1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15573) 10 ақпан, бейсенбі 2011
11 Ақпан – Ұлттық Қасiрет Күнi
Бұдан бес жыл бұрын елiнiң бүгiнi мен болашағы үшiн қырық төрт жылдық ғұмырында қыруар iс тындырған Алтынбек Сәрсенбайұлына және оның серiктерi Бауыржан Байбосынға, Василий Журавлевке асқан жауыздықпен қастандық жасалды. Қазақ қоғамының демократиялық құндылықтардан, өркениеттiлiк iзгiлiктен ауытқыған бағытын қатаң сынға алған, саяси реформалардан керi шегiнген билiктiң жөнсiздiгiн әшкерелеген мемлекетшiл, халықшыл күрескер, қайраткер Алтынбектi серiктерiмен қоса оққа байлады. Бұл саяси тапсырыспен жасалған қанды оқиға халықтың ыза-кегiн туғызды.
Алтынбек Сәрсенбайұлына
 
Қылыштай өткiр қияғы,
Сұңқардай бейне сияғы.
Қауымға түскен мейiрi,
Залымға тисе зияны.
Жұртының қамын қозғарда,
Жұлдызға асқан қиялы;
Қабайдай үлкен жүректi,
Теңiздей терең зиялы.
Мұқағалидың iнiсi,
Райымбектiң тұяғы.
Қапыда қаза жастанды,
Қүңiрентiп ҚАЗАҚИЯНЫ!

2005 жылғы қым-қуыт оқиғалар тiзбегi есiңiзде ме? Президенттiк сайлаумен тұспа-тұс келдi бәрi. Белгiсiз бiреулер (!) президент­тiкке үмiткер Жармахан Тұяқбайға тасадан тас атты, оған Өскеменде қастандық ұйымдастырды. Белгi­сiз бiреулер Жабайы Арманды алға салып, демократиялық күштер жетекшiлерiнiң өмiрiне қауiп төндiрдi. Белгiсiз бiреулер жүздеген мың үгiт-насихат құралдарын ұрлап әкеттi. Белгiсiз бiреулер оппозицияның жер-жердегi мүшелерiне қоқан-лоққы жасады. Белгiсiз бiреулер оппозиция белсендiсi Елена Никитинаның қызын ұрлап әкетiп, жазым еттi. Белгiсiз бiреулер Заманбек Нұрқадiловтi өз үйiнде көпе-көрнеу үш рет атып өлтiрдi.

Ол менен 14 жас кiшi едi. Соған қарамастан, мен оны ешқашан “Алтынбек” деген емеспiн. “Алтеке” дейтiнмiн, ол да менi әрдайым “Бөке” деушi едi. “Алтеке” деп оны өте сыйлайтыным – ол өмiрде аса қарапайым, кiшiпейiл, бауырмал, қайырымды да мейiрiм­дi жан болатын. Даң­ғазалықты, мақтаншақтықты, өркөкiректiктi қаламайтын. Өте бiлiмдi, парасатты, ойы терең, салиқалы, ұлтжанды АЗАМАТ едi. Бiз екеумiз алғаш рет бас редакторлардың Алматыда өткен үлкен бiр жиы­нында кездесiп, танысып, бұқаралық ақпарат құралдарының сол кездегi жай-күйi туралы ұзақ әңгiмелескенбiз...

Әзiрге президенттiк сайлауға түсуге тiлек бiлдiргендер – үшеу. Солардың бiрi – «Кенесары хан» ұлттық, тарихи-мәдени қорының президентi Уәлихан Қайсар. Ақпанның 8-i күнi У.Қайсар мем­лекеттiк тiлдi тексеру жөнiн­дегi лингвистикалық комиссияның сынағынан өтпей қалды. Сұрақтарды кандидаттың өзi таңдапты. Солай бола тұрса да, «Жазба жұмысы бойынша пре­зи­денттiктен үмiткер өзi таңдап алған тақырыпты аша алмады. Ойы шашыраңқы баяндалды. Ой жүйесiнде сабақтастық жоқ. Шығарма авторы сөйлем құрауда көп қате жiбердi,»– дейдi лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков

Жақында Сайрамда (Оңтүстiк Қазақстан облысы) асқан жауыздықпен Искандер Шамсутдинов деген өзбек жiгiтi өлтiрiлдi. И.Шамсутдиновты өлтiрген кiм? Сөйтсек, “Искандердi өлтiрiң­дер!” деп бұйрық берген Жумаев екен. Ал ендi Жумаев деген кiм? Жумаев Назим Нарзиевич 1960 жылы Өзбекстанда, Бұхара қаласында туылған. Ұлты – түрiкмен. Өзбекстанның азаматы. Қазiр Шыршық қаласына тiркеуге (прописка) тұрған. Жумаев әйгiлi қарақшы (“вор в законе”) Жора Сорокиннiң тобында “жұмыс iстейдi”. Жора Сорокин қылмыс әлемiнде Жора Ташкентский деген атпен мәлiм.
Бiз көрнекi мемлекет және қоғам қайраткерi, “Нағыз Ақ жол” партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы және оның көмекшiлерi Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынға жасалған қастандық iсiне жәбiрленушi жақ болып қатысқан туыстары, жақындары мен серiктерi төмендегiнi мәлiмдеймiз: Бұл “ғасыр қылмысының” фак­тiлерi мен логикасы, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Бас прокуратура, соттар және ендiгi жерде Жоғарғы соттың қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының әрекеттерi бұл қылмыс Қазақстандағы “тұрақтылық” туралы насихаттық тезистi тас-талқан еткен

Президент Н.Назарбаев жуырдағы Iшкi iстер министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа мәжiлiсiнде полицияның негiзгi жұмыс көрсеткiшi ауыр қылмыстарды ашумен өлшену керегiн, тәртiп сақшылары арасындағы қылмыстың жиiлеуiне облыстық деңгейдегi басшылардың жауапты екенiн ескертсе де Оңтүстiк Қазақстан облысындағы криминалдық ахуалды бетiмен жiберiп алғаны бұған дейiн де баспасөзде жиi сыналып жүрген iшкi iстер депар­таментiнiң бастығы, генерал Серiмжан Досымов үшiн мұның ешбiр пәрменi болмай тұрғаны жайлы көлемдi мақала жазғанымызға көп уақыт өте қойған жоқ

“Қазақ байыса – қатын алады, өзбек байыса – үй салады”. Қазағым тегiн мақал шығара бермейдi ғой. Өзбектiң бар жақсы, жаманын қабылдасақ та, өз дағдымызды ұмытпағанымыз ғой. Сәл байи бастаған едiк, осыдан басқа мәселенiң бәрiн шешiп болғандай, қос-қостан әйел алу арман болды да қалды. Ол жай бiлiмсiздер арасынан емес, бiлiмдi депутат, ғалым, жазушылар арасынан естiле бастады. Өйткенi қалталылар солардың арасында. Еркектердiң айтқанына да құлағымыз үйрене бастап едi. Мiне, қызық! Ендi әйелдер жаза бастады. Анау-мынау емес, халық қалаулысы. Олай болса, елде етегiн басып жүрген қарапайым мен секiлдi әйелдер не дейдi екен, соны тыңдап көрiңiздер.
Күйбеңiмен тiрлiктiң күн батырып,
Тiрiлер жүр тiрлiгiн күнге асырып.
Өткендердiң iздерi жоғалуда
Топырақ басып, қурай мен құм жасырып.
Қара өлеңнiң Хантәңiрi құлағанда,
Қара су терiс ақты жылағанда.
Өтiптi содан берi отыз бес жыл,
Тiрлiк деген осы ғой тiрi адамға.
Аға, сiз бақытты жансыз,
Атадан асқақ туған.
Анадан адал сүт емiп,
Ұлытауда белiн буған.
Биiксiз, жайсаң, тұлғалы,
Биiктеп даңқың барады,
Ұлтын сүйген тұлғаны,
Ұлықтай бiлсек жарады.

Қазiр не көп, араққа сылқия то­йып, тәлтiректеп көше тен­тiреген немесе анаша шегiп ал­ған жастар көп. Әсiресе, ауыл жастарының арақсыз күнi жоқ. Әлi жеткендер өзiнен жасы кiшiлерге әкiреңдеп, қорқытып-үркiтiп, құлқынын құрғатып бара жатқан әлгi сусынды таптырады. Кейбiр күшiне сенгендер үйдi баса-көктеп кiрiп “Ой, братан, бүгiнгi қуанышыңды бiзге де жу, әлде оған тұрмаймыз ба?” деп үлкен-кiшiнiң бет жүзiне қарамастан қонжия кетедi де, өздерiнше оңашаланып отырған ортаның берекесiн қашырады. Бұл – әрбiр ауыл тұрғыны басынан кешiрiп отырған көрiнiс.

