1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (15572) 8 ақпан, сейсенбі 2011
Бiр қарасаңыз, Мұқағали Мақатаевты еске алу мәселесiнде ешқандай мiн жоқ сияқты. Бiрақ... Ендi осы жерде мына бiр жайтқа назар аудара кеткен орынды сияқты. Осы бiз ұлы тұлғаларымызды не үшiн еске аламыз? Неге оларды жиi еске түсiрiп отырамыз? Еске алғандағы мақсатымыз не? Бiз Мұқағали Мақатаевтың рухын ойымызға да, бойымызға да сiңiруiмiз керек. Кейiнгi ұрпақ та Мұқағали Мақатаевтың рухын ойына да, бойына да сiңiрiп өсуi керек. Еске алудың (мерейтойдың, еске алу кештерiнiң, түрлi жиын-шаралардың және т.т.) басты мақсаты да – осы!

Мұқағалитанудың ғылыми-танымдық зерттеу, зерделеу дәстүрiнiң қалыптаса бастағанына көп уақыт өткен жоқ. Оның өмiрiне, шығармашылығына қатысты деректердi нақтылау, толықтыру, талдау жұмыс­тары жүрiп жатыр. Газетiмiздiң өткен жылғы 16 желтоқсандағы санында «Райымбек, Райымбек!» поэмасы. Оның «Лениншiл жаста» («Жас Алаш») жарық көруiнiң тарихы» атты мақала жарияланды. Онда Жанболат Әлиханұлы жастар газетiнде қызмет атқарған жылдарында өзi куәсi болған оқиғаны – поэманың тұңғыш рет жарыққа шығуына редактор Сейдахмет Бердiқұловтың ерлiкке тең батылдығы себеп болғаны туралы баяндап берген едi.

ПРЕЗИДЕНТТIКТЕН ҮМIТКЕРЛЕРДIҢ КЕЙБIРI БОЙКОТТАН ДА БАС ТАРТПАЙДЫ
Айналасы екi-үш айдың iшiнде жұртты сарсаңға салған саяси ойындардың түрлерi күн өткен сайын күрделенiп келедi. Бұлай дейтiнiмiз, референдумды сайлаумен алмастырған президент қарсыластарына уақыт жағынан мүмкiндiк бермей, президенттiк сайлауды екi айдан кейiн, яғни осы жылдың 3 сәуiрiнде өткiзу туралы заңға қол қойды. Келесi жылғы сайлауға дейiн қандай асығыстықтың түрткiлегенiн кiм бiлсiн, әйтеуiр Н.Назарбаев барлығының жедел орындалғанын қа¬лап отыр.

Былтырдан берi жұрт аузынан түспеген референдум тақырыбы ендi мерзiмiнен бұрын сайлауға ауысты. Десек те сайлау мен референдум – әншейiн инструменттер ғана. Өйткенi Н.Назарбаев екi жағдайда да ұтылмай, өзiнiң көздеген мақсатына жетпек. Алайда қазiргi кезде елдi сайлау емес, Назарбаев билiктен қалай кетедi, билiктiң мұрагерлiкпен ауысу жолы қандай болмақ және Назарбаевтан кейiнгi Қазақстан қандай күй кешедi деген мәселелер қызықтыруы тиiс. Белгiлi саясаттанушы, Тәуекелдердi бағалау тобының жетекшiсi Досым СӘТБАЕВтың пiкiрi осыған саяды.

