1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15569) 27 қаңтар, бейсенбі 2011
“Жас Алаштың” жаңа жылдық алғашқы нөмiрiнде “Ойлан, қазақ!” деген айдар ашып, онда күннiң көзiн көлегейлеген iргедегi алып елден келетiн қауiптi сөз еткенбiз (“Қан шығармай қытайша бауыздау”, 11 қаңтар, 2011 жыл, №1) және қазақ үшiн, қазақ ұлтының болашағы үшiн аса маңызды бұл тақырыпты жалғастыруға уәде еттiк. Уәде бойынша ендiгi тақырып — Қытайдың экономикалық “құрсауы”. Қытай басшысы Ху Цзиньтао өткен аптада АҚШ-қа ресми сапармен барды. “Ху Цзиньтаоның бұл сапары — екi ел үшiн соңғы 30 жылдағы ең маңызды оқиға” деп баға бердi сарапшылар. Осы сапарында Ху Цзиньтао Барак Обамаға қарата: “Қытайдың бейбiт түрде дамуы әлем үшiн де, АҚШ үшiн де пайдалы болады”, — дедi жұмбақ жы­миып. Бұл не деген сөз? Бұл — “қытығымызға тие берме, баяғы әлжуаз Қытай жоқ қазiр, көкең­дi танытамыз!” дегендi диплома­тия­лық тiлмен жеткiзгенi.

Қаңтардың 24-i күнi Конс­титуциялық кеңес “Консти­туцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы” заңға шешiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кеттi. Демократиялық принциптер мен халықаралық ұйымдардың конвенцияларында көрсетiлген талапқа сай келмейтiн референдум өткiзу мәселесi қоғамда әлi қызу талқылануда. Алайда азаматтардың құқықтарын шектейдi деген пiкiрмен келiспеген президенттiң жақтастары дегендерiнен қайтар емес. Парламент депутаттары президенттiң қарсылығына қарамастан, өкiлеттiк мерзiмiн ұзарту үшiн Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi ұсынды.

Зейнеткер полковник, әскери дәрiгер Бақытсих Қаменов “Жас Алаш” редакциясына келiп, мынадай үндеу тастады. “Дипломмен – ауылға” бағдарламасын жандандыру үшiн өмiр тәжiрибесi бар кәсiби мамандар да алтын бесiк ауылға ат басын бұруы қажет. “Қазақ елi! Қадiрлi қазақ тiлдi қазақстандықтар! Абзал жанды дәрiгерлер, оқытушы және де басқа мамандық иелерi!” – деп бастапты үн­деуiн зейнеткер полковник. “... Көтергелi отырған мәселем “Дипломмен – ауылға” бағдарламасының жарасымды жалғасы болмақ...
ЕЛ ЕНДI НЕ БОЛАТЫНЫН КҮТIП ОТЫР
Оңтүстiктiң полициясы қашанғы отпен ойнайды?” деген көлемдi мақала жарияланып (“Жас Алаш” газетi, 14 қазан 2010 жыл), оқырман ортасында көптеген пiкiрталас туындағанына да үш айдан асып үлгерiптi. Сол жолы отты тұтатқан қылмыскер қаншалықты әдiл жазаланатынын назарда ұстап, бұл тақырыпқа тағы да ораламыз деп оқырман алдында уәде бергенбiз. “Бiр әзiрбайжан азаматының екi қазақтың бiреуiн мылтықпен атып, екiншiсiн аяусыз ұрып-соққан соң орыс моласына апарып те­мiрмен бастырып кеткенi” жайлы ақпараттың кiм-кiмге болсын жайсыздау тиетiнiн жасырмай айтқанбыз.
Сейсенбi күнi Ресей президентi Дмитрий Медведев «Домодедово» халық­аралық әуежайындағы жа­рылысқа байланысты жиын өткiзiп, лаңкестiктi ұйымдастырған­дарды “жексұрындар”, “аз­ғын­дар” деп мәлiмдедi. Ресей­дiң федералдық қауiпсiздiк қызметiнiң басшыларына “қауiп төнiп тұрғанда жағаны кеңге салмаңдар” деп ескерттi. Жарылыс кезiнде жарақат алып, Склифосовский атын­дағы институтта емделiп жатқандардың хал-жағдайын сұрап келген Д.Медведев былай дедi: “Бұл жексұрын­дар мен азғындар не­ғұрлым көп адамды жарақаттау үшiн жарылғыштың iшiне темiр-терсек салған”. Сол күнi Медведев феде­рал­дық қауiпсiздiк қызметiнiң алқа отырысын өткiзiп, “чекистердi” бiраз тықсырып алды. — Ресей федерациясы­ның азамат­тары ФҚҚ-ның лаңкестiкпен күресте белсен­дiлiк танытқанын қалайды, — дедi Д.Медведев
Өмiрде үлкендi-кiшiлi кездейсоқ кездесулер адамдар арасында жиi болып жатады. Алайда санаңа сiлкiнiс жасап, көңiл төрiңде өшпестей орнығып қалатындары – саусақпен санарлық қана. Нағиман апа Мақатайкелiнiмен алғаш ұшырасқан сәтiмдi сондай айрықша кездейсоқтықтар қатарына жатқызар едiм. Дегенмен, адам тағдырында себепсiзден-себепсiз ешнәрсе болмайды дейдi. Бәлкiм, аса қамқор Алла-Тағала тарапынан бұл да маған көрсетiлген нығметтердiң бiрi болар... Сонымен... 1985 жылы Алматыдағы Балалар мен жасөспiрiм­дер театры ақиық ақын Мұқағали Ма­қа­таевтың шығармашылығы негi­зiнде “Дариға жүрек” ат­ты қойылымды сахналаған болатын. Алғашқы премьера күнi.

