1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №9 (15571) 3 ақпан, бейсенбі 2011
БҰҒАН БОЛА ЕЛ IШIНДЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА, ЖАРАСЫМДЫЛЫҚҚА ЗИЯН КЕЛIП ЖАТҚАН ЖОҚ
30 қаңтар күнi Өзбекстан Республикасының президентi Ислам Каримов 73 жасқа толды. 1989 жылы Өзбекстан Компартиясы орталық комитетiнiң бiрiншi хатшысы ретiнде басшылық қызметке келген ол 22 жылдан берi тақтан түскен жоқ. Ресми Ташкенттiң және мемлекеттiк басылымдардың тiлiмен айтсақ, Каримов дәуiрiнде Өзбекстанның “саяси-әлеуметтiк, экономикалық ахуалы елеулi дәрежеде өскен”. Ал халықаралық тәуелсiз сарапшылар мен ақпарат құралдарының жазуынша, керiсiнше құлдырап барады. Әсiресе, адам құқықтары бұзылып, сөз еркiндiгi шектелуде.

Қазақ қоғамын үш айға жуық дүрлiктiрген референдум тақырыбына нүкте қойылды. Бiрақ көп нүкте. Конституциялық кеңестiң референдумға байланысты шығарған шешiмiмен «келiсе» отырып, Н.Назар­баев мерзiмiнен бұрын президенттiк сайлау өткiзудi ұсынды. Билiк құзiретiне қатысты ұсыныстардың елеусiз қалмайтынын бұрыннан бiлетiнбiз. Халықтың тұрмыс-тiршiлiгiне қатысты жұмыстарды орындауға келгенде депутаттар енжар болғанымен, президент­тiкке байланысты бұл ұсынысты айналасы 7 минут iшiнде қабылдап жiбердi. Неткен шапшаңдық! Қазақстандағы осы қызықты саяси оқиғаларға сараптама жасаушылар да көп.

БҰЛ ҚАЙ САЙЛАУ: “МЕРЗIМIНЕН БҰРЫН” БА, ӘЛДЕ “КЕЗЕКТЕН ТЫС” ПА?
Ресейдiң тұңғыш президентi Борис Ельциннiң 80 жылдық мерейтойына байланысты орыстар оның аруағын бiрнеше күннен берi ұлықтап жатыр. Туған жерi Екатеринбургке ақ мәрмәрден үлкен ескерткiш қойды. Ескерткiштiң ашылуына Ресей президентi Дмитрий Медведев келдi. “Ол өте батыл адам едi. Оның батылдығы мен мiнезiнiң арқасында ғана бiз аса қиын уақыттарды артқа тастадық. Борис Ельцин Ресейдiң мемлекеттiгiнiң iргетасын қалады”, — дедi Дмитрий Медведев.

Соңғы кездерi Қазақстанға назары ауған ресейлiк және Батыс басылымдары Қазақстан прези­дентi Нұрсұлтан Назарбаевтың референдумнан бас тартып, мер­зi­мiнен бұрын сайлау жариялағанын сан-саққа жүгiртiп жатыр. The Telegraph басылымы «Қазақ президентi мерзiмiнен бұрын сайлау өткiзбек» мақаласында Конституциялық кеңестiң «референдум елдiң негiзгi заңына қайшы» деген шешiмiнен соң Назарбаев күтпеген жерден мерзiмiнен бұрын сайлау жариялағанын жазады. Сараптама авторы Ричард Орэндж референдум идеясын АҚШ, Еуроодақ пен бiрқатар демократиялық ұйымдар сынға алғанын еске салады.

ХРАПУНОВ ШЕТЕЛГЕ ҚАШТЫ, РЯБЦЕВ ТҮРМЕДЕ ЖАТЫР
Соңғы жылдары “Құрметтi азаматтық” атағының құны жоқ болып барады. Қайдан құны болсын? Мәртебесi биiк болуы тиiс “Құрметтi азаматтықты” атқамiнерлер құдалықтың кезiндегi бiрiнен-бiрiне ауысып жүретiн арзан киiт сияқты құнсыздандырып жiбердi. Ауданға, қалаға қолында азды-көптi билiгi бар бiреу келе қалса, оның бұл өңiрге қандай қатысы бар екендiгi, нендей еңбек сiңiргендiгi ешбiр тал­қыланбай-ақ оған “Құрметтi азамат” атағын ұсыну әдетке айналғалы қаш-а-ан. Мәселен, Мақтаарал ауданының “Құрметтi азаматы” атанған Ауыл шар­уашылығы министрлiгi су ресурстары комитетiнiң бұрынғы төрағасы
Атыраулық аналарды соңғы кезде облыс­та жаңа туған жас нәрестелердiң арасындағы түрлi патологиялық аурулардың жиiлегенi алаңдатады. Олардың кейбiрi бұған жас нәрестелерге салынатын екпе­лердiң әсерi болуы мүмкiн деп күдiктенедi. Бiрақ облыстық перзентхана дәргерлерi бұл болжаммен келiспейтiндерiн айтады. Атыраулық жас ана Әл­мира Сапарова өзiнiң жас сәбиiмен бiрге перзент­ханадан соң екi апта өте облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлiмiнен бiр-ақ шыққан. Ондағылар айға толмаған баланың миы­на қан құйылуын анықтаған. Бiрақ оның себебiн дөп басып айта алмаған.

Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданы, Қаракемер ауылы Құдайберген Орымбетов атындағы орта мектептегi былық-шылықтың бүге-шүгесiне дейiн жазғанбыз (“Зағипа – менiң құдашам, тiрегiм... Жыл­қыбеков деп сенiмдi түрде айта аламын”, “Жығыл­ған күреске тоймайды”, “Табанованың жүрегiмдi ауыртқаны-ай”, “Жас Алаш”. 2010 жыл. №72 , №80, №92). Мектеп директоры мен мұғалiмдер арасындағы кикiлжiңдi республика бойынша 17 ақпарат құралы көтергенiн, әйткенмен, Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов үн-түнсiз отырғанын тiлге тиек еткенбiз. Араға 2 ай салып, аталған министрлiктен мынадай жауап келдi.

“Даудың басы – Дайрабайдың ала өгiзi” демекшi, әкiмдiктiң айналасындағы дау-дамайдың барлығы тиын-тебеннен шығатын сияқты. Павлодар облысы, Баянауыл аудандық әкiмдiгiнiң жанындағы Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлiмiнiң бұрынғы бастығы Болатбек Нұрша атты азамат “заңсыз қуғындалуға түстiм, қызметiмнен қуылдым” деп ҚР Парламент мәжiлiсiнiң депутаты Бекболат Тiлеуханға шағымхат жолдаған екен. Бұл хаттың көшiрмесiн “Жас Алаш” газетiнiң осы өңiрдегi меншiктi тiлшiсi болғандықтан, бiзге де әкелiп тапсырды.

2009 жылғы бүкiлхалықтық санақта ауылдық жерде халықтың 45 пайызы тұратыны анықталды. Бұл, менiңше, қуанарлық жайт. Бiрақ ауылда халықты тығырықтан шығаратын реформа жүргiзiлген жоқ. Баяғы жартас сол жартас. Елдiң басым көпшiлiгi кедейшiлiкте өмiр сүруде. Екi қолға бiр күрек таба алмай сандалып жүрген жастар көп. Барлық билiк басындағы лауазым иелерi мен қалталы азаматтар қара халықтың арқасында үлде мен бүлдеге оранып отыр. Бiзде қарны тоқ азаматтар “қазақтар жалқау, жұмыс iстегiлерi келмейдi, бiреудiң отынын жарса да, не малын бақса да күн көруге болады ғой” деген уәж айтады. Шындығында олай емес.
Зейнеткер полковник, әскери дәрiгер Бақытсих Қаменовтiң “Дипломмен – ауылға” бағдарламасын жандандыру үшiн өмiр тәжiрибесi бар кәсiби мамандар да алтын бесiк ауылға ат басын бұруы қажет” деген үндеуiн жариялағанбыз (“Жас Алаш”. №7. 27 қаңтар, 2011 жыл). Онда әскери дәрiгер туған жерi Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына көшiп баруға буынып, түйiнiп, дайын отырғанын аңғартқан едiк. Iле-шала дәл осы аудан әкiмi Тимур Имашевтан редакцияға хат түстi.
Қазақ поэзиясының Хан Тәңiрiндей мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 80 жыл толды. Мұқағали дегенде iшкен асын жерге қойып, өлеңiмен бiрге тебiренiп кететiн өлеңсүйер қауым жылма-жыл ақиық ақынның 9 ақпан күнi туған күнiн дүркiретiп өткiзiп жатады. Өзiнiң көзi тiрiсiнде бiр рет те туған күнiн тойлай алмаған, жоқшылықтан қолы қысқа болған ақын күңiренiп отырып:
Бүгiн менiң туған күнiм. Ой, пәле-ай,
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Жақында “Жас Алашта” Оң­түстiк Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Рәшкүл Оспаналиеваның “Әмеңгерлiк пен көп әйел алу дәстүрiн жаңғырту қажет” деген мақаласы жарық көрдi. Автор қалың елi қазағын пiкiр айтуға шақырыпты. Рәшкүл айтқандай, менiң ойым тырнақ астынан кiр iздейтiн талайлардың көңiлiнен шыға қоймас. Сонда да ойымды ортаға салуға бекiндiм. Мен Рәшкүл қарындасымның ұсынысына толық қосыламын. Жасым жетпiстен асқанда қосақтап әйел алуды мақсат еткен­дiктен емес, 250 мың қызымның “ана” деген ардақты атқа ие бола алмай жүргенiне жаным ашығандықтан қазағымның сан жағынан басқа ұлттардан кем болғаны жiгерiмдi жегi құрттай жеген соң құптадым.
“Жас Алаш” газетiнiң 13 қаңтарда (№12) жарық көрген  Әдiбаевтың “Баласын жақсы көрмейтiн адам жоқ” деген мақаласын оқығаннан кейiн ойымды бiлдiргiм келдi.  Жалпы, оқу жолындағы балаларға көп нәрсе керек. Төменгi сыныптарда олар еш­теңенi байқамайды, айтқанды орындайды, ал үлкейген сайын олардың өз ойлары, мақсаттары, талап-тiлектерi көбейе бередi. Олардан бiздер тек қана оқуды талап етемiз. Олардың әрбiр сынып сайын ойлары да, бойлары да өсiп, өзгерiп, ұлғайып отырады. Көпбалалы отбасыларында жаңа киiмдi үлкенi киiп, ескiрсе кiшiлерi киiп күнелте бередi. Бұл амал 8-сыныпқа дейiн жүруi мүмкiн.

