1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15555) 7 желтоқсан, сейсенбі 2010
Саяси салмағы шамалы «Астана деклара­­ция­­сына ЕҚЫҰ-ның абыройын айрандай төкпеу үшiн ғана қол қойған елдер бар»
Астана саммитiнiң қорытындысын қазақ баспасөзi аспанға шығара алмай,  жабылып мақтап жатқанда орыстар оның «жаназасын» шығарып та қойды. Елдiң абыройы мен халықтың аузынан жырылып, тойға кеткен шығынды ойлағанда ресейлiк журналистерге «iштерiң күйсе, тұз жалаңдар!» дегiң-ақ келедi. «Мықты болсаңдар, ЕҚЫҰ-ға бiзден бұрын төраға болып, саммит өткiзiп көрмедiңдер ме?!.» деген ренiш те тұр көкейде. Алайда, саясаттың мың салалы сүрлеуiне ой жүгiртсек, «қабағы қату елдердi татуластырмаққа өткiзген «тойда» қонақтарды төбелестiрiп алған жоқпыз ба?» деген сауалға тап боласың.

Қазақ ақпарат құралдары жарыса таратқан Астанадағы саммит те аяқталды. 11 миллион еуроны қанжығасына байлаған бұл саммиттiң қазаққа берерiнен гөрi алары көп болғаны баршаға аян. Осыған дейiн жұмысы солқылдап қалған ЕҚЫҰ-ның «тамырына қан жүгiрткен» Қазақстан болды деп даурыққан жағымпаздарда есеп жоқ. ЕҚЫҰ-ның төрағалығын атқарған қазақ мемлекетiне деген сенiмсiздiк пе, әлде басқаша себебi бар ма, қалған елдердiң басшылары өкiлдерiн ғана жiбердi. Қалай болғанда да, қаржыны шашып-төккен бұл саммит те өз мәресiне жетiп, декларация қабылданды. «Қазақ журналистерiнiң клубында» қонақта болған Әмiржан Қосанов Астана саммитi қазақ үшiн абырой болмағанын алғашқы пiкiрiнен-ақ бiлдiрдi.

Саммит бiткен күнi «Шабыт» баспасөз орталығында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қорытынды сөзiн сарыла күтiп отырған бiр құрдасым түнгi сағат он екi шамасында электронды поштама бүй деп хат жазып жiберiптi: «...Джулиан Ассандж Астанада жүр. Кәдiмгi Ассандж, атышулы «Уикиликстiң» қожасы. Бүкiл әлем болып iздеп жатқан Ассандж Астанадан табылғанына қуанған басшылар саммиттi ұмытып, Ассандждi қалай ұстаудың амалын есiктi тарс жауып алып ақылдасып жатқан көрiнедi. Оллаһи-бiллаһи рас айтам, өзiң бiлесiң, әлем үшiн дәл қазiр Астана саммитiнен гөрi Ассандж маңыздырақ боп тұр. Бiзге келiп-кетер не бар. Қарын тоқ, ендi бiр мызғып алсақ...».

Өткен аптаның ортасында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары Янь Яньбиаоға қатыс­ты Ақтөбе қалалық №2 соты үкiм шығарды. Ендi ол Пекинге оралып, басшыларының алдында қалай әшкереленiп қалғаны үшiн жауап беретiн болар. Дегенмен, Янь мырзаның Ақтөбеде ақпарат жинап, әсiре­се, қоғамдық-саяси ахуал­ды зерттеумен тұрақты түрде шұғылданғанымен, үкiм облыстағы әлеуметтiк салаға жауапты шенеунiк Серiк Орынбаевқа 300 мың теңге пара ұсынғаны үшiн шықты. Яғни, ұлттық қауiпсiздiк   департаментi Қытайға ақпарат жiберумен шұғылданған Янь Яньбиао Орынбаевтың жұмыс кеңсесiне келiп, ашықтан-ашық 300 мың теңге тастап кеткен

Дағдарыс салдарынан бiрқатар эмитенттер дефолтқа ұшырады. Зейнетақы қорлары кезiнде осы компаниялардың құнды қағаздарын сатып алғандықтан, бұл қорлардың қоржынына керi әсерiн тигiздi. Тiптi қазақстандықтардың салымдарына қауiп-қатер төндiргенi де рас. Өкiнiшке қарай, қорларды тығырыққа тiрегендер ешқандай жауапқа тартылмайды. Заңнамадағы олқылықтардың кесiрiнен жауапкершiлiктi айналып өтедi. Сондықтан мемлекет белдi бекем буып, тиiстi шараларды қолға алмаса, зейнетақы қорлары, салымшылар және қазына шығынға батары анық.

