1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (15565) 18 қаңтар, сейсенбі 2011
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов осылай деп құтылды. Ал оның көкесi не айтар екен? Сонымен, депутаттар айды аспанға шығар­ғандай “ерлiк” жасап, Н.Назарбаевтың ветосын еңсерiп кеттi. Жүз пайызға. Бестен төрт бөлiгi қарсы шықса да, “жеңiске” жететiн едi, бiрақ олар “бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол” шығара бiлдi. Он бес жылдық тарихы бар парламент ғұмырында қалаулылар дәл осындай бiр үйдiң тату-тәттi, тәртiптi балаларындай “тiл алып”, табандап тұрған емес.  Сонымен, кәрi қыздың бетiн­дей жиi-жиi опалана бастаған Конституциямызға тағы да өзге­рiстер енедi. Бұл жолғы өзге­рiстер тағы да Н.Назарбаевқа қатысты.
Осы жылдың 11 қаңтарында «Рух пен тiл» жастар клубының белсендiлерi Назарбаевтың президенттiк өкiлеттiлiгiн ұзарту мәселесiне өз қарсылықтарын бiлдiрген. Нәтижесiнде клубтың алты белсендiсiн полиция ұстап әкеткен едi. Қаңтардың 13-i күнi осы жастарымыз әкiмшiлiк жауапқа тартылды. Сот отырысы әдеттегi­дей белгiленген уақытынан кеш басталды. Демократия­лық мемлекеттегi жастардың наразылық акциясына қатысты өткен бұл сотқа «Ассошейтед пресс», «Дейли телеграф» сияқты халықаралық ақпарат құралдары да қатысты. Өздерiне тағылған айыптармен келiспеген жас­тар бұл қадамға
Жесiр дауы, жер дауы, бай дауы көп!
Жайыламын қазақтың жайлауы боп!
Халқы қамсыз хандардың байлауы жоқ, –
Байлауы жоқ билiктiң... сайлауы жоқ!
 
Батыр қайда, ақберен, алдаспаным,
Жауды соққан маңдайдан, қапталдан да?
...Өз атаңды атойлап қорғаштадың,
Селт етпедiң Ата Заң тапталғанда!

Күнi кеше, бүкiл жаһанды шулатып, шетi жоқ жарнамаларды аспаннан түс­кен­дей етiп жаудыртып, төгiп-шашпа әдетiмiзге салынып, қазынамыздың мол қаржысы ысырап етiлiп, «тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, Қазақ елiнде ЕҚЫҰ-ның (ОБСЕ) саммитi бiр күнгiдей болмағандай өтiп, үлкен тарихтың қойнауына кете барды. Әрине, бұл өтiп кеткен даңғаза шара елдiк үшiн керек дүние – дау жоқ. Әттеген-ай дейтiн тұстары көп-ақ, тiптi жетiп артылады. Мен осы жерде айтар едiм, Қазақ елiнiң шалқыған мұнайының есепсiз қаражаты (мұнайлы өлкенiң перзентi болғандықтан, «қара алтыннан» түсетiн пайданың шамасын бiр адамдай бiлетiн болғасын, осылай

