1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №98 (15556) 9 желтоқсан, бейсенбі 2010
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МИЛЛИАРДЕРДIҢ ОСЫЛАЙ ОЙЛАЙТЫН БОЛҒАНЫ МА?
Қазақ жерiнiң үстi мен астының байлығынан кекiрiк атқанша асаған олигарх Александр Машкевич Израильдiң солтүстiгiнде болған өртке байланысты қандастарына көмек қолын созбақ. Тiптi Машкевич жаратушыдан жәрдем тiлегенi туралы да жазды.  Еуразиялық жебiрейлер конгресiнiң президентi А.Машкевичтi аса мейiрiмдi де керемет етiп дәрiп­теудiң астарында не жатыр? Атымтай жомарттығын қандастарына талай рет танытқан оның маңдай терiмен тапқан жеке табысы бар ма? «Тiлсiз жау­дан зардап шеккен изра­иль­дiк­терге көмек бергенде тұрған не бар?» деуiңiз мүмкiн.
Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қалалық сотының судьясы Айгүл Молдабаева қала әкiмiнiң бұрынғы орынбасары Бейсенбi Тәженовтiң үстiнен үкiм шығарды. Қызмет бабын асыра пайдаланып, президент Н.Назарбаевты алдап соққаны үшiн шенеунiк небәрi 42 мың теңге айыппұл төлейтiн болды. Әу баста қала әкiмiнiң бұрынғы орынбасарына қазынаның 75 миллион теңгесiн далаға шашты, қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған-ды. Не үшiн дейсiз ғой? Баяғы көзбояушылықтың, жағымпаздықтың кесi­рiнен. Анықтап айтқанда, өткен жылдың ақпан айында терiскейге ресми iс-сапармен президент келдi.
Маңғыстаудың халқы «алдағы қыстан қолымыздағы аздаған малды аман алып қала аламыз ба, жоқ па?» деп алаңдаулы. Қазақ амандас­қанда «Мал-жаның аман ба?» дейдi. «Түстiк өмiрiң болса, кештiк мал жи» деген бар. Бұл бiздiң халықтың негiзгi күнкөрiсi мал шаруашылығы екенiн айғақтайды. Республика халқының тең жартысы ауылдық жерлерде тұрады. Ал ауыл тұрғындарының басым көпшiлiгi қазақтар екенi белгiлi. Ауылды сақтап қалу – қазақ халқын сақтап қалу деген сөз. Биыл киелi Маңғыстаудың өңiрiнде жауын-шашын аз болды. Есесiне жаздың аптап ыстығы төрт айға созылды.
10 желтоқсан күнi Кедендiк одаққа мүше мемлекеттердiң басшылары бас қоспақ. Бұл жиында бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысты құжаттарға қол қойылады деп күтiлуде. Беларусь пен Ресей бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құруға жол ашатын құжаттарға қол қою түгiлi, оларды ратификациялауға дайын екенiн әлдеқашан мәлiмдеп қойды. Әрқайсысының өз бақай есебi бар. Мәселен, Беларусь президентi бұл құжаттарды ратификациялаған соң мұнай мен мұнай өнiмдерiне салынатын баж салығы бiрден күшiн жоймақ. Осы көшке iлескен Қазақстанды талай өзгерiс күтiп тұр. Өйткенi кедендiк одақтың құрылғанына бiр жылға жуық уақыт өтсе де, шешiлмеген, түйiнiн таппаған мәселелер баршылық.

Шынында, қазiргi Бозымбаев пен былтырғы Бозымбаевты салыстыра алмайсыз. Ђткен қыстың алғашқы күнi әкiмдiк қызметiне кiрiскен ол бiр жылдың iшiнде қатты өзгердi. Былтыр жаңа әкiмдi таныстыру кезiнде Бозымбаевтың бес-алты қазақша сөздi қағазға қарап оқуынан ел әжептеуiр секемденiп қалған-ды. Сол жолы “Жас Алаш” газетiнде “Бозымбаевтың болашағы – қазақ тiлiнде...” деген мақала жазғанбыз. Артынша облыс әкiмi үлкен бiр жиында “маған алты ай уақыт берiңiздер, алты айдан кейiн қазақ тiлiнде “айтысатын” боламын” деп ағынан жарылды. Дәл қазiр Қанат Бозымбаев қолына домбыра ұстап,