Ертең Түркияның Ыстамбұл қаласында еркiн күрестен Яшар Догу атындағы Гран-при жарысының тұсауы кесiледi. Әлемнiң жиырмаға жуық елiнiң палуандары бас қосатын жарысқа қазақ елiнiң де спортшылары өнер көрсетедi. Еркiн күрестен Қазақстан құрамасының бас бап­керлiгiне жаңадан тағайындалған Алтай Танабаев өткен аптада Түркияда белдесетiн палуандардың есiмiн атады. Жетi салмақ дәрежесiнде өтетiн жарысқа қазақ палуандары алты салмақ бойынша күш сынасады. Түрiк жерiнде 55 келi салмақта ел намысын Ғабит Төлепбай, Шоқан Шыңғысов, Әсет Серiкбаев қор­ғайды.

Зерек балалар (вундер­кинд­тер) – бiздiң қоғам үшiн таптырмайтын байлық. Әдетте осындай балалар ғылымға, әдебиетке үлкен үлес қосады. Әлемде мұндай балалар туралы мысалдар көп. Мәселен, Краснодар өлкесiнде тұратын он жасар Андрей Хлопин Гиннестiк рекордтар кiтабына ендi. Ол түнде аспанда жалтыраған күмiс түстi бұлттардың “шығу тегiн” түсiндiрiп бердi. Бұл феномен ғалымдар үшiн 150 жылдай құпия болып келген едi. Ал Андрей күмiс түстi бұлттарды жоғары биiктiктегi ылғалдың мұз кристалына айналып, жалт-жұлт етуiмен түсiндiредi. 

Елiмiздiң “Астана арландар” кәсiпқой бокс клубы өткен аптада кезектi жекпе-жегiн Әзiрбайжанның Баку қаласында өткiзiп қайтты. “Baku Fires” клубының былғары қолғап шеберлерiмен шаршы алаңға шыққан бiздiң боксшылар 1:4 есебiмен жеңiлiп қалды. Азия аймағында сынға түсiп жатқан бокс командаларының арасында әзiрбайжандықтарға қарсы тұратын қарсылас болмай тұр. Өткен жылдың қараша айынан бастап осы күнге дейiн сегiз кездесу өткiзген “Baku Fires” клубы 24 ұпаймен Азия аймағының көшiн бастап тұр
Өткен аптада, дәлiрек айтсақ 5 ақпан күнi дзюдодан Қазақстанның әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы Қанат Байшолақов қаза тапты. Қанат Байшолақовтың қазақ елiнен самбо бойынша шыққан тұңғыш әлем чемпионы екенiн бiреу бiлсе, бiреу бiле бермес. Сексенiншi жылдардың ортасында самбоны серiк еткен Қ.Байшолақов Диқанбай Биткөзов, Марат Жақитов сынды бiлiктi бап­керлердiң қол астында жаттықты. 1984 жылы Испанияда өткен бүкiләлемдiк жа­рыс­та 48 келi салмақта чемпион атанды. Арада үш жыл өт­кенде Еуропа шыңында ат ойнатты.
Халқымыздың әйгiлi, даңқты әншiсi Роза Бағланова дүние салды. 90-ға қараған шағында.
2011 жылдың 1 қаңтарында Роза Бағланова 89-ға толған-ды. Өзiн туған күнiмен құттықтап келгендерге қайран әншi мұңая қарап отырып: “Көп жүрмеспiн... Аз ғана қалған сияқты...”, – дептi. Айтқаны айдай келдi...
Өлiм – хақ. Өлмейтұ­ғын адам жоқ. Солай бола тұрса да, өлiмдi қасиетi бар адамдар ғана парықтап, қасиеттi адамдар ғана сезiне алады. Демек, Роза Бағлановада қасиет бар. Қасиетсiз, қасиетi жоқ адамдар өлiмдi (хақ бола тұрса да!) ешуақытта сезiне де, парықтай да алмайды екен: қартайса да жас кiсiдей жанталаса дүние жинап, ақсақалдық жасқа жетсе де аласұра қызметке таласып, абыройсыздыққа ұрынатын көрiнедi