1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (15561) 28 желтоқсан, сейсенбі 2010
Жоғарыдағы есiмдер – Қазақстанды монархияға, президенттi «қазақбашыға» айналдыру бастамасын алғаш көтерген бүгiнгi күннiң «қаһармандары». Өткен аптаның аяғында ШҚО – ға «арнайы» жиналған 850 делегат президент Назарбаевтың өкiлеттi­лiгiн 2020 жылға дейiн ұзарту туралы референдум өткiзу бастамасын көтердi. «Арнайы» деп отырғанымыздың өз себебi бар. «Республикалық референдум туралы» заңында ел азаматтары бастама көтерген жағдайда оларға мынадай талаптар қойылады: 1. Егер референдум өткiзу туралы бастамашылықты азаматтар көтерген жағдайда құрамына Қазақстан Республикасының әр облысынан, астанасынан және республикалық маңызы бар қалалардан кемiнде үш-үштен өкiл кiретiн референдумның бастамашыл тобы құрылады.

Кеше Алматыда ЖСДП «Азат» партиясы баспасөз мәслихатын өткiздi. Президент өкiлеттiгiн 2020 жылға дейiн ұзарту, кезектi президенттiк сайлауды өткiз­бей, референдум арқылы мәсе­ленi шешу туралы көтерiлген бастамаға партия өкiлдерi өз пiкiрiн бiлдiрдi. Партияның тең төрағалары Б.Әбiлев, Ж.Тұяқбай, бас хатшы Ә.Қосанов және президиум мүшелерi Т.Әубәкi­ров,М.Аспандиярова, Н.Кремениш, Б.Әбiшев, П.Своик, Ә.Төгi­сев қатысқан бұл жиында жуырда көтерiлген президент өкiлет­тiгiн ұзарту мәселесi жайында сөз қозғалды. ЖСДП «Азат» партиясының президиум мүшелерi «мәңгiлiк президент» билiгiн орнатуға бағытталған iс-әрекеттiң шегiне жеткенiн айтты.

Мұхтар Әблязовқа қатысты Мәскеуде тағы дау шықты. Оның Домодедово ауданындағы 300-ден астам жер телiмiне арест қойылды. Бұл ауданда “Күмiс таға” деп аталатын элиталық ауыл бар-тын. “Ведомости” газетiнiң жазуынша, бұл жер телiмдерi — қазақстандық “БТА Банктен” 3 миллиард доллар жымқырған Мұхтар Әблязовтiкi. Ресейлiк тiлшiлердiң мәлiметiнше, бас-аяғы 50 гектар жердi орталық девелоперлiк компания сатыпты. Ал бұл компания тағы жетi ұйыммен бiрге Әблязовтiң меншiгi саналған. Бұл құрылымдардың Домодедово және Подольский аудандарында жер телiмi болған.
Түркiстан қаласын ислам дiнiндегi 45 ел ғана емес, Қ.А.Яссауидiң шарапатымен бүкiл әлем халқы жақсы бiледi. Сондықтан бұл қалаға басқа дiндегiлер де қысы-жазы ағылып келiп жатады. Оның үстiне Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрiк университетiнде 29 елдiң жас­тары оқиды. Осы студенттердiң ата-аналары өздерiнiң оқып жүрген ұл-қыздарының хал-жағдайларын бiлу үшiн Түркiстанға жиi келiп тұрады. Тап қазiр Түркiстанда бiр университет, бiр сазды драмтеатр, 4 колледж, 22 мектеп, 4 аурухана, бiр арнаулы мектеп, бiр мүгедектер үйi, 5 балабақша, бiр жасөспiрiмдер орталығы, бiр қазақ-түрiк лицейi, бiр музыка мектебi, бiр дарын мектебi бар.

Өткен ғасырдың 70-жылдары қолтаңбасы «Лениншiл жаста» қалыптасып, елге кеңiнен таныл­ған қаламгердiң бiрi – Сейтқазы Досымов. Университеттiң журналистика факультетiн 1969 жылы бiрге аяқтадық. Студент кезiнен оның аты дүркiреп шықты. Республикамыздағы ең танымал, таралымы көп жастар газетiнiң есiгiнен сығалауға батылым жетпей жүр­генде, курстастарым Сейтқазы, Ырым, Құрманғазы, Жарасхан, Мұраттардың жазғандары мұнда жиi жарық көретiн. Әсiресе, Сейтқазының очерктерi шуақ шашып, бiрден баурайтын. Iштей қатты қызығушы едiм, өздерi редакция штатына iлiнген, ал мен хабар да жазбағанмын, қалам ұстайды деп тiптi ойламайтын да тәрiздi.

