1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (15550) 18 қараша, бейсенбі 2010
Қазақстан, Өзбекстан және Түрiкменстандағы саяси жүйенi түбегейлi өзгертпей, теңiздi құтқарып қалу мүмкaiн емес. Қайбiр күнi “Хабар” телеарнасынан Арал теңiзi туралы сюжет көрсеттi. Дәлiрек айт­қанда, Көкарал бөгетi туралы. “Хабарға” сенсек, бөгет тұрғызылғаннан кейiн Кiшi Аралдың ернеуi тола бастапты. Бiр кездерi мейманасы тасыған Бөген ауылының әкiмi Шөмен Андызбаев былай дедi: “Президентiмiздiң арқасында Кiшi Арал тола бастады. Су келiп едi, балық та көбейдi. Ауыл тұрғындарының жағдайы түзеле бастады”.
Дүйсенбi күнi түн ортасында телефон шыр-р-р ете қалды. Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданы, Қаракемер ауылы Құдайберген Орымбетов атындағы орта мектептiң мұғалiмдерi: «...Әрiптесiмiз Бейсетай Мұқашевтан айырылып қалдық. Жүрек талмасынан қаза тапты. Табанова түбiне жеттi-ау...» – дедi еңкiлдеп. Тiксiнiп қалдық. Таң ата жолға шықтық. Қара жамылған қаралы үйдiң ауласында «бауырым», «әкетайым» деп жас төккен жандар тiзiлiп тұр. Дерлiк 40 жылдық өмiрiн ұстаздыққа арнаған тарих пәнiнiң мұғалiмi Бейсетай Мұқашевтың туған-туыстарына көңiл айттық. Дәлiздегi орындықта отыр­ған 83 жастағы қарияың еңсесi езiлген.
Жақында Астана және Алматы қаласында қазақ-австрия елдерiнiң арасындағы бизнес саласына қатысты форум өттi. Форум барысында екi елдiң экономикалық қарым-қатынасына байланысты бiрнеше құжаттарға қол қойылды. Бұл жиынға экономика мәселесiнен гөрi құқықтық проблемалардың сұрағына жауап iздеген азаматтар көп болды. 2007 жылы “Нұр Банктiң” топ-менеджерi қызметiн атқарған Жолдас Темiрәлиев пен Айбар Хасенов iз-түзсiз жоғалып кеткенi белгiлi. Қазақстан президентiнiң бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтiң қатысы бар дәл осы шулы оқиғаға әлi күнге нүкте қо­йылған жоқ. Армангүл Қапашева Венада жатып, өзiн оппозиционер ретiнде көрсетуге жанталасып жүрген Рахат Әлиевтен осыған дейiн Жолдас Темiрәлиев пен Айбар Хасеновтерге қатысты ешқандай мәлiмет ала алмайды

Қазақстанның мәдениет министрi Мұхтар Құл-Мұха­м­медтiң онлайн–конференцияда қадай айтқан әрбiр сөзi кей­бiреулердiң шамына тиiп кетiптi. Естерiңiзге салып өтсек, мәде­ниет министрi Қазақстанның мем­лекеттiк тiлi – қазақ тiлi екендiгiн, ендiгi кезекте әрбiр азаматтан мемлекеттiк тiлдi бiлуi жөнiнде мәселенi төтесiнен қоятын уақыттың жеткенiн сөз еткен болатын. Сонымен

