1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (15553) 30 қараша, сейсенбі 2010

2006 жылы ұлтарақтай жер телiмi үшiн билiктiң озбыр әрекетiне наразылық танытқан Алматы қаласы қазiргi «Алатау» ауданына қарасты Шаңырақ ықшам­ауданында қанды оқиға орын алған едi. Үйiн қорғау үшiн өре түрегелген жұртшылық құқық қорғау органы қызметкерле­рiнiң қарулы қарсылығына ұшырап, қақтығыс салдарынан бiр адам мерт болды. Полиция қызметкерi Әсет Бейсеуовтiң қазасына кiнәлi деп, сондай-ақ тәртiп бұзды деген айыптармен 25 азаматтың үстiнен қылмыстық iс қозғалып, олардың 18-i темiр тор­ға жабылды.

Қазақстанда соңғы бiр айдың iшiнде әлеуметтiк маңызы бар, жұрт көп тұтынатын тауарлардың бағасы тағы қымбаттады. Жақында «ҚазАгроМаркетинг» АҚ дәл осылай деп ақпарат таратты. Мәселен, 5 қазаннан 9 қараша аралығында қарақұмық – 20, өсiмдiк майы – 16, жұмыртқа – 15, сүт өнiмдерi және қант – 5, картоп – 4, қызанақ – 93 теңгеге өскен. Себебi неде? Қант, тұз және өсiмдiк майын өндiретiн компания өкiлдерi мынадай ақпаратты алға тартты. Мәселен, биыл Бразилия, Ресей мен Батыс Еуропада қант қызылшасы тапшы болған. Тұз уақытылы жеткi­зiлмеген. Өсiмдiк майының шикi­заты қымбаттаған.
Православ шiркеуi дiнтарату қызметiн жаңа деңгейге көтермек. Астана және Қазақстан митрополитi Александр (елдегi православтардың басшысы) «жақын уақытта шiркеуге келушiлер қазақ және орыс тiлдерiнде ғибадат ете алады. Сонымен қатар, уағыз-насихат та қазақ тiлiнде жүргiзiлiп, дiни әдебиеттер де мемлекеттiк тiлде шығарыла бастайды» деп мәлiмдедi. Дiни ғибадатты мемлекеттiк тiлде жүргiзудiң «қажеттiгiн» шiр­кеу­дiң өзге де лауазымдылары құптап отыр. Ұлты қазақ Марк әкей – православ дiнiн қабылдап, шiркеу қызметкерi атанған қандастарымыздың бiрi. Евангелиенiң қазақ тiлiне аударылатынына «ең қатты» қуанғандардың бiрi де сол. «Орыс тiлiн бiлмейтiн қазақтардың өзiне көп келетiнiн, оларға православ дiнiн терең түсiндiре алмайтынын» Марк «әкейiмiз» өртенген өкiнiшпен жеткiзiптi. Бұлардың ендiгi мақсаты – қаймағы бұзылмаған қазаққа қарай «бет бұру».
Сәрсенбiде басталатын саммиттiң алдында шетелдерден келген үкiметтiк емес ұйымдардың сарапшылары алқалы жиында айтатын ойларын пысықтап, бiрнеше рет Астанада бас қосты. Сондай жиынның бiрi бұқаралық ақпарат құралдарындағы (БАҚ) сөз бостандығына арналды. ЕҚЫҰ-ның БАҚ-тағы сөз бостандығы жөнiндегi өкiлi Дунья Миятович алдын ала баспасөз мәслихатын өткiздi. Бiр кемшiлiгi ағылышын тiлiнде өткен осы кездесуде қазақша iлеспе аударма болмады. Осының кесiрi­нен қазақша сұрақ та қойғызбады. Бұл әрине, елiмiзде екi тiлде судай ағатын аудармашы жоқ деген сөз емес.
ТЕНДЕР ТАҒДЫРЫН ШЕШЕТIН МАНЖУОВ ОСЫНЫ ҰҚСА ЕКЕН
“Бөрiнiң өз тәңiрi бар” демекшi, тендердiң де өз тәңiрi бар бiлем... Тiзгiнi қолда болғанымен, кей-кейде басы қатты айғырдай бой бермей, беталды шауып кететiн бұл “тентек” тәртiпке бағынбай-ақ қойды. Жыл басында Жамбыл облысының әкiмi Қанат Бозымбаев құрылыс басқармасы мен жолаушылар көлiгi және автокөлiк жолдары департаментiн қосып, тендердiң бәрiн бiр қолға жинақтаған-ды. Әрине, бұл тендерлердiң ашық әрi әдiлеттi өтуi керек деген ойдан туындағаны анық. Әйтсе де, “Балапанды күзде санайды” демекшi,