10 желтоқсан күнi Алматы қаласы 28-панфиловшылар саябағында Батыр Бауыржан Момыш­ұлына ескерткiш орнатылып, Абай атындағы опера және балет театрында Баукеңнiң туғанына 100 жыл толуы мерейтойы құрметiне Алматы қаласы әкiмшiлiгi ұйымдастырған үлкен салтанатты кеш өтпек. Төменде батыр Баукең бейнесiн аша түсетiн материалды оқырман назарына ұсынып отырмыз. Баукең салалы саусақтарымен бұрыл шашын кейiн қарай жатқыза тарап, ауыр күрсiндi. Өңi боп-боз. Бұ­рыл, шалғы мұр­ты салбырап, көздерi­нiң жиегi қызарып кеткен. Сiрә, таңды ұйқысыз атырған-ау.

Ақтөбе облысы Қобда елдiмекенiнен 6 шақырым Херсоновка ауылының ескi жұртында ноғай оқымыстысы Қазақай ахунның  зираты бар. Тап осы жерден Абат-Байтақ күмбезi ағараңдайды, екi ара 12-14 шақырым. Қазақай оқымыстының дүниеден өтер кезде, өзiн Абат жанына жерлеңдер деуiнде үлкен мән бар. Абат-Байтақ кесенесi Алтын Орда империясының орнына құрылған Ноғайлы мемлекетiнiң осы жақтағы жалғыз ескерткiшi. Бұл – әрi Ноғайлы хандығының басты идеологы – Асан Қайғының ұлы Абат батыр мәңгiлiк тыныс тапқан орын.

Сүйiп те тұрып, сүйiктi болып,
Сетiнеп жаным, шерленем,
Сүюдi – бақыт дейтiннiң бәрi,
Әлi де сүйiп көрмеген.

Адасып барып, таласып-талып,
Сүрiнiп, сосын, ес кiрдi.
Адамның нағыз бақытты шағы –
Сүймеген кезi ешкiмдi.

Бұ дүниеден жалығып, о дүниенi аңсаған,
Жан мұңынан қорқам да мен де өтiрiк ән салам.
Өзiн-өзi алдаған, Маңдайым-ай, не дейiн –
Бадырақ көз үрейiм,
Ессiз езу мерейiм.
Қан мен тердiң кенжесi – тым жылтырақ қаланың,
Көшесiнде мерт болған күндерiмдi санадым.
Санадым да өкiндiм…
Өкiнiшiм ол менiң – жорылмаған түстерiм –
жорылмаған түстерiм – келешегiм бұлыңғыр.
«Ол да өкiнiш», – дедiм де, ернiмдi тiстедiм…

Шүкiр ШАХАЙ еңбек жолын Оңтүстiк Қазақстан облысы Киров (қазiргi “Мақтаарал”) аудандық “Коммунистiк еңбек” газетiнде фототiлшi болып бастаған. Одан кейiн әр жылдары республикалық “Қазақстан пионерi”,”Халық кеңесi” газеттерiнiң фототiлшiсi болып қызмет iстеген. 1990-96 жылдары жалпыұлттық “Егемен Қазақстан” газетiнде фототiлшi болып еңбек еттi. Сондай-ақ, республикалық “Жас Алаш”, халықаралық “Түркiстан” газетiнде жұмыс iстедi. 2002 жылдан берi Қазақстан Республикасын премьер-министрiнiң жеке фототiлшiсi.