Саясаттан демалғысы келген “Әдiлет” партиясының бiрiншi орынбасары Серiк Әбдiрахманов кеше өзiнiң партиядан да кеткенiн айтты. Сәрсенбi күнi Алматыда өткен баспасөз мәслихатында “Әдiлет” партиясының төрағасы Мақсұт Нәрiкбаев С.Әбдiрах­мановтың партиядан кеткенiн растады. М.Нәрiкбаев орынбасарының ешқандай бас араздықпен немесе келiспеушiлiктен кетпегенiн қайталаумен болды. Сойыл соғудан алдына жан салмайтын саясаткердiң күтпеген жерден демалғысы келгенi несi? “Әдiлеттi” көрдiм, саясатты көрдiм, ендi демаламын”,– деген Әбдiрахманов алдағы референдумды “көргiсi” келмеген сияқты.

Бiреуi ғана қалды
Келмеске кеттi кешегi
Комсомол менен пионер.
Бүгiнде қалды бiреу-ақ,
Ол – коррупционер!
 
Бүгiнгi махаббат
– Мәңгiлiк жар боласың ба?
– Не хочу мәңгiлiк жар болуға,
БҮГIНГI ЗАМАННЫҢ ҚҰДАЙЫ КIМ?
Мәскеудiң «Домодедово» әуе­жайындағы жарылыстан 36 адам қаза болып, 350-ден астам адам жараланды. Бұлар – тiркелгендер, анықталғандар. Ал тiркелмей жүргендер қаншама?! «Домодедоводағы» жарылыстан ел азан-қазан боп, улап-шулап, бiрiн-бiрi iздеп, жоқтап, жамырап, жан-жаққа бытырап, әбiржiп, сасып-пысып, ең соңында естерiн жиып, қалаға қайтайын деп әуежайдың алдындағы тiзiлiп тұрған таксистерге келмей ме?! Сөйтсе, таксистер бағаны 20-25 есеге өсiрiп жiбе­рiптi. 1 мың рубль тұратын жерге – «20 мың рубль бересiң!» деп қасарысып көнбей қойыпты.

Алла тағала жаратқан құлын құр қалдырмай, оның бойына бiр қасиеттi қоса жаратады. Олар кейде кеш, кейде ерте ашылып жатады. Бiз кәсiби бiлiмi жоқ, бiрақ ән шығаратын адамдарды «әуесқой композитор» деп жатамыз. Жоқ, ол әуесқой емес. Ол, жаңағы айтқандай, бiр құдiреттiң күшiмен бойына қасиет дарыған адам. Осындай бiр адам бүгiнде бiздiң ортамызда жүр. Ол – Қарқаралы ауданындағы Қасым ауылының тұрғыны Мұрат Әлкешов ағамыз. Мұрат жоғары бiлiмдi, ұзақ жыл ұстаз болып қызмет iстеген. Бүгiнде жасы 72-ге келдi. Зейнеткер.