Киiк атқан адам үш жылға сотталсын! Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң мамандары осы бастамаларын заңға бекiтiп алмақ. Жалпы, елiмiзде Қызыл кiтапқа енген жануарларды атқандар мен өте сирек өсiмдiктердi кескендер қылмыстық жазаға тартылады. Бiрақ, мұның киiкке қатысы аз. Себебi, киiк Қызыл кiтапқа ене қоймаған. Алайда, жойылып кетудiң алдында ғана тұр. Деректерге көз жүгiртсек, 1980 жылдардың басында қазақ даласында бiр жарым миллион киiк жосылып жүрiптi. Жануарлардың iшегi мен өкпесiн iрiтiп жiберетiн пастерилиоз дертiнен олардың 1983 жылы 180 мыңы, 1988 жылы жарты миллионы қырылып қалған.

“Халқы жарқылдап күлiп жүрген елдiң тұрмыс-тiршiлiгi жақсы һәм ауқатты” дейдi шығыс даналығы. Рас, елдiң әл-ауқатын көңiл-күйiнен байқауға болады. Қазақстан талай-талай өткелектен өттi. Тоқсаныншы жылдары күйiмiз қалай едi? Жұрт Қытайдан, Түркиядан сапасыз тауар таситын алыпсатарлардың қас-қабағын бағып жүретiн. Бәрi соларды айналсоқтайтын. Ол кезде заман сондай болды. Ал қазiр ше? Қазiр халықтың сауаты бiршама өскен, талғамы жоғарылаған. Қытайдаң арзанқол тауарын өмiр-бақи пайдаланып өтпейтiнiн әлдеқашан түсiндi.

Кешегi iшмерез қызыл империяның кесiрiнен тұмшаланып келген, кезiнде бүкiл әлемнiң назарын аударған қанды оқиғалардың бiрi, Адай көтерiлiсi екенi мәлiм. Адай көтерiлiсi 1929-32 жылдардағы Қазақстанның түкпiрiнде бой көтерген халық наразылығының ең үлкенi. Қазақ өлкелiк партия комитетiнiң басында отырған Ф.И.Голощекиннiң қанқұйлы өктем саясатына, зорлық-зомбылығына қарсы халық толқуы 1931 жылдың көктемiнде басталды. Оған Адай елiн ерекше бақылауға алған өшпендiлiгi, Қазақ Өлкелiк атқару комитетiнiң мүшесi, Адай округтiк атқару комитетi төрағасының орынбасары Шәбден Ералиевтiң қазасына байланысты орынсыз айыптаулар,

Басқа түскен оқыс бұл бiр сын едi,
Алатаудың тұнжырап тұр сiлемi.
Көлеңкемдей қалмайтын қыр соңымнан,
Менiң қара адамым күрсiнедi.
 