Қ.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҰТУ-ДАҒЫ ДАУ СОЗЫЛМАЛЫ ДЕРТКЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ. АЯҒЫ НЕМЕН ТЫНАРЫ ӘЗIРГЕ БЕЛГIСIЗ
Бiтiспес дау биылғы көктемнен бас­талды. Мамыр айында Қ.Сәтбаев атындағы ҰТУ-дың бес профессоры — Т.Ахметжанов, Н.Әлиев, Е.Нұрмағанбет, Е.Қуандық және К.Оспанов республикалық басылымдардың бiрiне шағымданып, “Профессорлар ректорға қарсы” деген мақала жариялаған-ды. Онда университет ректоры болып Жексенбек Әдiлов тағайындалғалы берi оқу орнында адам түсiнбейтiн жағдайлар болып жатқаны, дипломдардың заңсыз таратылғаны, студенттердiң арасында суицидтiң көбейгенi, жұмыстан заңсыз қуу жиiлегенi айтылған.

Даурығу мен дақпыртты жалау етiп зымырап барамыз. Қайда, неге, қалай кетiп бара жатқанымызды бiр уақ бағдарлап, ойланып, түйсiнiп алу жоқ, талай тiрлiгiмiз жер бауырлап қалған өзiмiздi қызыл тiлмен көкке көтере мадақтап әуремiз. Билiктiң алақанынан көз алмайтын ақпарат атаулының сампылдап сипаттауына сенсең, бүкiл дүниежүзi таңды: «Қазақста-а-ан!» деп тамсанып атырып, күндi: «Қазақстан! Ендiгi үмiтiмiз сенде-е-е!» деп батырып жүр екен. Қайтсiн-ай, өзiнiң ресми деректер көзi: – Бiздiң сыртқы қарызымыз 100 миллиард доллардан асты, – деп қылиланып отырған Қазақстанға қалай «ынтықпасын»?!. Қайт­сiн-ай, Конституциясына:

Көздерi жәудiреп, әр сөзiңдi, әр қимылыңды бағып отырған шәкiрттерiңдi көргенде, 45 минуттық сабақтың ойдағыдай өткенiн қалайсың. Сол үшiн де сабақтан өзге нәрсенi ойламауға тырысасың. Тып-тыныш жүргiң-ақ келедi. Бiрақ мен соңғы кездерi әжемнiң тiлiмен айтатын болсам, арасында “қағынып қалатынды” шығардым.  Қалай қағынбассың? “Жас Алаш” газетiнiң №85 санындағы “Не келiп, не кетпейдi “қауашаққа” деген Жұлдыз Әбдiлданың мақаласын оқыған едiм. Аудан орталығынан 250, облыс орталығынан 500 шақырым қашықтықта жатқан ғаламторы жоқ, оқитын кiтабы аз шағын да бұйығы ауылдың мұғалiмiне Маралтайдың өлеңдерiн тауып оқу қиынның-қиыны.
Тәуелсiз «Дат» газетiнiң өткен бiр санында «Атабаевтың ақиқаты» атты мақала жарияланғаны көзi қарақты оқырмандардың есiнде болар. Бұл мақалада қазақ журналистерiнiң кәсiби деңгейiнiң төмен екенi, қазақ тiлдi материалдардың бiр-бiрiне ұқсас екенi, т.с.с. жайлы айтылыпты. «Мен жылдан астам уақыт болды, – қазақ баспасөзiн оқымаймын, оқығым келмейдi! Себебi, барлығының жазу стилi ұқсас, моральдық деңгейден әрi аса алмайды. Сондықтан болса керек, қазақ журналистерiн жек көрем!» – дептi режиссер Атабаев. Намысқа тиетiн-ақ сөз. Әсiресе, қазақша жазып, нан тауып жүргендер үшiн. (Iшiнде өзiм де бармын). Бiрақ шындық! Мойындауымыз керек!

Бiз Нүкiс қаласынан жуықта ата-бабамыздың туған жерi Семей қаласына қоныс аударып, отбасымызбен көшiп келдiк. Бала-шағамыз көп болғандықтан жеке үй салуға жер телiмiн iздедiк. Газеттердi қарап жүрiп «Ертiс өзенiнiң жағалауынан 15 сотық жер телiмiн сатамын» деген хабарлама бойынша көршiммен бiрге жер телiмiн барып көрдiк. Жер телiмi бiзге ұнағаны соншалық, сату бағасы қымбаттау болса да, сатып алуға келiстiк. Жер телiмi бiр азаматтың атына тiркелгенi жөнiнде құжаттарын көрдiк.