Менi оқушылар арасындағы әлiмжеттiк жасау, қорқытып-үркiтiп ақша сұрау не тартып алу, денеге ауыр жарақат салу, тонау, алдау-арбау, ұрлық жасау, көлiктi айдап кету, iшiмдiк iшу сияқты келеңсiз жайлардың көбейiп бара жатқаны қатты қорқытады. Халық көп жиналған жерлерде қайыр сұрап ақша жинайтындар да бар. Ал жасалып жатқан қылмысты кейбiр ата-аналар полицияға жауып, одан қалды оқу бөлiмдерiн кiнәлауы дұрыс емес. Барлық ауыртпалықты мектептiң мойнына артып қоюмен шектелетiн ата-аналар да жеткiлiктi. Менiңше, бұл дұрыс емес.

Қосаяқ деген атамыз шамамен 1700 жылдары туыпты. Атамыз өмiрге келгенде аяғының бас башпайы екеу екен, сөйтiп есiмiн Қосаяқ деп қойған. Атамыз бай болыпты. Малдарын бағатын жалшылары болған. Атамыздың жасы 50-ге келгенше ер баласы болмаған екен. Құдайға жалынып, перзент сұрап, Шопан ата әулиеге түнеп жатқанда, түс көредi. Түсiнде аттың әдемi ерi, қылыш және де ызыңдап ұшып жүрген шыбын көредi. Үйiне келiп, көрген түсiн бәйбiшесiне айтады. Көп ұзамай әйелi жүктi болып, әр жылда бiр ер баладан туады. Сөйтiп үш жылда Әлен, Шөмен, Шыбын деген балалары өмiрге келедi. Атамыз үшiншi баласына сол түсiнде көрген шыбынның атын қойыпты.
“Жас Алаш” газетiнде («Отбасы», №1, 11 қаңтар, 2011 жыл) жарияланған Мәдина С. есiмдi ханымның “Хиджаб – арабтың ұлттық киiмi” атты мақаласын оқығаннан кейiн мен де өз ойымды бiлдiрсем деп едiм. Хиджаб – арабтың ұлттық киiмi емес. Ол тек арабтың “орамал”, “орану” деген мағынаны бiлдiретiн сөзi. Яғни ол бiздiң күнделiктi тұрмыстағы пайдаланатын орамалдың арабша баламасы. Қазақ тiлiнде “жасыру, көрсетпеу, жамылғымен жабу, қол сұқтырмау” деген мағыналарды бiлдiредi. Және де хиджабты, яғни орамалды тек араб әйелдерi ғана емес, парсы, ауған, түрiк, қазақ, өзбек, қырғыз, тағы басқа елдердiң мұсылман әйелдерi де пайдаланады.
Көз, құлақ, мұрын, терi және iшкi қабылдау рецепторлары ар­қылы бiздiң миымыз 100 миллион ақпараттарды қабылдай алады екен.                                       
 ***
Кешкiлiк уақытқа қарағанда, адамдардың бойы таңертеңгiсiн ұзынырақ болады. Күнi бойы бел омыртқасына түсетiн салмақтан дене жиырылып, аз да болса қысқарады. Түнгi ұйқы уақытында адам денесi қайтадан созылып, қалпына келедi.

Әрине, барлық қызға күйе жағудан аулақпын. Десе де үйлесiмсiз киiнiп, дарақы сөйлеп, езулерiнен елiктiретiн күлкi емес, темекi талшығы табылып, Алла аманатқа берген денесiндегi құлақтан өзге кiндiк, мұрын, тiлiн бiрнеше рет тесiп, маржан тiстерiне өздерi сән санайтын жылтырақтарды жабыстырған “аруларды” көргенде, қатты қынжыласың. Мұндай бүгiнгi өскiн, болашақ анадан тараған бүлдiршiннiң ертеңiн елестетудiң өзi санаңа қорқыныш ұялатады. “Еңселi елдiң еркiн қарлығаштарының” ерлерiмен сыйла­суы­ның да жайы бөлек. Бiр-бiрiне ғашықтықты тiлсiз, iштей ұғынатын көрiнiстер – кешегi аңыз.

