1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №8 (15570) 1 ақпан, сейсенбі 2011
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС «КӨЗСIЗ ЕРЛIК» ЖАСАДЫ
Сонымен, былтырғы жылдың аяғынан берi үлкен саяси дүрмекке айналған референдум мәселесiне бiржолата нүкте қойылды. Кеше Конституциялық кеңес президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкiлеттiк мерзiмiн референдум арқылы 2020 жылға дейiн ұзарту жөнiндегi түзетулер мен өзгерiстер Конституцияға сәйкес келмейдi деген шешiм шығарды. Сөйтiп, Конституциялық кеңес Қазақстан парламентi 14 қаңтар күнi қабылдаған «Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңды Ата заңға қайшы деп таныды.
Қаңтардың 29-ы күнi Алматыда “Жаңа Қазақстан 2020” тақырыбымен демократиялық форум өттi. “Азат” ЖСДП мен “Халық билiгi” саяси блогының басын қосқан бұл форумға елiмiздiң аймақтарынан делегаттар шақырылды. Сонымен қатар жиынға қоғам қайраткерлерi, саясаткерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi қатысты. Алғашқылардың бiрi болып сөз алған “Азат” ЖСДП-ның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай жиналғандарға бүгiнгi талқыланатын мәселелер туралы хабарлап өттi. Ж.Тұяқбай қазiргi қоғамда орын алған саяси жағдайға талдау жасады. Қоғамда қызу талқыға түскен референдум мәселесiне қатысты “Азат” ЖСДП-ның тең төрағасы
Билiктiң бiр адамға шектеусiз берiлуiнiң соңы неге апарып соғатынын алыс-жақын шетелде болып жатқан оқиғалар көрсетiп жатыр. Осыған дейiн 20-30 жыл бойы елдi басқарған басшыларын тағынан аударып қана қоймай бой тасалап қашуға мәжбүр еткен Тунистегi жағдай ендi Египетте орын алды. Қаңтардың 29-ында халқына теледидар арқылы ойын жеткiзген Египеттiң басшысы Хосни Мүбәрак жақын уақыттарда елде саяси өзгерiстер болатынына сендiрiп бақты. Наразылық танытушылардың талабын үкiметтi таратумен алдарқатпақ болған Хосни Мүбәрактың ойы бұл жолы жүзеге аспады. Естерiңiзге сала кетсек, осыған дейiн мемлекеттi 20 жыл бойы басқарған Тунис президентi Әлидi халқы тақтан тайдырып

Қаңтардың 28-i күнi Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы кезектi жолдауын жасады. Бұл жолғы жолдаудың бұған дейiнгiлерден өзгеше екенi «әп» дегенде-ақ сезiлген. Мәжiлiс пен сенат депутаттары бар сән-салтанатымен келдi. Әсiресе, әйелдер жағы. Өйтетiндей де бар. Президенттiң өкiлеттiгiн 2020 жылға дейiн ұзарту, референдум — басты мәселе. Президент қызметiнде қалса, жоқ дегенде тағы он жыл жалғанды жалпағынан басады. Шен-шекпендiлер президенттiң «иә» деген жауабын мөлие күткенiмен, Н.Назарбаев тағы да күлбiлтелеп қойды.

ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевқа ашық хат
Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы! Маңғыстау облысының ҰҚК мен IIД-нiң погон таққан кейбiр қызметкерлерi қанiшерлермен бiрiге отырып, 24 жастағы үйленбеген жалғыз ұлымды жауыздықпен өлтiрдi. Оларға жергiлiктi Iшкi iстер департаментiнiң толықтай тосқауыл қояр түрi жоқ. Бар үмiтiм тек қана өзiңiзде. Мен – көп жылдар бойы құ­қық қорғау саласында абыройлы қызметтер атқарған отставкадағы подполковникпiн. Қазiргi таңда мемлекеттiк қызметте болмасам да, ұзақ жылдардан бергi тәжiри­бем бойынша құқықтары аяқасты таптал­ған азаматтарға адвокат бола жүрiп, көмегiмдi көрсетiп келемiн.

