1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №99 (15557) 14 желтоқсан, сейсенбі 2010

Өткен аптада ҚР Қорғаныс министрi Ә.Жақсыбеков өзiнiң ресейлiк әрiптесiмен Мәскеуде кездестi. «Кезектi жолығудың бiрi» ретiнде бұл оқиғаға аса мән бермеуге де болар едi, әрине. Бiрақ, бұл кездесудiң аяғында министрлер ел-жұртты алаңдат­қан мәлiмдеме жасады. «Бiз Ресей мен Қазақстанның аймақтық бiрегей әуе қорғаныс жүйесiн құруға келiстiк. Бұл бұған дейiн Ресей мен Беларусь құрған әуе қорғаныс жүйесiне ұқсас болады», – деп мәлiмдедi әскери шендiлер. Осы «келiсiмге» сәйкес, Ресей Қазақстанға С-300 зымыран – зенит жүйесiнiң 10 данасын тегiн бермек. Сонымен қатар, Ресей қорғаныс министрi Сердюков «2011 жылы әскери саладағы байланыс бұрынғыдан да нығайтыла түседi» деген үмiтiн жеткiздi.

Жалпы, кез келген қуаныш, салтанат, ұлттық мереке ол сол үйдiң, отбасының, елдiң тағдыр-танымымен байланысып жатуы керек. Дәстүр дегенiмiз – өткен жақсылықтарды еске алу. Сол жақсылықты мәңгiлiк жүрекке ұялату. Ежелден қалыптасып келе жатқан Наурыз – бiз үшiн дәстүрлi той. Оның да өзiндiк философиясы, дамуы, тағдыры бар. Бiз сонымен жаңа өмiрдiң, жаңа түлеудiң есiгiн ашамыз. 22 наурызда жерден тоң кетедi. Жыланға да жан бiтедi. Шөптiң тамыры қайтадан көктеуге бет алады. Яғни, жаңа тiршiлiктiң басы. Парсыдан аударғанда “жаңа күн”.

Тәуелсiздiк ұзақ уа­қыт­қа созылған дауылды ке­зеңнiң соңғы нүктесi болды. Мiне, сондықтан оның салмағы өлшеусiз. Ұлттық рух пен ұлттық намыс қазанында қайнаған жастарымыз өз өмiрiн ел еркiндiгiне «айырбастады». Ал бiз осы ерлiк­тiң бағасын жете түсi­нiп жүрмiз бе? Мерекенiң «сұл­та­нына» айналған Жаңа жылды қарсы алудың дайындығымен жүгiрiп жүрiп, тәуелсiздiк күнi босағамызды аттап, есiгiмiздi «қағып» тұрғанда ғана есiмiздi жинаймыз. Бұл мерекенi атап өтуде жиналыс, жиын, кон­церт­тiк шаралар аясында шектелiп қаламыз. Бүгiнгi жастарымыздың тәрбие­сiндегi олқылықтарды түзетуде тәуелсiздiктiң құнын оларға түсiндiру ең тиiмдi жолдың бiрi деуге болады.

Кезiнде күллi әлемдi дүр сiлкiндiрген Желтоқсан көтерiлiсi қазақ жастарының асқақ рухын шырқау биiкке көтергенi мәлiм. Кавказдағы қарбаластар, Балтық бойы елдерiндегi дүрбелеңдер Алматының «мұзда жанған алауынан» – Желтоқсан көтерiлi­сiнен бастау алды. Шынтуайтына келгенде, бұл күнде дербес шаңырақ көтерiп отырған қаншама мемлекеттер азаттық таңының атуына жол аш­қан Желтоқсан көтерiлiсiне белгiлi деңгейде қарыздар. Солай бола тұра қоғамымызда бұл күндi назардан тыс қалдыру мәселесi айқын сезiледi. Мерекелi күндер мәртебесiнен сырт қалған 17 желтоқсан Тәуелсiздiк күнi тасасында тағы да ұмыт қалатындай.
ПРЕЗИДЕНТТЕРДIҢ БIРЫҢҒАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢIСТIК ҚҰРУҒА ҚҰЛШЫНЫСЫНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР?
Сонымен, бiрыңғай кедендiк одақтың нормативтiк-құқықтық базасын құру толық аяқталды. Өткен аптада кедендiк одаққа мүше мемлекеттердiң басшылары бiрыңғай экономикалық кеңiстiктiң тағдырына нүкте қойды. Мәскеуде өткен кедендiк одақтың жоғарғы органы – ЕурАзЭҚ отырысында бiрыңғай экономикалық кеңiстiктiң соңғы үш келiсiмiне қол қойылды. Сөйтiп, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел интеграцияның келесi кезеңi – бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке өтпек.
Азаматтар мен үкiметтiк емес ұйымдардың атынан ҚР‑ның бас прокуроры Қайрат Мәмиге үндеу
Швейцария Конфедерациясының бас прокуратурасы ҚР азаматы және президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев пен оның әрiптесi Арвинд Тикудың үстiнен қылмыстық iс қозғады. Алдын ала мәлiмет бойынша, олар­ға ақша жымқырған деген айып тағылып отыр. Ал бұл қылмыстардың өзi негiзiнен Қазақстан аумағында жасалғанына күмән келтiрмеймiз. Мұндай айыптаулар президент күйеубаласынының атына бұған дейiн де айтыл­ғаны мәлiм. Бiрақ экономикалық қылмыс­қа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi селт етпедi.