Үй болған соң аулаңда итiң болғаны жақсы. Сондықтан оны уақытында тамақтандырып тұрған дұрыс. Шынымды айтсам, ит асырамағаныма бiрнеше жыл болыпты. Асырағым келедi-ау, бiрақ өлiп қала беретiнi жаныма қатты батады. Осы жасыма дейiн 30 шақты ит асырадым. Олардың бәрiнiң өлiмi адам қолынан болды. Бiрi у берген, екiншiсi таспен ұрған... Жан-жан­уарға деген мейiрiмдiлiгi жоқ өте қатыгез адамдардың қолынан қаза бол­ғанына iшiм қайнайды. Мұндай адамдар жан-жануарлар түгiлi, адамды да аямайды. Олар жан-жануардың қарғысы, обалы жiбермей­тiнiн бiлмейтiн шығар.

Жексенбi күнi Астанада VII қысқы Азия ойындарының алауы тұтанады. Осыған байланысты осы аптаның басында ҚР президентi Н.Назарбаевтың қатысуымен Азия ойындарының дайындығы жөнiнде арнайы кеңес өттi. Бұл кеңесте елiмiздiң Туризм және спорт министрi Темiрхан Досмұхамбетов баяндама жасады. Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi Иманғали Тасмағамбетов пен Ахметжан Есiмов те ҚР президентi алдында есеп бердi. Басшылардың баяндауын­ша, дәл қазiр Қазақ елi қысқы Азия ойындарын өткiзуге жүз пайыз дайын отыр. Спорт министрiнiң айтуынша, Азия ойындарына қатысуға 27 елдiң спортшылары өтiнiш бiлдiрген.
“Қазақтың Ақселеуi” атанған белгiлi жазушы-журналист, ғалым, этно­граф, сазгер, сал-серi Ақ­селеу Сейдiмбектiң өмiрден өткенiне де жыл жарым болыпты. ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткерi, ғалым Ақселеу Сейдiм­бектiң соңында қалған мұралары мол-ақ. Бүгiнде Ақаңның атына мектеп, көше аты берiлдi. Жеке мұражайы ашылды, “Ақ­селеу оқу­лары” өткiзiлiп жатыр. Ақаңның көзi тiрi­сiнде сүйiп ойнаған ойын­дарының бiрi – бильярд едi. Қаламгердiң достары мен жанашырларының Ақаң көз жұмған соң оны еске алып өткiзген шаралары­ның бiрi осы бильярд жарысы болған. Таяуда осы дәстүрлi жарыс Астанада тағы да өттi.
“Металлург” (Новокузнецк) – “Барыс” (Астана) – 2:10 (Васильев, 19-минутта, Недорост, 55-минутта – Новотны, 8, 53-минуттарда, Худяков, 9-минутта, Старченко, 12, 57-минуттарда, Кашпар, 32, 33-минуттарда, Боченски, 42-минутта, Гаврилин, 47-минутта, Фадеев, 69-минутта;) Осы бiздiң “Барыстың” ойнын түсiну қиын. Кейде “Барыс” көш соңында сал­паңдап жүрген коман­далардан өз айдынында масқара боп жеңiлiп, “тыш­қаншылап” кетедi. Кейде топ бастап келе жатқан азулы қарсыластарын “қал­пақпен ұрып алып” айды аспанға шығарады. Мұндай мысалдарды көптеп кез­дестiруге болады
Футболдан Катарда өтiп жатқан Азия кубогы осы аптада мәресiне жетедi. Сейсенбi күнi жартылай финалға шыққан төрт ко­манданың арасында Азия кубогының финалына шық­қан қос команда анық­талды. Алғашқы жартылай финалдық кездесуде Оң­түстiк Корея мен Жапония құрамалары кездестi. Бұл ойында Күншығыс елi аяқдопшыларының мерейi үстем болды. Ойынның негiзгi уақыты 1:1 есебiмен тең аяқталды. Төрешi қосқан қосымша отыз минутта жапон футбол­шылары бiр доп соғып, алға шығып едi, алайда кәрiстер кездесудiң соңғы мину­тында таразы басын тең­естiрдi.