Күрсiнедi бiр сырды сезетiндей,
Өсiп кеткен майбасты көз етiндей.
Аяқ асты жапырақ сияқты иман,
Мына өмiрде не қалды төзетiндей.
Мүмкiндiгi шектеулi жастардың тыныс-тiршiлiгiмен танысу үшiн аяқ-қолы кемтар балаларға арналған №2 арнайы (түзеу) мектеп-интернатына бас сұқтық. Интернат директоры Бақыт Ермекованың айтуынша, бұл бiлiм ошағында 150 оқушы тәрбиеленуде. Соған қоса мектеп мұғалiмдерi төсекке таңылған 110 балаға үйiнде аптасына екi күн сабақ бередi. Бiлiм ошағындағы 150 баланың 94-i – қазақтың қарадомалақтары. Олардың 63-i таза қазақ тiлiнде тәрбиеленуде. Мектеп-интернатқа балалар арнайы комиссияның шешiмiмен қабылданады. Оқушылар аптаның 5 күнiн – мектеп-интернатта, 2 күнiн – өз үйлерiнде өткiзедi. Бес мезгiл тамақ дайындалады. Түске дейiн – сабақ, түстен кейiн
Жатақхананың бiр бөлмесiнде үш қызбыз. Ойы да, бойы да ұқсас.Тiптi талғамы да. Күн –жексенбi. Үшеумiз де ерте оянып, таңғы шайымызды iшiп отыр едiк,бiреу есiк қақты. Бiз тұратын жетiншi қабаттың жетекшiсi екен:
– Қайырлы таң, қыздар! Қалайсыңдар?!
– Сәлем... сәлем, қалайсың...?! Қош келдiң! Шайға отыр.
Жамырай амандасып жатырмыз. Ол рахмет айтып, бiрден келу себебiн түсiндiре бастады:
– Қыздар, бүгiн сағат төртте ақындар мү­шәй­­расы болады. Оқу залына кешiкпей келу­ле­рiңiз керек. Мына жерге қол қойып берсеңiздер! 
ҚР Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов парламент мәжiлiсi депутаттарының алдында шетте жүрген 125 ғалымды Қазақстанға қайтару жөнiнде бастама көтердi. Дегенмен, министр­лiктiң баспасөз қызметiнiң таратқан ақпаратына жүгiнсек, қай ғалым, қандай елден келетiнi жөнiнде ақпарат жоқ. Өйткенi, тiзiм әлi бекiтiлмеген. Кезiнде шетте жүрген қазақ ғалымдарын Қазақстанға қайтару қажеттiгiн президент те көтерген. «Бүгiнде шетелде жұмыс iстеп жүргендердiң, әсiресе, жас ғалымдардың ендi Қазақстанға қызмет ететiн уақыты келдi», – деген-дi сонда.
Студенттiк өмiрден...
Бақытжан Советұлы – белгiлi балалар ақыны Совет Әлiмқұловтың кенже ұлы. «Әке көрген оқ жонар...» деген, әкесiне елiктеп өскен Бақытжан да шығармашылық жолды таңдап, сатирик ақын атанды. Талай жыл «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Жамбыл облысындағы меншiктi тiлшiсi қызметiн атқарған Бақытжан бүгiнде Қазақ радиосының облыстағы тiлшiсi. Дүниеде жаны перiште, аңғал, баладай сенгiш екi жан болса соның бiреуi осы Бақытжан, егер жалғыз болса, соның нақ өзi. Бақытжанның әңгiмесiн әсiресе, «Хабар» телеарнасының Өзбекстандағы тiлшiсi Серiк Әбдуалиев майын тамызып айтады. Бақытжан мен Серiк ҚазГУ-дың журналистика факультетiнде бiрге оқыған.
Өткен аптада Қытайдың Гуанчжоу қаласында XVI жазғы Азия ойындары мәресiне жеттi. Сары құрлықтың 45 елiнен келген спортшылар он алты күн бойы 57 спорт түрiнiң жүлделерiн бөлiстi. Азия ойындарында спорттың 36 түрiнен бақ сынаған елiмiздiң үш жүзден аса спортшылары 79 жүлдемен оралды. 18 алтынды қоржындарына салған қазақстандықтар осымен бiрге 23 күмiс, 38 қола медальды жеңiп алды. Азия ойындарының алдында елiмiздiң спорт басшылары 25 алтын жеңiп алуды жоспарлағанын бұған дейiн де жазғанбыз.
27 қараша күнi Алматыдағы “Достық” спорт кешенiнде бүкiләлемдiк бокс сериясының кестесiне сәйкес елiмiздiң “Астана арландары” клубы Бакудiң “Baku Fires” командасының боксшыларымен кездесiп, 1:4 есебiмен жеңiлiп қалды.Шаршы алаңға бiрiншi болып шыққан 54 келiдегi Нұрлан Сейтiмбетовтiң жекпе-жектiң алғашқы сәтiндегi аяқалысы жақсы едi. Рагим Наджаровпен қолғап түйiстiрген Нұрлан әп сәтте-ақ тiзгiндi өз қолына алып, қарсыласын ауыр соққыға алды. Алайда, бакулiк жiгiт те осал болмай шықты. Нұрланның соққыларына төтеп берген әзiрбайжан боксшысы кездесудiң орта тұсында тiптi күшейдi.
Топтық сайыста бақ сынап жатқан командалар өткен аптада бесiншi тур ойындарын өткiздi.
А тобы
“Тоттенхэм” (Англия) – “Вердер” (Германия) – 3:0;
“Интер” (Италия) – “Твенте” (Голландия) – 1:0.
В тобы
“Хапоэль” (Израиль) – “Бенфика” (Португалия) – 3:0;
“Шальке-04” (Германия) – “Лион” (Франция) – 3:0.

24-25 қараша күндерi Алматы қаласындағы «Риксос» қонақ үйiнде  Қазақстан қор биржасы: КАSЕ-дегi – IРО тақырыбында форум өттi. Бұл форумда сарапшылар ұлттық компанияларды биржаға шығу жолдарының проблемалары мен келешегi туралы тақырыптарда пiкiр алмасты. Сондай-ақ халық арасындағы «көгiлдiр фишка» акциясын сатып алу нарығының мүмкiндiгi туралы ойлар ортаға салынды. Форумға қатысқан басты спикерлерден бөлек «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндiру» компаниясының ақпаратты саясат және инвесторлармен байланыс бас­қармасының директоры Александр Игорьевич Гладышев те қатысты.