1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №100 (15558) 16 желтоқсан, бейсенбі 2010
Жан-Ордамның ашып тастап түндiгiн,
Желпiнетiн, серпiлетiн күн бүгiн.
Желтоқсаным – жасымаған жiгерiм,
Желтоқсаным – шырылдаған шындығым!
Шырылдаған шындық iздеп қызың мен
ұлдарыңды өшiрмегiн тiзiмнен!
Желтоқсаным – менiң Қазақ – төзiмiм,
Талай ғасыр шыдап келiп... үзiлген!
Коммунистердiң серкесi Серiк­болсын Әбдiлдин биыл көктемде партияның тiзгiнiн Ғазиз Алдамжаровқа ұстатқанда саяси жауырыншылардың төбесiне жамбы лақтыр­ғандай болды. «Саясаттағы көкжал едi, азуы мұқалды» дедi бiреулерi. «Мешел қоғамды сүйрелеу оңай ма, ерқашты болды әбден» дестi тағы бiр топ. «Әбдiлдиннен де, коммунистерден де қазаққа еш пайда жоқ, оның саясаттан кеткенi дұрыс болды» дейтiндер де табылды.. Әбдiлдиннiң өзi мұны былай деп түсiн­дiрдi: «Өзiмнiң бұл кетiсiммен қанағатшылдық деген сезiмнiң болатынын көрсеткiм келдi. Бiр орында өмiрбақи тапжылмай отырып алуға болмайды». Партия басшылығынан кетсе де, Серiк­болсын Әбдiлдин саясаттан кеткен жоқ. Уақыты да тапшы. Оның негiзгi жұмысы — Аграрлық университеттiң профессорлығы. Мұны бiр деп қойыңыз.
Бiрер күн бұрын қолымызға бiр маңызды құжат түстi. Бұл құжат — 1986 жылғы желтоқсан көтерiлiсiне қатысқан азаматтар мен қоғам қайраткерлерi қол қойып, президент Н.Назар­баев­қа, премьер-министр К.Мәсiмовке, бас прокурор Қ.Мәмиге және ЕҚЫҰ төрағасы Қ.Саудабаевқа жолданған ашық хат және желтоқсан көтерiлiсiне қатысушы Әркен Уақтың 1994 жылы Алматы қаласының Алатау аудандық халық сотына жазған арызы...  Ашық хатта былай де­лiн­ген: “Тарихымыздың ақтаңдақ беттерi болып табылатын Желтоқсан көте­рiлiсiн 20 жыл өткiзiп барып кешiрек мойындасақ та, шындықты айту — ұрпақ алдындағы парызымыз.

“Әлемдегi ең үлкен ға­рыш айлағы Қазақстанда тұр. Ең бiрiншi ғарышкер де Қа­зақстаннан ұшқан. Ал ойланып қарасақ, осы iске қазақтың қаншалықты қатысы бар? Қазақтың бар бiтiретiнi – келген-кеткенге шапан жабу, шығарып салу, қарсы алу. Қазақтан шыққан екi ғарышкер бар, ал Ресейде жүздеп саналады. Бiрақ ең қызығы сол ғарышкерлер қазiр не iстеп жүр? Бiрi ғарыш саласында жұмыс iстеп жүргенi­мен, екiншiсi далада жылқы бағып жүр. Неге оны далаға тастадық? Тастайтын болсақ, оны ұшырып несiне әуре болдық? Бәрiн солай далаға лақтыра берсек, оларды несi­не дайындап жатырмыз?”

Кешегi оқиға бүгiнгi тарих екенi ықылым заманнан белгiлi. 1986 жылғы желтоқсанда бол­ған жағдай тарих қойнауына желтоқсан оқиғасы, кейiннен желтоқсан көтерiлiсi ретiнде ендi. Оған да он төрт жыл тола­йын деп отыр. Кеңес Одағының шекпенiнен шыққан тарихшылар бұл Ұлт- азаттық қозғалысты жай ғана “желтоқсан оқиға­сы” деген атпен қалдыруды ойлады. Алайда ұлт жанды азаматтардың талап етуiнiң арқасында ол көтерiлiс деген атты иелендi. Ал ендi тарихқа үңiлiп қарасақ, кез келген көтерiлiстiң қозғаушы күшi мен оның жетекшi­лерi яғни басшылары бар. Мәселен Сырым, Исатай, Махамбет, Жанқожа, Аманкел­дi, Ұзақ жә­не Жәмеңке батырлар қазақ халқының

Тәуелсiздiк! Бүгiнде екi адамның бiрiнiң аузында жүрген осы бiр сөздiң кей-кейде қадiрiн кетiрiп аламыз ба деп қорқасың. Тiптi ауылдағы шала сауатты әкiмдердiң өзi: «Тәуелсiз ел болдық қой, ендi не керек саған?» деп жатады кейде әркiмдерге. (Дәл бiр өзi алып берген секiлдi). Оның қазаққа қаншалықты керектiгiн, не үшiн керектiгiн парықтамайтын талайлардың топты жұрттың алдына шығып алып, тағалы жорғаша көсiлгенiн көргенде, осы шiркiннiң сол тәуелсiздiк туралы түсiнiгi қандай екен деп ойға қаласыз. «Пәленше деген батыр бабамыз ел тәулсiздiгi үшiн опат болған», «пәленше деген көкемiз обкомның хатшысы боп жүргенде тәуелсiздiк үшiн былай деген»

