1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15564) 13 қаңтар, бейсенбі 2011

Бүгiнгi билiктiң “көзi, құлағы һәм тiлi” Ермұхамед Ертiсбаевты осы бiз өз деңгейiнде бағалай алмай жүрген сияқтымыз. Көзi мен құлағы, тiлi болмағанда ше, билiк ең түйткiлдi мәселенi соның аузымен айтқызады. Басты жаңалықты содан естимiз. Кеңесшi де бұған төселiп алған әбден. Қамшы салғызбайды-ау, сабазың. Тiптi “президенттiң сайрауық бұлбұлы” деген “атақты” мәртебе көредi өзi. “Бағалай алмай жүрмiз” дегенде оның кейбiр демократияның озық үлгiсiне сай пiкiрлерiнiң еленбей қалғанын айтамыз. Ол айтқан пiкiрдi соңғы уақытта тiптi “демократпын” дейтiн­дер­дiң де аузынан естiмедiк. Мұнымызға оппозициядағы кейбiр азаматтар өкпе айтуы мүмкiн. “Бұлбұлдан қай жерiмiз кем?” деп.

Өткен жылдың күзiнде Екi­бастұз қаласының әкiмi Нұрлан Нәбиев қызметiнен алынып, орнына Александр Вербняк таға­йындалды. Негiзiнен, сонау кезден Ахметовтiң адамы болып есеп­телетiн Вербняктың Екiбас­тұз секiлдi iрi өндiрiстi қаланың басшылығына келуi ашық күнде жай түскендей әсер еткенi рас. Естуiмiзше, облыс әкiмi Б. Сағынтаев жаңа әкiмдi әкелiп таныс­тырғанда, бiраз адамдар (ақсақалдар) наразылық танытып, жиналысты тастап шығып кеткенге ұқсайды. Екiншiден, “опалада” жүрген Ахметовтiң кiсiсi қалайша билiкке келдi деген сұрақ та талайдың мазасын алған болатын. Дегенмен көп ұзамай “атылып қалыпты”, “шетел асып кетiптi” деп шуласып жүрген үкi­метiмiздiң бұрынғы басшысы

Елiмiзде қуғын-сүргiндердiң кезектi көрiнiсi тағы қайталанды. Бiр кiсiнiң қолына шоғырлан­ған билiктiң мерзiмiн тағы он жылға созуға тыраштанған жағымпаздардың әрекеттерiн құптамаған бiр топ жастар бас көтердi. Олар билiк партиясының ғимаратының алдында Қазақстандағы демократияны 11 қаңтарда “мәң­гiлiк сапарға” шығарып салды. Демократияны “жерлеу рәсiмiне” бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi, қоғам қайраткер­лерi мен жиналған көпшiлiк қатысты. 2011 жылғы 11 қаңтар сағат 11-де құрдымға құлай бастаған демократиямен қоштасуға Алматыдағы “Нұр Отан” партиясы ғимаратының алдына жи­нал­ғандардың

Мен Жаңаөзен қаласындағы бiр мектептiң мұғалiмiмiн. Бiзде мұғалiмдердi билiктiң сойылын соқтырып, қолбала қылу әдетке айналғалы қашан. Бұрынғысын айтпай-ақ қоялық, жақында, желтоқсан айының аяғында қаламызға үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмов келiп 3-4 нысанды ашты. Соның бiрi – Рахат шағынауданындағы салынған балабақша. Бұл балабақшаның құрылысы толық аяқталмаса да, “К.Мәсiмов ашуы тиiс” деп 2 тәулiк күндiз-түнi қаладағы мектеп мұғалiмдерi мен балабақша тәрбиешiлерiн ерiксiз алып барып, ғимараттың iшi-сыртын тазалатты. Қолдарына күрек, қайла берiп, тас тасытып, жер қаздырды.

Ұлттық банктiң БАҚ өкiлдерiне арналған дәстүрлi баспасөз мәслихатында 2010 жылдың алдын ала қорытындысы жария етiлдi. Григорий Марченко баспасөз мәслихатын қаржы нарығындағы ахуал мен макроэкономикалық көрсеткiштердi тiзуден бастап, журналистерге сын-ескертпе тағумен аяқтады. Сөз арасында ескi әдетiнше БАҚ өкiлдерiнiң жұмысына шүйлiгудi де ұмыт қалдырмады. 2010 жылдың толық қорытындысы ақпан айында белгiлi болмақ. Сол себептi бас банкир былтырғы жылдың алдын ала қорытындысын ғана жария еттi. “Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша, 2010 жылы инфляция 7,8 па­йызға жеткен. Яғни, инфляция 6-8 па­йыз төңiрегiнде болады деген болжамымыз расталды”, – дедi
БIРАҚ ОДАН НӘТИЖЕ ШЫҒАРЫП ЖАТҚАН ОБЛЫС БАСШЫЛАРЫ ЖОҚ
Шығыс Қазақстан облысының шенеунiктерi премьер-министр Кәрiм Мәсiмовтiң сынына iлiктi. Семейде жылу электр станциясы iстен шығып, 30 мың тұрғын жылусыз қалды. Өскеменде көмiр қоры екi аптаға ғана жететiн көрiнедi. Қақаған қыстың қақ ортасында көлденең шыққан бұл мәселелердiң мән-жайын Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Бердiбек Сапарбаевтың өзi “түстен кейiн” бiлiптi. “Арқаның сарышұнақ аязында пәтерлерiнде пима киiп отыратын тұрғындар биыл жылы үйде арқа-жарқа. Әсiресе, семейлiктер “Жол картасына” риза. Бағдарлама аясында қазандықтар бастан-аяқ жөнделiп, 10 шақырым 

