1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15559) 21 желтоқсан, сейсенбі 2010

Күнiнде әр ұлтта суырып салмалық өнер болғанымен, бүгiнде қырғыздарда там-тұм талшығы қалған, қазақта ғана тұтас болмысы сақталған ақсүйек өнер – айтысқа екi-үш жылдай ауыздық салынып, билiк тарапынан бiраз қысымдар жасалып келгенi баршаға аян. Оған себеп орақ тiстi, от тiлдi ақындардың айтыс үстiнде “абайламай” сөйлеп қоятыны, “Нұротанның” бақшасында “бұлбұл” болғаннан халықтың даладай дархан көңiлiнде дүлдүл болуы үшiн ар алдында ақиқатты айтып жазықты болуы. Бүгiнгi саясат сахнасында “жағымпаздар жарысы” деген спектакль болып жатса, айтыскерлер соның iшiндегi “жағымсыз кейiпкер­лер” болып шыға келдi.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТНҰРСҰЛТАН ӘБIШҰЛЫ НАЗАРБАЕВҚА АШЫҚ ХАТ
Аса құрметтi, Нұрсұлтан Әбiш­ұлы! Мен қарапайым жеке кәсiп­кермiн. Жаңаөзен қаласында тұрамын. Елiмiздiң экономикасының өсуiне өз үлесiмдi қосып келемiн. Сiз өз жолдауларыңызда мемлекеттiк құзырлы органдарға «жеке кәсiпкерлерге кедергi жасамауды, олардың кәсiпкерлiгiн еркiн дамытуға үнемi көмектесу керек» деп, тапсырма берiп келесiз. Өкiнiшке орай, сiздiң тапсырмаңызды Жаңаөзен қаласының құқық қорғаушылары (қаржы, жол полициясы) құлақтарына iлер емес. Жеке кәсiпкерлердiң құқы­ғын қорғамақ түгiлi, дүние-мүлкiмдi ашық түрде тонап, өзiмдi осымен екiншi рет соққыға жығып, ауруханаға түсiрдi.
АЛ ОППОЗИЦИЯ ӨКIЛДЕРI ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Желтоқсанның 19-ы күнi өткен Беларусьтегi президент сайлауында Александр Лукашенко жеңiске жеттi. Беларусь орталық сайлау комиссиясы А.Лукашенкоға сайлаушылардың 79,67 пайызы дауыс бергенiн мәлiмдедi. Осылайша “Еуропаның соңғы диктаторы” төртiншi президенттiк мерзiмге қалатын болды. Президенттiк сайлауға Беларусь сайлаушыларының 90 пайызы қатыс­қан. Алайда А.Лукашенконың 80 пайызға жуық дауыс жинағанына қарамастан, оның қар­сылас­тары сайлау әдiл өтпедi деп есептейдi. Орталық сайлау комиссиясының деректерi бойынша
НЕМЕСЕ ЕЛДI ЕМIН-ЕРКIН БҮЛДIРIП ЖАТҚАН ДIНИ СЕКТАЛАРМЕН КҮРЕС ЖАЙЫ ТУРАЛЫ
17 желтоқсан күнi Қазақстан мұсылмандары Дiни басқарманың «жаңа» басшысын «сайлады». Дәлiрек айтсақ, Әбсаттар қажы Дербiсәлi қайта тағайындалды. Қазақстан мұсылмандарының 4-құрылтайы басталмай жатып-ақ дiндарлар «Дербiсәлi президенттiң «батасын» алды, оның қайта сайланатыны сөзсiз» деген әңгiме айтып жүрдi. Ең қызығы, бұл құрылтай жасырын түрде өттi. Қазақстан дiни ортасы үшiн маңызды оқиға жайында күнi бұрын ақпарат та, мәлiмет те тарамады. Ал жиынның өзiне тәуелсiз журналистер, сарапшылар мен қарапайым мұсылмандар қатыстырылмады.

