1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15549) 16 қараша, сейсенбі 2010
2009 жылы өткен халық санағының қорытынды нәтижесiнде 70 пайызға жетуiмiз мүмкiн деген үмiтiмiз көзден бұл-бұл ұшты. Сенбi күнi санақ жөнiндегi соңғы сөз айтылды. ҚР Статистика агенттiгiнiң төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстандағы қазақтың саны 63,9 пайыз деп жариялады.
КIМГЕ СЕНЕМIЗ?
Президент Н.Назарбаев: «Қазақтар 53 пайыздан 65 пайызға жеттi».Премьер-министр К.Мәсiмов: «Жедел мәлiметтер бойынша республикадағы қазақтардың саны 67 пайыздан астам болды». Статистика агенттiгiнiң төрағасы Ә.Смайылов: «Қазiргi таңда қазақтың үлесi – 63.9 пайыз. Осы санға сену керек».
НЕМЕСЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАМАҚ
Тақымыңызда темiр тұлпар болса, ақшаңызды қазiрден қамдай берiңiз! Алдағы жылдың ортасынан бастап көлiктi техникалық байқаудан өткiзудiң бағасы артпақ. Бұған дейiн шамамен 2 мың теңгенi МАЙ қызметкерiнiң қолына қыстырып, «бармақ басты, көз қысты» жасап келсеңiз, ендi ол күн арманға айналмақ. Әлбетте, бес жылға дейiнгi су жаңа мәшине астыңызда болса, сiздiң жолыңыз болды. Екi жылда бiр ақ рет техникалық байқаушыны iздеп әуре боласыз. Ал, 12 жылдан жоғарғы ескi көлiктен күндiз-түнi түспей, тепкiлеп мiнiп жүрсеңiз, онсыз да жұқа жүйкеңiз қылдай жұқармақ. Себебi, кәрi сүйек көлi­гiңiздi жылына екi

не өзiңнiң азаматтық ар-намысыңды аяққа таптап, билiкке жағыну, осылайша бiршама материалдық байлыққа қол жеткiзу, не абыройыңды сақтау, бiрақ далада жалаңаяқ қалу. Таяуда «Қазақ журналистерi клубының» кезектi отырысы өттi. Қонаққа елiмiздiң көрнектi ақыны Темiрхан Медетбек келдi. Өнерi мен ой-пiкiрi азаттыққа тұнған ақын қазақ журналистерiмен қоғамдағы көптеген күрделi мәселелер төңiрегiнде ой бөлiстi. Қазақстандағы зиялы қауым мен билiк арасындағы алшақтықпен қатар, ауызжаласқан сыбайластық туралы, ақын-жазушыларымыздың қазiргi хал-ахуалы жа­йында сөз қозғаған Темiрхан мырза қо­ғам­дық-саяси тақырыптарда да өзiнiң пiкiрiн бiлдiрдi.

Зәкең терiс қарап тұр... Түтiн жамылған лас Алматыға қарағысы келмей­тiндей. Күнделiктi күйбең тiрлiктен аса алмайтын пенделерiне де өкпелi сияқты. Тау тұлғалы азаматтың тас мүсiнi тауға қарап тұр. Зәкеңнiң рухы өзi көз салып тұрған Алатаудың мұзарт шыңдарында аласұрып жүргендей көрiндi бiзге. “Менiң рухымды қашан жайландырасыңдар?” дейтiндей Зәкеңнiң өзi де. Зәкеңнiң зиратындағы ескерткiшiне қарап осындай ой түйдiк.12 қараша — Зәкең оққа ұшқан күн. Батырдың шәйiт болғанына биыл бес жыл толды. Зәкеңдi ұмытпаған бiрқатар қауым зиратының басына барып, құран бағыштады. Зәкеңнiң жесiрi Мақпал Жүнiсова өз үйiнде қонақасын бердi
М.СЕЙСЕМБАЕВ ОНЫ ТЕРГЕУДЕ, СОТТА ДӘЛЕЛДЕЙТIНIН МӘЛIМДЕДI.
Өткен бейсенбiде “Альянс банкi” директорлар кеңесiнiң бұрынғы төрағасы Марғұлан Сейсембаев шұғыл брифинг өткiздi. Ұлттық баспасөз клубында кешкi сағат беске жоспарланған жиынға БАҚ өкiлдерi әдеттегiден көп жиналды. Тап бiр сенсация күткендей. М.Сейсембаевтың есiктен кiрген сәтiн аңдыған ондаған фототiлшi мен операторлар­ға кiреберiсте сарыла күтуге тура келдi. Сейсембаевтың өзi брифингiге сәл кешiгiп жеттi. Журналистер лық толы залды бөлiп‑жарып өткен “Альянстың” бұрынғы басшысы төрдегi орнына жайғасты да, тiлдей қағазын оқи жөнелдi.

