1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (15560) 23 желтоқсан, бейсенбі 2010

Сонымен, Беларусьтегi президент сайлауы Александр Лукашенконың жеңiсiмен аяқталды. Ал сайлауға түскен қалған жетi үмiткердiң бесеуi темiр торға тоғытылды. Өткен жексенбi күнi Минскiдегi жаппай тәртiпсiздiк кезiнде iшiнде оппозиционерлерi, журналистерi, азаматтық қоғам өкiлдерi бар, барлығы 639 адам қамауға алынған. Бұл туралы А.Лукашенконың өзi баспасөз мәслихатында мәлiмдедi. «Бұл – жаппай тәртiпсiздiк, оны ұйымдастырғандар жауап беруi тиiс. Олар жауап бередi де. Бiрақ менiң алдымда емес, беларусь халқының алдында, бiздiң заңдарға сәйкес жауапқа тартылады. Егер мұндай жағдай Францияда бола қалса, олар француз заңына сәйкес жауапқа тартылатын едi. Бiрақ, айта кетейiн, бiз Франциядағыдай оларды көзден жас ағызғыш газбен улаған жоқпыз, аязды күндерi су шашпадық» дептi жеңiске жеткен Лукашенко.

Жылдың соңында жоғары жақта қарбалас басталды. Өтiп бара жатқан уақытпен жарысып, атқарған шаруаларына есеп бергiлерi келдi ме, әйтеуiр шенеунiк­тердiң ауық-ауық үндерi шығып жатыр. Мәселен, мемлекеттiк қызметкерлердi тексеру тестiнен өткiзуге тәжiрибе жасаған қызылжарлықтар бұл шараның тиiмдi тұстарын жар салып айтысуда. 515 сұрақтан тұратын тестiнiң қандай сұрақтармен қамтылғаны нақты көрсетiлмесе де, мемқызметкер­лердiң «бәйгеден» сүрiнбей өтiп жатқаны туралы ақпарат бар. Жауап­кершiлiк, ұйымдастырушылық, адамгер­шiлiк деген сыңайдағы азайып кеткен адами қасиеттердi анықтауға септiгi болатын тексеру тестi келешекте

Дәрiгерлердiң немқұрайлығынан бауыр етi балапанынан көз жазып қалған Айман Ахметтаеваның басына түскен қайғы-қасiрет жөнiнде жазғанбыз. (№64, 12 тамыз, 2010 жыл). Сейсенбi күнi редакцияға қоңырау шалып, көзiне жас алған жас келiншек “жас­алаштықтарға” ризашылығын бiлдiрiп былай дедi: “...Бiлесiздер, Алматы облыстық рухани денсаулық және iшiмдiк-есiрткi кесел­дерiн емдеу орталығының бөлiм меңгерушiсi Сүлеймен Ақназаров денiм сау болса да “параноидты шизофрения, кататониялық син­дром” деген диагнозды қойған-ды. Мұның кесiрiнен балам Сұлтанмұраттан тiрiдей айы­рылған едiм... Сiздерге айтар жаңалығым бар.

Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы тәуелсiздiк болатын. Азаттық жолында ата-бабаларымыз талай ғасыр қан төгiп күрестi.Тәуелсiздiк мерекесi халқымыз үшiн қастерлi де, қасиеттi болатыны сондықтан. Бұл күн – мереке, екiншi жағынан 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiнде құрбан болған боздақтарды еске алу күнi. Бiздiң ел Тәуелсiздiк мерекесiн тойлағаннан гөрi, христиандардың жаңа жыл мерекесiн тойлағанды жөн санайды.Тәуелсiздiк күнiн әр аймақ өз хал-қадiрiнше атап өттi. Ал бiздiң Маңғыстауда тәуелсiздiктiң құрметiне, желтоқсан құрбандарының рухына бағыштап... облыс деңгейiнде ит төбелестiру жарысын өткiздi.