Бiр топ атыраулық ардагер-геолог барлаушылар өткен жылы премьер-министр К.Мәсiмов пен  “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы президентi Қайыргелдi Қабылдинның атына хат жолдап, акционер қатарына енгiзудi талап еттi. Геологтар бұл талаптарын бұған дейiн де бiрталай лауазымды тұлғаларға да жолдаған екен. Қариялар хат жазып, шағымданып жүрген 1997 жылдан берi талай адам орынтағын ауыстырды. Олардың қатарында “Қазақойлдың” президентi болған Нұрлан Балғымбаев, “ҚазМұнайГаздың” бұрынғы президентi Ләззат Қиынов, бiр кездегi депутаттар Жармұхан Тұяқбай, Фариза Оң­ғарсыновалар да бар. Әзiрге ештеңе өзгерген жоқ.

Өмiр зулап өтедi! Қалады Өлең!
Жүрегiмнiң лүпiлiн санада өрем!
Жұртым аман тұрғанда жырға ғашық,
Сөнбеймiн мен! Жаңғырып, жана берем!
 
Жырым, бәлкiм, осалдау, ұйқасы кем,
Төлегенмiн демеймiн шырқасы кең,
Мұқағали болмадым мұңы басым,
Қасымның да жүргем жоқ қырқасымен.
ҚР президентi Н.Назарбаевтың назарына!
Бiздер, Жаңаөзен қаласындағы ауған соғысы арда­герлерi өткен жылдың қыркүйек айынан берi “Жас Алаш” газетiнде жаңаөзендiк кәсiп­кер Таңатар Сарыевтың өзiнiң жанайқайын жеткiзген мақалаларын оқып қатты алаңдап отырмыз және оның басындағы жағдайлар, құқық қорғау органдарынан көрген зорлық-зомбылықтары бiздi қолымызға қалам алуға мәжбүр етiп отыр. Бiз жерлесiмiз Т.Сарыевты өте жақсы бiлемiз. Бiз бiлетiн Таңатар қаламыздағы жұмыссыз, мүгедек ардагерлерге ұдайы қол ұшын берiп, мүжәлсiз жандардың республикалық деңгейде өтетiн жиналыс-шараларына барып-келу шығындарын көтерiп, шама-шарқынша көмектесумен келедi.
МҰРЫН ЖЫРАУ ҚАЗАҚАЙ АХҰННЫҢ ҰРПАҒЫ ЕМЕС
2010 жылғы 7 желтоқсанда “Жас Алаш” газетiнде Баян Сәрсембинаның “Ноғайлының Қазақай ахұны” деген көлемдi мақаласы жарияланды. Мақалада оқырмандарды жаңылыстыратын қате дерек берiлгенi бiздiң орынды ренiшiмiздi туғызып, қолымызға қалам алуға мәжбүрледi. Ол мынадай дерек едi: “...Маңғыстау өңiрiнде “Қырымның қырық батырын” жырлап өткен Мұрын жырау – Қазақай ахұнның ұрпағы. Бұлардың түп атасы – Ноғайлы мемлекетiнiң негiзiн салған ер Едiге” деген сөйлем. Бұл жерде мақала авторы өзi де жалған дерекке сенiп, сан мыңдаған
Баланы 1-сыныптан, студенттi 1-курстан бастап жақсы оқуға ынталандыру үшiн қандай әдiстемелер жасалмады десеңiзшi?! Кеңес өкiметi кезiнде октябряттар, пионерлер ұйымы, комсомол ұйымдары, қабырға газеттерi жұмыс iстедi. Ал қазiргi кезде... Бiлiм беру жүйесi, медицина саласы реформадан реформаға ұшырауда. Мен оқушыны 1-сыныптан бастап теледидардан, компьютерден «жұлып» алып, оқуға ынталандырудың жолын бiлемiн. Оқушыны оқуға ынталандыру, әсiресе, жас кезiнде өте қарапайым әдiспен шешiледi. Бiз ылғи балаларымызға «оқы, оқы және оқы» деймiз де жатамыз. Ал оны сонымен қатар ынталандыру керек.
Бүгiнде бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидарда қазақ тiлiнiң мәр­тебесi, оның қазiргi халi, қолдануының көңiлге кiрбiң ұялататын жақтары жазылып та, айтылып та жүр. Бiрақ iлгерiлеудiң орнына, кейiн кетiп жатқандай сезiм көбiрек қылтияды. Осыдан кейiн “сөзiңдi айт ұққанға, айтып-айтпай не керек, құлағына мақта тыққанға”, – деп, қалтарыста қала беруге ана тiлiмiзге деген жанашырлық қасиет шыдатпай қолға қалам алдырды. Тiлдi биiкке көтеретiн де, шыңнан шың­ырауға құлататын да бұқаралық ақпарат құралдары екенiн дәлелдеудiң қажетi болмас. Сөздiң мәнi мен мағынасын бұзып айту осындай орындарда кездесетiнi   көңiлдi құлазытады.