Қасiреттi де киелi Желтоқсан көтерiлiсiнiң жарық жұлдызы, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтiң есiмi Алты Алашқа, қала бердi төрткүл әлемге мәлiм. Артында қалған халқы өр-намысты аяулы ұлын аялап, құрметтеп келедi. 1990 жылдардың басынан бастап-ақ Шымкент, Жетiсай, Кентау, Зайсан, Семей, Алматы қалалары мен тағы да басқа елдiме­кендерде жас боздақтың рухын қастерлеп, жастарымызды ұлт­жандылыққа тәрбиелеу мақсаттында көптеген игi iстер ат­қарылуда. Қайраттың кiндiк қаны тамған Бiрлiк ауылы мен Мойынқұм ауылында және Зайсан, Шымкент, Алматы, Тараз, Семей қалаларында оған ескерткiш пен тақта-тас орнатылып, өзi түлеп ұшқан Киров атындағы орта мектеп пен Семей қаласындағы бiр мектепке оның есiмi берiлдi.

БIЗ КҮҢНЕН ДЕ, ҚҰЛДАН ДА ТУҒАН ЖОҚПЫЗ
Жақында Ауған соғысының ардагерi Бақытбек Смағұлдың “Қаһарман” атты кiтабын оқып шықтым. Бұл кiтап халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы туралы екен. Ендi осы кiтаптан бiр ұзағырақ үзiндi келтiрейiншi: “Баукеңнiң жоғарыдағы “Бiз қазақпыз!” дегенiнен келiп шығады, халқымыздың екiншi бiр батыр перзентi, көрнектi ақын Жұбан Молда­ғалиевтiң “Мен қазақпын!” деген поэмасы бар екенi де белгiлi. “Мен қазақпын, мың өлiп, мың тiрiлген!” деп басталатын бұл поэманың кейбiр шумақтарын өзiм де жатқа айтамын. Осы поэма туралы Бауыржан Момышұлы Жұбан Молдаға­лиевке бiр сын-ескертпе айтады.
ОНЫҢ “ЛЕНИНШIЛ ЖАСТА” (“ЖАС АЛАШ”) ЖАРЫҚ КӨРУIНIҢ ТАРИХЫ
1981 жыл. Қараша айы. “Лениншiл жас” газетiнде жұмыс iстеп жүрген кезiм едi. Қабылдау бөлмесiндегi қыз редактор Сейдахмет Бердiқұлов ағамыздың шақырып жатқанын айтты. Бастықтың бөлмесiне келiп кiрге­нiмде ол кiсi алдындағы әлдебiр қа­ғазға қарап ойланып отыр екен. Аман-саулық сұрас­қаннан кейiн: “Мынау Мұқаң, Мұқағали Мақатаевтың “Райымбек, Райымбек!” деп аталатын тың туындысы”, – дедi жөткiрiнiп қойып. Мына сөздi естiгенде таңғалып, жүрегiм атқақтап қоя бердi. – Ол кiсi шынымен сондай шығарма жазып қалдырып па? – дедiм
Еңзор iзгi ерлiктердi Отанға деген сүйiспеншiлiк туғызған. Ж.Ж.Руссо.
Биыл – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына 24 жыл. Белгiлi ақын, қоғам қайрат­керi Мұхтар Шахановтың айтуынша, Желтоқсан – қа­зақ жастарының кө­те­рiлiсi. Сондықтан бұл оқиғаға ерекше мәртебе берiлуi керек деп есептейдi халық жазушысы. Желтоқсан оқиғасын кезiн­де жоғарыға, яғни Мәскеуге бұрмалап, “тонын аударып” көрсеткен – сол кездегi жергi­лiктi билiк. Олар “Нашақорлар мен маскүнем­дердiң, болмаса ұлтшылдардың iс-әрекеттерi” – деп, жастарды негiзсiз қаралап, тiптi арандатуға дейiн барды.
Бiр тақырыпқа екi хат
1996 жылы балаларымның әкесi “Алматыда сауда жасаймын, балаларыма киiм, тамақ әке­лемiн” деп, сол кеткеннен оралмады. Ал мен ауылда екеумiздiң 6 айлық ұл мен қызымды бағып, күйеуiмдi зарыға күтiп жаттым. Күн­дер­дiң күнiнде оның басқа әйелмен тұрып жатқанын естiдiм. Төзiмiм таусылған соң, Ақсуат аудандық сотының төрағасы Е.Әдiлбековке шағымдандым. 1998 жылдың 10 маусымында Е.Әдiлбеков күйеуiм Б.Мұқановқа балаларына алимент өндiруге қаулы шығарды. Бiрақ Мұқанов екi баласына алимент тө­легiсi келмей, қашумен болды. Оған iздеу де жа­рия­­ланды. Заң орындары жұ­мыс­тарына салғырт қа­рап, Мұқановты iздемедi.