Оқ өткiзбейтiн болат сауыт жасауға пайдаланылатын металл өндiретiн кенiштер жау қолында қалып, ел басына қиын-қыстау күн туған күрделi кезеңде – 1942 жылы 38 күнде марганец кенiшiн қатарға қосқан жездiлiктер тәуелсiздiкке қолымыз жеткенде тағдыр тәлкегiне ұшырады. 1944 жылы “Жұмысшы қалашығы” мәртебесiн иеленген Жездi тоқсаныншы жылдары тоқыраудың топанына тұншықты. 1995 жылы “Қазмарганец” АҚ банкрот болып, 1964 жылдан жұмыс iстеп тұрған байыту фабрикасы қаңтарылды. 1997 жылы мамырда аудан тарағасын орталығындағы тұрғындардың тоз-тозы шықты. Қазiр қалашықта бiр кездегi халықтың төрттен бiр бөлiгiндей ғана адам тұрады.

 АЛ ҚАЗАҚ БИЛIГI ҚАУҚАРСЫЗ
Ауыл тұрғыны Айжан апайдың отбасында жетi жан бар. Баласы – мүгедек, келiнi – жұмыссыз. Немерелерi – мектеп оқушылары. Отбасының айлық табысы – отыз мың теңге. Отағасының мүгедектiгi үшiн берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақы мен апайдың зейнетақысын жетi жан талшық етуге мәжбүр. Егер Статистика агенттiгiнiң ресми деректерiне жүгiнсек, тамағы тоқ, көйлегi көк болуы үшiн орташа есеппен жетi адамға айына 94 мың теңгеден аса қаражат қажет. Тек азық түлiгi үшiн 56 560 теңге жұмсалады екен. Ендi таразылай берiңiз. Бұл отбасының мүшелерi тоя тамақ iшетiн жандардың қатарына кiре ме, жоқ па?
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндiру» акцио­нерлiк қоғамы Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылының тұрғындарына денешынықтыру-сауықтыру кешенiн сыйға тартты. Бұл атыраулықтарға жасап отыр­ған компанияның жалғыз бәсiресi емес. Аққыстаулықтардың қуанышында жек жоқ. Өйткенi, тәуелсiздiк мерекесi қарсаңында осы Исатай ауданы орталығы Аққыстау ауылында жаңа спорт ғимараты бой көтердi. Олар ендi мұнда кәсiби дайындық жасауға барлық жағдай бар деседi. Бұл спорт кешенi «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндiру» АҚ мен Атырау облысы әкiмдiгi арасындағы аймақтың әлеуметтiк инфраұрылымдарын қолдау жө­нiндегi
Қазақ халқына
Қазақстан Республикасының президентi Н.Назарбаевқа
Қазақстан Республикасының прмьер-министрi К.Мәсiмовке                           
Қазақстан Парламентi сенатының төрағасы Қ.Тоқаевқа
Қазақстан Парламентi мәжiлiсiнiң төрағасы О.Мұхамеджановқа
Парламент депутаттарына

Қазақ халқының төл мерекесi –Тәуелсiздiк күнi биыл он тоғыз жылдығын атап өттi. Елеусiз ғана, мерекелетiп емес, күнтiзбедегi орнын елеумен шектелдi. Президенттiң өзi тәуелсiздiктен гөрi, жағымпаздардың қошеметтерiне көбiрек уақыт бөлiп, мерекенiң тойлану дәрежесiн келесi жылдың еншiсiне тастады. Нағыз мейрам кеуделерiне орден таққандардiкi болған сияқты. Ал жалпы халық үшiн тәуелсiздiк орнаған күннiң басқа күндерден айтарлықтай айырмашылығы байқала қоймады. Алматының орталық алаңындағы құлаққа ұрған танадай тыныштық – мерекенiң қаншалықты маңыздылығын айғақтап жатқандай болды.

