1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (15568) 25 қаңтар, сейсенбі 2011
БЕЛАРУСЬ ПРЕЗИДЕНТI ЛУКАШЕНКОНЫҢ ӘРЕКЕТТЕРI ОСЫЛАЙ БАҒАЛАНУДА
Сонымен, өткен сайлауда жеңiске жеткен Александр Лукашенко президенттiк қызме­тiне қайта кiрiстi. Қаңтардың 21-i күнi Минскiде Беларусь президентiнiң инаугурациясы өттi. Осымен төртiншi мәрте пре­зиденттiк антын қабылдаған батька талай кептi көрсе де, дәл мұндай қадiрсiз инаугурация Беларусь халқының тарихында бұрын-соңды болмаған. Салтанатты жиынға Еуро­одақ елдерiнiң басшылары түгiл, бiрде-бiр елшiсi де қатыспады. Еуроодаққа мүше 27 елдiң елшi­лерi түгелiмен Вильнюске кетiп қалды. Әдетте Минскiден шықпайтын Беларусьтегi АҚШ елшi­сi де бұл күнi шетел асып кетiптi.
АЛ БИЛIК ОСЫ АМАНАТТЫҢ ҮДЕСIНЕ ЖЕТЕ АЛАР МА ЕКЕН?
Сонымен, өткен жұма күнi таңғы сағат бестен бастап астаналық зиялы қауым өкiлдерi, журналистер және қарапайым азаматтар әуежайға қарай ағылды. Оларды күннiң суығында жылы төсектерiнен түн жарымында оятқан не едi? Елге оралған Смағұл Садуақасовтың рухы болатын. Сонымен, Құдайдың қолдауымен, жекелеген азаматтардың жанкештi еңбектерiнiң арқасында Мәскеудегi христиандар жерленетiн Дон зиратханасында 77 жыл бойы топырақ бұйырмай, арнайы ыдыс iшiнде тұрған аяулы арысымыздың мәйiтiнiң күлi туған жерi Астанаға оралды. Ал бұл шаруаның оңай атқарыла қоймағаны да белгiлi.

Қазақстан билiгi «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2020» сынды көпжылдық бағдарламалар қабылдағанмен, оның бiрi жоспарлы түрде iске асып жатқан жоқ. Мемлекеттiк маңызы бар шешiмдер асығыс, атүстi, қарапайым халық пiкiрi мен мүддесi ескерiлместен қабылдануда. Оның айқын дәлелi – Кедендiк одақ. Ақорда қабылдаған көпжылдық бағдарламалардың бiрiнде ол одақ жөнiнде сөз жоқ болатын. Ал ол одақ Ресейдiң империялық амбициялары негiзiнде құрылған саяси одақ, экономист ретiнде оның еш пайдасын көрiп отырған жоқпын. Өткен аптада «Қазақ журналистерi клубының» кезектi қонағы болған экономист Меруерт МАХМУТОВА Кедендiк одақ жөнiнде өз пiкiрiн осылай жеткiздi.

1986 жылғы Қазақстандағы Желтоқсан көтерiлiсi көлемi және ұлттық мүдделерге терең тамыр жiберуi жағынан сол кезеңде салтанат құрып тұрған Кеңестер Одағындағы демократиялық қозғалыстардың көшбасшысы болғаны үлкен деңгейде сан рет айтылды әрi жазылды. Бұрын Кеңестер Одағының құрамында, қарамағында болып кейiн жеке шаңырақ көтерген мемлекет­тердiң бәрi дерлiк, ұлттық, тiлдiк мүдде үшiн тоталитарлық жүйеге қарсы батыл түрде қыр көрсетуде үлгi бола бiлгенi үшiн осы желтоқсан көтерiлiсiне борыштар екенi күмәнсiз. Бұл – әлемдiк деңгейде қалыптас­қан ұстаным. Сол үшiн де кезiнде президент­тiң арнайы жарлығымен әр жылдың 17 желтоқсаны “Демократиялық жаң­ғыру күнi” деп жарияланғаны мәлiм.