Қазiр референдум мәселесiне қазақстандық қана емес, ресейлiк және Батыс ақпарат құралдарының да назары ауған. Бұл жолы Батыс басылымдары АҚШ үкiметi, Еуроодақ пен ЕҚЫҰ сындарына қарамастан, парламент қос палатасының президент ветосын еңсергенiн тiлге тиек етедi. The Associated Press ақпарат агенттiгi “Қазақстан президент өкiлеттiлiгiн ұзартуға жол ашып жатыр” мақаласында ұзақ жылдар бойы қызмет етiп келе жатқан Қазақстан президентiнiң тағы он жылға қалуы мүмкiн екенiн жазады. “Парламенттiң жоғарғы және төменгi палаталарының бiрлескен сессиясы референдум өткiзу үшiн Конституцияға түзету енгiзудi бiр ауыздан мақұлдады.
 Iшкi iстер министрi Серiк Баймағамбетовтың назарына!
Қазақ көшiнiң көлiктi болуы елiмiздiң шын мәнiндегi ұлттық мемлекет ретiне қалыптасуының ең басты алғышарты. “Жебеу” Республикалық қоғамдық бiрлестiгi өз жарғысына сәйкес көшi-қон саласындағы құқықтық жағдайды жетiлдiру, осы саладағы ақпараттандыру жүйесiн қалыптастыру, оралмандарды оңтайлы қоныстандыруға болатын аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын зерттеу жұмыстарын қолға алып отыр. Демек, қазақ көшiнде қалыптасқан жағдайлар бiздiң басты назарымызда. Сол себептi елге орал­ған қандастарымыз өз құқығы тапталған жағдайда немесе ақыл кеңес алу үшiн көбiнде бiрлестiкке шағымданады.  
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНА ТӨРАҒАЛЫҒЫН КЕЙБIР САРАПШЫЛАР ОСЫЛАЙ БАҒАЛАДЫ
Қазақстан биыл Ислам конференциясы ұйымына басшылық етедi. Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерiнiң бастамасымен құрылған. Бүгiнгi таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1,2 миллиардқа жетiп отыр. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретiнде қатысады. Ұйымның штаб-пәтерi Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс iстейтiн төмендегiдей органдар мен құрылымдар бар. Олар: Ислам даму банкi, Ислам жаңалықтары агенттiгi, Экономика және мәдени мәселелер жөнiнде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры және тағы басқалар.

Егемендiк алдық, ең бай, тәуелсiз елдiң қатарындамыз, бiрақ... Тәуелсiздiктiң аты –халықтiкi де, пайдасы – билiк­тегiлердiкi екенi құпия болудан қалғалы қашан... Қазақта “Берген перде бұзады” деген мақал бар. Байлығымызды үш алпауыт елге (АҚШ, Ресей, Қытай) берiп отырмыз, сондықтан елiмiз тыныш, ел басқарып жүргендердiң мерейi үстем, беделi жоғары. Билiкке жақын жүретiндер де, оларды қолпаштап жүретiндер де жаман емес, өздерiне жағдай жасап алған. Ал кезiнде соларды алға оздырып, денсаулығын, бiлiмiн, қабiлетiн жетiлдiруге қызметтенген мұғалiм­дер, дәрiгерлер, қарапайым жұ­мыс­шылар,