Биылғы Құрбан айт Ислам дiнiн ұстанған жамағаттың Ресейде жылдан-жылға көбейiп келе жат­қанын кезектi рет дәлелдедi. Мәселен, Құрбан айттың алғашқы күнiнде Мәскеудегi “Олимпий­ский” спорт кешенiнiң жанындағы мешiтке бiр мезетте 70 мың адам (!) жиналыпты. Ал Санкт-Петербордың орталық мешiтiнде 40 мың адам құлшылық еткен. Бұл — Ресейдiң құқық қорғау органдары таратқан ресми дерек.Жергiлiктi билiктiң берген есебiнде былай дептi: “Мұсылмандардың биылғы мерекесi тыныш өттi. Былтырғыдай жұрттың көзiнше көшеде қой сойылған жоқ.
Осы Сiз қалай ойлайсыз, әкiмдердiң басты мiндетi не? Қымбат көлiкке мiнiп, хатшы қыздың қызыл шайын iшiп, жиналыстан жиналысқа, одан қалса ауыл аралап, ел алдында әдемi сөйлеп жүре беру ме?  Әрине, әкiмдердiң бәрi әрекетсiз, қол қусырып отыр деп айтуға болмайды. Бiрақ «ел экономикасын ең алдымен шағын және орта бизнес алға сүйрейдi» деп күн сайын ұрандатып жатқан тұста, жамбылдық кейбiр аудан-қала әкiмдерi аузындағы да­йын асты шайнай алмай, өзi кеп тұрған қаржыны ала алмағанын қалай түсiнуге болады?!
1838 жылдың 12 шiлдесiнде Исатай батыр серiктерiмен Қиыл өзенiнiң бо­йында, Гекке – Жәңгiр хан – Баймағамбет Айшуақов әскерлерiнiң қоршауында қаза тапты. Бұл – қазiргi Ақтөбе облысы Қобда ауданының солтүстiк-батысында. Шайқас орны “Қиыл” кеңшарынан 8 шақырым жерде. “Шейiт­сай” деп аталады. Ақтөбе қаласынан – 290 шақырым, Қобда ауданы орталығынан – 90 шақырым.  “Қырық бiр жасқа келгенше, өз дегенiң болмаса, өзгенiң тiлiн алмаған... бұрала бiткен емендей, қисық туған сорлы ағаң” деп Махам­беттiң өлеңiнен мiнезi көрiнетiн
«Жас Алаш» газетiн оқып тұрамыз. Кейбiр мақалаларды оқығанда, жаным түршiгедi. Бұл жазылғандар рас болса, онда бiз қайда барамыз? Ал жоғар­ғы жақтағылардыкi дұрыс болса, сын жазған адамға неге тойтарыс бермейдi? Ақталмағандарына қарағанда, бiр шикiлiк бар секiлдi... Ен даладағы «кiсiкиiк» адамдардың, яғни бiздердiң сенгенi­мiз – зиялы қауым өкiлдерi. Бiрақ бiз сенетiн зиялыларымыздың бi­рi Дулат Исабековтiң «Қазақ шыдамдылық полигонына айналды» атты мақаласын оқып, ойға қалдым.

Қызылағаштағы су апатын ешкiм әлi ұмыта қоймаған болар. Бiздер үй-күйсiз далада қалғанымызда, ел болып жаңа ауыл тұрғызылды. Бiлек түрiп, күнi-түнi жұмыс iстеген ұжымдар да болды. Соның бiрi – «Алматықұрылыс» холдингiнiң «Жiгер-17» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi (директоры – Әбуов Ерлан Елеуұлы). Бiздiң Ақтоған ауылына олардың салған тұрғын үйлерi, мектеп және оның жанындағы спортзал мен оқушыларға арнал­ған асхана құрылыстарына ауыл халқы дән риза. Бiз сiздер арқылы «Жiгер-17» ұжымына табыс тiлеп, рақметiмiздi айтқымыз келедi.

Кейiн темекi шегетiн қыздарды күнде көретiн болдым. Бойым да үйрендi, бұрынғыдай таңыр­қап қарамайтын да болдым. Құдай-ау, ол ол ма, қыздар ендi жiгiттерден шылым сұрап, солармен бiрге шегiп тұрғандарын талай көрдiм. Сонда оларға не жетпейдi? Темекi шегетiн әйел затының әрбiр сегiзiншiсiнiң ана болу қабiлетiнен айырылатынын олар бiлмейтiн секiлдi. Мүмкiн, мұның бәрi отбасындағы тәрбиенiң осалдығынан болар. Жоқ, әлде, қазiргi жастарымыздың соншалықты санасыз болғаны ма?

Көршiел Қытаймен шекараласатын Қорғасөткелi бүгiнде бағы жанғанның базарына айналды. Талдап-талдап айтар болсақ, Қытай елiнен қазақ топырағына өту үшiн паспорт жасап, виза аштыру – табан тоздыратын шаруа. Мәселен, «мектеп бiтiрмеген...», «18 жасқа толмаған», «мынауыңның заңдық құжаты жоқ», «мынаның кепiлдiк төлемi жоқ...» деген секiлдi бiтпейтiн кедергiлер дәл шекараға келген кезде көп қазақты керi қайтарып жүр. Көршi екi ел арасындағы достық жақсарса кедергiлер азая ма десек, тiптi асқынып кеттi.