Таяуда Астанада «Алтын күн» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Сарыарқа» орталығында Қазақстанның жас кинорежиссер-студенттерiнiң «Үмiт» атты киноолимпиадасы өттi. Бұл киноолимпиадаға республикамыздың әр аймағынан соңғы екi жыл көлемiнде түсiрiлген жастардың 40-тан астам авторлық киножұмыстары қатысты.«Қатысты» дегенiмiзден шығады, жастардың киноолимпиадасына толықметражды және қысқаметражды фильмдер, анимациялық фильм­дер, деректi кинолар мен бейнебаяндар қатысты. Жастар арасындағы өнер сайысы өте тартысты өттi.
Фототiлшiнiң кәсiбi – ғажап кәсiп. Одан да ғажабы – ұлттық телеграф агенттiгiнде жұмыс iстейтiн фототiлшiнiң қызметi. Өйткенi, онда дер кезiнде, лезде, қайда және қашан тарихи оқиғалар орын алып жатса, сол жерден табылуға мүмкiндiк мол.
1989 жылы Мұхтар Шахановтың арқасында Қарақалпақстанға сапарға шықтым. Жас фототiлшiмiн. Ол жердi көзбен көрдiм. Қатты толғандырды. Шөлейт жер. Тот басқан кемелер. Кең тыныс алу мүмкiн емес. Тұзды, құрғақ, шаң...
Бұл – экологиялық апатты аймақ-тұғын. Бiрақ мұны ол кезде терең түсiнбеген болатынмын. Алайда Қазақстандағы Арал аймағында дәл осындай кемелердiң зираты бар екенiнен хабардар едiм. 1991 жылы Арал қаласына жаяулатып, кездескен көлiкке мiнiп, дәл осы жантүршiгерлiк жерге аяқ бастым. Санаулы сағаттарда көргендерiмдi суретке тарттым. Кешқұрым, кемелердi күн батар сәтте түсiргiм келдi. Әйткенмен жергiлiктi жол­серiгiм кешке қалмауыма кеңес бердi. Жақын маңда қараусыз қалған мазар да болатын...
Өткен аптада футболдан 2018 және 2022 жылы әлем бiрiншiлiгiн қабылдайтын елдердiң есiмi белгiлi болды. Дауыс беру нәтижесiнде Испания мен Португалияны және Голландия мен Бельгия, сондай-ақ Англияны басып озған Ресей 2018 жылы әлем бiрiншiлiгiн өткiзуге мүмкiндiк алды. Сондай-ақ, Оңтүстiк Корея мен АҚШ және Жапония мен Австралия елдерiнiң арасынан қара үзiп шыққан Катар мемлекетi 2022 жылғы әлем бiрiншiлiгiн өткiзушi ел ретiнде танылды. Ресей мен Катар әлем бiрiн­шiлiгiн өткiзудi жеңiп алғаны сол едi, әлемдегi БАҚ өкiлдерi ұлардай шулады. Әсiресе, ағылшындардың бұқаралық ақпарат құралдары дүниежүзiлiк футбол қауымдастығының жемқорлыққа батқанын ашына жазды.
Бүгiн және ертең футболдан Еуропа Чемпиондар лигасының топтық ойындарының соңғы туры өтедi. Қоңыр күзден берi топтық турнирдiң кездесулерiн өткiзiп келген командалардың арасынан он екi команда келесi айналымның жолдамасына күнi бұрын қол жеткiзiп қойды. Чемпиондар лигасының топтық турнирiне тұңғыш рет жолдама алған Англияның “Тоттенхэм” клубы биыл өз тарихында бiрiншi рет Чемпиондар лигасының плей-офф ойындарына жолдама алды. Италияның “Интерi” мен Голландияның “Твенте” және Германияның “Вердер” клубтарымен бiрге
Өткен аптада командалар 5-турдың ойындарын қорытындылады. Он екi топқа бөлiнген командалардың арасынан әзiрге 1/16 финалына он сегiз команданың жолы түсiп тұр.
5-турдың нәтижелерi:
А тобы: “Манчестер Сити” (Англия) – “Зальцбург” (Австрия) – 3:0;
“Лех” (Польша) – “Ювентус” (Италия) – 1:1;
В тобы: “Атлетико” (Испания) – “Арис” (Кипр) – 2:3;
Оқырман ретiнде мен өте кiрпияз оқырманмын. Кез келген газеттi бас салып оқи бермеймiн. Талғап, таңдап, iрiктеп оқимын. Жалтақ, жалпақшешей, қара басының қамын ұлттың, мемлекеттiң мүддесiнен жоғары қоятын газеттердi ешуақытта сатып алмаймын. Сатып алмайтыным бiр бөлек, мұндай газеттердiң бетiне қарағым да келмейдi...
Қарап отырсаңыз, өмiр адамға бiр-ақ рет берiледi. Ендi осы адамға бiр-ақ берiлетiн өмiрдi әдiлеттiкке, әдiлеттiктi жақтауға арнауға болады ғой. Мен мұны журналистерге, газетте iстейтiн журналистерге қарата айтып отырмын. Егер өмiр екi рет берiлетiн болса, онда өзiм-ақ айтар едiм оларға: