1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №104 (15562) 30 желтоқсан, бейсенбі 2010

Екi мың онның да соңғы күндерi сырғып барады. Жоғарғы жақтағылар бiр-бiрiн мадақтап, табыстарын қызыл сөзбен тасқындатып-ақ жатыр. Қазақстанда тұратын жас жеткiншектiң «Әке, бiз мына «Хабарда» айтып жатқан Қазақстанға барып өмiр сүрейiкшi» дегенiн анекдот санап, күлетiндер де бар. Жылайтындар да жыртылып айырылады. Боямалы өмiрге сендiру үшiн күндiз-түнi теле-радио қақсап, жүздеген мың тонна газет тарап жатса, халық қайтсiн? Үстi-үстiне қайталай берсе, өтiрiк пен шынды айырудан қалып, бастағы милар айранға айналмай ма?

Күнi кеше ғана үкiметтiң соңғы отырысы өтiп, премьер-министр Кәрiм Мәсiмов: «2010 жыл – елiмiз үшiн өзгерiстерге толы, табысты жыл болды», – деп мәлiмдедi. Расында да, биылғы жылы үкiметтiң бiрқатар табысқа жеттiк деп кеуде көтеретiндей жайы бар. Бiрақ бұл жетiстiктердiң бiрсыпырасына үкiметтiң қызу еңбегiнiң арқасында емес, мұнай мен түстi металдар бағасының арқасында жеттiк. Былтырғы жылдан айырмасы, осы жылы 6-7 пайыздық экономикалық өсiмге қол жеткiземiз деген болжам бар. Алайда жалпы iшкi өнiм шикiзат бағасы есебiнен өскенi анық. 2010 жылдың өткен жылмен салыстыр­ғанда, экономика мен қаржы саласы үшiн титтей болса да жылымық әкелген жыл болғаны да содан.

Желтоқсанның 29-ы күнi «Халық билiгi» блогi мен қоғамда танымал азаматтар бiрiгiп баспасөз мәслихатын өткiздi. Қазiргi президенттiң өкiлеттiгiн ұзартуға байланысты көтерiлген бастамаға, алдағы жылға жоспарланған референдумға қатысты пiкiрiн бiлдiру мақсатында бұл жиынға «Алға!» тiркелмеген партиясының төрағасы В.Козлов, мемлекет және қоғам қайраткерi С.Әбдiлдин, «Қазақстан Компартиясының» бiрiншi хатшысы Ғ.Алдамжаров, режиссер Б.Атабаев, «Жас Алаш» газетiнiң бас редакторы Р.Сәрсенбай, ақын Ж.Кенебай қатысты. Осыған дейiн референдум тақырыбына қатысты өткiзiлген баспасөз мәслихаттарынан өзгеше өткен бұл жиында маңызды мәселелер көте­рiлдi, нақтылы ұсыныстар жасалды.

«Жас Алаштың» бiрiншi бетiнiң бұрышына көз салсаңыз, «www.zhasalash.kz сауалнамасы» деген айдарымыз бар. Мұнда сайтымызда жүргiзiлген сауалнама қорытындысын жариялаймыз. Жыл бойына газеттiң 104 нөмiрiн шығарсақ, соның жартысына жуығына, яғни елу шақтысына сауалнама қорытындысын берiппiз. Бұлардың әрқайсысы бiр мақалаға жүк. Жыл басынан берi жүргi­зiлген сауалнамалардың жыл соңында қадау-қадау бiрнешеуiне тоқталуды жөн көрдiк. Газетiмiздiң 2010 жылғы ал­ғашқы нөмiрiнде «Биыл Қазақстан ЕҚЫҰ-ны басқарады. Бұ­дан не күтемiз?» деген сауал тастаппыз қоғамға. Сауалнамаға қатыс­қандардың