2007 жылдың 1 сәуiрiндегi Қазақстан Республикасының “Ойын бизнесi туралы” заңы ойын­ханалар мен ойын автоматтарының жұмысына тыйым салған болатын. Бiрақ жасырын жұмыс iстеп жатқан ойынханалар жетерлiк. Ойын автоматтары дүкен, кафе бұрыштарында “еңсесiн биiк ұстап”, қасқайып тұр. Құмар ойынға белдi бекем буып, бiлек сыбана кiрiскен жандар қатары көбеймесе, азаймайтын сыңайлы. Бiр айда еңбектенiп тапқан ақшасын бiр сағатқа жетер-жетпес уақыт iшiнде ойын автоматына “сыйлап” үлгерген танысым аса қатты өкiне қоймады. Ендi бұл пәленiң жанына жоламаймын демедi де. “Жолым болады” деп өзiн емес, менi жұбатқандай.

Адам айтам деп айтпайды екен ғой. Iшiңдегi нала, ыза тiлiңнiң ұшына жиналып, тастүйiн боп тұрып алғаннан кейiн ерiксiз сыртқа шығарады екенсiң. Қадыр Мырза-Әлi кiм едi? Әрбiр мемлекеттi ұстап тұратын рухани ұстындар мен рухани тiреулер болады. Бұл ұстындар мен тiреулер құласа, мемлекет те жалп етiп құлап қалады. Қазақ мемлекетi мен мемлекеттiгiн көтерiп тұрған көп тiреудiң бiрi – Қадыр Мырза-Әлi едi десек, қателесе қоймаспыз деп ойлаймын.
Қадыр Мырза-Әлi секiлдi рухани тiреулер мен рухани ұстындар – елдiң ырысы, халықтың құты. Егер бұлар болмаса, ұлт азғындайды. Азғындаған ұлт кiм көрiнгеннiң жемi болып, тозғындап, құрып бiтедi...

...Зейнетақы 24 мың теңгеге көтерiлгенiмен азық-түлiк қымбаттап кеттi. Мысалы, 1 келi картоп 140-150 теңге. Алыстағы елдiмекендерде бұдан да қымбат. Мейлi, бiзге салса Н.Назарбаев ХХI ғасырдың аяғына дейiн ел басқарсын. Бiрақ елiмiздегi мұнай-газдың, қазба байлығымыздың қаржысын халықтан аямасын. Серiкболсын Әбдiлдин айтқандай, қазiргi жағдайда халық алтынға шомылып отыруы керек. Теледидарды тыңдасақ, қай салада болмасын “қарыштап алға басып бара жатырмыз” дейдi. Қарыштап алға басып бара жатсақ, бiздiң билiк басындағылар неге өз елiмiзде емделмейдi?