Премьер-министрдiң iсiнен гөрi қиялы қызықтырақ. Ол үшiн отандық нарықты толтырудың еш қиындығы жоқ. Мәселен, Мәсiмов мырзаның айтуына қарағанда, көптеген өнiмдердi өзiмiзде өндiруге әбден мүмкiн көрiнедi. Бұған дейiн ол мұны қалайша бiлмеген? Үкiметтiң кезектi отырысында әдеттегiдей Мәсiмовтi бас шұлғып қоштағандар да аз болмады. Қазақстанның индустрия министрiнiң болашаққа болжаған бағдарламасын тыңдап, Мәсiмов мырза жерден жетi қоян тапқандай елiмiзде вагондар дайындау мен өрт сөндiру машиналарын жасауға болатынын қуана жеткiздi.

Өткен ғасырдың 70-жылдары Жамбыл аудандық “Екпiндi еңбек” газетiнде (Алматы облысы) редакторының орынбасары қызметiнде жүргенiмде “Лениншiл жастың” (“Жас Алаштың”) әдебиет бөлiмiнiң меңгерушiсi Оралхан Бөкеев телефон шалып: “Сiздердiң аудандық мәдениет үйлерiңiзде М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының филиалы ашылыпты. Сол жөнiнде материал жазып берсе­ңiз...” – деп өтiнiш жасады. Жi­бер­дiм. “Академиялық театрдың екiншi шаңырағы” деген атпен газеттiң 1 наурыз күнгi (№63, 1971 ж.) санында жарияланды. Содан кейiн Оралханның тапсырмасы көбейе түстi. Айтқанының бәрiн орындап жүрдiм. 

Әрине, «Барлық мақтау бү­кiл әлемдi жаратқан құдiретi күштi Аллаға тән» екенiн, ал пай­ғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. Алланың елшiсi һәм әлемнiң соңғы пайғамбары екенiн асқақ сезiмде айта отырып, әлемнiң ақыл кiтабы «Құ­ран Кәрiмнiң» күллi жаратылыс­қа және адамзат үшiн шексiз тура жол­ға бастаушы құдiретi күштi бiлiм кәусары екенiн, адамзат баласын тек Алланың кәламы Құран ғана берекелi өмiр сүру, бiлiм мен ғылымның жолына бастайтынын шынайы мақтаныш етемiз. Алладан Мұхаммед пайғамбарымызға уахи болып түскен киелi кiтап «Құ­ранға» берiле сенген ата қазақ әуел бастан:

Шоқан Уәлиханов ХVIII ғасырды “ерлiк ғасыры” деп тегiн айтпаған. Ел басына күн туғанда атқа мiнiп елiн, жерiн қорғап, небәрi 28 жасында жау мергенiнiң оғынан жазатайым қаза тапқан айтулы батырлардың бiрi – Жасыбай Өмiрұлы. Бәсентиiн Жасыбай батыр туралы деректер аз емес. Мәшһүр-Жүсiп жазбаларында ол жөнiнде бiраз әңгiмеленедi.Дегенмен жалпы жұртшылық Баянауланың алтын атқасындай жарқыраған Жасыбай көлiн, Жасыбай асуын бiлгенмен, батырдың өзi жайлы деректер жергiлiктi баспасөзде болмаса, көп жазылып жүрген жоқ.
АЛ АТЫРАУЛЫҚ БАЛЫҚШЫЛАР ӨЛМЕСТIҢ КҮНIН КӨРIП ЖҮР
Уылдырығымен дүние жүзiне мәлiм болған «АтырауБалық» монополиясы үкiмет иелiгiне көштi. Ал атыраулық балықшылардың бiрсы­пырасы әлi ау сала алмай, нәпақасыз жүр.  Қазақстан 2011 жылдан бастап 10-15 жылға дейiн табиғи су қоймаларынан қызыл балық түрлерiн аулауға тыйым салмақ. Өйткенi, дәл қазiр теңiзде де, өзенде де аулайтын балық азайып барады. Дегенмен, өткен жазда Атырауда жиналыс ашқан бас прокурор Қайрат Мәми қызыл балықтың мәселесiне шұқшия тоқтаған. “Былтыр бар бол­ғаны 50 тонна қызыл балық ауланған. Ал бұл 70-жылдармен салыстырғанда 162 есе аз” деген-дi сонда.
Аялдама түбi. Күндегi әдет. Қаптаған көлiк.   У-шу. Автобус. Бiрi келiп, бiрi кетуде.
– Тез, тез болыңыз. Тәте, тез мiнiңiз...
– Қазiр, көкем, қазiр...
Кондуктор апайдың қолынан тартып, iшке сүйреп кiргiзгендей болды. “Артқа жылжыңыздар. Орын көп қой, не тұрыс бұл?” – дедi сонан соң. Ығы-жығы. Адам көп. Кондуктордың қабағы қатулы. Ызалы. “Кеттiк, болды, кеттiк”, – деп жүргiзушiге айқай салды бiр уақытта. Соны күткендей ырғала-жырғала қоғамдық көлiгiмiз де орнынан қозғалды.
– Абая – Масанчидан бар ма?
ЖЕТIМ БАЛАЛАРҒА МҮМКIНДIК БЕРСЕ...
Бала кезiнен жетiмдiктiң тауқыметiн көрiп, 10 жыл бойы баспана кезегiнде тұрған Р.Бақтығалиева мен А.Ташкеновтi Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы әй-шай жоқ тiзiмнен алып тастапты. Нелiктен? Жас шамасы 23-тен асып кеткен­дiктен. “Егер ҚР Үкiметi бiз­дерге, жетiм балаларға, балалар үйiнде тәрбие алғандарға қисынға келетiн баға бойынша тұрғын үйдi жалға алуға және кейiннен оны бiртiндеп жеке­шелен­дiрiп алуға мүмкiндiк берсе, мемлекет бiрнеше мәселе­лердiң басын қайырған болар едi, – дейдi олар. – Мәселен,

Құдай қос қолдап тұрып, iшiмнен ыңқ еткiзе ұрып, «Құдайын ұмытпасын!» дедi ғой деймiн, әжептеуiр ауданның әжептеуiр әкiмi едiм. Қыз­метiм құдық­қа құлағандай, айлығым жас бала бiрдеңе сұрағандай, монополияға қарсы дейдi ме, сондай бiр департаменттiң бастығы, қысқасы, облыс әкiмiнiң«жастығы» болып шыға келдiм. Бiр түнi түсiмде ақ сақалы бұйраланған, кiр-кiр ша­шы ұйпаланған, аяғы талтақ, өзi қалтақ, бойы талпақ бiр шал бетiме сиыр­дың жапасын жағып, мұрнымның iшiне қос саусағын тығып тұрып былай дедi: «О, о, жексұрыным менiң! Қызметiм, карьерам өссiн, дұшпандарым өшсiн десең, әуелi президенттiң, сонан кейiн премьер-министр­дiң қолынан сүй!

Өткен аптаның аяғына қарай Қарағандыдағы дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты аяқ астынан шу ете қалды. Ұстаздары да, ата-аналары да. Сөйтсе, мектепке Қазақ-түрiк лицейiнiң директоры келiп, «бұл жерден қыздарға арналған қазақ-түрiк лицейiн ашамыз» деп жайбарақат мектептiң iшiн аралап қарап кеткен екен. Бұл сөз «дарындық» ұстаздардың төбесiнен жай түсiргендей болған. Сол мектептiң түлегi болғандықтан, бiрден маған хабарласып, баспасөз арқылы араша түсудi сұрады. Араша түспеске амал бар ма, атына заты сай мектеп болса...

