1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15552) 25 қараша, бейсенбі 2010

Қос Кореяның арасындағы алауыздық оты қайта тұтанды. Сейсенбi күнi Пхеньян Оңтүстiк Кореяның Йонпхендо аралына оқ жаудырды. Сеул қаласынан 120 шақырым жерде орналасқан аралға Солтүстiк Корея артиллериясы 50 снаряд атқан. Мұның басым бөлiгi әскери база аумағында жарылған. Төрт адам қаза болып, он алты адам жараланған. 50-ден астам ғимарат қирап, жер-жерде өрт шыққан. Зәре-құты қашқан арал тұрғындарының бiр бөлiгi бункерлерге жасырынса, үрей билеген халықтың қалған бөлiгi қайықтарға мiнiп құрлыққа қарай тартқан.

«ҚОРҒАС КЕДЕНIНДЕГI БЫЛЫҚ-ШЫЛЫҚТЫ ТЫЯТЫН УАҚЫТ ЖЕТТI», — ДЕЙДI КӘСIПКЕРЛЕР 
Кеше Ұлттық баспасөз клубында брокерлiк компанияның атқарушы директоры Қанағат Тәкеева мен заңгер Сергей Уткин баспасөз мәслихатын өт­кiзiп, Қорғас кеденiндегi былық-шылықты жария еттi. Президент Н.Назарбаевқа, Кеден комите­тiнiң төрағасы Қ.Кәрiбозовқа, ҰҚК төрағасы Н.Әбiқаевқа және ҰҚК-нiң қар­жы полициясының облыстық басшыларына үндеу жолдады.  Үндеуде былай дептi: «Сiз­дер­ден сұрайтыным, Қорғас кеденiн­дегi былық-шылықты тыя­тын уақыт жеттi. Түсiнiктi болуы үшiн мысал келтiрейiн. Менiң ойымша, Қытайдан
“ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКIМЕТ” ПЕ, ЖАЛАҢАШ ҮКIМЕТ ПЕ?
Қазақстанның Қаржы министрлiгi миллиардтаған қаржыны электронды коммерциялық Орталық деген шағын әрi беймәлiм мекеменiң қолына ұстата салды. Бұл саланың едәуiр бөлiгi ел қаржысын, қаржы министрлiгiнiң бүкiл жүйесi мен комитеттерiн бақылап  отыратын американдық “Oracle Corporation, IBM, Hewlett-Packard” компаниясына өтетiнi туралы мәлiметтер бар. Элек­тронды коммерциялық Орталықпен 11 млрд. теңгеге келiсiмшартты Қаржы министрлiгiнiң атынан жауапты хатшысы Наталья Коржова жасаған деген бейресми ақпарат жарияланды. Жалпы осы электронды үкiмет және мемлекетiмiзге одан келетiн қауiп-қатер туралы әңгiмелер ашық айтыла бастады.
ТАСМАҒАМБЕТОВ ТҮРКIСТАНДАҒЫ МЕШIТ ҚҰРЫЛЫСЫН ТОҚТАТҚЫЗЫП ТАСТАДЫ. «ЕНДI ОЛ БIРЖОЛАТА БҰЗЫЛМАСА БОЛҒАНЫ» ДЕП ЕЛ ҚАУIПТЕНIП ОТЫР
Түркiстандағы ежелден елдiң игiлiгiне айналған мешiттiң бiрiнен түн ортасында тосыннан өрт шыққанына көп бола қойған жоқ. Құдай сақтасын, мешiтке әдейi өрт қоюға кiмнiң қолы барады дейсiз? Техникалық қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталмауынан мешiттi өрт шалғанын құзырлы органдар тексеру барысында анықтады. Жарайды, өрт айтпай келедi, Алланың үйi аяқ астынан тiлсiз жаудың “тырнағына iлiгiптi”. Ал сiз жаңадан салынып, құрылысы бiтуге таяған зәулiм мешiттiң тас-талқанын шығарып қиратуға, жермен-жексен етiп құлатып тастауға құлшынып отырған құдайдан безгендер бар дегенге сенесiз бе?