ПРЕЗИДЕНТ ПЕН ҮКIМЕТКЕ БАҒЫНЫШТЫ ПАРЛАМЕНТТI ТАРАТУ КЕРЕК!
Қазақстан парламентiнiң депутаттары туралы том-том қағытпалар жазуға болатын шығар, сiрә. Халықтың әлеуметтiк проблемалары туралы ұсыныстар айтуға келгенде үндерi әрең шығатын депутаттар президентке қатысты кез келген “тауыңызды қопарып” тастауға дайын-ақ. Мұндай парламент керек пе? Осы ретте бұрынғы Мәжiлiс депутаты, қазiргi “Азат” ЖСДП-ның төралқа мүшесi Болат Әбiшевтi әңгiмеге тартуды жөн көрдiк.
Жұма күнi “Аман-саулық” қоғамдық қоры жиналыс ашып, жыл сайын қыршынынан қиылған жастардың қатары нелiктен көбейiп бара жатқанын талқылады. Жеткiншектердi өлiмге не итермелеуде? Мәселенiң мәнiсi неде? Жиналған мамандар осы және басқа сауалдарға жауап iздедi. ...Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданында 10-сынып оқушысы 3 мың теңге қарызын өтей алмағаны үшiн, өзiне-өзi қол жұмсады... ...Алматы қаласында тұрмысы нашар отбасынан шыққан оқушы қыз 200 теңге тұратын оқулыққа ақша таба алмағанын сыныптастарының алдында сөз еткен мұғалiмiне өкпелеп, сiрке суын iшiп, қаза тапты...
Араб елдерiнiң бiрқатарын бүйiрден талдыра соққан бүлiктiң демi Орталық Азия елдерiн де шарпи бастағандай. Әзiрбайжан оппозициясы билiктен парламент сайлауын мерзiмiнен бұрын өткiзудi талап етуде. Өйтпесе, саяси жағдай Египет пен Тунистегiдей шие­ленiсiп кетуi мүмкiн екенiн ескерттi. Бакудың достық саябағындағы Құсни Мүбәрактың ескерткiшiн полиция күзетiп тұр бүгiнгi күнi. Бiреу-мiреу қиратып кетпесiн деп. Оппозициялық “Мусават” партиясының жетекшiсi Иса Гамбар ескерткiштерiн өзге елдердiң астаналарына қойғызудың авторитарлық елдердiң басшыларына тән әдет екенiн айтты.
Жамбыл облысының Қордай ауданында Кенен Әзiрбаев атындағы ауыл бар. Қазақтың ән өнерiнiң дәнi себiлген ауыл бұл. Арғы тарих­қа бармай-ақ қояйық, бүгiнгi эстрадада Кенен ауылынан шыққан қадау-қадау әншiлер жүр. Саят Медеуов, Айгүл Иманбаева, Мақсат Базарбаев... Бұлардың бәрi де өнерде өз орындарын тапқан талантты әншiлер. Бiр ауылдан бiр буындағы осындай талантты өнерпаздардың шығу себебiн жоғарыда айттық. Бұлар — Кенен атамыз iргетасын қалаған әншiлiк өнердiң мектебiнен сусындаған өнерпаздар. Кенен ауылының тумасы, талантты әншi Мақсат Базарбаевты “қолға түсiрiп”, едел-жедел бiрнеше сұрақ қойған едiк.
Шетел жұлдыздары туралы аңызға бергiсiз әңгiмелер мұхиттың арғы жағынан талып естiлiп жатады. “Әне бiр әншi гаухар тасы бар сақина сатып алыпты, пәленше миллион долларға...”, “анау әртiс бiрнеше мың долларға түскi ас iшiптi...”, “көйлегi жүздеген мың долларға бағаланады екен...”.  Бiздiң жұлдыздарымыз қалай жүрiп-тұрады? Айына қанша ақша жұмсайды? Қалай киiнедi? Ел аузында жүрген төрт әншiге телефон соғып, бiрер сұрақ қойған едiк. 1. Бiр айда қанша ақша жұмсайсыз? 2. Қай дүкеннен киiнесiз? 3. Сiз киiп жүрген киiмдi өзге жұрттың үстiнен көресiз бе?

Мағынасы мәнсiз болса да, “Денар” тобының “Қара көйлек” әнiн көптеген жастардың ұялы телефонынан кездестiретiн болдым. Бәлкiм, әдемi әуеннiң әсерi болар. Сорақысы сол, “Көйлегiм қара болса да, өзегiм қардай аппақ” (мұндай сөз тiркесiн бiрiншi рет естуiм), “Бiрақ кидiм қара көйлек, бiр нағыз крутой адамдай”, “Сүймесең проблема қанша, қош бол, бақытты бол жаным” дейдi денарлықтар. Бұл не сөз? Шалдыр-шатпақтан не түсiндiңiз? Мен ештеңе түсiне алмадым. “Денар” тобының жiгiттерi әр-әр жерден бастарын қылтитып, “Қара көйлектерiмен” мақтанып жүр. Құдды бiр басқа ән таппағандай. Мейлi, эстрадаға жаңадан қосылған жас әншiлер ғой, түзелiп кетер.

ҚОҢЫР ДАУЫСТЫ ӘНШI
Қоңыр үнi, қоңыр даусы жүрек түпкiрiндегi сырды қозғай түсетiн әншiлер жоқ емес бiздiң эстрадада. Сондай қоңыр үндi, қоңыр дауысты әншiлердiң бiрi — Мақпал Диханбаева. “Ауылым” , “Ғашық болдық бiз екеуiмiз” әндерi тыңдарман көңiлiнен шықты. Мақпал қазiр“ МузАРТ” продюсерлiк орталығында әндерiн өңдетiп, шығармашылығын шыңдап жүр. Мақпал жас та болса өнер жұлдыздарының қатарынан ойып орын алды. Ол – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң түлегi. Мамандығы тарих пәнiнiң мұғалiмi бола тұра, өмiрiн өнер жолымен ұштастыра бiлуiнiң өзi оның сегiз қырлы бiр сырлы екенiн аңғартса керек.
Өткен жексенбi күнi Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қысқы Азия ойындарының жабылу салтанаты өттi. Сары құрлықтың 27 елiнiң спортшылары бақ сынаған жарыста қазақ елiнiң спортшылары қара үзiп шықты. 32 алтын, 21 күмiс, 17 қола медаль жеңiп алған Қазақстан спортшылары жалпыкомандалық есепте бiрiншi орынға ие болды. Астана мен Алматыда ел намысын қорғаған спортшыларымыз айды аспан­ға шығарып, бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткiздi. Азия ойындарының ашылу салтанатының ертеңiнде Елсияр Қанағатов Астанада журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өтiзген-дi.