1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (15551) 23 қараша, сейсенбі 2010
ҚЫРҒЫЗСТАНДА АЗАМАТ СОҒЫСЫН БОЛДЫРМАУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫҚ ДЕП ЖҮРГЕН АСТАНАНЫҢ ӨТIРIГI ШЫҒЫП ҚАЛДЫ
Өткен аптада «Қазақ журналистерi клубының» ұйымдастыруымен Қырғызстанға пресс-тур жасалды. Көршi ел халқы сәуiрдегi қанды оқиғадан кейiн еңселерiн ақырындап көтерiп, саяси жағдайға көңiл бөле бастағаны белгiлi. Жақында ғана парламент сайлауын өткiзген қырғыз ағайындардың әлеу­меттiк, экономикалық және саяси ахуал­дары туралы кеңiрек сұхбаттасқан қазақ журна­лис­терi демократияның расында айыр аға­йындарға ертерек жеткенiн мойындап қайтты...

Қақпанға түсiп, жемқор атануға қарыс қадам тұрған бiрқатар шенеунiктердiң тiзiмiн өткен аптада қаржы полициясы қоржындарынан шығарды. Олардың iшiнде ауыр салмақты сақа болмаса да, әлдекiмдердiң төбесiн жаруға жарайтын ешкiнiң асықтары да бар. Алдымен тiзiмге көз жүгiртсек, Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң бұрынғы жауапты хатшысы Александр Конопляный «Компания-Бахыт» серiктестiгiнiң директоры Б.Ыбраев пен оның орынбасары Е.Ормановтармен сыбайласып, заңсыз жұмыс iстеген 13 жанар-жағармай орталықтары арқылы астаналықтардың тағдырын қатерге байлап, қалталарын 1,3 миллиард теңгеге қампайтыпты.

Өткен аптада Н.Назарбаев Қазақ ұлттық аграрлық университетiне барып, оқу орнын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Университетте сөз сөйлеген президент былай дедi: «Ауыл – қазақтың алтын бесiгi. Ауылда халықтың 40-45 пайызы тұрады. Ауылды дамытуға үкiмет үлкен қаржы бөлiп жатыр. Әртүрлi университеттердi аралағанда, жас­тарды ауылда жұмыс iстеуге шақырамын. Екi жылдың iшiнде мыңдаған жоғары бiлiмдi мамандар ауылға аттанды, оларға лайықты жағдай жасалуда. Ауылды дамытпай, бүкiл халықтың жағдайын көтере алмайтынымызды бәрiмiз бiлемiз».

Биыл бейбiтшiлiк жөнiндегi Нобель сыйлығы Қытай диссидентi Лю Сяобоға ресми түрде тапсырылмайтын болды. Бұған кiнәлi — Қытай. Қытайдан басқа тағы бес ел салтанатты жиынға қатысудан бас тартқан. Арасында Қазақстан да бар. Ослоға құлақ түрiп отыр­ған ақпарат агенттiктерi осындай хабар таратты. Бейбiтшiлiк жөнiндегi Нобель сыйлығы комитетiнiң басшысы Турбьорн Ягландтың айтуынша, Лю Сяобо түрмеде, ал оның жұбайы үйқамақта болғандықтан, сыйлықты қабылдап алатын ешкiм жоқ. Сыйлықты тапсыру тәртiбi бойынша, салтанатты рәсiмге не иегердiң өзi, не оның етене жақын туысы қатысу керек.

Өткен аптада Санкт-Петербургте өткен ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесiне қатысқан ТМД-ның үкiмет жетекшiлерi бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру мәселесiн пысықтады. Кедендiк одақтың жоғарғы органы – ЕурАзЭҚ-тың бұл жиы­нында бiрыңғай экономикалық кеңiстiк аясындағы макроэкономикалық саясатты реттеу және өзге де келiсiмдер мен құжаттар құнттауды тездету мәселесi талқыланды. Қайсыбiр дерек көздерге сүйенсек, Ресей мен Беларусь арасындағы бағзы араздық та жиында қайта қозыпты. Жиын соңында Ресей премьер-министрi В.Путин мен Беларусь үкiмет жетекшiсi С.Сидорский мұнай және мұнай өнiмдерiне салынатын баж салығына келгенде