Қазiргi уақытта жоғарғы оқу орнын бiтiрген түлектердi жұмыспен қамтамасыз ету қоғам үшiн де, жастар үшiн де көкейкестi мәселе болып отыр. Жұмысқа орналасудың қиындығы, жұмыссыздық, тәжiрибеден өту мүмкiнiдiктерiнiң шектелуi жас маман үшiн өзектi проблемаға айналды десе де болады. Расын айту керек, бүгiнде мемлекет жас мамандарды өндiрiске бағыттау тәжiрибесiн жаңғыртамын деп қанша күш салып жатса да, мәселенiң ақсап тұрған тұстары жетерлiк.  Ең алдымен, көптеген жерлерде жұмыс берушiлер жас кадрдың қай мамандықты игергенiне жете мән бермейдi.
Монах Мендаль ашқан тұқымқуалаушылық пен өзгергiштiк заңдылықтары Homo sapiens – қазақты да айналып өтпеген. Чех ғалымының шешкен жұмбағын атам қазақ әлiмсақтан берi бiлген. Оны бiр сөзбен түйiн­деп – «тек» деп атаған. Бұқар жырау бабамыз «Жаманнан жақсы туса, Жақсыдан жаман туса, Тартпай қоймас негiзге» дейдi. «Негiз» дегенi – түпқазығы, тамыры, шыққан тегi. Жалпы, қазақ тектi жерден қыз алып, аталыдан би қойып адаспаудың жолын iздеген.
Тұқым қуалайтын ауру, дарындылық, бiлiмге қабiлеттiлiк, өнерге икемдiлiк немесе басқа да жағымды-жағымсыз қа­сиет­тердiң ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп отыратынына көптеп мысал келтiруге болады.
Құрметтi редакция қыз­мет­­кер­лерi! Сiздерге кеш те болса алғысымды бiлдiргiм келiп отыр.Менiң әкем Тамырбай Құрақбаев 1945 жылы Отан соғысына алынып, содан хабар-ошарсыз кеткен едi. Соғыс аяқталған соң Мәс­кеудегi, Ленинградтағы, По­дольскiдегi мұрағаттарға, «Бармысың, бауырым», «Жди меня» телехабарларына жазып, ешқандай хабар ала алмаған едiм. Әкемдi мен 60 жылдай iздедiм.Кезiнде Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi бол­ған Бердiбек Сапарбаевтың басшылығымен соғыста хабар-ошарсыз кеткендер туралы «Боздақтар» атты кiтап шықты.

Құрметтi «Жас Алаш»! Мен бүгiн сiздермен өзiмнiң туған ағам Дәулетбек Қалышкенов туралы сыр бөлiссем деп едiм. Отбасымызда тоғыз бала едiк. Ал Дәулетбек 1953 жылы Аягөздiң Ақшатауында дүниеге келген. Ағам 1971 жылы ауылдағы орта мектептi бiтiрген соң, Өскемендегi педагогикалық институттың физика-математика факультетiне оқуға түстi. Ол кiсi отбасымыздың мақтанышы, бәрiмiздiң ақылшымыз едi. Дәулетбек математика пәнiнiң мұғалiмi де, комсомол, партия комитетiнiң хатшысы да, мектеп директоры да болды.

Апыр-ау, қандай себебi дедiм,
Сенiп келдiк пе теп-текке?
“Бабамыз – маймыл” дегенiн оның,
Оқытқан бiзге мектепте!
 
Шығыс пен мына Батысқа қоса,
Осыған сендiк бәрiмiз.
Бiр ағам айтты: “Шатысқан о шал,
қасқырдан – бiздiң қанымыз!”

Павлодардың түбiндегi Ақсу (бұрынғы Ермак) қаласы сонау заманнан-ақ спорты жан-жақты дамыған мекен. Басқасын айтпай-ақ, 2008 жылғы Пекин олимпиадасына қатысқан Дәулет Шабанбаев (еркiн күрес) пен Александр Скляр (суда жүзу) секiлдi спортшылар осы өңiрдiң түлектерi екенi көп нәрсенi аңғартатын сияқты. Өкiнiшке қарай, кейiнгi кезде Ақсу спортшыларының арасында туып отырған алауыздық осы саланың сүреңiн қашырып тұр. Әңгiменiң түйiнi Ақсу қалалық спорт бөлiмiнiң бастығы Бейсен Жедоуов пен сол жердегi Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң

Оңтүстiк Қазақстан облысының шалға­йында жатқан Шардара қаласында Әйтеке биге ескерткiш-мүсiн орнатылды. Бұл жөнiнде “Әйтеке би” қоғамдық қорының президентi, “Шардара тынысы” газетiнiң бас редакторы, ҚР Мәдениет қайраткерi Жұмабек Мұқанов былай дедi:  – 2003 жылы Шардара қаласында құрыл­ған қоғамдық қор өз жұмысын ұлы бабамыздың өмiр-деректерiн зерттеуден бас­тады. Сегiз жыл бойы жүргiзiлген ғылыми-шығармашылық жұмыстардың нәтиже­сiнде “Әйтеке бидiң ақ жолы” атты кiтап, сонан кейiн “Нұратадан Астанаға дейiн”,
Қарашаның 20-ы күнi Алматының “Қайрат” футзал клубы Алматыда УЕФА кубогының негiзгi топтық ойындарын бастайды. С тобында өнер көрсететiн “Қайрат” ойыншыларына Грузияның “Иберия”, Польшаның “Академия” және Словакияның “Слов-Матик” клубтары қарсылас атанады. Өткен аптада “Қайрат” клубы Алматыдағы “Жанұя” балалар үйiнде болды. Команданың президентi Қайрат Оразбековтiң ұйытқы болуымен ұйымдастырылған бұл шарада “Қайрат” футболшылары жас ойыншыларға арнап шеберлiк сабағын өткiздi.
Қазақстанның футбол федерациясының шешiмiмен, келесi жылдың 2 наурызында Қазақстанның Суперкубогы сарапқа салынады. Бұл сында биыл тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанған Қостанайдың “Тобылы” мен Қазақстан кубогының иесi Астананың “Локомотивi” күш сынаспақ. Сондай-ақ, жиырмасыншы рет ұйымдас­тырылғалы отыр­ған Қазақстанның премьер-лигасы 6 наурызда тұсауын кеседi. Бұған дейiн Қазақстанның Суперкубогы үш рет сарапқа салынды. 1995 жылы ел чемпионы “Елiм-ай” (Семей) Қазақстан кубогының иегерi Өскеменнiң “Востогын” 2:0 есебiмен ұтып,

Олимпиада ойындары мен Азиада сындарында бiр ерекше игi дәстүр бар. Жеңiмпаздар мен жүлдегерлерге, медальмен қоса сый ретiнде гүл шоқтарын беру қашаннан берi игi iске айналған. Мәселен, Афины Олимпиа­дасында тұғырға табаны тиген спорт­шылар­ға грек құдайлары киген гүл шоғынан тоқыл­ған басқа кигiзер шығыршық сыйға тартылғаны есiмiзде. Ал Ванкувер ойындарында спорт­шылар­ға үйеңкi жапырақтары ұсынылған едi. Мiне, осы дәстүр Астана мен Алматыда өтетiн қысқы Азиада сынында да жалғасын таппақ. VII Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетiнiң атқарушы дирекциясы басшыларының ұйғарымы­мен

“Астана” велокомандасының басшылары келесi жылы халық­аралық жарыстарда атой салатын велошабандоздардың есiмiн атады. Тiзiмге 27 велошабандоз тiркелген. Ендi үш күннен кейiн Италияда оқу-жаттығу жиындарын өтiзетiн “астаналықтар” елiмiзге 4 желтоқсанда оралады. “Астана” командасының құрамына көз салар болсақ, 27 велошабандоздың 11-i өзiмiздiң отан­дас­тарымыз. Олардың арасында Асан Базаев, Дмитрий Фафонов, Максим Иглинский, Александр Винокуров сынды тәжiрибелi спортшыларымыз бар.

Қазақтың қамын жеген газетiм – “Жас Алашымның” әр санынан әр алуан тақырыпта жазылған мақалаларды оқимын. Жасыратыны жоқ, кейде саясатты көбiрек жазасыздар. Бәлкiм, қазақты ояту үшiн ол да керек шығар. Менi Сайлаукүл есiмдi емшi кiсiнiң Алматыда отырып телефон арқылы Атыраудағы ауыр халдегi балаға ем жасағаны жайындағы мақала таңғалдырды. Шындықты ту еткен газет қалайша қисынсыз нәрсенi жазды екен деп күмәнданғанмын. Кейiн әлгi сырқатынан айыққан баланың Алматыға өз аяғымен келiп, редакцияда болғанын оқыдым.