Елiмiздiң нарықтық экономикаға көшкенiне де жиыр­ма жылдай уақыт болды. Осы уақыт аралығында халық нарықтың заңына үрке қарамай, керiсiнше, қатаң талабына бейiмделiп алды. Бiздiң санамыз қоғамдағы өзгерiстермен iлесе келген “Көтерме сауда”, “Бөлшек сауда”, “Сатып ал да, қайта сат” деген терминдердi де жатсынбай, жылдам қабылдады. Әйтсе де нарықтың жазылмаған заңдылықтары кейбiр пайдакүнемдердiң оң жамбасына келiп тұр. Бiз бүгiнгi мақаламызда өзiмiздi көптен берi толғандырып жүрген өзектi мәселенi қозғағанды жөн көрдiк. Бүгiнде базардағы, сауда үйлерiндегi киiм-кешектер берiсi Алматыдан, Қырғыздан, әрiсi
НЕМЕСЕ “САЯСАТНАМАНЫҢ” ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ БАСЫЛЫМЫ ХАҚЫНДА
ХI ғасырдағы Ұлы Селжұқ сұлтандары Тоғрұл-бек, Алып-Арслан, Мәлiк-шаһтар өз билiктерiнiң шеңберiне Қытайдан Жерорта теңiзiне, Кавказдан Йеменге дейiн жердегi халықтар мен елдердi сый­ғыза бiлдi. Бұндай кең-байтақ мемлекеттiк құрылым Таяу Шығыс және Орта Шығыста iрi әлеуметтiк өзгерiстердiң болуына әсер еттi. Түркi басқыншылығының тарихи маңызына немiс ойшылы Ф.Энгельс жоғары баға берiп: “Жериемденушiлiк феода­лизмдi Шығыста түркiлер өздерi жаулап алған елдерге енгiздi”, – деген. Бұл пiкiрге оның серiктесi К.Маркс та қосылды.
Ол – мықты шенеунiк. Жүргенде бар ғой, көз­дерi ақиып, өзi қа­қиып жүре­дi. Айына бiр-ақ рет кү­ледi. Он­да да, саунаға бар­ғанда, толып кеткен де­несiн айнадан көр­генде...
Ол басқаратын комитетте үлкен iс-шара өтiп,  жиын бас­­талмас бұ­рын әнұран орындалды. Жұрт жапа-тармағай орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып жатты. Құдай қос қолдап ұрды ма, ол орнынан тұрғанымен, қақиып қалды... Оның бұл тұрысын «бiр шпион»   министрге жеткiзiп қойыпты. Келесi күнi көзiн уқалап отырғанда, министр шақырды. Ол жаққа қақиып емес, әрине, тал шыбықтай иiлiп барды.
Менi ұрып өлтiретiн адам жоқ! Ұрып өлтiргiсi келетiндер кектенiп жүрген болар, күйiп кетемiн де, жүдә ұмытшақпын ғой! Медицина тiлiмен айтқанда, склерозбын! 
Бiлмеймiн, бiрдеңе керек болып, жұмыстан үйге құйындай ұйытқып жеттiм де, желкемдi жетi рет қасып, терлеп-тепшiп сасып, аузымды апандай ашып, қақидым да қалдым.
– Түрiңе тұз себiлгендей әбiржiп кетiпсiң, жайшылық па? — деп сұрады әйелiм Қатипаш.
– Неге келдiм екен? Есiмнен шығып кеттi...
– Есiңдi ешкi мүжiп тастаған, сен өз атыңды да ұмытып қаларсың мына түрiңмен! Атың кiм, ал айта қойшы?

Жыл сайын Атыраудағы қалалық орта мектептердi ондаған жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қал­ған жасөспiрiмдер бiтiрiп шығады. Олардың ары қарайғы тағдыр-талайы қалай жалғасын табады? Әдетте, жетiмдердiң өмiр жолы маңдайға жазылғандай анық: балалар үйi, одан соң оларды тездеп орта бiлiм беретiн кәсiби колледждер мен лицейлерге орналастырып жiберуге тырысады, кейбiрi жоғары оқу орындарына түсiп жатады. Әне-мiне дегенше жастар ер жетiп, 23-ке келедi. Шынын айтқанда, қорғансыз балалар үшiн “23” деген бұл сан құлаққа жазадай естiледi. Өйткенi осы жасқа дейiн ғана олар мемлекеттен бөлiнетiн пәтерге ие бола алады. Ал 23-тен кейiн олар ешкiмге керек емес...