“Абекең” деп отырғаным – Абай Құнанбайұлы. Ұлы ақынның өзiн көре алмасақ та, суреттерiн көрiп жүрмiз. Бала-шағасының ортасында отырып түскен фотосы да, одан пәленшекең мен түгленшекеңдердiң сырттай салған суреттерi де бар. Абекеңнiң фотодағы кескiнiн тұтас түгендеу­ден аулақ болып, сақал-мұртын ғана шолмақпын. Фотосында: мұрты жалпиған да, қушиған да емес, қалың да, селдiр де емес – бет-пiшiнiне лайықты орташа сәндiнiң өзi. Сақалы сапсиған ұзын да, құнтиған қысқа да емес, қаба дер қалың да, судыраған сұйық та емес – қазекемнiң көбiне-ақ жараса кетер имантаразы.

Тәуелсiздiк көкбайрағы желбi­ре­гелi табаны күректей 19 жыл өттi. Осы уақыт аралығында тәулiк бойында талмай ана тiлiнде сөйлейтiн арна ашылды ма? Жоқ. Жалған уә­деден жалыққан қазақ ендiгi сөз­дiң шын-өтiрiгiне сенуден қалды. «Ашамыз таза қазақ тiлiндегi қазақша арналарды арт-артынан 2015-те. Күтiңдер...». «АЙҚАЙЛАЙ, АЙҚАЙЛАЙ қасқырдан да ұят болды-ау» деген қойшы баланың қорытындысы осыған саяды. Не өтiрiгi, не нәтижесi белгiсiз бұл дабылға құлақ та үйiр болып, қақасқа айналып, көз де үйренiп, көрмеске айналып кеттi. «Тәуекел, шыдайық та ендi!» деп өздi-өзiңе басу айтпасқа лаж да жоқ мұндай халде.

Ескi жылдың есiгi жабылайын деп, Жаңа жылдың есiгi «тоқ-тоқ!» етiп қағыла­йын деп тұрғанда, Астанада қазақтың қоянын жыл тағына отырғызу рәсiмi өттi. Бұл жыбыр-жыбыр жиынға дүние жүзiнiң аңдары қатысып, Қоянды қоян жылымен құт­тық­тады. Әр елдiң өз қояндары таққа отырса, сол елдiң барыстары тақтан түсiп, Қоян мырзаларға тағзым етiп жатты...
Ал бiздiң қазақтың барысы креслодан кеткiсi келмей, «сау болыңызды» айтып, жетер жерiне жеткiсi келмей, қи­налып, қипақтап тұрып қал­ды, БАҰ-ның хатшысы (Бiрiк­кен аңдар ұйымы) Уақыт мыр­за жұдырығымен стол үстiн ұрып қалды...

Баршамызға белгiлi, қазақ арасында жаңа ұлттық қозғалыстар қайта құру саясаты тұсында туа бас­тады. Ұлттық мүдденi қорғауға бағытталған күрес мемлекеттiк тәуелсiздiк алғаннан кейiн де тоқтамай, әр сипатта жүрдi, бiрде өрiстеп, бiрде бәсеңсiдi, бiрақ тоқталған жоқ. Себебi, халықаралық ережелер тұрғысынан бiзде ұлттық мемлекет шаңырақ көтердi деп есептелгенiмен, iс жүзiнде, олай болмаған-ды. Мұны ұлттық күштер дер кезiнде-ақ көрiп-бiлiп тұрса да, өз уақытында ұйымдасқан наразылық бiлдiре алмады.

Қазақтың ару қызы Н.Б-ға
Тау жаңғырар, егер шындап күрсiнсем,
Менi мұнша мазалардай кiмсiң сен?
Ей, қазақтың ерке қызы Нәзираш,
Неге маған тыным бермей жүрсiң сен?
 
