1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (15554) 2 желтоқсан, бейсенбі 2010
АЛ БИЛIКТЕГIЛЕР БАНКТЕРДI ЖАРЫЛҚАЙДЫ, САММИТ ӨТКIЗУГЕ АҚША ШАШАДЫ
Сейсенбi күнi Алматы қаласы, Алмалы ауданы әкiмшiлiгiнiң ауласында «Халыққа баспана қалдырайық» қоғамдық қозғалысының Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан облысы, Алматы және Талдықорған қаласындағы екi жүзге жуық мүшесi, борышкерлер наразылық шарасын өткiздi. «Саясатта шаруамыз жоқ. Әлеуметтiк жағдайымызды түзеп берсiн!». «Үй-күйiң жоқ болса, Отан да жоқ!», «Өлсек те баспанамызды бермеймiз!» – дейдi ашынған жұрт.
Биылғы қыстың алғашқы күнi Н.Назарбаев үшiн жұл­дызды сәт болды. 1991 жылы дәл осы бiрiншi желтоқсанда сайлаудан аты озып шыққан президентке ендi мiне он тоғыз жылдан соң мәртебелi қонақтар қол шапалақтап, құттықтауларын бiлдiрдi. ЕҚЫҰ “осы уақытқа дейiн Қазақстанда бiрде-бiр сайлау әдiл өтпе­дi” деп санаса да. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мунның өзi саммитке бiр күн қалғанда “бұл жиынның он бiр жылдан кейiн өтiп жатқаны – Н.Назарбаевтың халықаралық беделiнiң арқасы” деген мақтауын да жеткiздi. Әрине, жиынға келген әр тiлшi мен өкiлдiң кө­кейiнде “Н.Назарбаев осындай құр­метке қалай жеттi?” деген сауал тұрары анық.

Экономикасының қарыштап дамуы жолында энергетика саласының ролi басым Қытай мемлекетi ендiгi кезекте табиғи таза қуат көзiн өндiру мақсатымен Қазақстанның желiн пайдалануға кiрiстi. Бұл туралы ақпаратты Вашингтондағы Джеймстаун қорына қарасты «Еурейша дейли монитор» басылымы таратып отыр. АҚШ-тың стратегиялық және тактикалық одақтастары болып табылатын елдердегi қауымға сараптама жасаумен айналысатын бұл қордың мәлiметiне қарағанда, «стратегиялық серiктестiк» аясында қанатын кеңге жайған аспан асты елi Орталық Азия мемлекеттерiне экономикалық экспансиясын одан әрi күшейтiп келе жатыр.

БИЛIК ПАРТИЯСЫ ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ САЛАСЫНАН ҚҰЗIРЕТ СҰРАЙДЫ
Саяси науқан тұсында “Нұр Отан” партиясының белсендiлiгi артатыны жаттанды жайтқа айналған. Жемқорлықпен күрестi де осындай шақтарда күшейте түсетiн билiк партиясының кейде “артық етем деп тыртық” ететiн тұстары да жоқ емес. Сыбайлас жемқорларды аулаудан қажыды ма, әлде сол жемқорлардың басым бөлiгi өз партиясының мүшелерi болғандықтан ыңғайсызданды ма, ендiгi кезекте нұротандықтар құқық қорғау ведомоствосынан өздерiне жайлы әрi құзырлы орын алуды қалап отырған көрiнедi.
Осы аптаның басында Болатхан Тайжан атындағы қор мен “Альтернатива” өзектi зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен “Кедендiк одақ және бiрыңғай экономикалық кеңiстiк арқылы Қазақстанның Ресеймен ықпалдастығы: қолдаушылар және қарсылар” атты дөңгелек үстел өттi. Жиынға саясаткерлер экономистер, саясаттанушылар мен азаматтық қоғам өкiлдерi қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар арасындағы пiкiрталас негiзiнен “кедендiк одақ Қазақстан тәуелсiздiгiне қатер төндiре ме?” деген мәселе төңiрегiнде өрбiдi. Ұлттық тұрғыда ойлайтын сарапшылар
Өткен аптада Беларусьте 200 мың долларды қапқа салып арқалап жүрген әлдебiр делдалдар ұсталды. Бұлар туралы талай болжам айтылды. “Батыстан келген қаржы” дедi бiреулер. “Орыстар оңтайына жаққан кандидатқа жiберiптi бұл қаржыны” дестi ендi бiреулерi. “Лукашенконың көзiн жою үшiн төлемек” деп көйiткендер де болды. Бұл не қылған «батпан құйрық?» Қайдан келген қаржы? Не мақсатқа жұмсалуы тиiс?“ Бұл 200 мың доллар беларусь оппозициясына шетелден келген көмек”, – деп мәлiмдедi өткен аптада Беларусь мемлекеттiк қауiпсiздiк қызметiнiң басшысы Вадим Зайцев.