Байыпты барлау жұмыстарының нәтижесiнде өткен ғасырдың 60-жылдары Жезқазған аймағынан жерасты суының 8 iрi көзi табылды. Олардың ресурстары есебiнен ауызсу мен шаруашылық-тұрмыстық суға деген қажеттiлiк қамтамасыз етiлдi. Дегенмен, су мәселесi, дәлiрек айтсақ, оның тапшылығы күн тәртiбiнен әлi түбегейлi түскен жоқ. Әсiресе, ауызсуға зәрулiк уақыт өткен сайын айқын сезiлуде. Сумен жабдықтау көздерiнiң жетiмсiздiгi кезiнде Жезқазған жер­асты кенiн игеруге кедергi келтiрдi. Техникалық судың тапшылығы салдарынан өндiрiстiк процестер жиi бұзылды және Жезқазған ба­йыту фабрикасы мен мыс қорыту зауытының құрылысын бастау мә­се­лелерi бiрнеше мәрте кейiнге қалдырылды.
Қазақ үшiн алтын бесiк ауылдың орны бөлек. Бiрақ бүгiнде көптеген ауылдың түтiнi тоқтап, шаңырағы ортасына түсiп жатыр. Мұның барлығы ауылға деген салғырттықтан, жұмыстың жоқтығынан, күнкөрiс есебi үшiн қала жағалағандар санының көбеюiнен. Бiздiң Айыртау ауданы, Карасевка ауылының жағдайы басқа ауылдармен салыстырғанда бiршама жақсы. Учаскелiк емхана, кiтапхана, 11 жылдық мектебi мен селолық округтың әкiмшiлiгi жұмыс iстеуде. Мәдениет үйiнiң де ғимараты бар. Бiрақ жекеменшiкте. Күрделi жөндеуден өткiзудi қажет етедi.
МӘСIМОВ БАСПАНА МӘСЕЛЕСIН МОЙЫНДАДЫ
Қазақстанда баспана мәселесiне тап болмаған адам жоқтың қасы. Дәл осы мәселенi мойындаған премьер-министр Кәрiм Мәсiмов былай дедi: “Жалпы, бiзде қалыптасқан тұрғын үй проблемасы сонау Кеңес заманындағы 60-70-жылдардан “хрущевка” деген атпен белгiлi. Бұл үйлер шамамен 20-25 жылға жоспарланған. Ал одан соң халық зәулiм, әдемi етiп салынған үйлерде тұрады деген жоспар болды. Бiрақ заман өз талаптарын басқаша қоюда. Нәтижесiнде, бiздiң бүгiнгi тұрғын үй қорымыз негiзiнен сол уақытта салынған үйлерден тұрады”.
Өткен аптаның соңында Алматыда волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан бiрiншiлiгiнiң 2-тур ойындары өттi. Елiмiздiң алты командасы арасында өтiп жатқан ел чемпионатында “Жетiсу” волейболшыларының шоқтығы биiк тұр. 1-турда ұпай жоғалтпаған талдықорғандық волейболшылар 2-турды да сәттi өткiзiп, барлық ойында жеңiске жеттi.  Қазақстан бiрiншiлiгiнiң 3-туры ақпанның 8-13-i аралығында Павлодарда өтедi. Алматыда өткен 2-тур ойындары қалай өттi? Қазақстанның әйелдер құрамасын алдағы уақытта қандай жарыс­тар күтiп тұр? Бойжеткендер өткен жылды қалай қорытындылады? Бұл сұрақтарға елiмiздiң волейбол қауымдастығының бас хатшысы Ермек СЫРЛЫБАЕВ жауап бередi.

Бүкiләлемдiк бокс сериясының кестесiне сәйкес өткен аптада “Астана арландары” клубы Оңтүстiк Кореяның “Инчхон” командасының былғары қолғап шеберлерiмен кездесiп, iрi есеппен жеңiске жеттi: 5:0. 54 келiде “араландардың” намысын қорғаған Қанат Әбутәлiпов “Инчхон” клубының мүшесi, поляк Лукаш Мащукты ұпай санымен жеңдi. 61 келiде шаршы алаңға шыққан Мерей Ақшаловтың да мерейi үстем болды. Астаналық боксшы кәрiс командасында өнер көрсететiн өзбекстандық легионер Бахадүржан Сұлтановты ұтты. Бұл жекпе-жекте қапталдағы үш төрешi де Мерейдiң басым бол­ғанын мойындады.

Сенбi күнi Ресейдiң Санкт-Петербор қаласында футболдан Достастық кубогы басталды. Жыл сайын өтетiн дәстүрлi турнирде биыл Қостанайдың “Тобылы” бақ сынауда.  В тобында өнер көрсетiп жат­қан “Тобыл” жарыстың бiрiншi күнi Өзбекстанның “Бунедкор” клубымен алаңға шығып, 2:1 есебiмен жеңiске жеттi. Бұл ойында Мирджалол Қасымов баптайтын “Бунедкор” алаңға негiзiнен жас футболшыларды шығарды. М.Қасымовтың не себептi жастарға сенiм артқанын түсiну қиын емес. Қазiргi таңда “Бунедкордың” бiрнеше футболшысы Өзбекстан құрамасының сапында Азия кубогына қатысуда.