1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (15563) 11 қаңтар, сейсенбі 2011

Аунап өткен ай артынан жылжып келген жаңа жылдың күнтiзбесiне көз жүгiрт­сек, Ақорда биыл ел-жұртқа бiраз саяси қойылым қойып бермек. Санаулы күндерден соң “Нұр Отан” партиясы өз құрылтайын өткiзiп, “нұрлы болашаққа” қалай бару жолын жерден жетi қоян тап­қандай хабарламақ. Осы немесе одан кейiнгi алқалы жиындарында бiраз шенеунiктер сын-ескертпе алып, қызмет­те­рi­нен қош айтысып, тiптi үкiмет жетекшiсi де ауысып кетуi мүмкiн. Бiрдi-екiлi облыстар қайта ашылып (референдум туын алғаш көтерген аймаққа бұл сыйлық болмақ), бiрнеше аудандар қосылып немесе айырылысуы да ғажап емес.

Өткен жылдың соңғы айларында елiмiздiң шығыс өңiрiнен қисынсыз бастама көтерiлдi. Қазақстан президентiнiң өкiлеттiлiгiн бақандай он жылға ұзартуды референдум арқылы шешудi ұсын­ған бастамашыл топ бiреу итпен қуғандай ентiктi. Мерекелiк демалыс күндерiне қарамастан, «қолдау бiлдiрген» азаматтардың қолдарын жинағандардың қарқыны әлi басылар емес. Екi аптаның iшiнде 3 млн 600 мың адамның қол қойғанын айтып жарияға жар салғандардың бәсекесi қызып тұр. Жағымпаздықтың масқара жұмыстарымен шапқылаған осы азаматтарымыз халықтың басқа проблемаларын шешуде осылай белсендiлiк танытса қайда қалды деген сұрақ келедi көкейге.

Референдум бастамасы көтерiлгелi берi Қазақстанды жiтi назарға алған тағы бiр ақпарат құралы – BBC болса, Қазақстан парламентiнiң референдумды мақұлдағаны таңғаларлық оқиға емес деп есептейдi. «Өйткенi осы Орталық Азия мемлекетiнiң парламентi түгелдей дерлiк Назарбаев жақтастарынан ғана құралған». Қазақстанда еш уақытта әдiл және еркiн сайлау өтпегенiн, халықаралық бақылаушылар бiздегi сайлауды бiрде-бiр рет мойындамағанын айта келе референдум идеясынан бас тартқан «ұлт көшбасшысы» бұл ұсынысты нелiктен құптамағанын түсiндiрмедi» дейдi. BBC Назарбаев бұл идеядан Батыстағы демократиялық ахуалын жақсарту үшiн бас тартты деп санайды.