Дүйсенбi күнi ҚР адвокаттар одағының президиумы баспасөз мәслихатын өткiзiп, «2010 жылдың ең үздiк адвокатын» жария еттi.
«ҚР адвокаттар одағы президиумының дәстүрлi дауыс беру қорытындысы бойынша «2010 жылдың ең үздiк адвокаты» деген мәртебе Алматы қалалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Набира Неясоваға берiлдi», — дептi ҚазТАГ ақпарат агенттiгi жария еткен мәлiмдемеде. Бұл ақпаратты «Зона.кз» интернет-газетi көшiрiп басыпты. Ақпараттың астына оқырмандар түсiнiктеме жазыпты. Ендi соған назар салайық.
«Неясова деген кiм? Несiмен атақты? Қандай атышулы процеске қатысқан?».
 «Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры» ҚҚ 2010 жылғы «қазақтiлдi БАҚ» және «орыстiлдi БАҚ» номинация­лары бойынша Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы саяси журналистика мен публицистика саласындағы жетiстiктерi үшiн табыс етiлетiн дәстүрлi жүлденiң иегерлерлерiн анықтау жөнiндегi конкурсқа құжаттар мен материалдарды қабылдауды бастады. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтығындағы қырық жасқа дейiнгi баспасөз және интернет БАҚ-ның авторлары қатыса алады. Конкурсқа 2010 жылдың 1 қаңтары мен 2010 жылдың 31 желтоқсаны аралығында жарияланған мақалалар қабылданады.
Айналасындағыларға жақсылық жасап, қолынан кел­генiнше адамдарға көмектесуге тырысып жүретiн замандасың жайлы сөз қозғау жан-дүниеңдi ерекше бiр шуақты сезiмге бөлейдi. Әрiптесiм Нұржамал Байсақал сондай кiсiлердiң қатарынан. Оны алғаш көрген сәтiм де есiмде. “Лениншiл жас”, қазiргi “Жас Алаш” газетiнде жұмыс iстеп жүрген кезiм. Шамамен 1987 жыл болса керек. Бауыржан iнiмiз Омаров мен отыр­ған бөлiмге бiр қызды ертiп келдi.
– Апай, бiр талантты журналист сiңлiңiзбен таныстырайын деп едiм. “Нұржамал Байсақал” деген. Курстас досымыз. Бiз өз арамызда “Қоңырөлең” деп те атаймыз.
“Батырларымыз жайлы анимациялық фильмдер тү­сiрiлетiн болыпты”, – дегендi естiгенде қатты қуанғанбыз. Бiрақ... Иә, бiрақ қазақ телеарналарынан көрсетiлiп жатқан “Қарасай батыр”, “Райымбек батыр”, “Қалқаман – Мамыр” жайлы түсiрiлген фильмдердi көрiп, қуанышымыз су сепкендей басылды. Неге? Айтайық.Бiрiншiден, фильмдегi батырлар мен оның төңiре­гiндегiлердiң ұсқын-келбетi “мынау менiң папам, мынау мамам” деп, өздерi салған шимай-шатпаққа мәз болатын 3-4 жастағы сәбидiң суретiне ұқсап кеткен.Екiншiден, жү­рiс-тұрыстары, қимылдары дөрекi, үйлес­пейдi, Робот се­кiлдi
Аса қамқор, ерекше мейiрiмдi Алланың атымен бастаймын. Менiң сөз еткелi отырғаным – 1991 жылы шыққан “Құран Кәрiмнiң қазақша мағына және түсiнiгi” жайлы. Құран – Алланың сөзi. Ал Алла – табиғат пен бүкiл жан-жан­уар және адамзатқа байланысты тiршiлiктiң иесi. Олай болса, Алланың сөзiнде мiн болуы мүмкiн емес. Сондықтан Алланың сөзiн сынау, одан мiн iздеу – үлкен айып әрi кешiрiлмес күнә. Ол жағынан бiр мұсылмандай хабарым бар. Менiң айтпағым, осы Құранның қазақ тiлiне аударылуы жөнiнде. Мақсат – бiреудi асыра мақтау немесе даттау емес, Алланың сөзiн мүмкiндiгiнше насихаттау әрi қасиеттеп құрметтеу. Осы ниетпен “Құран Кәрiмнiң” қазақшасын бiр емес, екi рет оқып шықтым.

Желтоқсанның қабағы қату, ызғарлы да тұманды күндерiнде кезектi тәуелсiздiк мерекесiнiң 19 жылдығы елеусiздеу атап өтiлдi. Елеусiздеу дейтiнi, ұлы дүрбелең саммиттен соңғы ес жинау мен жаңа жылды тойлаудың ортасындағы аралық концерттiк шоу деңгейiнен аса алмады. Ел жадында Желтоқсан оқиғасымен астасып кеткен Тәуелсiздiк мерекесiнiң бағамы да концерт көрiп, ән тыңдау деңгейiне түсiрiле бастаған сыңайлы. Дегенмен, Тәуелсiздiк күнi әр қазақ азаматы: “мен ел үшiн, арым алдында не тындырдым” деген есеп беретiн кезi. “Елiм үшiн не тындырдым?”, “Мен не iстеп жүрмiн?”, “Басқа жұрттың көшiнен қалмау жолында қандай әрекет жасадым” деген тәуелсiздiк күнi қойылар сауалды “Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы” ММ директоры, өлкетанушы Бекарыстан Боранқұлұлына тастадық.