Елiнiң сорпаға шығары атан­ған қыңыр мiнездi Балғабай болыс алты қатын алыпты. Қазаны майлы, төсегi жайлы, төрт түлiгi сай бай алпысты алқымдағанына қарамас­тан өзiне тағы да ат сабылтып қалыңдық iздей бастайды. «Ел құлағы елу» дегендей, жасынан ақын, әрi әншi атанған Бал­күмiстiң даңқын естiген бай соны айттырмақ болады. Қыз аулының маңына ақ үй тiктiредi.
– Ақ дидарын көрсетiп, әсем әнiн естiртсiн, – деп бiр жiгiтiн Балкүмiске жiбередi. Құрбы қыздарын ертiп, табалдырықтан аттай берген Балкүмiстi Балғабай қарсы алып:
– Балкүмiс, iздеп келдiм сенi алыстан,
Ауылдағы қойшыға Алматыдағы баласынан «тез жет» деген жеделхат келiптi. «Оқуда жүрген балаға бiрнәрсе болып қалды ма» деп уайымдаған қойшы апыл-ғұпыл бiр қойының етiн сөмкеге салып, Алматыға тартыпты. Сөйтсе баласы:
– Жай әншейiн, көке, Алматыда үлкен концерт болғалы жатыр. Бiрге оқитын жiгiттер «әкең қойшы, мәдениетсiз» деп ылғи кекетедi, сiзге театр көрсетейiншi деп едiм, – дептi. Сөйтiп кешкiсiн әкесiн үрмелi оркестрдiң концертiне ертiп барыпты. Әкесiн ең алдыңғы орынға отырғызып, концерттiң соңына дейiн тамашалатады. Жатақханаға келген соң әкесiнен «Не көрдiңiз?» деп сұрайды ғой.
Жаздың басында Есентай өзенi бойымен серуендеп жүрiп, темiр тормен қоршал­ған «Церковь Надежда» атты христиан дiнiнiң құлшылық үйiн кезiктiрдiм. Темiр қоршауды бойлай өсе бастаған шырмауық жерсiнбедi ме екен, аса көп құлаш сермей қоймапты. Бiрде ауланың iшiн сыпырып жүрген жас жiгiттi шақырып, сөзге тарттым.
– Қазақсың ба?
– Иә.
– Қазақша сөйлейсiң бе?
– Сөйлеймiн.
Дүйсенбi күнi Швейцарияның Цюрих қаласында футболдан әлемнiң 2010 жылғы үздiктерi анықталды. Биыл бұл шараны бүкiләлемдiк футбол қауым­дас­тығы мен Францияның “Франц Футбол” апталығы бiрiгiп ұйымдастырды.
Әлемнiң ең үздiк футболшысына берiлген “алтын доп” биыл екiншi жыл қатарынан аргентиналық Лионель Мессиге бұйырды. Каталонияның “Барселонасында” өнер көрсететiн аргентиналық шабуылшының басты қарсыластары испан футболының қос жұлдызы Иньеста мен Хави болатын. Дауыс берудiң нәтижесiнде Лионель Месси өзiмен бiрге бiр командада доп тебетiн әрiптестерiнен алға озып шықты.
Өткен аптада Катарда футболдан Азия кубогы жолындағы жарыс басталды. Сары құрлықтың он алты үздiк командасы жиналған дүбiрлi дода 29 қаңтарда мәресiне жетедi. Азия кубогы биыл он бесiншi рет өткiзiлiп отыр. Iрiктеу ойындарында жолы болған он алты команда төрт-төрттен төрт топқа бөлiнген. Ойындар Катардың Доха және Ар-Райян қалаларында өтуде. Катар елi 2022 жылы футболдан әлем бiрiншiлiгiн өткiзетiн ел ретiнде танылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Содан да болар, биылғы Азия кубогына келу­шiлердiң саны көптеп саналады. Тек Азия мемлекеттерiнiң футбол мамандары ғана емес, бүкiл­әлемнiң майталман мамандары, БАҚ өкiлдерi Катардың қос қаласына жиналған.
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының басталуына 2 ай көлемiнде уақыт қалды. Бүгiнгi күнi қазақстандық командалардың барлығы дерлiк Балтық жағалауы  мен Түркия елiнде жаттығып жүр. Осы оқу-жаттығу жиыны кезiнде премьер-лига командаларының басым көпшiлiгi құрамын жаңа ойыншылармен толықтыратыны анық. Сол ауысымдарға қысқаша шолу жасап өтсек.
“ТОБЫЛ” (ҚОСТАНАЙ).  “Тобылдың” бүгiнгi күнгi басты жоспары команданың аңызға айналған ойын­шысы Нұрбол Жұмасқалиевтiң орнын басатын ойыншы iздеу боп тұр.