Өткен аптаның соңында Қытайда XVI жазғы Азия ойындары тұсауын кестi. Гуан­чжоуда жалауы көтерiлген дүбiрлi жарысқа Азия құрлығының 57 елiнен он мыңға жуық спортшы қатысуда. Төрт жылда бiр келетiн дүбiрлi доданың тарихына терең үңiлер болсақ, Аспанас­ты елi бұған дейiн бiр рет жаз­ғы Азия ойындарын өткiзген-дi. Дәлiрек айтсақ, осыдан тура жиырма жыл бұрын. 1990 жылы Бейжiңде сары құрлықтың сайыпқырандарын жинаған Қытай арада он сегiз жыл өткеннен кейiн бас қаласына төрткүл дүниенiң спортшыларын жинап, Олимпиада ойындарын да өткiзiп шықты. Ендi мiне, Гуанчжоу қаласы да жаз­ғы Азия ойындарының астанасы ретiнде тарих қойнауына ендi.

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлiгiнiң шешiмiмен белгiлi спорт журналисi, ҚР еңбек сiңiрген жаттықтырушысы Несiп Жүнiсбайұлы Ауыл спортын дамыту саласы бойынша мемлекеттiк жаттықтырушы болып тағайындалды. Несiп Жүнiсбайұлы “Жас Алаш” газетiнде талай жыл қызмет атқарды. 1975 жылы өмiрлiк жолын осы газеттен бастаған Несағаң қазақ елi тәуелсiздiк алған жылдар­ға дейiн “Жас Алашпен” бiте қайнасты. 1991 жылы елiмiздегi жалғыз спорт газетi “Sport & ks”-тiң тiзгiнiн ұстаған Н.Жүнiс­байұлы он алты жылдай осы газетке бас редактор болды. Спортқа қызмет етiп жүрген жиырма бес жылға жуық уақытта

ҚАРАҒАНДЫНЫҢ “ШАХТЕРI” ЕКIНШI ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА СҮРIНДI.
Қарағандылық футболшылар­ға екi жыл қатарынан Қазақстан кубогы бұйырмады. Былтырғы маусымда Қазақстан кубогының финалдық кезеңiнде “Атыраудан” айласын асыра алмаған “Шахтер” футболшылары бұл жолы Астананың “Локомотивiнен” ұтылып қалды: 0:1. “Кеншiлердiң” қақпасына ойынның 35-минутында Михаил Ражков гол соқты.Жартылай финалдың алғашқы ойнында өз алаңында шымкенттiк “Ордабасыдан” 0:1 есебiмен ұтылып қалған Қарағандының “Шахтерi” қарымта ойында нағыз мiнез танытты.
Тiршiлiк иесi ауасыз, оттегiсiз өмiр сүре ала ма? Өмiр сүре алмайды. Сол сияқты, қоғам да ақиқатсыз, шындықсыз өмiр сүре алмайды. Қоғам қашанда шындыққа, ақиқатқа зәру. Қазақтiлдi басылымдардың iшiнде көпiрген көбiк сөзге құмар емес, жалақтаған жалған шешендiктен де ауылын аулаққа салатын, қолынан келгенiнше, шамасының жеткенiнше шындықты айтуға тырысатын бiр газет бар. Ол – «Жас Алаш» газетi. Менiң аса қадiрлейтiнiм, өте қадiр тұтатыным, «Жас Алаш» газетi шындықты айтуды «мiндетiм, парызым» деп ұғады. Қоғамға керегi де – осындай шыншыл газеттер.
Қаржы дағдарысы кү­­й­iп тұр­ған шақта мемле­кеттiк компаниялар — “Самұрық” пен “Қазына” бi­рiгiп, бiр майданда әрекет ете бастады. Рас, алғаш­қыда түрлi әңгiме­лер айтылды да. Бертiн келе күдiк сейiлiп, ұлттық компанияның механизмдерi бiр сарынды жұмыс iстей бастады. Қазына күзеткен самұрық туралы қазақта ертегi көп. Ал шынайы өмiрде “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры шынымен де қазақтың қазынасын көтерген алып са­мұрыққа айналды деуге әбден болады.
“Самұрық-Қазына” туралы сөз еткенде ең алдымен аса iрi салық төлеушi еске түседi.