Отан соғысы мүгедектерiне арналған Республикалық клиникалық госпитальдiң негiзгi ғимаратының есiгiне қара құлып салынды. “Ауғанстандағы соғыс және шағын әскери шиелiнiстердiң ардагерлерi мен мүгедектерi” қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Мұрат Әбдiшүкiров бұл мәселе жөнiнде былай дедi: “Дәл осындай ардагерлер госпиталiнiң саны Ресейде – жетеу, Беларусьте – бесеу. Ал Қазақстанда небәрi бiреу-ақ. Ендi мұның да көзiн жоймақ. Бұл жерде басты мәселе ғимараттың тозып, апатты жағдайда тұрғанында емес. Ардагерлер госпиталi салын­ған аудан жерiнiң қымбаттығында. Естуiмiзше, ондағы бiр сотық жердiң бағасы – 50-60 мың доллар. Ал госпитальдiң аумағы – 11 гектар жер”. Мiне, мәселе қайда жатыр?

Қазкоммерцбанк клиентiнiң есепшотынан 93 миллион теңге қымқыр­ған алаяқтар тобына қатысты сот үкiмi шықты. Бұл алаяқтықты күштiк құрылымдар мен екi банктiң бұрынғы қызметкерлерi бiрiгiп iске асырған. Сейсенбi күнi Алматы гарнизонының әскери соты қылмыскерлердi 8 және 9 жылға бас бостандығынан айыру жөнiнде үкiм шығарды. Судья Даниал Баймақұловтың төрағалығымен өткен сот процесi жабық есiк жағдайында өттi. Оған бiрде-бiр БАҚ өкiлi қатыса алмады.  Алаяқтар “N” ЖШС-ның есепшотынан жымқырған 93 миллион теңгенi Қазкоммерцбанк компанияға бiрден өтеген. Сондықтан да банк бұл сот процесiне жәбiрленушi жақ ретiнде қатысқан.
АЛ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР 3 ЖЫЛДАН БЕРI МАҢДАЙ ТЕР, ТАБАН АҚЫЛАРЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
Сейсенбi күнi “Қуат” құрылыс корпорациясының бұрынғы бiр топ жұмысшылары баспасөз мәслихатын өткiзiп, президент Н.Назарбаев­ пен Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмовке ашық хат жолдады. “30 қарашаға дейiн үш жылдан берi ала алмай жүрген жалақымызды мемлекет өндiрiп бермесе, жаппай шеруге шығамыз”, – дейдi олар. Құрылысшылар маңдай тер, табан ақысына қол жеткiзу үшiн бармаған жерi, ашпаған есiгi қалмапты. – Талаптанушы құрылысшылардың бәрi “Қуат” құрылыс корпорациясының бұрынғы жұмысшылары, – дейдi заңгер Дәулет Жұмабеков.

Байқайсыз ба, бiздiң тарихымыздың бәрi базарлардың астында жатыр. Мейлi, ол мола болсын, мейлi, ол қала болсын, бiрақ мұның бәрi кешегi Кеңес үкiметiнiң қатал саясатының лаңы. Тарихымызды табанымыз­ға таптатып тастады. Белгiлi шығыстанушылардың зерттеуiне қарағанда көне Тараздың үйiн­дiлерi де қаладағы орталық базардың астында жатыр. Жыл сайын Таразда “Орталық базар көшiрiледi екен, базардың астын қазады екен” деген әңгiме шығады. Әрине, қазiр базарды көшiру деген жаңалық емес. Көптеген облыс орталықтары базарларды сыртқа шығарып, қала iшiн ретке келтiрiп қойды. Әйтсе де, Тараз қаласының әкiм­шiлiгi әлi

Ақорда саяси қудалаудың жаңа жолына көштi. Билiк саяси науқандар қарсаңында режимге “ыңғайсыз” аға буын өкiлдерiнiң үстiнен түрлi iс қозғап, түрмеге тоғытса, жастарды әскерге күштеп жi­бермекшi. Жуырда тәуел­сiз журналист Жанболат Мамайды полиция қыз­меткерлерiнiң күшiмен әскер қатарына қоспақшы болған құқыққорғау ме­кемелерiнiң әрекетiн бас­қаша түсiну қиын. Ж.Мамайдың айтуынша, оны таңертең көлiгiнiң қасында екi полиция қыз­меткерi күтiп алған. Әскер қатарына алу мәселесi бойынша олармен бiрге жүрудi сұраған. Бiрақ журналист өзiнiң медициналық тексеруден өтiп, денсаулығындағы ағаттықтарға байланысты 6 айға дейiн әскер қатарына