Саудагерлердiң сөзiне қарағанда, соңғы айларда кейбiр азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарлардың құны аптасына екi рет қымбаттаған. « – Мәселен, – дейдi Дариға есiмдi сатушы келiншек. – Ұн, шай және сұйық майдың бағасы қатты қымбаттады. Кейбiр тауарлар әр апта сайын 15-20 теңгеге өстi». Статистика агенттiгiнiң ресми мәлiметтерiне жүгiнсек, ең қажеттi деген азық-түлiк тауарларының орташа бағасы мынадай: бiрiншi сұрыпты бидай ұны – 71, дәл осы ұннан пiсiрiлген нан – 76, түтiкше кеспе – 155, күрiш – 217, ұнтақ жарма – 132, қарақұмық жармасы – 210, сиыр етi – 744, сары май – 854,       1 литр күнбағыс майы – 282, сүт – 102, он жұмыртқа – 180, картоп – 74, қырыққабат – 65, құмшекер – 191, қара байха шайы – 1339 теңге.
Халықаралық саясатта «жұмсақ күш» деген түсiнiк бар. Мұны Гарвард университетiнiң профессоры Джозеф Наем енгiзген. Бұл не деген сөз? «Жұмсақ күш» — қабақ шытып көндiру емес, жымия келiп сендiру. «Файнэншл Таймс» («Financial Times») басылымының тiлшiсi Гидеон Рахман бiрде былай деп жазды: «Пекинде едiм. Түннiң бiр уағында теледидарды қосып қалсам, «Олд Траффорд» стадионындағы «Манчестер Юнайтед» пен «Чарлтон Атлетик» командаларының ойынын тiкелей эфирден қытай тiлiнде көрсетiп жатыр. Ең алдымен есiме түскенi есептiң қанша болғаны емес — «жұмсақ күш» тәсiлi. Қазiр Пекинде «жұмсақ күш» түсiнiгi сәнге айналғандай. «Мұнысы қарулы шабуыл емес қой, кейбiр елдер несiне шошиды?» деген ой келедi алғашқыда.
Д.ҚОНАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 99 ЖЫЛ
Күн ашық, мезгiл сәскетүс. Ағаш бiт­кен ұлпа қар жамылып, мүлгiп тұр. Аязды аяз демей Шоқан Уәлиханов ескерткiшi маңында Сәбит Хайырұлы Жаданов аға екеумiз серуендеп жүрмiз. Әңгiме айтушы – ол, тыңдаушы – мен.
– Москва экономика институтын бiтiрдiм. «Сүйген қызым бар, үйленем. Осында қызметте қалам» – деп үйге хат жазып жiбердiм. Ол хабар құлағына тиiсiмен Орал облысының алыс ауданында тұратын әкем Мәскеуге жетiп келдi.
– Сен оған үйленбейсiң. Кiмге үйлену керегiн өзiм айтам.
Статистика агенттiгiнiң тарат­қан мәлiметтерiне сенсек, елiмiзде жыл сайын 500-ден аса әйел күйеуiнiң соққысынан қаза табады екен.  2008 жылы 135 280, 2009 жылы 140 386 неке тiр­келсе, 2008 жылы 35 852, ал 2009 жылы 39 257 не­ке бұ­зыл­ған. Заңды түрде ажы­распай жүр­гендер де аз емес. 
Күйеуiммен отбасын құрғанымызға биыл он бес жыл. Осы кезге дейiн күйеуiмнiң тоқпағынан көз ашпадым. Араққа сылқия тойып келiп, жұдырығын ала жүгiретiн жолдасыммен ажырасып кетейiн десем, елдiң сөзiнен ұялам. Ажырасқан деген әйелге жақсы ат емес қой. Бәрiнен де бұрын есейiп қалған балаларымды аяймын, соққыға жығылып жатқан маған араша боламыз деп, өздерi де әкесiнiң жұдырығының астында қалады... 

Соңғы кездерi қыздарымыздың сырт киiмдерiне қатысты пiкiрталас тудырып отыр. Қазақстан тәуелсiздiгiн алып, дiнiне iздеу салған тұстан елiмiзде қаптаған дiндарлар мен данагөйлер көбейдi. Дiнiмiздiң Ислам, жаратушымыздың Алла екенiн тани бастағанымда, менiң жасым небәрi 16-да едi. Ауылдағы мешiтке жиi баратын әкем ылғи кешкiсiн жанына шақырып, дiн туралы, оны кiршiксiз сақтау және исламның парыздары жайында ерiнбей көп әңгiмелейтiн. Сол кездерi әкемнiң әрбiр сөздерiн ұйып тыңдап, бұлжытпай орындайтынмын. Уақыт өте келе әкеммен арамызда дау туатын кездер жиiледi. Ата салтымыздың ғұрыптарына кереғар келетiн хадистер мен уағыздардың қайсысы дұрыс

Тоқты белгiсiндегiлер үшiн 2011 жыл сәттi басталмақ. Жылдың алғашқы жартысында қаржылық мәселелер өз шешiмiн тауып, екiншi жартысы шаңырағыңызға үлкен қуаныштар әкеледi. Жыл соңында күтпеген қызықтардың куәсi боласыз, осы оқиғалардың соңы қызметтiк сатыдағы жоғарылауыңызға үлкен ықпалын жасайды. Торпақ жұлдызында дүниеге келгендердi қоян жылы көп сынаққа алады. Табиғатынан қыңыр мiнездi торпақтар үшiн бұл жылы аянбай тер төгуге тура келедi. Кез келген мақсаттарына жету үшiн табандылықты талап ететiн бұл жылы торпақ белгiсiндегiлер жаңа қоныс тойын тойлауы мүмкiн.
Троллейбуста кiшкентай баласын жетектеген әйел келе жатады. Әдепсiз бала бiресе аяғымен жер тепкiлеп, ендi бiрде айғай­лап, өзгелердiң тынышын алады. Баланың қылығы айналадағы басқа адамдарды әбден мезi етедi. Кенет әлдекiм:
– Балаңызға қой десеңiзшi,–деп қалады.
– Баламды еркiндiкте тәрбиелеп жатырмын. Ненi қаласа, соны орындауы керек!–дейдi баланың шешесi паңданып. Осы кезде көршi орындықтан денелi жiгiт орнынан тұрып, аузындағы сағызын әлгi әйелдiң бетiне жабыстырып, мыж­ғылап:
– Менi де анам осылай еркiн тәрбиелеген, – дептi.

Адам Атаның iшi тар, қызғаншақ, өзiмшiл ұлы Қабыл өз iнiсi Абылды өлтiрмеушi ме едi. Абыл – жер бетiнде өлтiрiлген ең алғашқы адам. Қабыл – жер бетiнде адам өлтiрген ең алғашқы қанiшер. Қарапайым түрде айтар болсақ, Қабыл – озбырлық иесi. Озбыр, өктем күш. Абыл – малын бағып, ешкiмге қиянат жасамай, өз еңбегiмен өзi күн көрiп жүрген еңбекқор, әдiл, момын жан. Ал ендi танымал әрi талантты суретшiмiз Қабдырахман Отарбайдың «Абыл мен Қабыл» атты мына картинасына көз салыңызшы. «Апыр-ай, – дейсiң ерiксiз картинаның айтар ойын бойыңа сiңiргеннен кейiн, – Абыл мен Қабыл заманынан берi қаншама су ақты.

Иман мен Иван талайдан берi құдай дескен көршi. Ана бiр жылдары жұмыссыз қалған соң, екеуi де банктен несие алған болатын. Иман несиенi алған күнi ағайын-туыс­тың басын қосып, жақсылап тұрып “жуды”. Балдызы Бақай мен iнiсi Иланға бiраз қарыз бердi. Сөйтiп, азғана ақша тау­сылды. Иван ақша қолына тиген соң, бiраз құс сатып алып, кәсiпкерлiкпен айналысып кеткен. Қазiр кiшiгiрiм құс фермасының иесi. Шаруасын түзеп алды. Иман да далада қалған жоқ. Ағайын-туыстан жылу жинап, банктың несиесiнен құтылған. Бiрақ жұмыссыз емес. Көршiсi Иванның тауығын бағады...
Мұрат Ұланбаев – регбиден КСРО құрамасының сапында өнер көрсетiп, “В” дивизионы бойынша әлем чемпионы атағына қол жеткiзген, Кеңес Одағының бiрiншiлiгiнде екi мәрте жүлдегер болып, КСРО кубогының жеңiмпазы, екi дүркiн финалисi атанған майталман спортшы. Он сегiз жасында регбидi серiк еткен спортшыны кейiннен бүкiл әлем танып, Францияның клубы бiздiң жiгiттi арнайы шақыртты. Мұрат Ұланбаев қазiр Францияда тұрып жатыр. Жақында елiмiзге қысқа мерзiмге демалысқа келген саңлақпен әңгiмелесудiң сәтi түстi.
Қазақстандық кәсiпқой боксшы, WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Бейбiт Шүменов өткен аптада Шымкентте өз атағын сәттi қорғады. Осы уақытқа дейiн кәсiпқой рингте 10 кездесу өтiзген отандасымыз бұл жолы американдық Уильям Джоппидi жеңдi. У.Джоппидiң Қазақстанға келетiн жөнi жоқ едi, егер немiс боксшысы Юрген Бремер Шүменовпен шаршы алаңға шығудан бас тартпағанда. Орташа ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы деген атағы бар немiс боксшысы Қазақстанға келiп тұрып, қайтуға мәжбүр болды. 32 жас­тағы былғары қолғап шеберi­нiң Бейбiтпен не себептi жұдырықтаспағаны әзiрге жұмбақ күйде қалып отыр.