Әлемге жер байлығымен танымал Қазақстан мемлекетi де барыс жылын аяқтады. Бұл жыл қандай жағымды жаңалықтарымен, саяси,шулы оқиғаларымен ел есiнде қалды? Мемлекеттiң саяси жүйесiнде нендей iлгерi басушылықтар орын алып, керiсiнше қандай құлдыраулар болды? Осы және басқа да саяси оқиғаларға шолу жасауды жөн көрдiк. Қазақстанның барыс жылындағы саяси өмiрiн 4 негiзгi оқиғалармен байланыстырып, қарастырдық, сонымен... 2010 жылдың алғашқы секунд­тары соққанда, Қазақстан халқын жаңа жылмен құттықтаған Н.Назарбаев осы жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететiнiмiзге көбiрек тоқталған-ды.
Кәрiм Мәсiмов, премьер-министр:  — Мен сiздiң кө­мекшiңiз болдым, қазiр де көмек­шiңiзбiн және өмiр бақи көмек­шiңiз болып өтемiн.
Махмұд Қасымбеков, президент кеңсесiнiң жетекшiсi: — Кiм бiледi, бәлкiм, бiздiң заманымызда күндердiң-күнiнде хал­қымызда «Нұрсұлтанның нұрлы жолы» деген таным-түсiнiк қалыптасатын шығар.
Ермұхамет Ертiсбаев, президенттiң кеңесшiсi:
— Мемлекет басшысының орынтағында ол өзiн судағы балықтай сезiнедi. Мен әрқашанда тұңғыш президенттi қорғап және жарнамалап жүремiн. Әсiресе, ол қызметтен кеткен соң көбiрек жарнамалаймын. Ол жақында кетпейдi деп үмiттенемiн. 
1. Наурыздың 12-сi күнi Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты “Қазатомөнеркәсiп” ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкiшевтi 14 жылға соттады. Оған “мемлекеттiң дүние-мүлкiн талан-таражға салды, пара алды” деп айып тақты. 2. 21 қыркүйекте қаржы полициясы Денсаулық сақтау министрi Жақсылық Досқалиевтiң үстiнен қылмыстық iс қозғады. Ол қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшiн айыпты саналды. Телеарналар Досқалиевтiң “ес-түссiз” ауруханада жатқанын көрсеткен. Алайда қаржы полициясы мұның ойын екенiн айтып, уәждерiн дәлелдеп бақты. 3. Ақпанның 24-iнде қорғаныс министрiнiң бұрынғы орынбасары, генерал-лейтенант Қажымұрат Мейiрманов пен Израиль азаматы Борис Шейнкман 11 жылға сотталды.
ЕҚЫҰ  ҰЙЫМЫНА ТӨРАҒАЛЫҚ ӨТТI ДЕ КЕТТI. НЕ ӨЗГЕРДI?
Бiз ЕҚЫҰ мен оның Астанада өткен саммитiне қысқаша шолу жасай отырып, ұйымның жалпы жұртшылықтың көзiне көрiне бермейдi-ау дейтiндей, көлеңкелi жақтарына тоқталғымыз келедi.Саммитке келген делегациялармен сәлем­дескеннен кейiн Президент Н.Назар­баев­ оларға арналған сөзiн “Тәуелсiздiгiн таяу­да алған мемлекеттердiң iшiнде Қазақстан тұңғыш рет осы маңызды халықаралық форумды ұйымдастырып отыр” деген ескертумен бастады. Әуелi “таяуда” деген сөзге түсiнiк беруге тырысайық. Әлеуметтанушылар мен саясатшылар Еуразия континентiн негiзiнен Батыс, Шығыс деп бөледi. Бiз, соның iшiнде қазақ халқы шығыстық менталитеттiң иелерiмiз.

Қазақстан Еуропа мен Азия, жалпы Батыс пен Шығыстың арасын жалғастыратын алтын көпiр болу үшiн, ең алдымен Еуразия кеңiстiгiнде қазақ ұлт ретiнде өзiнiң РУХАНИ және МАТЕРИАЛДЫҚ құндылықтарын көздiң қарашығындай сақтап қана қоймай, оны оңды-солды аты-жөнi жоқ шашпай, жан-жақты заман, уақыт талабына сай пайдалана бiлуi керек. Мiне, ұлттық идея мен идеологияның негiзi сонда жатыр. Бұл алысты-жақынды шетелге өзге емес, тiкелей олардың өздерiмен жариялы да ашық түрде байланысқа шыққанда ғана орындалатын қадiр-қасиеттер. Ендеше, бiзге қай мемлекетпен байланыспайық, араға делдал салмайтындай,

Ирина Серкебаева бұған дейiн де әйгiлi әншiмiз Ермек Серкебаев туралы екi кiтап жазған-ды: “Истории папенькиной дочки” (2007 жыл); “Кризис среднего возраста, которого нет” (2009 жыл). Ал жақында оның үшiншi кiтабы оқырмандар қолына тидi. Бұл кiтап “Ермек Серкебаев. И жизнь, и молодость, и счастье” деп аталады. Ирина – Ермек Серке­баевтың қызы. Бұл кiтаптың бiрiншi тарауында И.Серкебаева әкесi туралы айтса, екiншi тарауында әкесiн сөй­летедi. Ал үшiншi тарауда Би­бiгүл Төлегенова, Базарғали Жаманбаев, Анатолий Молодов, Есмұқан Обаев жә­не өз­ге де өнер қайраткер­лерi Ермек Серкебаев жөнiн­де өз пiкiрлерiн ортаға салады.