Екiншi оқу тоқсанының бiрiншi күнi тест тапсырған Райымбек ауданының мұғалiмдерi үшiн қаралы күн болды десем, өтiрiк айтқаным емес. Неге дерсiз? Себебi, бiздiң мектептен I-бiлiктiлiк санат­қа өтетiнi, санатын қорғайтыны, II-бiлiктiлiк санатқа өтетiнi бар, барлығы он мұғалiм қазанның 10-ы күнi аудан орталығына тест тапсыруға бардық. Қош, сонымен сынағымызды тапсырдық. 20 сұрақ – Заң негiздерiнен, 20 сұрақ – педагогика мен психологиядан, қалған 40 сұрақ – өз пәнiмiзден. Үмiткерлердiң iшiнде зейнеткерлiкке шықсам ба деген қарт ұстаздан бөлек, аяғы ауыр келiншек те болды. Тест бiткен соң адам басына 250 теңгенi (он адамнан 2500 теңге) сол жердегi кезекшiнiң қолына санап
Биылғы жылдың 15 қазанында «Жас Алаш» газетiнде жарық көрген «Оңтүстiктiң полициясы қашанғы отпен ойнайды?» атты мақалаға орай төмендегiнi хабарлаймыз: Биылғы жылдың 2 шiлдесiнде А.Мәжитке атыс қаруымен дене жарақатын салған жайт бойынша Шымкент ҚIIБ әл-Фараби полиция бөлiмi мен Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 24-бабы 3-бөлiгi және 96-бабы 1-бөлiгi­мен қылмыстық iс қозғалған. Ал 24 шiлдеде қылмыстық iстiң алдын ала тергеу амалдарын жүр­гiзу үшiн бұл iс ОҚО IIД Тергеу басқармасына тапсырылған.

Өкiнiшке қарай, бiз әлi де спорт, дене тәрбиесi мәселесiн насихаттау iсiне селқос, жүрдiм-бардым қараймыз. Осынау маңызды саланы насихаттау iсiнiң маңызын толық түсiне алмай, оның тәрбие, идеология құралы екенiн қаперден шығарып алып жүргенiмiз қынжылтады. БАҚ-тың көмегiнсiз бас­қа-басқа, дене тәрбиесi мен спорт саласы дами алмайды. Яғни, жариялылық болмаған жерде өсу, iлгерiлеу бол­майды. Демек, облыс орталығы мен аудан басшылары мемлекеттiк сая­саттың басым бағыттарының пәрмендi насихатталуына мүдделiлiк танытуы тиiс қой.

Жақында бiздiң ауданның құрылғанына 80 жыл, ал Шудың қала мәртебесiн иеленгенiне 50 жыл толуына орай дүркiрете аталып өткен күндер де артта қалды. Алғаш­қы паравозға, Домалақ анаға, Балуан Шолаққа, Кеңес одағының батыры Саттар Естемесовке ескерткiш орнатылып, ақындар айтысы мен бәйге, ғылыми-практикалық конференция және тағы басқа игi шаралар өткiзiлiп, аудан жұртшылығының бiр серпiлiп қалды. Бiрақ бұл шаралар шақырылған қонақтардың өкпе-ренiшiн тудырды. Өйткенi, халықтан жиналған қордың есебiнен ондаған миллион теңгеге шығарыл­ған «Шу өңiрi» энциклопедиясы жайлы ел арасында дау-дамайлы пiкiрлер толастамай тұр.