Мына бiр қарапайым есеп-қисапқа назар салып көрiңiзшi: қазақ эстрадасының әншiсi Мақпал Исабекова батыстың атақты әрiптесi Шакираның орташа айлық табысын табу үшiн бiр айда 5 545 ән айтуы тиiс екен! Неге екенiн қайдам, Қазақстанның эстрада жұлдыздары қанша пайда табатынын жасырын ұстайды. «Айлығым шайлығыма жетпейтiнiн жұрт бiлiп қоймасын» деп қысыла ма, әлде «жатып iшер» атанғысы келмей ме, әйтеуiр жасырып жүредi. Мұндай әдет бұрын Кеңес одағының құрамында бол­ған басқа елдердiң өнерпаздарына да тән. Ал батыс­тық әншiлер үшiн табысты жасыру — жат қылық.
«Сбербанк» АҚ ЕБ несиелеудiң пайыздық мөлшерлемесiн төмендеттi
Банк секторындағы артық өтiмдiлiк 11 миллиард доллардан асса да, несиелеудiң ақсап тұрғаны жасырын емес. Бiр жағынан заңды тұлғаларды былай қойғанда, жеке тұлғалардың да несие алуға жүректерi дауаламайды. Мұның бiр себебi – банктердiң көпшiлiгi несиелеудiң қатаң шарттары мен пайыздық мөлшерлеменi өзгертпей, бәз-баяғы қалпында ұстап отыр. Алайда Сбербанк клиенттерге қолұшын созып, несиенiң пайыздық мөлшерлемесiн айтарлықтай төмендеттi. Сбербанктiң Алматы қаласындағы филиалының директоры Ғалия Кеулимжаеваның айтуынша

Апайтөс даланың төсiн томпитып тұрған әнебiр биiктiң басына аяңдап шыға қалсаңыз, көкiрегiңiз өзiнен-өзi күмбiрге толып, ән салғыңыз келедi. Мүмкiн сары даланың төсiнде сағымша көшкен кешегi бабаларымыздан әуезi бөлек, бiтiсi биiк небiр әндердiң бүгiнге қалуына осы себеп болды ма екен дейсiң iштей. Шынында да алқа-салқа болған сахара кеңiстiктiң сәнiн асқақтатып “Ардаққа”, қияннан қайырып “Қанатталдыға”, шалқытып “Шәмсiқамарға” салмасаң, домбыраның шанағын тырналап айтатын ауыл үйдiң алты ауызына әсте үйлеспейтiн сияқты. Кей-кейде Жәнiбектiң әнiн тыңдап отырып, ерiксiз осындай бiр ойға қаласың.

Әншiлер кейбiр әндердiң сөздерiн әртүрлi айтады. Мәселен, “Бiр бала” аталып кеткен халық әнiн жас кездерiнде: “Ән салшы-ай бiр ғана-ай”, – деп айтатынын (Күләндаш Бөдешованың) Илия Жақанов жазған-ды. Немесе “Шәпибай-ау” әнiнiң қайырмасындағы “бәдәуи”-дi атақты ән­шi Мұрат Мұсабаев (мар­құм): “Мен “бөдеуи” деп орындаймын, алғашқы сөздiң еш мәнi де, мағынасы да жоқ”, – дейтiн. “Қара­тор­ғай” (Сырдың “Қараторғайы”) әнiнiң екiншi шумағындағы “Бейiштiң гүл жамылған сара­йында” деген жолы” “...Гүлжәмила сарайында”, – деп айтылуына байланысты баспасөзде шу шыққанын да бiлемiз. Айта берсек, мұндай жайлар толып жатыр.