Францияның әлемгi әйгiлi актерi Жерар Депардье Астанаға келiп, “Қазақфильм” түсiрген “Кешiккен махаббат” атты фильмнiң тұсаукесер рәсiмiне қатысты. Бұл киноны көрерменнiң қызыға көретiнiне қазiрден бастап бәс тiге беруге болады. Фильм өте сәттi шыққан. Күлдiре отырып мұңайтатын, мұңайта отырып күлдiретiн бұл фильмнiң ең басты ерекшелiгi – қазақ ауылының өмiрiн айна-қатесiз көрсетуi. Оңтүстiк Қазақстан облысындағы тырс еткен тiрлiгi жоқ кiшiгiрiм ауылдың тұрғыны Гера ағаның рөлiн сомдаған Жерар Депардьенi Францияның актерi деп айтқыңыз келмейдi. Немiс болса да (кинода немiс шалының рөлiнде) қазаққа сiңiсiп, таза қазақ болып кеткен нағыз Шымкенттiң шалы.
Осы мақаланы жазар алдында ойыма Түркияның Авша аралында өзiм куә болған бiр оқиға есiме түстi. Судан жағалауға шығып, дем алып жатқанда, теңiз айлағы жағынан дауыс күшейткiш арқылы түрiкше бiр хабарламаны диктор бiрнеше рет айтты.  Жанымдағы iнiшектен не деп жатқанын сұрадым. Ол “әлдекiм автокөлiгiн жолға қойып кеткен екен, бөгет жасап тұрғандықтан алып кетуiн өтiнедi” дедi. Менi таңғалдырғаны: осы хабарламаны диктордың бәсең дауыспен айтқаны. Ал осы оқиға бiздiң елде болса ше?! МАИ қызметкерi, не басқа да лауазым иесi сыпайы түрде осылай өтiнiш жасайды деуге сену қиын.
Азиада әнұраны белгiлi болды. Құрлықтық бәсекенiң бас әнi болып Ескендiр Хасанғалиевтiң “Азиада Алауы” әнi танылды (сөзi – Өтеген Оралбаевтiкi). Тамыздың 24-iнде дүбiрлi доданың бойтұмары болар әнге байқау жарияланған болатын. Үш айға созылған таңдаудың бiрiншi кезеңiнен кейiн қазылар алқасы үздiк шыққан 10 туындыны iрiктеп алды. Ал жеңiмпазды таңдау құқығы халыққа берiлген едi. Елiмiздегi радиолар арқылы жұртшылық өзiне ұнаған әнге дауыс бердi. Жалпы байқауға 105 шығарма қатысқан. Оның 49-ы – қазақ тiлiнде, 45-i – орыс және 11-i шетел тiлдерiнде болды. Ал бұл шараға 3992 дауыс берушi қатысты.
Жұбан ақын елге көбiне жары Софья апай екеуi келетiн. “Алматыдан келдiм, менi бiлесiңдер ме?” дегендей кейбiр ақындарға ұқсап 40 градус ыстықта тамағын қылғындырып галстук тақпайтын, костюм кимейтiн, қарапайым, көп адамның бiрi сияқты жүретiн. Ел-жұртпен жақын жүрiп сырласатын. Күлкiсiнiң өзi риясыз, таза судың сылдыры сияқты сыңғырлап тұратын. Жұбан ақын жұртқа аңқылдаған мiнезiмен ұнайтын. Елге келген соң құрмет-қошемет көрсетедi ғой. Ат мiнгiзiп, шапан жабатын. Бiрақ, Жұбан ақын атын да, шапанын да қасындағы достарына, ауылдастарына үлестi­рiп беретiн.
Жұлдыздар тағдыры
Ол өмiрде бай едi, ал киноларда, керiсiнше, кедейдiң рөлiн ойнады. Экранда – махаббатта жолы болғыш, бақытты едi, ал өмiрде... шын махаббатын кездестiре алмады. Әйгiлi Болливудты, яғни Үндi киносының империясын қалаған Радж Капур осындай тағдыр иесi едi. Оның “Қаңғыбас”, “Господин 420”, “Менiң атым Клоун”, “Бобби” фильмдерi әлi күнге дейiн миллиондаған көрерменнiң есiнде. Радж Капурдың әкесi Притхвирадж Капур да кинорежиссер, театр және кино актерi болатын. Өзiнiң жеке театры да болды. Оның үш ұлы бар едi. Үлкенi Радж – 1924 жылдың 14 желтоқсанында туған.
...Мен бiреуге шағынайын деп отырған жоқпын. Құ­дайға шүкiр, қыздарым күйеу­ге шығып, немере сүйiп отырған жайым бар.1996 жылы күйеуiммен ажырасқан адаммын. Он бес жыл бiрге тұрып ажырасу... мен үшiн өте қиын болды. Қызымның үлкенi 13 жаста, екiншiсi 11-де болатын. Күйеуiмнiң маскүнемдiгiне шыдап бақтым. Медицина бойынша да, қазақы ем-доммен де емдеттiм. Болмады. Ата-енем жылап, аяғына жығылды. Болмады. Жұмыста жүрген кезiмде үйге белгiсiз адамдарды ертiп келетiн бол­ған соң, қыздарыма зияны тиiп кете ме деген қорқыныштан ажырасуыма тура келдi. Ата-енем, бауырлары оның осылай азғындап кеткенiн менен көрдi.