Ұлым, сенiң өмiрге шыр етiп келген күннен бергi өмiрiң көз алдымда. Туған соң қатты ауырып, түн баласы ұйықтамай, сенiң тiлеуiңдi тiлегенiмдi қалай ұмытайын. Аяғыңды тәй-тәй басқаның... Балабақшаға барғаның... Кiшкентай кезiнде домбыраны қолға алып ән айта бастаған кезiң... Мектеп қабырғасында спортпен айналысқаның... Жеңiспен оралатының... бәз-баяғыдай есiмнен кетер емес. Ержетiп қалған шағыңда анаңның бiр жағына шығып, үй шаруасын тыңдырып тастайтының, көңi­лi­ме кiрбiң түсiрмеуге тырысатының бас­қа балалардан сенi өзгеше­лен­дiрiп тұратын. Жоғары оқу орнына түсiп бiздi қуантқаныңды қалай ұмытайын.
БIР КҮНДЕ 99 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Ел аузында “Қазақстанның Швейцариясы” деген пiкiр қалыптастырған, тау баурайындағы Төле би ауданында соңғы кезде талайларды тамсандыр­ған, талайларға ән салдырған көркем табиғатқа таңдай қаққан шетелдiк инвесторлар ауқымды жобаларды қаржыландыруға қызығушылық танытып, келешекте ауданға кiрiс әкелетiн ең негiзгi саланың бiрi есептелiп отырған туризмнiң түтiнi түзу шыға бастады. Тек қалталы шетелдiктер жергiлiктi тұрғындарға шекеден қарап, шектен шығып жүрмеуiне, Алла Тағала несiбе етiп сыйлаған сұлу табиғаттан түсетiн табыс өзгелердi жарылқап қана қойма ең алдымен елдiң игiлiгiне жаратылуына қатаң
Қостанайдың “Тобыл” футбол клубы келесi жылдың қаңтар айында Санкт-Петерборда өтетiн Достас­тық кубогына қатысады. Сейсенбi күнi Ресей футбол одағының штаб-пәтерiнде дәстүрлi турнирдiң жеребесi тартылды.Посткеңестiк елдердiң чемпиондары арасында өтетiн жарысқа Қостанайдың “Тобылы” биыл тұңғыш рет қатысқалы отыр. Ел чемпиондары Өзбекстанның “Бунедкор”, Латвияның “Сконто” және Арменияның “Мика” клубтарымен бiрге   В тобына түстi. Латвияның iшкi бiрiншiлiгiнде қатарынан он төрт жыл бас бәйгенi бермеген “Сконто” араға бес жыл салып, Достастық кубогына қайта оралды. Соңғы рет 2005 жылы бақ сынаған “Сконтоның” Достастық кубогында талай рет жолы болмады
“Жас Алаштың” жасы 90-ға таяп қалды. Осы жылдар iшiнде ол Әйтекедей әдiлдiгi­нен, Қазыбектей қайсарлығынан, Төледей тереңдi­гiнен титтей де төмендеп көрген емес. Алғашқы соқпағын салған Ғани, Iлияс секiлдi Алаш арыстарының аманатын адал атқарып келедi. Мен үшiн барлық газет бiр төбе де, “Жас Алаш” бiр төбе. “Жас Алаштың” алты бетi – қазынаға толы. Шындыққа шомылғыңыз келе ме, “Жас Алашты” оқыңыз. Билiктiң бетiмен кеткен берекесiз тiрлiктерiн бақайшағына дейiн бұтақтап, бетпердесiн сыпырып-ақ тастайды.
Өткен аптаның соңында “Астананың арландары” клубы Дүниежүзiлiк бокс сериясының кестесi бо­йынша Қытайдың “Beijing Dragons” командасының боксшыларымен кездесiп, 4:1 есебiмен жеңiске жеттi. Осыдан бiраз күн бұрын Алматыда Әзiрбайжанның “Baku Fires” боксшыларынан 1:4 есебiмен күйрей жеңiлген елiмiздiң былғары қолғап шеберлерi Баку боксшыларына жiберген есенi “айдаһарлардан” алды. “Астана арландары” клубының бас бапкерi Бейбiт Есжанов “Beijing Dragons” командасымен болған жекпе-жекте команда мүшелерiнiң құрамына толықтай өзгерiс енгiздi.

Талдықорғанда еркiн күрестен және әйелдер күресiнен ел кубогы сарапқа салынды. Осыдан бiрнеше күн бұрын Семейде грек-рим күресiнен Қазақстан кубогының иесiн анықтаған палуандар осылайша, биылғы жылды қорытындылады. Жетiсу жерiнде өткен кубоктық са­йысқа елiмiздiң он төрт облысы мен Астана және Алматы қалаларынан палуандар келдi. Жақында Гуанжчоуда өткен Азия ойындарына қатыс­қан палуандар Қазақстан кубогына қатысқан жоқ. Еркiн күрес­тен жалпыкомандалық есепте 3 алтын, 1 күмiс, 1 қола медальға ие бол­ған Астана қаласының палуандары бiрiншi орынды жеңiп алды.