайраткерi Заманбек Нұрқадi­ловтiң қандықол қарақшының қолынан қаза тапқанына ертең бес жыл толады. Күдiк пен күмәнге толы бес жыл... Осы бес жыл iшiнде Зәкеңнiң қазасының шындығын ашу үшiн бес iс жасай алдық па? Өкiнiшке қарай, жасай алмадық. Батыр жатыр күңiренiп. Әлде қазақта көзi тiрi батыр көп пе едi? “Рух өлмейдi, рух көшедi” дегендi осындайда айтады халық. Жоқтаусыз қалатындай Зәкең көп қазақтың бiрi емес едi ғой. “Жоқтаушысы жоқ” деу күпiрлiк болар. Шын жоқтаушылары бар. Олар — Мақпалы мен Мерейi. 

“Қазақстанда ашық, жария саясат жоқ, ал саяси оқиғалардың бетi шымылдықпен бүркеулi. Осындай iш пыстырарлық, солғын саяси өмiрде айтылған Е.Ертiсбаевтың мәлiмдемесiн кейбiр саясаткерлер жеке басын жарнамалау үшiн пайдалана бастады. Бiрақ қазiргi қалыптасқан жүйеде президенттiкке түсемiн деп ниет бiлдiру бiр басқа да, оған нақты мүмкiндiктердiң болуы мүлде бөлек. Түптеп келгенде, мұндай мүмкiндiктер тек белгiлi бiр топта ғана бар. Ал жеңiске жетудiң мүмкiндiгi тек бiр ғана адамның қолында”. Саясаттанушы, Тәуекелдердi бағалау тобының жетекшiсi, А.Сәрсенбайұлы атындағы сыйлықтың иегерi Досым СӘТБАЕВтың пiкiрi осыған саяды.

Ақтөбедегi iрi мұнай компания­сы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары Янь Яньбиао облыстағы әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының бастығы Серiк Орынбаевқа пара ұсынғаны үшiн   қылмыстық жауапкершiлiкке тартылды. Қазiр осы iс бойынша №2 Ақтөбе қалалық сотында iстi қарау басталып кеттi. Биылғы шiлденiң ортасында ҰҚК Ақтөбе облыстық департаментiнiң қызметкер­лерi Янь Яньбиао мырзаны компанияның бас кеңсесiндегi қызметтiк бөлмесiнен   ұстап алып кеткен едi.

Астананың аспаны түнерiп, күн райы мың құбыла бастағанымен, желтоқсанның басында өтпек саммитке дайындық қызу жүруде. “Тойдың болғанынан боладысы қызық” деген қазақи қағидамен қарасақ, бұл қызықтың бар шыжығы қала әкiмi Иманғали Тасмағамбетовтiң еншiсi­не бұйырғандай. Неге десеңiз, әр елге ұшып барып, “Астанаға келiңiзшi” деп шақыру “билетiн” таратып қайтқан Сыртқы iстер министрi һәм Мемлекеттiк хатшы Қ.Саудабаевтың iсiнен гөрi, келер қонақты күтiп алу әуресiнiң көптiгiн астананың әр тұрғыны сезе бастағандай.