Желтоқсанның 11-де Ресейдiң Тверь облысы Ржев қаласында қазақстандық 100-шi және 101-шi атқыштар дивизиясының құрбан болған жауынгерлерiне арналған мемориалды кешен ашылды. Қазақ пен орыс саясатының саяси жақындасуының тағы бiр көзiр картасына айналған әрi “Нұр Отан” мен “Единая Россияның” қосыла тұздықтауымен   саяси астарға ие болған осы популистiк рәсiмге бiр жағынан сескене қарайсың. 2 миллион кеңес жауынгерiнiң көмусiз жатқан денелерiн сықырлата басып тұрып, орыс пен қазақтың бүгiнгi тойып секiрген “теңдессiз” қос партиясы несiне саяси ұпай жинады деген ой келдi.

Маңғыстаудың биылғы тiршiлiгi арнасынан асып-төгiлген асау теңiздей тыныш таппай тулап өттi. Ақ қарды көп жағдайда телеарнадан ғана көрiп қалатын бұл аймақтың халқы жылдың басында белуардан қалың қарға малынып, Арқаның боранын он орап алатын ақ шұнақ аяздың астында қалды. Көктем­нiң келуiнен кетуi тез болды. Ал жазда күндiздi айтпағанда, түннiң өзiнде құмға жұмыртқа пiсiрткен аптап ыстық тапжылмай тұрып алды. Қазiр желтоқсанның ортасы келсе де, әзiрге анау айт­қандай қыстан хабар бiлiнбейдi. Табиғаты қатал, күн райы аумалы-төкпелi бұл өңiрдiң саяси, әлеуметтiк, мәдени тiрлiгi де Каспийдiң толқынындай тыныш жатпады.

Жетпiс жылдан астам тарихы бар Жамбыл облыстық драма театрының жабық тұрғанын осы шаңырақта өтуi тиiс үлкен бiр жиналыс кезiнде байқадық. Жиналған жұрт жиналыс мiне-мiне басталады деген уақытқа дейiн театрдың үлкен залына кiре алмай, дәлiзiнде ошарылып тұрды. Үлкен залға кiретiн есiктерге көлденеңiнен ақ қағаздар жапсырылып, мөр басылып тасталған. Тағы бұл iс-шараға Жамбыл облысының әкiмi Қанат Бозымбаев қатысатын болғандықтан ұйымдастырушылардың жандары мұрындарының ұшына тақалып, жан-жаққа шапқылап, әйтеуiр жиналыс басталуға небәрi 10-15 минут қалғанда

Шекспирдiң Шотландия тағы маңында өрбитiн “Макбет” трагедиясы есiңiзде ғой, барар жер , басар тауы қалмай   сарайға тығыл­ған Макбет патшаға қара аспанды қапылтып жеткен қара жаушы “Ойбай, алдияр, сарайға қарай самсаған қалың қол емес Бирнамның ит тұмсығы батпайтын қара орманына жан бiтiп, теңселе қоз­ғалып, үстiмiзге бастырып келедi, ендi қайттiк?” деп байбалам сала жылайтын емес пе едi? Олай дейтiн себебi Мәлкөлiм (Мальколм) ханзада Макбеттi тақтан тайдыру үшiн Англиядан күш жинап, шерулi қолымен Шотландияға қарай қозғалғанда әскерiнiң санын әдеттегiден көбiрек қып көрсеткiсi кеп “әрбiр сарбаз ағаштың бiр бұтағын кесiп алып маңдай алдына ұстап жүрсiн” деп бұйрық берген. “Қорыққанға қос көрiнедi”, нәтижеде әскер емес, орман көшiп келе жатқандай әсер еткен.
Ұят-ай! Бiлдей бiр
Министрiмiз қамалып жатыр.
Сол баяғы “iшiп қойды” мен
“Жеп қойды“ дейтiн айыптаулар
Жамалған үстiне жамалып жатыр.
Иманжүздi адам едi,
Қазақша таза сөйлейтiн,
Ендi айыпкер саналып жатыр.
Өзiмдi-өзiм қытықтайын деп емес, құттықтайын деген оймен ойым он саққа жүгiрiп, қиялым қиярдай туралып, жүрегiм қарбыздай жарыла жаздап, компьютер орталығына бардым да, өзiме арнап құттықтау сөздер жазғызып алдым. Орталық пошта арқылы өз мекен-жайыма салып жiберiп, ал күтейiн. Қазiргi жастарға рахат, ұялы телефонымен СМС дегендей, бiр-бiрiне боратып жазып жатады. Баяғыда қыздарға хат жазып, жарты ай күтiп үйренген байғұс басым, үш күннен кейiн дарбазамның сыртындағы пошта жәшiгiмдi қарасам, хат келiп тұр! Ойпырмай, маған да хат келедi екен-ау!
Иә, шынында да, бiз кiм үшiн өмiр сүрiп жүрмiз? Әйтеуiр, өзiмiз үшiн емес. Сонда кiм үшiн?..Әңгiмемiздi басынан бас­тайықшы. Колбиннiң тұсында... Дәлiрек айтсақ, Қонаевтың орнына Колбин келiп, Қазақстан Жазушылар одағында жазушылармен кездескен кезде Жұбағаң, бiз­дiң қадiрлi жазушымыз Жұбан Молдағалиев қасқа­йып тұрып былай деген едi:
– ...Ендi сiзге өткен жы­лы өз көзiммен көрген бiр жайтты айтайын. Торғай облысына барып, қатар жатқан екi ауылды көрiп, ерiксiз жағамды ұстадым. Әлгi екi ауылдың арасы – бар бол­ғаны 10-ақ шақырым. Мұ­ның бiрiнде украиндықтар, яғни тың игеруге келiп, осында
Қанат ИСЛАМ, бокстан Бейжiң Олимпиадасының қола жүлдегерi:
Бокстан 2008 жылғы Бейжiң Олимпиадасының қола жүлдегерi Қанат Ислам атамекенiне оралды. 1984 жылы Қытайдың Алтай аймағы, Қаба ауданында дүниеге келген қандасымыз осы уақытқа дейiн Қытай елiнiң атынан сынға түсiп келген. Қытай құрама командасының сапында екi бiрдей Олимпиадаға қатысқан боксшының болашақта Алаш жұртының атынан 2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысатын ойы бар екен. Жақында Қанат бауырымызды Алматының жаттығу залдарының бiрiнен кездестiрдiк. Елiмiзге белгiлi бапкер Тұрсынғали Едiловтiң көмегiмен жеке жаттығу өтiзiп жатқан қандасымызды жаттығудан соң, әңгiмеге тарттық.
Өткен аптада Семейде грек-рим күресiнен Қазақстан кубогы сарапқа салынды. Бұл жарыс Қазақстанға еңбегi сiңген бапкер Болат Тұрлыхановтың атымен аталады. Екi күнге созылған елiшiлiк жарысқа елiмiздiң он төрт облысы мен Астана және Алматы қалаларынан екi жүзге жуық палуандар келдi. Бiр айта кетерлiгi, бұл сынға Гуанчжоуда өткен Азия ойындарына барған палуандар қатыспады. Ең жеңiл яғни 55 келi салмақта белдескен палуандардың арасынан жастар арасындағы әлем чемпионы, оралдық Артур Үмбетқалиев озып шықты. 60 келiде шығысқазақстандық Бекжан Жарболовтың мерейi үстем болды.

Ертең футболдан Еуропа лигасының топтық бәсекелерiнiң соңғы туры өтедi. 5-турдың қорытындысы бойынша 1/16 финалына әзiрге он сегiз команда жолдама алды. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасының топтық ойындарында үшiншi орын алған сегiз команда да Еуропа лигасының 1/8 финалдық жолдамасын сарапқа салады.

А тобы
“Твенте” (Голландия) – “Тоттенхэм” (Англия) – 3:3;
“Вердер” (Германия) – “Интер” (Италия) – 3:0;
В тобы
“Бенфика” (Португалия) – “Шальке-04” (Германия) – 1:2;
 “Лион” (Франция) – “Хапоэль” (Изариль) – 2:2;