...Эстонияның Нерва қаласының бес-ақ пайызы – эстондар екен. Сол қалада орысша оқытатын университеттер мен мектептер жабылған. Тек эстон тiлiнде ғана оқытады. Ал ұлт болашағын ойлаған Франция осыдан 12 жыл бұрын компьютер бағдарламаларын ағылшын тiлiнде жүргiзуге тыйым салған. Сөйтiп, ағылшын тiлiнен енген 3500-ден астам терминдi қолда­ныс­тан бiржолата шығарып тастаған. Еврейлер болса, бұ­дан 1000 жыл бұрын өлiп қалған тiлiн Израильде тұратын барлық халыққа үйреттi. Украинада украин тiлiн бiлмейтiн шенеунiк­тер жоқ болса, түрлi этностар өмiр сүрiп жатқан Түркия тек түрiкше сөйлейдi...

Алматыдан автобуспен келе жатырмыз. Менiң жанымдағы орындарға бiр топ жiгiт отырды. Өздерiнiң әскерден келе жатқандарын мақтан етiп, дабырлай сөйлеп, ыржалақтайды келiп, құдды бiр соғыстан оралғандай! Әскерде қалай қиналғандарын, қалай таяқ жегендерiн, тiптi қалай еден жуғандарын да беттерi бүлк етпей қауым елге жария ғып айтып отыр. Олар мына түрлерiмен   Отан алдындағы борышын қалай өтеп жүр? “Iштен шыққан жау жаман” деген, жiгiттердiң жаудың қолына түсiп қалмағаны қандай жақсы болған, әйтпесе... Сатып кетер едi.

Ауылдағы казақтың азығы мал ғой. Сол малды өсiрiп-бағудың өзi қиынға соғып тұр қазiргi заманда. Күз, қыс мезгiлi бастал­ғанда ұрылардың да қарасы көбейiп кетедi. Ұрланған мал ұрланды деп қол қусырып отырмайсың, әрине. Арыз-шағымыңды көтерiп аудандық iшкi iстер бөлiмiне барасың. Олар бiрiне-бiрi сiлтеп, дұрыс қарамайды. Мiне, бiр жылға жуықтап қалды сол аудандық IIБ-ның табалдырығын тоздырғаныма. Аудандық IIБ-нiң бастығы зейнеткерлiк демалысқа шығып кетiптi. Орнына орынбасары уақытша отырса керек, қазақтың баласы, жас шамасы 30-дан асқан.

Жамбыл облыстық қаржы полициясы басқармасының бастығы Қ.Бижановтың назарына!
Мен қазiр еңбек демалысындағы адаммын. Пайғамбар жасына жеткенде ауыл жұртты дүрлiктiрiп, арызқой атанбай-ақ қояйыншы десем де, әдiлетсiз тiрлiктердi көрiп, жаным шыдап тұра алмады. Ең алдымен осы жайттарды “Нұр Отан” партиясына жазған болатынмын. Бiрақ партияның ауданнан келген екi өкiлi З.Сабыров пен С.Рысбаев менiмен сөйлеспестен, шаруашылық кеңсесiнен керi қайтты. Оларға өзiм барып “жазған дүниелерге көздерiңiз­дi жеткiзейiн, дәлелдейiн” деп едiм, “бiз құжаттарға қараймыз” деп

Ұлттық банктiң деректерiне сүйенсек, банк секторындағы артық өтiмдiлiк 12 миллиард доллардан асқан. Бұл соманы екiншi деңгейлi банктер Ұлттық банктiң ноталарына салғанша, нақты секторды несиелендiруге бағыттауы жөн едi дегендей пiкiрлердi Ұлттық банктiң төрағасы әр баспасөз мәжi­лiсiн­де сөз етедi. Иә, қазiргi таңда банктердiң депозиттiк базасы айтарлықтай өскенiмен, несиелеу қысқарды. Мұның өзiндiк объективтi себептерi де жоқ емес. Экономикалық тұрақсыздық кезiнде халық шығындарын қысқартып, ақшасын салым түрiнде сақтайды емес пе.