Қартына алақан жайдыр­ған елдiң көсегесi көгермейтi­нi жөнiнде жазғанбыз (№85. 26 қазан, 2010 жыл). Iле-шала зейнеткерлердiң құқын қорғау қоғамдық комитетiнiң төрағасы Жақсымбек Әбiловтен хат түстi. “ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау минис­тр­лiгi халықтың әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайына жанашырлық танытпауда. Республикада 25-48 жылдық еңбек өтiлi бар 38 мыңдай азамат мемлекеттiң тиiстi көмегiне қолы жетпей жүр”, – дейдi ол сөзiнiң әлқиссасында.– Бейнетiн көрiп едiк, зейнетiн қашан көремiз, – дептi содан соң. – Жақында ел араладым. Жасыратын түгi жоқ, ауыл тұрғындарының әлеуметтiк құқығы өз дәре­жесiнде қорғалмауда.
Биылғы жылғы қыр­күйек­тiң 21-22-жұлдызында Қа­зақстан Жазушылар одағының және одақ құрылтай­шылы­ғын­дағы әдеби басылымдар – “Қазақ әде­биетi” газетi мен “Жұл­дыз”, “Прос­тор” журналдарының 75 жылдық ме­рей­тойы Алматы қаласында кеңiнен ата­лып өткенi баршаға мәлiм. Бiрiншi күнi Абай атындағы ака­де­мия­лық Опера және балет театрында ел зиялыларының, алыс-жақын шетелдерден келген қонақтардың, Алматыда, Астанада және аймақтарда тұратын қаламгерлердiң қаты­суымен Салтанатты жиын (мерекелiк пленум) болды.
Президент әкiмшiлiгiне, үкiметке және Қазақстан қаламгерлерiне ашық хат
Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин «Қазақ әдебиетi» (29.10.2010 ж.) газетiнде жариялаған «Ақиқатты бұрмалау – арға сын» атты мақаласында одақ жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлгенiн айта келiп, осы өзгертiлген жарғыдағы «құр­меттi төраға» туралы «жалған ақпарат таратты» деп есiмдерi ел аузында жүрген ақын-жазушылар Төлен Әбдiков, Мұхтар Шаханов, Дулат Исабековтерге кiнә артты. Мәселе мәнiне бармас бұрын әуелi одақ жарғысына өзгерiстер енгiзiлгенi туралы Н.Оразалиннiң жоғарыда бiз тiлге тиек еткен мақаласынан үзiндi келтiре кетейiк. Ол былай дейдi:
18 325 ТЕҢГЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚАЗIРГI ҚЫМБАТШЫЛЫҚТЫҢ КЕЗIНДЕ НЕГЕ ЖЕТЕДI?
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықованың назарына!
Мен 1940 жылдың сәуiр айынан бастап 2003 жылдың тамызына дейiн үздiксiз 40 жыл бойы бiр жерде, бiр салада (ауыл шаруашылығы) жұмыс iстеппiн. Тек 2003 жылдың тамызынан бастап зейнеткерлiкке шықтым. Содан берi бұйырған зейнетақымды алып жатырмын. Бiрақ маған тө­ленiп жатқан зейнетақы мөлшерi өте аз. Ең төменгi қарттық зейнетақы болып белгiлендi. Оның себебi, зейнеткерлiк туралы заңда «1995 жылдан кейiнгi жалақысы туралы мәлiмет болуы керек» деген бап бар екен.

Автобусқа көппен таласа мiндiм. Кейде осындай жайттың орын алатыны да бар. Ине шаншар жер жоқ. Ел-жұрт бiр-бiрiне «әрi жүр», «берi тұр» деп дабырласуда. Амал нешiк, түрегелiп тұруыма тура келдi. Автобус орнынан қозғалған соң жүргiншiлер тыншығандай болды. Тыныштықты оқыс шыққан дауыс бұзды. Жалт қарадым. «Әкесiндей мен тұрғанда, қарғадай қыздың отырысын қара. Е, бұларда үлкендi сыйлау деген жоқ. Қане, тұр орныңнан!» – деп тұр шоқша сақалды кiсi орындықта отырған қызға шүйлiгiп. Қыз әкесiндей жанға қарап жаутаңдайды. Өзге жо­лау­шылардың да назары өзiне ауғанын байқап, қысылып та тұр.

Жас келген соң, үйден ұзап шыға алмаймыз. Ермегiмiз – теледидар. Қатарымның бәрi сиреген, жоқ деп айтуға да болады. Көшеге шықсақ, бiр адам баласы көрiнбейдi. Анда-санда есек пен иттердi көрiп қалушы едiк, ол жарықтықтар да азай­ған ба, көрiнбей кеттi. Сөйтiп, шарбаққа орнатылған орындыққа арқаңды сүйеп, бұрынғы бiрге жүрген, кеше ғана бiрге болған қариялардың үйлерiн көрiп, солардың қылығын, тiрi кезiндегi тiрлiктерi көз алдыңа елестеп, мұңайып отырғаның.