Инженер, әдебиетшi, тапқыр Сейiлбек ҚЫШҚАШҰЛЫ туралы ой
Бүкiл әлемдi бағындырмақ болып жорыққа аттанған Александр Македонскийдiң өзiн данышпан Абайдың атақты Ескендiр поэмасында «Осы жұрт Ескендiрдi бiле ме екен?» деп сұрау сала жазғаны бар. Соған қарап кейде танымалдылықтың өзi шартты, салыстырмалы ма деген ой келедi. Ал атақты қытай ойшылы Конфуций: «Ақылсыз адам жұрт менi бiлмейдi деп ызаланады. Ал ақылды адам мен жұртты бiлмеймiн деп қиналады», – дейдi. Сол айтпақшы, Сейiлбек Қышқашұлы дейтiн азаматты екiнiң бiрi бiлмеуi мүмкiн. Әйтсе де осындай бiр ұлтжанды, жан-жақты талантты да дарынды жанның болғаны және хал-қадiрiнше халқына қызмет етiп, өмiрден өткенi хақ....    
ЕСЕНТАЙ ӨЗЕНI, ҚАҢҒЫБАС ИТ ЖӘНЕ МЕН...
Қисыны тар, қыңыр, қасқыр, қырт өмiр.
Жаман үмiт – жалпылдаған бiлте бiр.
Қаңғыбас ит, бiлесiң бе, мен үшiн,
Жүрегiмнен атқылаған жыр тегiн.
 
Мөлтiлдейдi берерi жоқ көз – өмiр.
Бұл Алланың сынағы ғой, сеземiн.
Бiр iшетiн асың үшiн сен байғұс,
Жағалайсың Есентайдың өзенiн.
Кеше Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиет­шiлер үйiнде «Әдеби әлем» порталының тұсаукесер рәсiмi болып өттi. Рас, бұл порталдың, яғни Қазақстандағы алғашқы әдебиет порталының ашылып, жұмыс iстеп жатқанына дәл 11 ай болды. Бiрақ, Алматының әдеби-мәдени зиялыларына бұл портал ресми түрде ендi ғана таныстырылды.  Интернеттен Шекспир туралы қажетiңiзге керек сұранысты оп-оңай таба аласыз, – дедi Қазақстандағы тұңғыш әдебиет порталы жобасының авторы, белгiлi журналист, Батыс Қазақстан облыстық әкiм­шiлiгi аппараты жетек­шiсiнiң орынбасары Шың­ғыс Мұқан.

Жер бетiн мекен еткен әрбiр ұлттың бала тәрбиесiнде өзiндiк ұстанатын қағидалары бар. Дүниеге келген сәби өзiнiң ертеңгi болашағы екенiн түсiнетiн кез келген адам тәрбие жолында әрбiр құбылысты қалт жiбермесе керек. Ежелгi ата-бабаларымыздың санаға сiңiрген, тәлiм-тәрбиесiн бұл күндерi Батыстың бейәдеп қылықтарымен айырбастауға құмар өскелең ұрпақ бой көтерiп келе жатқаны жасырын емес. Өзгелердiң бала тәрбиесiндегi көңiлге қонымды, менталитетiмiзге жақын тұстарын меңгеруге, әрине, болады-ақ.

Қыз-келiншектер ұрпақ көтерiп, бала өсiруге қабiлеттi жасында денсаулығына ерекше жауапкершiлiк­пен қарауға тиiс. Денi сау әйел түсiк жасатудан мейлiнше аулақ болғаны жөн. Оның үстiне, қай дiн болса да баланы алдыртуды күнә­нiң үлкенi санайды. Жасанды түсiктiң аяғы ана өлiмiне соқтырып, жыныс жолдарының қабынуын күшейтiп, бедеулiкке ұрындырады. Мұның бәрiн ысырып қойып, жасанды түсiктен кейiн бала көтере қалған жағдайда, әйелдiң денсаулығы сыр бередi: сәбиi құрсағында жатып өлiп қалады, не туа бiттi кемiстiк­терге душар болады.