 «ҚАНЕКЕЙ ТIЛIМ, СӨЙЛЕШI»
Жәмилә Серкебаева ерледi. Жақында ол этно-фольклорлық «Тұран» тобымен бiрге «Қанекей тiлiм, сөйлешi» деп аталатын композициясының тұсауын кестi. Жәмиләнiң айтуынша, қазақ термесiн «өңдеп-жөндеген» — композитор Нұртұрған. Клиптi Iле өзенiнiң жағасында түсiрiптi. — Бұл клип мен үшiн өте қымбат. Өздерiңiз түсiнесiздер ғой, инструменталды музыка — музыканың аса қиын тiлi. Биыл мен түрлi жанрда 25 композиция жаздым. Бұлардың бәрiн жинап, екi альбом шығаруға болады, — дептi Жәмилә Серке­баева.
Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның саммитiне орай елiмiздегi 12 отбасы өз балаларына Саммитхан, Саммит, Самита деп ат қойыпты. Нақтырақ айтсақ, 12 баланың 6-ауына – Саммитхан, 5-еуiне – Саммит, 1-еуiне (қызбала) – Самита деп ат қойылған. Бұл сәбилер саммиттiң қарсаңында Астана, Алматы, Павлодар қалаларында, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Ақмола облыстарының аудан-ауылдарында дүниеге келген. Сұрастырып, жан-жаққа телефон соғып анықтағандағы бiлгенiмiз, бұл 12 отбасы да – қазақ отбасылары. Ресми дерекке сенсек, Қазақстанда 142 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Солардың бiрде-бiрi өз балаларына Саммит (Самита) деп ат қоймаған.
Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында гандболдан әйелдер арасындағы Азия бiрiншiлiгiнiң тұсауы кесiлдi. Осымен он үшiншi рет өткiзiлiп отырған құрлық бiрiншiлiгi 25 желтоқсанда мәресiне жетедi. Азия бiрiншiлiгiнiң басталуына бiр күн қалғанда Қазақстанның гандбол қауымдастығы мен ҚР Туризм және Спорт министрлiгiнiң ұйымдастыруымен журналистерге арналған баспасөз мәслихаты өттi. БАҚ өкiлдерiнiң басын қосқан жиынға Қазақстанның гандбол қауым­дастығының төрайымы Гүлнар Тұрлыханова, елiмiздiң Спорт комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатов және Азия гандбол қауымдастығының өклдерi қатысты.
Өткен аптада футболдан Еуропаның Чемпиондар лигасының    1/8 финалының жеребесi тартылды. Топтық ойындардан озып шыққан он алты команда келесi жылдың ақпан айында ширек финалдық жолдамаларды сарапқа салады. Сондай-ақ, Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсiмiнде Еуропа лигасының 1/16 финалына шыққан командалардың да қарсыластары белгiлi болды. Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсiмiнде Италияның “Интерi” мен Германияның “Бавариясы” жұп құрады.
Дүниежүзiлiк бокс сериясының кестесiне сәйкес өткен аптаның соңында елiмiздiң “Астана арландары” кәсiпқой бокс клубы Қытайда “Beijing Dragons” клубының боксшыларымен кездесiп, 5:0 есебiмен ойсырата жеңдi. Сырт алаңдағы алғашқы жекпе-жектерiн өткiзген бiздiң “арландар­ға” шаршы алаң иелерi еш қарсылық көрсете алмады. 54 келi салмақтағы жерлесiмiз Бағдат Әлiмбеков ринг иесi Хе Жихеймен жұдырықтасып, қарсыласын ұпай санымен жеңдi. 61 келi салмақтағы Ержан Мұзафиров те “Beijing Dragons” клубының мүшесi Ванг Жиминдi ұпай айырмасымен ұтты.

Желтоқсанның 16-сы күнi Астанада әуесқой бокстан Қазақстан кубогының финалдық жекпе-жегi өттi. Iрiктеу сындарынан iркiлмей өткен Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Астана қаласының боксшылары Қазақстанның Тәуелсiздiк мерекесi қарсаңында ел кубогының иесiн анықтады. Он салмақ дәрежесi бойынша өткен жекпе-жекте нәтиже тең болды. Бес салмақта оңтүстiкқазақстан­дықтардың бағы басым болса, бес жекпе-жекте Астана боксшылары жеңiске жеттi. Қазақстан кубогының ережесi бойынша командалар тең нәтиже көрсеткен жағдайда аса ауыр салмақтағы боксшылардың нәтижесi есепке алынады.

Қазақстанның халық әртiсi, театр және кино актерi Құдайберген Сұлтанбаев дүниеден озды. 64 жасында. Жүрек талмасынан. Құдайберген Сұлтанбаев 1995-99 жылдары Мәжiлiс депутаты да болды. Актердiң депутаттар туралы “Мәжiлiстегi депутаттардың бәрi де – әртiс. Соның iшiнде менiң “әртiс” деген дипломым бар. Бар айырмамыз тек осы ғана!” дегенiн қалай ұмытарсың?! Иә, ол шын әртiс едi. Әртiс болғанда да, өзiнiң кәсiби шеберлiгiн кемелдiкке жеткiзген тарлан өнер иесi едi.