«Бiздiң ауыл — жердiң түбiнде. Бiздiң ауылдың ар жағында жер де, ел де жоқ болуы мүмкiн», – дейдi Жүрсiн Ерман «Алматы мен Қоскөлдiң арасында» атты эссесiнде. Бiздiң бәрiмiз де өркениеттен өте алыс қазақ ауылында туып, өстiк. Ауыл — бiздiң Алаштың ғана емес, адамзат жырының алтын арнасы. Сергей Есениннiң күллi өлеңдерi қалың орыс орманының ақ қайыңдарынан тамыр тартады. Одан кейiн туған Рубцовтың да музасы — орыс деревнясы. Бiздiң Қасым: «Шықшы тауға, қарашы кең далама» деген! Бiреуi — Атырау, бiреуi — Алатау, ендi бiрi — Алтайдан шыққан Фариза, Сәкен (Иманасов) сынды аға-әпкем, Ұлықбек бауырларымды айтпағанда...

Өткен ғасырдың 60-жылдарында, байтақ елдiң бейбiт өмiрi кезiнде Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы Ж.Тәшенев жалғыз өзi Орталықтың қыспағына төтеп берiп, Сарыарқаның бес облысының аумағын Ресейге бергiзуден аман сақтап қалды. Ж.Тәшеневтiң арқасында Қазақстанның құрамында қалған жер мөлшерi 565,4 мың шаршы шақырым немесе қазiргi Қазақстан Республикасы аумағының бестен бiр бөлiгi. Егер сол кезде Жұмабек Ахметұлы Орталықтың айт­қанынан шықпай, көршi республикаға аталған бес облысты бере салғанда, Ресей Федерациясының құрамына қарапайым есеппен 3,7 миллион адам (1999 жылғы халық санағы бойынша) кетiп қалар едi.

ГРУЗИЯНЫҢ МЕЙРАМХАНАЛАРЫНДА ОРЫС ӘНI АЙТЫЛМАЙТЫН БОЛДЫ
Грузияның Қаржы министрлiгiнiң шенеунiктерi елдегi iрi мейрамханалардың директорларын жинап алып, оларға былай деп ауызша нұсқау бердi: «Бұдан былай өз мейрамханаларыңызда орысша ән айтылмайтын болсын! Егер айтылса, 500 лари (227 доллар) көлемiнде айыппұл салынады». Осы мәселе Грузияның баспасөзiнде қызу талқыланды. Қолдағандар да, қарсы болғандар да аз болған жоқ. АҚШ-тың ғалымдары мынадай тәжiрибе жасады. Әйел-еркегi аралас 400 адамды отырғызып, оларға теледидардан жаңалық тыңдатқан. Аса әдемi, өте сұлу 24 жастағы тележүргiзушi жаңалықты айтып шыққан кезде

Махаббаттың да оппози­ция­сы болады екен, махаббат та гүл сияқты, су бермесең, кә­дiмгiдей солады екен. Елi­мiздiң кәрi қыздары қолдарына: «Кәрi қыздарға үкiмет тарапынан қамқорлық жасалсын!», «Махаббатқа жәрдемақы берiлсiн!», «Шетел махаббатына жол жоқ!», «Валентина күнi жойылсын!» деген плакаттар мен ұрандар көте­рiп, суық пәтерде күйбең күн кешiп жатқандары күрк-күрк жөтелiп, Астанадағы кең көшелерде шеру өткiзiп, үкiмет үйi­нiң алдына жиналды. Премьер-министр бұрын-соңды көрмеген махаббат «көтерiлiсiн» көрiп (өзi iштей осылай бағалады), мұрты жыбырлап, бiртүрлi қиналды...