“Желтоқсан оқиғасы” (көтерiлiс деп есептейтiндер үшiн – “Желтоқсан көтерiлiсi”) туралы әңгiме көп жағдайда 1986 жылдың 16 желтоқсанында бол­ған 18-ақ минуттық Пленумынан басталады. Ал осы Пленумның болуына не себеп болды, онда неге Колбин деген қаңғыбас “шүрегей” басшы болып сайланды, жергiлiктi кадрлар неге есепке алынбады, ҚазССР-i деп аталатын мемлекеттiң басшыларының араларындағы бiр-бiрiне деген қарым-қатынастары қандай болды, Орталықтың “озбырлығын” болдырмай-ақ өз араларынан бiреудi неге көтере алмады? – деген сұрақтарға тұшымды жауап берiлген әңгiме естi­меппiн. Менi осы оқиғаның қалай болғаны емес, нелiктен болғаны қатты мазалайды.

“...Өткен жылы 13 қазанда Қарағанды қаласында 14 жастағы жасөспiрiм асылып қалды. Арада 5 күн өткеннен кейiн жұртшылық Алматы облысының Тұздыбастау кентiнде 15 жасар екi жасөспiрiмнiң  өздерiне өздерi қол жұмсап, өмiрмен қош айтысқандарын естiп, жағаларын ұстасты. 23 қарашада БАҚ Ақтөбе қаласында 17 жастағы қызбала мен 15 жасар бозбаланың  асылып қалғаны туралы ақпарат таратты. 26 қарашада осындай оқиға Алматыда қайталанды. Желтоқсанның 6-13-i аралығында Темiртауда, Семейде, Астанада, Ақмола облысының Щучинск қаласында тағы 3 қыз, 2 ер бала өз ерiктерiмен өмiрден озды.

2006 жылы “МұнайФилдСервис” мекемесiнде жұмыс iстеп жүрген кезiмде менi “Бұрғылау” ЖШС- не жұмыс iстеуге ша­қырды. Мекеме басшылары тарапынан: “Бiздiң мекемеге жұмысқа келсең, шегендеу цехының басшысы етiп тағайындаймыз, еңбек ақыңды өсiремiз, сен секiлдi мамандар бiздiң мекемеге қажет”, – деген ұсыныстар болды. Әрине, алғашқысында өзiмнiң жұмысымның да жаман емес екенiн айтып, келiспегем, алайда қайта-қайта жасалған өтiнiштен соң, ұсыныстарын қабыл алдым. Оның үстiне, ол кездегi “Бұрғылау” мекеме­сiнiң директоры Төлеген Аджибаевпен арамыздағы туыстық, достық сыйластығымыз да осындай шешiм қабылдауға әсер еттi

Статистика агенттiгiнiң ресми деректерiне қарағанда, Қазақстанда 2010-11 оқу жылында 149 жоғары оқу орны 620 442 студентке есiгiн айқара ашты. Дәл қазiр республикада 53 мемлекеттiк жоғарғы оқу орны бар. Ондағы суденттердiң саны – 310 092 адам. Жалпы студенттердiң 60 пайызға жуығы – қыздар, 40 пайыздан астамы – жiгiттер. Мемлекеттiк бiлiм гранттарының есебiнен – 130 671, мемлекеттiк бiлiм тапсырысының есебiнен – 9 862 адам бiлiм алуда. Ақылы негiзде оқитындардың саны, жалпы, студенттердiң есебiмен шаққанда 77 пайыздан асады.

Бүгiнде студенттердiң өзегiн жарған өзектi мәселелер көп-ақ. Мәселен, ауылдан қалаға арманын арқалап келген жастардың баспана мәселесiне тап болмайтыны кемде-кем шығар. Жатақханаға жайғасу бүгiнде қиынның қиыны. Қалада пәтер iздеп сергелдеңге түсiп жүрген жастар көп-ақ. Жатақхананың өзi аузы мұрнынан шығып, толып тұр. Әсiресе, Алматының жайы бөлек. Мұнда жатақхана бөлмелерiнiң әрбiрiнде кемiнде 5-6 адам тұрады. 3 студенттi бiр бөлмеге орналастыру деген бүгiнде атымен жоқ. Қала шетiнде тұратындарды айтпай-ақ қоялық, шет аймақтардан бiлiм iздеп келгендердiң өзi әуре-сарсаңға түскелi қашан.

“Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жастар саясаты туралы” ҚР Заңының 6-бабында былай делiнген: “Қазақстан Республикасында жастардың: ... жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қоғамдық көлiкте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүруге; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жастар арасынан орта бiлiмнен кейiнгi және жоғарғы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшiн қалааралық темiржол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жеңiлдiкпен жүруге” құқылы.
Қиқар (өзiнiң есiмiн осылай көрсетiптi) студенттiк кездегi күн тәртiбiн ғаламторға iлiптi:
07:00. Шырылдап жатқан сағатты өшiру.
08:00. Екiншi шырылдамастай етiп өшiру.
10:00-11:00. Ұйқыдан тұру.
11:00-12:00. Сабаққа дайындалу (кеше Қуаныш алып кеткен үтiктi iздеу, киiм үтiктеу).
12:00. Сабаққа бару.
13:00. Сабақтан қайту (қашу).
Халқымыз өзiнiң дара ақы­нынан, дана ақынынан айырылды: Қадыр Мырза-Әлi дүниеден озды. 76-ға ендi толып, 77-ге қараған шағында. Жүрек талмасынан. Қадыр Мырза-Әлiнiң де­не тұрқы қаршығадай ғана бол­ға­нымен, ол шын мәнiнде алып ақын едi. Оның алыптығы соншалық, қазақтың қа­­зiргi көзi тiрi ақындарының iшiнде Қадырдан үйренбе­генi, Қадырдан үлгi алмағаны жоқ. Қадырдың ақын құр­дастары мен ақын iнi-қарындастарын айтпағанның өзiнде, одан жасы үл­кен ағаларының да үйрен­гендерi болды. Қадыр Мырза-Әлi қазақ әдебие­тiндегi құбылыс ре­тiнде де зерттелдi. Қадырдың ақындық мектебi туралы да аз айтылған жоқ.
Уай, замандас!
Бүгiн саған
Ашылдым.
Ойдағымды
Келмес ендi
Жасырғым.
Ойыншығымыз
Мойнымыздан
Қылғынтқан
Мен де,
Сен де
Қиянатшыл
Ғасырдың.
Бүгiн футболдан Катарда өтiп жатқан Азия кубогының финалына шыққан командалар анықталады. Ширек финалдан сүрiнбей өткен Өзбекстан құрамасы мен Австралия футболшыларының жартылай финалда жолдары түйiстi. Сондай-ақ Азияның үш дүркiн чемпионы Жапония мен екi дүркiн құрлық жеңiмпазы Оңтүстiк Корея да өзара финалдық кезеңнiң жолдамасын сарапқа салады. А тобында аты озған Өзбекстан құрамасы ширек финалда Иордания футболшыларымен кездестi. В тобында жапон футболшыларымен бiрдей ұпай жинаған Иордания құрамасы доп айырмасы бойынша өз тобында екiншi орын алған-ды.
Шаңғы жарысы
Алексей Полторанин (ШҚО);
Николай Чеботько (Ақмола обл);
Сергей Черепанов (ШҚО);
Евгений Величко (Ақмола обл);
Евгений Кошевой (Ақмола обл);
Геннадий Матвиенко (ШҚО);

Кеше Австралияның ашық бiрiншiлiгiнiң ширек финалына шыққан теннисшiлердiң есiмi белгiлi болды. Ерлер арасындағы сайыста әлемнiң төртiншi ракеткасы, швед Робин Содерлинг украиналық Александр Долгополовтан ұтылып қалып, үздiк сегiздiктiң қатарына қосыла алмады. Дүниежүзiлiк рейтинг бойынша 46-орында тұрған украин жiгiтi швед теннисшiсiн бес кезеңде тiзе бүктiрдi. А.Долгополов ендi ширек финалда ағылшын Энди Марреймен күш сынасады. Ширек финалға сондай-ақ, Роже Федерер (Швейцария), Томаш Бердых (Чехия), Новак Джокович (Сербия), Станислас Вавринка (Швейцария), Давид Ферер (Испания), Рафаэль Надаль (Испания) шықты.