Осыдан бес-алты жыл бұрын ғой деймiн... Жаңа жыл мерекесiнiң қарсаңында Алматыға бiр аптаға iссапарға бардым. Негiзi бiр ұжымнан үш адам шықтық, екеуi орыс әйел. Үшеуi­мiз де Алматыны жақсы бiлмейдi екенбiз, осы жолы қаланы шарлап, әжептәуiр танып қалдық. Iссапар уақыты бiтiп, үшеуiмiз шабаданымызды арқалап, вокзалға келдiк. Қолымызда биле­тiмiз бар. Нина апай екеумiз №5 вагондамыз, ал Дина апай №7 вагонда. Купеге кiр­сем, онда бiр кемпiр екi қызымен үш орынды ием­денiп отыр. Ендi «Мынау менiң орным едi» десем, әлгi апа: «Мен де жолсе­рiкке ақша төле­дiм, бұл менiң орным»,–   деп жеңiс­тiк бермейдi.

Үйге сәлем берiп үш кiсi кiрiп келдi. Бәрi де көршi ауылдың адамдары. Iшiнде Жолымбет бар. Амандық-саулық сұрасқаннан кейiн Жолымбет келген шаруасын айта бастады.
– Әй, Байғыстау, бiз сенен түйемiздi сұрап, даулап келiп отырмыз. Ђткен қыста бiр iнгенiм жоғалды. Ұры алыстан келген жоқ. Тоқ етерiн айтсақ, оны ұрлаған сенсiң!
Мына сөздi естiген Байғыстау төбесiнен бiреу мұздай суық суды құйып жiбергендей сiлейдi де қалды. Ђзiне айып таға келген жамағаттың бет-жүзiне барлай қарап, сәлден соң:
Менi көптен берi толғандырып жүрген мәселе бар. Ол – Кенесары бабамыздың қабiрi жайында. 10-15 жылдан берi бабамыз туралы газетке шыққан мақалаларды қалт жiбермей оқып жүремiн. Ханның сүйегi қай жерде жерленгенi туралы шындықтың бетi ашылса деген ой мазалайды. Бабамыздың денесiнiң қайда екенi әлi күнге дейiн беймәлiм. Ал бас сүйегi болса әлi де Петербор эрмитажында шаң басып жатыр... Тарихтан бiзге белгiлi жайт, қырғыздармен болған соңғы шайқаста Кенесары хан Кекiлiк-Сеңгiр деген тау­дың бойында айуандықпен өлтiрiлдi. Iздесек, сұрастырсақ, зерттесек, Кенесары мен Наурызбайдың қабiрле­рiн табуға әбден болады ғой деп ойлаймын.

Таулы ауданның бiрiмен-бiрi қыз алысып, қыз берiспейтiн, бiр рулы ағайын тұратын аулында жаға ұстатқан жантүр­шiктiрер оқиға болды. Ауылда жетпiстен асқан Самат деген кiсi (белгiлi себептермен кейiпкерлердiң есiмдерi өзгертiлiп алынды) бар едi. Ђзi жастайынан еңбекпен тырбанып өскен шаруақор адам. Әкесiнiң әбжiл әрекетшiлдiгi бойларына сiңген оның он екi ұл-қызы да өмiр сүруге епсектiлiгiмен әр сақта өз арбаларын өздерi сүйретiп жүр. Үлкен отбасының кенжелерi Жекен шал-кемпiрдiң қолында, қарашаңыраққа ие болып қалды.

«Жас Алаш» газетiнде (№94, 25 қараша, 2010 ж.) Тарақ Хамит Сауатұлының «Жылап қайттым өмiрдiң базарынан...» атты мақаласы туралы төмендегiнi хабарлаймыз: Тестке келген мұғалiмдерден ке­зекшi, тестке жауапты А.Қи­ма­дiлова ешқандай ақша жинамағанын, бiр әйел мұғалiмнiң шөлдеп минералды су әкелiп бер деп ақша берiп су алдырғанын айт­са, мақала иесi Х.Сауатұлы осы ақшаны тест үшiн жинап жатыр деп түсiн­генiн мойындады. «Мақаланы мектеп директоры ұрысып, ар-намысыма тиген соң ашу үстiнде жаздым, ал қалған мұғалiм­дермен ақылдаспадым, олардың еш кiнәсi жоқ», – дейдi.
Биылғы жылы қазақ спортшылары аз табыс әкелген жоқ. Ел намысы үшiн сынға түскен саңлақтарымыз әлемдiк және құрлық деңгейiндегi жарыстарда ел намысын қорғап бақты. Дегенмен өкiнiш те жоқ емес. Жыл басынан берi талай-талай додаларды бастан кешкен спортшыларымыз шамасы келгенше ел қоржынына жүлде салды. Әңгiмемiздiң әлқиссасын, Ванкуверде өткен қысқы Олимпиада ойындарынан бастасақ. Төрт жылда бiр рет келетiн дүбiрлi додада бiздiң спортшылар жақсы нәтижеге қол жеткiздi деп айтуға ауыз бармайды. Ванкуверде өткен олимпиада ойындарына бiздiң елден қырыққа жуық спортшы қатысты.