Биыл желтоқсан айы жылы болды. Ал былтыр өте суық болған. Мұны мен жақсы бiлемiн. Өле-өлгенше былтырғы қыс менiң есiмнен кетпейтiн шығар. ..Әжем марқұм айтып отырушы едi: “Ешкiмге жаманшылық жасамаңдар. Жасаған жаманшылықтарың өздерiңе қайтып оралады” деп. Ал былтырғы оқиға есiме түссе, “әжем бiзге айта бергенше, туған баласының құлағына неге құймады екен?” деп ойлаймын. ...Әкем ауылда пеш салады. Жаз, әсiресе, күз айында әкемдi көршi ауылдың адамдары iздеп келiп, пештерiн салдыртады. Оған келiсiлген ақшаларын да төлейдi. Әкемнiң азын-аулық ақшаға, араққа пеш салмайтынын бәрi бiледi. Ол ешқашан арақты татып көрген емес.
Айнала төңiрек көрдей қараңғы. Жаңбыр толастамай, бiр қалыпты сiлбiп тұр. Үстi-басы малмандай су Құлболды сүйретiлiп келе жатқанына қанша уақыт өткенiн бiлмейдi. Тiптi өзiне қай бағытқа, неге келе жатқаны да беймәлiм. Оған тоқтамай жүре бергенi ғана керек. Әйтеуiр, бәрiнен безсе болды. Қарасын батырса болды. Ешкiмнiң даусын естiмесе болды. Әттең, аяғы жерге тимей жүгiре алса ғой. Құйын-шыбынға айналып, ешкiм жоқ қу медиеннен бiр-ақ шығар едi. Өйту қайда, жүре-жүре жаңбыр суымен был­қылдап қалған топыраққа батып, добалдай болып қалған ботинкасын әзер сүйретiп iлең-салаң.

Әрбiр солдат генерал болуды армандайтыны секiлдi, әрбiр кино актерi де Голливудта фильмге түсудi армандайды. Ол жаққа кiм көрiнгендi ала бермейтiнi де белгiлi. Ал талайдың қолы жетпей жүрген Голливудтан өз еркiмен кеткен актерлер де кездеседi. Соның бiрi – Джеки Чан. Бастапқыда оның Голливудтан кетуiн әркiм әр саққа жүгiрттi. Ал актердiң айтуынша, ол жақта оған тек комедиялық фильм­дерде ойнауды ғана ұсынады екен. Ал Джеки бiреудiң айтқанымен жүргiсi келмедi, яғни бiреуге “қолбала” болғысы келмедi.

Алматыда гандболдан әйелдер арасында өтiп жатқан Азия бiрiншiлiгiнде Қазақстан құрама командасының спортшылары өз тобында екiншi жеңiстерiне қол жеткiздi. А тобындағы алғашқы ойында Азия ойындарының чемпионы Қытай құрамасын ұтқан Қазақстан гандболшылары екiншi кездесуiн Иран құрамасымен өткiздi. Бұл ойын­да жерлестерiмiз 35:13 есебiмен жеңiске жеттi. Иран құрама командасының гандболшылары Қытай спортшыларына қарағанда әлсiздеу. Тұсаукесер кездесуде Солтүстiк Корея елiнiң гандболшыларымен күш сынасқан ирандықтар 22:47 есе­бiмен жеңiлiп қалған-ды.

Жақында ғана жұрт Азиада әнұранын таңдағаны белгiлi. Ескендiр Хасанғалиевтың “Азиада алауы” әнiн мәртебелi сынның бас әнi етiп халық таңдаған. Бiрақ Хасанғалиевтың бұл әнi Азия ойындарының ашылу салтанатын ұйым­дастырушы ресейлiк режиссер Игорь Крутойға ұнамаған көрiнедi. Крутой Азия ойындарына өз әнұранын ұсынып отыр. Бұл ән “Жұлдызым” деп аталады. Жақында “Жұлдызым” әнi Мәскеуде аяқтал­ған Жыл әнi (жұртқа Песня года атауымен танымал) фестивалiнде тұңғыш рет орындалыпты. Әннiң сөзiн белгiлi ақын Ұлықбек Есдәулет жазған. Әндi елiмiздiң белгiлi әншiлерi Батырхан Шүкенов пен Роза Рымбаева орындамақ.

Елiмiздегi “Гол” апталығы 2010 жылғы Қазақстанның ең үздiк футболшыларын анықтады. Осымен он екiншi жыл қатарынан өткiзген дауыс берудiң нәтижесiнде Қа­зақстан құрамасының және “Тобыл” футбол клубының футболшысы Нұрбол Жұмас­қалиев үздiк деп танылды. Елiмiздiң ең үздiк футболшысын анықтауға футбол ардагерлерi мен бапкерлер, сондай-ақ БАҚ өкiлдерi де атсалысты. Дауыс берудiң қорытындысы бойынша Нұрбол Жұмасқалиев 1016 ұпайға ие болды. Жұмасқалиевтен кейiнгi орынға “Ақтөбе” клубының қорғаушысы Самат Смақов пен “Ертiс” командасының қақпашысы Давид Лория жайғасты.