ПЕРЗЕНТХАНАДА БАЛА ЖОҒАЛДЫ
Өткен аптаның сәрсенбiсiнде Алматы қаласындағы №1 перзентханада оқыс оқиға болды. Сейфуллин даңғылында орналасқан перзентханада дүниеге келген сәби белгiсiз жағдайда жоғалып кеткен. Дүниеге келгенiне үш күн толған ұл баланың кенеттен жоғалғанын бiлген 33 жастағы анасы құқық қорғау органдарына хабар берген. Таңертең емiзуге әкелмеген баласына iздеу салған ананың басындағы жағдай туралы әлдебiр ақпарат айтудан бас тартқан денсаулық сақтау департаментiнiң қызметкерлерi iздестiру жұмыстарының
КӨК ШАЙДЫҢ КӨП ПАЙДАСЫ
Көп жылдар бойы зерттеу жұмыс­тарын жүргiзген қы­тай ғалымдары кәдiмгi көк шайдың тағы бiр пайдалы қасиетiн дә­лел­дедi. Компьютер алдында тапжылмай жұмыс iстейтiн адамдар үшiн көк шайдың ағзаны компьютерлiк сәулелерден қорғайтын қасиетi бар екен. Шайдың жапырақтарында ағзаның жасушаларына әсер ететiн, радиация­ны ыдырататын компонент бар көрiнедi. Компьютерден бөлiнетiн зиянды сәулелелерден қорғану үшiн қытай ғалымдары көк шайды көбiрек қолдануды кеңес етедi. Таңертең көк шаймен бет-мойынды жуу арқылы ұсақ әжiмдерден құтылуға болады екен. 
Ендi санаулы күндерден кейiн, дәлiрек айтсақ, 27 қараша күнi Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтiп жатқан Азия ойындары өз мәресiне жетедi. Бұл сында елiмiздiң спортшылары дүйсенбiге дейiн 37 жүлденi өз қоржындарына салды. Оның 4-еуi – алтын, 12-сi – күмiс, 21-i – қола медаль. Бүгiнгi күнге дейiн кейбiр спорт түрлерiнен сарапқа салынған жүлделер өз иелерiн тапты. Мәселен, ауыр атлетика, дзюдо, таэквондо, велотрек, жүзу, спорттық гимнастика сияқты спорт түрлерi­нен ендi ешкiм де жүлде күтпейдi. Кеше “спорт падишасы” саналатын жеңiл атлеттердiң бәсi басталды.
Қазақтың алғашқы басылымдарын оқып шықсаңыз (“Қазақты”, “Айқапты” және т.б. басылымдарды, бұлар түптелiп кiтап түрiнде бiрнеше рет басылып шықты), мынадай мәселеге көзiңiз анық жете түседi. “Бiздiң жақсылығымызды ешкiм тартып ала алмайды, – дейдi Алаш зиялылары шы­ғарған бұл басылымдар, – Сондықтан да ең әуелi кемiмiз бен кетiгiмiздi түгендейiк!”. Егер бiздiң жетiстiгiмiз, табысымыз, жеңiсiмiз болса, онда оны бiзден ешкiм тартып алмайды. Өзiмiзде қалады. Кемшiлiгiмiз бар ма? Бұл қандай кемшiлiк?
Өткен аптада футболдан 2012 жылы өтетiн Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу кезеңiнiң екi ойынымен қатар жолдастық кездесулер де өттi. Е тобында өнер көрсетiп жатқан Финляндия құрамасы Сан-Мариноның қақпасына жауапсыз 8 (!) доп соқты. Ал F тобының көшбасшысы Хорватия Мальта футболшыларын жеңдi: 3:0. Жолдастық кездесулердiң кейбiр ойындарына тоқталар болсақ, әлем чемпионы Испания құрамасы Португалияда қонақта болып, алаң иелерiнен 0:4 есебiмен ойсырай жеңiлдi. Бұл ойында әлем чемпиондарының қақпасына Мартинш пен Угу Алмейда бiр-бiрден доп соқса, Элдер Поштига қос доптың авторы атанды.