Патшалық Ресейдiң генерал-губернаторы Герасим Колпаковскийге 2007 жылы Ұзынағашта (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) ескерткiш орнатылғанда, қазақ зиялылары қатты күйзелдi. Күйзелмей қайтсiн, Г.Колпаковскийге Қазақстанда ескерткiш орнату дегенiмiз – патшалық Ресейдiң отаршылдық саясатын ақтап шығу, ақтап алу деген сөз. Яки, Ресейдiң бiр кездерi Қазақстанды отарлауын, Қазақстанға құлдық қамытын кигiзуiн «Бұл – өте жақсы нәрсе, прогресшiл әрекет» деп бағалағанмен бiрдей. Г.Колпаковскийге Ұзынағашта ескерткiш орнатқанымыз өте ұятты iс болды. Бұл – бiздiң бетiмiзге басылған қара таңба!

Асыл топырақтан жаратылған адам баласы үшiн ең қымбат нәрсе не? Адам жанының, тәнiнiң, рухының сау-саламатта болуы. Қазақ халқының дүниетанымында бұл тарапта сан қилы түсiнiктер мен жүйелi пайымдаулар кездеседi.
Фәни философияда “тылсым дүние”, “тылсым адам”, “тылсым құбылыс” деген түсiнiктер бар. Қорқыт, Арыстан-баб, Укаша ата, Қожа Ахмет Яссауи, Өтейбойдақ, Асан Қайғы, Марал Ишан, Жалаңаш Әулие, Бекет ата, Мәшһүр Жүсiп секiлдi тылсым қасиет иелерiн халық “әулие” деп атайды. Дiни наным бойынша, әулие дегенiмiз – тiрiлердiң тағдырына ықпал жасай алатын қасиеттi, киелi адамдар.
Бүгiн – Астана мен Алматы қалаларында өтiп жатқан қысқы Азия ойындарының төртiншi жарыс күнi. Кеше кешке дейiн елiмiздiң спортшылары Қазақстан құрамасының қоржынына 13 алтын, 13 күмiс, 11 қола медаль салып, жалпыкомандалық есепте бiрiншi орында келедi. Сейсенбi күнi Қазақстан құрамасының хоккейшiлерi Азия ойындарындағы алғашқы ойындарын өткiздi. Қытай құрамасымен болған тұсаукесер кездесуде елiмiздiң хоккейшiлерi қарсыластарын 14:1 есебiмен ойсырата жеңдi. Андрей Хомутов баптайтын Қазақстан құрамасының алдына қойған мақсаты – бас жүлде алу.
БАСШЫЛАРДЫҢ БЕРГЕН БАҒАСЫ ЖАҚСЫ
Азия Олимпиадалық Кеңе­сiнiң басшысы Шейх Ахмад әл-Фахад әл Сабах қысқы ойындардың ашылу салтанатының ертеңiнде Астанада журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткiздi. Алдымен АОК басшысы Азия ойындарына арналған баспасөз орталығын аралап шықты. Одан кейiн ашылу салтанатына байланысты өз ойын бiлдiрдi: “Кешегi өткен ашылу салтанатына менiң көңiлiм толды. Өте жақсы әсер алдым. Сiздер ашылу салтанатын сөз жоқ, керемет өткiздiңiздер. Болашақта қазақ елi Олимпиада ойындарын өз елiнде өткiзiп жатса, мен оған таңғалмаймын”.

Футболдан Қазақстан құрамасының футболшылары 1 ақпанда оқу-жаттығу жиындарына аттанды. Түркияда бiр апта жаттығу жұмыстарын жүргiзетiн елiмiздiң футболшыларын бұл жиынға чех бапкерi Мирослав Беранек (суретте) алып кеттi. Қазақстан футбол қауымдастығының басшылары М.Беранектi осы аптаның басында Қазақстан құрамасының бас бапкерi етiп тағайындады. Елiмiздiң футбол басшыларының бас бапкерге қойып отырған талабы мынадай: Қазақстан құрамасы 2012 жылғы Еуропа бiрiн­шiлiгiнiң iрiктеу ойындарында кем дегенде бесiншi орынға табан тiреуi тиiс. Ол үшiн Қазақстан футболшылары Әзiрбайжан футболшыларының алдына түсуi керек.

Атамұра өнерiмiз – ақындар айтысының жанашыры, Қазақстанға еңбек сiңiрген қайраткер, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екi мәрте лау­реаты, ақын Жүрсiн Ерманов 60 жасқа толды. Осыған орай, 12 ақпан күнi Алматыдағы Ғ.Мүсi­реп атындағы Жастар теа­трында «Жүрсiннiң жүйрiктерi» атты айтыс-думан өтедi. Қатысатындар: Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Бекарыс Шойбеков, Айнұр Тұр­сынбаева, Балғынбек Имашев, Маржан Есжанова, Ринат Зайытов, Сара Тоқтамысова, Ба­уыржан Халиолла, Айтбай Жұмағұлов, Дидар Қамиев, Жандарбек Бұлғақов, Әлi­бек Серғалиев және өзге де өнерпаздар.