Таяуда Атыраудағы Жайық өзенi сағасында мұнай төгiндiлерiн жинайтын экологиялық базаны орналасырудың қоршаған ортаға зиянды әсерiн алдын ала анықтау жөнiндегi қоғамдық тыңдау өттi. Шынын айтқанда, бұл әңгi­менiң сағыздай созылып келе жатқанына 5 жылдай уақыт болды. 2007 жылы қазiргi Мұнай және газ министрi Сауат Мыңбаевтың Атырауға сапары кезiнде де дәл осы ұсыныс көтерiлген едi. Бiр қызығы сол кезде қоғамдық ұйымдарды жергiлiктi билiк қолдап, оған әлгi экологиялық база салынады деп отырған Дамбы ауылының шал-шауқанының айғайы қосылып, көптеп- көмектеп Жайықтағы балықтар мекенiн арашалап қалған-ды.
Бюджеттiк мекеме қызметкерлерiнiң жала­қысы 2011 жылдың қаңтар айынан емес, шiлдесiнен бастап көтерiлетiн болды. Бұл туралы ҚР Парламентi Сенатының жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықова мәлiмдедi. Асылы, бюджет қызметкерле­рiнiң жалақысын өсiру жөнiнде, басқасын былай қойғанда, президент Н.Назарбаев «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты халыққа жолдауында былай деген-дi: «Үкiмет әлеуметтiк төлемдердi және бюджетшiлердiң жалақысын ұлғайту жөнiндегi мемлекеттiң барлық мiндетте­мелерi толық көлемiнде сақта­луына кепiлдiк беруге мiндеттi.
Үкiмет жетекшiсi Кәрiм Мәсiмовтiң қор нарығын дамыту туралы бастамасын сарапшылар осылай бағалайды
Премьер-министрдiң айтуына қарағанда, «Са­мұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына кiретiн еншiлес ұйымдар халықтық IPO өткiзбек. Яғни, «Самұрық-Қазына»-ға еншiлес ұйымдардың акциялары таяуда iшкi қор нарығына шығып, барлық қазақстандықтар үшiн қолжетiмдi болмақ. Жыл соңында өтетiн «Самұрық-Қазына» қоры, Қаржы қадағалау агенттiгi, Ұлттық банк пен Алматы өңiрлiк қаржы орталығының бiрлескен жиынында бұл мәселе жан-жақты талқыланып, келесi жылдың қаңтарынан бастап қор нарығын дамыту бағдарламасы бастау алатын көрiнедi.
Алдымен айтарымыз, “Қара жорға” – дәл қазiргi айтылып, биленiп, орындалып жүрген қалпында тек сауық-сайран мен той-томалақтың қажетi үшiн шебер құрастырылған аралас жанрлы музыкалық туынды. Мұның әуенi Қытайдағы қазақтардың бәрiне белгiлi “Сал күрең” дейтiн күйдiң ырғағын сәл өзгертiп, оған “жар-жардың” үзiк-жұлығын қосарлаған жаңаша аранжировкасы ғана. Дегенмен, бүгiнгi шоу-кештердiң қажетiн өтеу­ге жарайтын сәттi туынды екенiн мойындаймыз. Бiрақ, “Қара жорғаның” би екенiн, би болғанда да оның кереметтей нәзiк, күрделi әрi аса байыпты, байсалды халықтық мұра екенiн естен шығармауымыз керек едi.
“АЛАШТЫҢ АҚАН СЕРIСI”
15 желтоқсан күнi сағат 18.30-да “Адырна” ұлттық-этнографиялық бiрлестiгi мен Қазақстан Жазушылар одағының бiрлесiп ұйымдас­тыруымен осы одақтың Әде­биетшiлер үйiнде “Алаштың Ақан серiсi” атты кеш өтедi. Кештiң мақсаты – жас ұрпаққа көрнектi композитор, ақын, әншi Ақан серi­нiң шығармашылық мұрасын кеңiнен насихаттау. Қазiргi күнi жастар қазақтың Ақан серi, Бiржан сал, Жаяу Мұса, Үкiлi Ыбырай тәрiздi ән өнерiнiң iрi тұлғаларын, олардың өмiрi мен шығармашылық жолын жетiк бiле бермейдi. Осындай өнер майталмандарымыз бүгiнде аз дәрiп­теледi. Аталмыш кеште
Шындық ашылса шендiлер таяқ жейдi