«Жұрттың бәрi ән шығарып жатыр ғой, мен де ән шығарайын, сөйтiп елге танымал болайын!» – деп ойлаған өрт сөндi­рушi консерваторияның композиторлық факуль­тетiне оқуға түспекке бел буа­ды. Мұндағылар:
– Сiз бiзге ең әуелi рояль мен скрипканың айырмашылығын айтып берiңiзшi, – дейдi.
– Бұлардың айырмашылығы – жер мен көктей, – дейдi өрт сөндiрушi, – Скрипка лап етiп тез жанады, ал рояль бықсып, ұзақ жанады.
– Ойбай, менi қамаңдар! – дейдi бiр егде кiсi милицияға келiп.
О, ақша, сен болмасаң,
Өлер ем,
Өзiмдi-өзiм қара жерге
Көмер ем...
Жұмысқа кiру үшiн – ақша,
Бiрдеңенi бiлу үшiн – ақша...
Терлеп-тепшiп Мұхтар Әуезовтiң «Абай жолымен» жаяулатып келе жатқанмын. Алдымнан Сәбит Мұхановтың «Ботагөзi» кездесiп қалды. Бұтында джинси, аузында темекi. Кiндiгi көрiнiп тұр. Бiртүрлi жақтырмадым, жанынан жым-жырт өте бердiм де, Әзiлхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдарын» бастағым келiп кеттi. Әлде Сәкен Жүнiсовтiң «Ақан серiсi» болайын ба? Темекiсiн тастаса, жақсы қыз болар деген оймен:
– Сайын Мұратбековтiң «Менiң қарындасымы», қайдан келесiз? – деп сұрадым.
– Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекетiнен»,– дедi қыз темекiсiн лақтырып жiберiп.
Иә, көптен күткен қысқы Азиада ойындарының да алауы жанды. Жексенбi күнi Астананың “Астана-Арена” стадионында сары құрлық додасының шырағын жаққан спортшылар ендi осы аптаның соңына дейiн спорттың он бiр түрiнен сайысқа түседi. Азия ойындарының алауы тұтануға бiр күн қалғанда Астанаға Азиа­даның алауын әкелдi. Яғни, 11 қаңтарда Кувейт жерiнен келген Азиа­да алауы содан берi елiмiздiң түкпiр-түкпiрiн аралап шықты. Биыл Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет болған алау эстафетасына мыңнан аса адам қатысты. Астанадағы алау эстафетасы өзгеше өттi. Алдымен 29 қаңтарда Астанаға алау келдi. Қарағандыдан.
Қазақстан құрамасының спортшылары кеше басталған жарыс күнiнде жүлделердi күреп алды. Түске дейiн бiздiң спортшылар ел қоржынына он алты медаль салды. Оның алтауы – алтын медаль! Төрт медаль – күмiс, тағы бесеуi – қола медальдар. Азия ойындарының алғашқы медалi Қазақстан спортшыларына бұйырды. Спорттық бағдарлау сайысында Ольга Новикова белгiленген меженi 13 минут 4,7 секундта бағындырып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салды. Ольгамен жарыс жолына шыққан Евгения Кузьмина қоланы қанағат тұтты. Iле-шала дәл осы спорт түрiнен додаға қосылған қазақстандық спортшылар жанкүйерлерiн тағы бiр мәрте қуантты.
Қоржыны құпияға толы “Викиликстiң” бұл жолғы “кейiпкерi” — Тәжiкстан президентi Эмомали Рахмонов.
“Ресей генералдары есiрткi сату арқылы әбден байып алған, олар ұйымдасқан қылмыстық топ ретiнде жұмыс iстеген. Басты мақсаты — бұрынғы кеңес одағының құрамындағы Тәжiкстанды әлжуаз, шалажансар күйде ұстау”.
Мұндай пiкiрдi 2005 жылы Тәжiкстан президентi Эмомали Рахмонов АҚШ дипломаттарына айтқан. Бұл туралы “Викиликспен” бiрiккен жобаны iске асырған “Новая газета” егжей-тегжейлi жазды.