“Жас Алаш” газетiнiң 2010 жылғы 9 қыркүйектегi №72 санында Т.Сарыевтың “Мемлекеттiк қарақшылар” атты мақаласы жарияланған болатын. Онда мақала авторы өзiнiң заңсыз қудаланғаны туралы айтқан едi. Мiне, осы мақалада көтерiлген мәселелер Маңғыстау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментiмен (әрi қарай – ЭСЖҚД) жан-жақты тексерiлдi. Жаңаөзен аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясымен заңсыз кәсiпкерлiкпен айналысқаны, яғни
Биылғы кезектi демалысымда Торғайға бардым. Ауылда республикаға белгiлi дәрiгер-хирург Марат Әбеуовпен бiраз күн сапарлас болдым. Дәрiгер ағамыз жыл сайын туған жерi Көкалатқа келiп, аунап-қунап кетудi дәстүрге айналдырған. Қасында әдеттегiдей бiр топ достары бар екен. Айырқұм, Аққұм, Акқөлге табанымыз тидi. Менiң таңғалғаным, қанша жыл елден жырақ жүрсе де, Марат Ертайұлы жердiң ыңғайын, елдiң тарихын, өткен-кеткенiн бес саусағындай бiледi екен. Осы сапар барысында Марат Ертайұлының шәкiрт­те­­рi­­нiң бiрi, Қарағанды облысы Осакаров ауданының бас дәрiгерi Қанат Садуақасовтың Қарғалыдағы Нұр­лан деген

Қайтқан адамның жылдық асында отыр­ған ақсақалдардың әңгiмелерi бiр сәт ұрлық жайына ауысты. Сол-ақ екен, зейнеткер жасына жақындап қалған ақ сары өңдi кiсi сөзге араласып, әңгiмесiн бастап та кеттi. Әкем: «Е, өмiрде жақсы да, жаман да кездеседi. Әрине, жақсы қасиет жағына қарай бет бұрып, өмiр сүргенге не жетсiн. Қазақта «аруағым атсын», «кием ұрсын» деген қарғыс бар. Мұндай жаман қарғыстан, балам, аулақ жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресiң деп үйрететiн. Ендi басымнан өткен оқиғаны айтайын, барлықтарыңызға ұғынықты болсын.

Дәулет ТҰРЛЫХАНОВ, “Самұрық-Қазына – Астана” корпоротивтiк қорының бас директоры, ФИЛА бюросының мүшесi:
Осы аптаның соңында Қытайдың Гуанчжоу қаласында төрт жылда бiр келетiн XVI Жазғы Азия ойындары жалауын көтередi. Сары құрлықтың кiлең сайыпқырандары сынға түсетiн дүбiрлi додада елiмiздiң спортшылары да өз өнерлерiн ортаға салмақ. Жалпы, ел спортшылары бұған дейiн төрт бiрдей жазғы Азия ойындарында бақ сынады. Соңғы рет Дохада өткен дүбiрлi жарыста елiмiздiң спортшылары жалпыкомандалық есепте төртiншi орынға тұрақтады. Бiз бүгiн оқырмандар назарына даңқты палуан, бүгiнгi күнi “Самұрық- Қазына – Астана” корпоротивтiк қорының бас директоры, ФИЛА бюросының мүшесi, елiмiздегi спорт саласының бiлiктi маманы Дәулет Тұрлыхановпен болған әңгiменi ұсынып отырмыз.
Өткен аптада Еуропа лигасының топтық ойындарын өткiзiп жатқан командалар 4-тур ойындарын түйiндедi. Әзiрге, Еуропа лигасының плей-офф ойындарына бес команда жолдама алды. Олар “Батэ” (Беларусь), “Зенит”, ЦСКА (екеуi де Ресей), “Штутгарт” (Германия) және “Порту” (Португалия) командалары.
Еуропа лигасының 4-тур ойындарының нәтижелерi мынадай болды:
А тобы: “Лех” (Польша) – “Манчестер Сити” (Англия) – 3:1; “Ювентус” (Италия) – “Зальцбург” (Австрия) – 0:0;
В тобы: “Русенборг” (Норвегия) – “Атлетико” (Испания) – 1:2; “Байер” (Германия) – “Арис” (Грекия) – 1:0;

Ақша сақтау бiр бөлек те, қолда бар ақшаны ұқсатып ұстап, оны көбейте бiлу мүлде басқа нәрсе. Бүгiнде ақша сақтаудың сан түрлi жолы, алуан мүмкiндiгi бар. Бiрi ақшаны жылжымайтын мүлiкке салғанды құп көрсе, ендi бiрi пайлық инвестиция­лық қорларда ойнағанды жөн санайды. Алайда жылжымайтын мүлiктiң құны құбылып тұратындықтан, баға аяқасты түсiп кетсе, оңбай ұтылатыныңыз қапе­рiңiзде жүрсiн. Ал Қазақстанда қор нарығы онша дамымағандықтан, ақшаны пайлық инвестициялық қорларға салу да күмәндi. Бiр жағынан пайлық инвестиция­лық