Биылғы жылдың 26 наурызында «Жас Алашта» «Шындыққа қалай жетемiн?» деген тақырыпта күйеуiм Әшiр­бектiң мақаласы жарық көрген едi. Онда менiң бауыр етiм – балам, Алматы қалалық IIБ аға лейтенанты Рүстем Жиренбаевтың Мақтаарал ауданына өз көлiгiмен келе жатып Сарыағаш ауданының Абай ауылынан бiраз өткен соң, жол-көлiк оқиғасынан қайтыс болғаны туралы жазылды. Бiр жылдай уақыт осы қасiреттiң артында жүрiп, шындыққа жете алмай әбден жүйкемiз тозды. Содан кейiн қалтамызға ауыр тисе де, адвокат жалдауға тура келдi. Егер жол апаты болған жердi анықтаушы Абай аудандық IIБ полиция капитаны Ғалымжан Қожақұловтың ардан аттап өтiп,
Мiне, байқап отырсыздар, екi жақ бiрiн-бiрi жоққа шығарады. Екi жақтың да уәждерi көңiлге қонатын сияқты. Бұлардың қайсысына сенемiз? Төрелiгiн айту газеттiң мiндетi емес. Ақиқат айтыста ашылады. Бәлкiм екi жақтың дау-дамайын тәртiптiк кеңес пен облыстық мәслихаттың арнайы күн тәртiбiне қойып, бiрлесе қарағаны жөн болар. Р.Рымова мен заңгер А.Асқарбеков тексеру комиссиясына қатыс­ты сұрақтарды депутаттарға ескертпестен, 2-сессияның қабылданған шешiмдерiне қосып жiберген. Осындай заңсыз әрекеттерiмен

Бағдат ата Жандосойды (Момбеков) «Жас Алашта» қызмет iстегендер ғана емес, күллi оқырманымыз бiледi десек, қателеспеймiз. Ол кiсi 1949 жылдың 29 қаңтарында редакцияға жұмыс­қа келген екен. Зейнеткерлiкке шықса да бiз атаны қимай, ата бiздi қимай... бiздiң ортамызда жүрдi. Бағдат ата рухани бай кiсi едi. Редакцияға жаңадан келiп жатқан жас журналистер де қалт еткен бос уақыттары болса, атаны айналшықтап қасынан шықпайтын. Ал ол кiсi сурет училищесiн ғана бiтiрген. Соның өзiнде атаның бiлмейтiнi жоқ едi. Кабинетiнде кейбiр кiтаптарды тығып оқып отырғанын талай көрдiк. «Көрсетуге болмайды» дейтiн сыбырлап қана.

Талай жанды өлiм аузынан арашалап қалған хирург, профессор Тұрар Кү­ке­ев­ туралы айтайын деп едiм...
Т.Күкеев 1932 жылы қарапайым отбасында дү­ние­ге келдi. Мектептi үздiк аяқтаған Т.Күкеев Жамбылдағы медучилищеге құжаттарын тапсырып, оны 1952 жылы қызыл дипломмен аяқтайды. Бiлiм қуалаған жас дәрiгер сол жылы В.М.Молотов атындағы Қа­зақ Медициналық институтының емдеу факультетiне құжат тапсырады. Тұрар Қойшығараұлы 3-курста “сталиндiк” степендияға ие болады. Тұрар Қойшығара­ұлының қабiлетi мен бiлiмiне тәнтi болған ұстаздары оған
КИКБОКСТАН ЕУРОПАНЫҢ ЕКI ДҮРКIН ЧЕМПИОНЫ ЕЛМҰРАТ ҚАЙЫПЖАНОВ АТЫНДАҒЫ БОКС МЕКТЕБI АШЫЛДЫ
Өткен аптада Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданына қарасты Шелек ауылында елiмiздiң мақтанышы, кикбокстан екi дүрiн Еуропа чемпионы, әлем кубогының иегерi Елмұрат Қайыпжанов атындағы бокс мектебi ашылды. Алматы облысының тумасы Ел­мұрат Қайыпжанов 90-жылдардың ортасында кикбокстан қазақ елiнiң мәртебесiн талай мәрте көтерген саңлақтардың бiрi. Алғаш рет күрес өнерiмен шұғылданған Елмұрат кейiннен кикбоксқа ауысты. Елiмiз тәуелсiздiк алған алғашқы жылдары кикбоксты кәсiп еткен он сегiз жастағы бозбала арада ұзақ уақыт өтпей жатып, әлем таныған кикбокстың хас шеберi атанып шыға келдi.
Қазақ спорт журналистикасы тағы бiр электронды басылыммен толықты. Ана тiлiмiзде тұңғыш болып оқырманға жол тартқан Аламан” сайтының iзiн ала қазақ футболының жүгiн көтеретiн ФУТБОЛ.КЗ (www.footbol.kz) сайты дүниеге келдi.  Ақпараттық толқынның электронды түрi қарыштап дамыған заманында мұндай басылымның ашылуы құба-құп. Елiмiздегi саны аз спорттық басылымдардың қатарын толықтырып, ел спортының, оның iшiнде қазақ футболының күйiн күйттейтiн сайттың тұсауын кескенi барлығымызға ортақ қуанышз. Қазақ футболының Еуропа қауымдастығына мүше болғалы берi қарыштап дамып, алға қадам жасағаны баршамызға аян.