Көкiрегiмде дүлей күшпен жанғанда от,
Сезiмiме ерiк бермей қалғам жоқ.
Еркiн iнiм егiлгендей ән қылып,
«Ақ бұлттардан жасап» сенi алғам жоқ.
Американдық ғалымдар Айға ең алғаш рет 1969 жылы ұшқалы берi бұл ғаламшарға аяқ басқан пенде болмады. Нил Армстронг бастаған астронавтар тобы Айдан қайтып оралған соң АҚШ та, сол кезде аты дүркiреп тұрған КСРО да Айға ұшуды доғарды. АҚШ-тың NASA зерттеу орталығы Айға ұшуды түбегейлi тоқтат­қаны былай тұрсын, американдықтар таяу жылдары да Айға ұшпаймыз деп отыр. Өйткенi ғаламшарға ұшу АҚШ үшiн тым қымбатқа түсетiн көрiнедi. Кезiнде Джордж Буш президент болып тұрған тұста НАСА Айға ұшуды қайта қолға алмақ едi. Алайда Барак Обама билiкке келген соң НАСА-лықтардың 2020 жылы Айға қайта ұшамыз деген қиялы көзден бұл-бұл ұшыпты.
Халық ақыны Келiмбет Серғазиев­ Оңтүстiк Қазақстан облысы, Түлкiбас ауданы, Көкбұлақ деген жерде дүние­ге келiп, бар саналы ғұмырын ақындықпен өткiзген. 1934 жылы Алматыда өткен ақындар айтысына қатысып, жыр алыбы Жамбыл ол кiсiнiң айтыскерлiк өнерiне тәнтi болып, жанынан тастамай, өзiмен бiрге алып жүрген. Соғыстан кейiнгi жылдары ержүрек батыр Бауыржан Момышұлы Келiмбеттi арнайы iздеп барып, сәлем берiптi. Келiмбет ақындығымен ғана танылып қойған жоқ, оның сондай‑ақ қарақұрт, жылан шаққандарды сол мезетте орнынан тұрғызып, сауықтырып жiберетiн ерекше қасиетi бар едi. Оның бұл ерекше қасиетiне өз басым көз жеткiздiм.
ОНЫНШЫ РЕТ БАСЫЛЫП ОТЫР
Д.Кiшiбеков пен Ұ.Сыдықовтың «Философия» оқу­лығы осымен оныншы рет жарық көрiп отыр. («Қарасай» баспасы, Алматы, 2010 жыл). Тәуелсiз Қазақстанда бұған дейiн жарық көрген бiрде-бiр оқулық немесе оқу құралы мұндай мәртебеге ие болмаған екен. Белгiлi ғалым, академик, философтардың алдыңғы буынының үлкен өкiлi саналатын Досмұхаммед Кiшiбеков өзiнiң шәкiртi, философия докторы Ұлықпан Сыдықов екеуi бiрлесiп, бүгiнгi күннiң қажетi үшiн аса маңызды «Философия» оқулығын жазып, оны оныншы рет бастыруы – шынында да, елеулi оқиға екенi сөзсiз. Бұл кiтап несiмен құнды және нелiктен үлкен сұранысқа ие болып отыр?
МАРСҚА 2030 ЖЫЛЫ ҰШПАҚ
Роскосмос басшысы Анатолий Перминовтiң айтуына қарағанда, ғарыш агенттiктерi Марсқа 2030 жылы өз миссиясын жiберетiн болыпты. “Алыс ғарыш­қа жеке-жеке ұшқаннан гөрi бiрнеше ғарыш державасы бiрiгiп, миссия жiберген әлдеқайда тиiмдi”, – дейдi ол. Әрине, әр держава өз миссиясын жiберсе болар едi, бiрақ бұл экономикалық тұрғыдан алғанда, онша тиiмдi емес екен. Сондай-ақ Перминовтiң сөзiне сенсек, бiрқатар елдер Айды зерттеудi қолға алмақ. Ал Айға ұшқан Эдвин Олдрин болса, Марсқа 2030 жылдан қалдырмай бiр адам жiберу керек дейдi. Бiрақ Марсқа жеткен адам Жерге қайтып оралмайды.

Өткен аптада Алматы облысы Iле ауданы, Өтеген батыр ауылында қазақша күрестен жасөспiрiм­дер арасында Райымбек батыр атындағы республикалық дәстүрлi жарыс өттi. Осымен жетiншi мәрте өткен бұл додаға, өкiнiшке қарай, күн райы мен жаңа жыл алдындағы қарбаласқа байланысты былтыр жақсы өнер көрсеткен Астана қаласы, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының палуандары келiп қатыса алмады. Дегенмен, былтыр боз кiлемге шыққан палуандар саны 150 болса, биыл 220-ға жеттi. Жиырма жыл бойы қазақ күресi десе, iшер асын жерге қойып, жетi жылдан берi аруақты батыр Райым­бектiң атындағы осы дәстүрлi турнирге бас болып, ұйымдастырып жүрген

Өткен сенбiде Алматыда гандболдан әйелдер арасындағы Азия бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Сары құрлықтың сегiз командасы сынға түскен жарыста Қазақстанның әйелдер құрамасы топ жарды. Мұнымен қатар, елiмiздiң гандболшылары келесi жылы Бразилияда өтетiн әлем бiрiншiлiгiнде күш сынасады. Қазақстанның қол добы ше­берлерiне осы Азия бiрiншiлiгiнде екi мақсат қойылды. Оның бiрi – Азияның ең үздiк төрт командасының қатарына кiрiп, әлем бiрiншiлiгiне жолдама алу болса, екiншiсi – Азия­ның бас командасы атану едi. Бiздiң бойжеткендер алдыларына қойған екi бiрдей тапсырманы ойдағыдай орындап шықты