Ендi осы иммунитет туралы айтсақ қайтедi, жiгiттер? Қарсы емес шығарсыңдар, ә...
“Иммунитет деген не?” дейсiз бе? Солай дедiңiз ғой? Онда сiз мықты екенсiз, нағыз Қобыланды немесе Жеки Чан екенсiз. Иммунитеттi имму­нитетi жоқ адамдар ғана бiледi, жақсы бiледi. Қазiргi адамдардың денсаулығы... иә, иә дұрыс айтасыз, нашар, өте нашар. Жел “үп” етсе түшкiре бастайды, жаңбыр сеуiп өтсе пысқыра бастайды, күн бұлтқа жасырынса жөтел буады, гүлдi иiскесе тұншығады. Иммунитет­терi қағаз сияқты жұқарып кеткен. Иммунитет жұқарғаннан кейiн, әрине, дұрыс айтасыз, жүйкелерi де жұқар­ған. Бiреуге бiрдеме десең “арс” ете қалады. Адамдар тура, кешiрiңiздер, ит боп кеткен.
ӨЛЕҢ ЖАЗҒАНЫ ҮШIН...
Қазiр Белоруссияның президенттiгiне 12 үмiткер шығып, президент сайлауына қызу дайындалу үстiнде. Бұлардың iшiнде ақын да бар. Ол – Владимир Некляев. В.Некляев “Говори правду!” деп аталатын азаматтық қозғалыстың жетекшiсi.
Президенттiктен үмiткерлер қазiр радиодан, телеарналардан сөйлеп, халыққа өз бағдарламаларын таныстыра бастады. Белоруссияның Орталық сайлау комитетi Владимир Некляевке осындай үгiт-насихаттық бағдарламаларда және пiкiрталастарда өлең оқуға тыйым салды.
«Одесса» киностудиясы түсiрген атақты «Сыған», «Будулайдың оралуы» фильмдерiн экраннан көрiп жүргенiмiзге де 32 жылдай уақыт болыпты. Басты рөлдiң бiрi Клавдияның рөлiн ойнаған актриса Клара Лучко бұл дүниеде жоқ. Ал Будулай...  Аты аңызға айналған сыған Будулай қазiр кедейшiлiктiң қиындығын көруде. Бес рет ауыр операциядан кейiн химиятерапия алып жүрген актер Михай Волонтир әлi де ауруға бой алдырғысы келмейдi. Өзiнiң бұл дүниеде ешкiмге керегi жоқтығына көзi жетiп... оған да көндiккен секiлдi.
Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтiп жатқан жазғы Азия ойындарының сейсенбiлiк жарыс күнi елiмiз үшiн сәттi болды. Грек-рим күресiнен 120 келiде бақ сынаған Нұрмахан Тiнәлиев алтыннан алқа тақты. Нұрмаханның жеңiсiнен кейiн iле-шала регбиден Қазақстанның әйелдер құрамасы жеңiске жеттi. Қытай қыздарымен Азия ойындарының алтын медалiн сарапқа салған бiздiң бойжеткендер алаң иелерiн 17:14 есебiмен жеңдi. Осы аптаның басында жеңiл атлеттердiң бәсi басталғанын жазғанбыз. Дүйсенбi күнi кешкiсiн 400 метр қашықтыққа жүгiруде Ольга Терешкова мәреге бiрiншi келiп, Азия ойындарының бас жүлдесiн жеңiп алды.

Осыдан бiр жыл бұрын қазақ журналистикасының бiр жыртығы жамалып, қазақ тiлiнде тұңғыш спорттық портал ашылған едi. “Аламан” (www.alaman.kz) деп аталатын бұл электронды басылым бар-жоғы бiр жыл iшiнде ақпарат айдынында өзiндiк беделге ие болды. 2009 жылы қараша айында ашылған “Аламан” қазiр елiмiздегi ең үздiк 5 спорт­тық сайттардың қатарына енедi. Порталдың 7 облыста және Алматы мен Астана қа­ла­ларында меншiктi тiлшiлерi бар. Сондай-ақ сайт­ты безендiрiп, көр­кемдеп отыратын веб-дизайнерлер мен веб -суретшiлер де қатарда. Ашылғанына небәрi бiр жыл болса да “Аламанға” күнiне 700 астам оқырман енедi.

Көпiртiп, көбiгiн шығарып, әспеттеп, асқақтатып жазатындарды ұнатпаймын. “Бүкiл әлем Қазақстанға қарап көз тiгiп отыр“ деп жазып жатыр кейбiр газеттер. Құдай-ау, ұят қайда, ар қайда? Өлшем, таразы қайда? Бүкiл әлемнiң күнi Тәуелсiздiгiн ендi-ендi қалыптастырып жатқан Қа­зақстан­ға қарап қалса, онда сол бүкiл әлемiңiздiң де күнi қараң қалған екен.
Кезiнде Ататүрiк не деп едi? “Халықаралық мәселе... ол келедi, кетедi, өзгередi, ал ұлттық мұрат – мәңгiлiк. Сондықтан да бiз бүкiл назарды, бүкiл күш-қуатымызды, жiгерiмiздi ұлттық мұратқа жұмсауымыз қажет!” деген-дi. Бiз ше?