1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №12 (15574) 15 ақпан, сейсенбі 2011
Болат Әбiлевтi партияластары президенттiкке үмiткер ретiнде бiрауыздан ұсынды. Қойған талаптары орындалмаса, «азаттықтар» сайлауға қатыспайтындықтарын мәлiмдедi
Ақпанның 12-сi күнi Алматыда “Азат” ЖСДП-ның құрылтайы өттi. Бұл күнгi жиынға келгендердiң қарасы мол болды. Жиырма жыл өзгерiссiз отырған билiктен қажыған жұрттың “кезектен тыс, мерзiмiнен бұрын” деген қос айдарлы президенттiк сайлауы ызасына қамшы баса түскендей. Осыған дейiн «елдегi өзгерiске халық әлi дайын емес», «оянбаған» деген пiкiрдiң жаңсақ екенiн осы жиындағы азаматтардың пiкiр-ұстанымы тағы бiр дәлелдедi. Көшiн бастайтын азамат шықса, соңынан еруге дайындықтарын көпшiлiк бұл жолы анық бiлдiрдi.
Қазақ журналистер клубына қонаққа келген қазақтың тұңғыш ғарышкерi, көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкiров жастармен елдегi саяси ахуал мен сайлау науқаны төңiрегiнде пiкiрлестi. Т.Әубәкiров билiк нелiктен асығыс сайлау өткiзуге бел буғанын және өзi не себептi президент сайлауына қатыспайтынын ашып айтты. Клуб модераторы Жанболат Мамайдың: “Интернетте Тоқтар Әубәкiров неге пре­зиденттiк сайлауға түспейдi дегендей мәселелер көтерiлiп жатыр. Жастар ұйымдары да Сiздi президентке үмiткер ретiнде көргiсi келедi. Олай болса, неге президенттiкке түспейсiз?” – деген сұрағына Т.Әубәкiров былай деп жауап бердi: 
2006 жыл 11 ақпан. Елiнiң жарқын болашағы үшiн күрескен белгiлi саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серiктерi Бауыржан Байбосынға, Василий Журавлевке қастандық жасалған қаралы күн. Өкiнiшке қарай, мiне арадан 5 жыл өтсе де асқан жауыздықпен жасалған дәл осы қастандықтың құпиясы әлi толық ашылған жоқ. Өткен жұма күнi Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлын еске ашу шарасы өттi. Әуелi марқұмның қоғамдық-саяси қыз­метiндегi жақтастары, туыстары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi және қарапайым халық Кеңсайға барып, оның рухына бағыштап құран оқыды.
Өткен аптада Қазақстанға Израильден хабар келдi. “Қазаққа “үш қайнаса сорпасы қосылмайтын”, сонау алыстағы еврей мемлекетiндегi жаңалықтың бiзге қатысы қанша?” дерсiз. Сөйтсек, тiкелей қатысы бар екен. Себебi, Израильдiң “оралған азамат” (“тошав хозер”) атағын алған Александр Машкевич – Қазақстанның аста-төк дәулетiн талан-таражға түсiрiп, қазақтың миллиардтаған долларын қалтасына басқандардың бiрi әрi бiрегейi. Израильге өзге елден оралып, тарихи отанын тұрақты мекенге айналдыруға бел шешкен еврейге берiлетiн атақты алғанда Машкевич­тiң қуанышы қойнына сыймады. “Мен өзiмнiң еврей екенiмдi ешқашан ұмыт­қан емеспiн. Өзiмнiң еврей екенiмдi бiлдiм және өмiр бойы еврей болдым. Мен уақытымның көп бөлiгiн Израильде өткiзiп жүрмiн, үлкен қызым 2010 жылы осы елде 5 ай тұрды.

Осыдан жетi-сегiз жыл бұрын елдегi саяси жағдай туралы әңгiме қозғала қалғанда, кейбiр қатарлас құрбылармен сөзiмiз жараспай қалатын. Бiз (бiз азшылық болатынбыз) “билiк ауысуы керек” дейтiнбiз. Олар (олар көпшiлiк болатын) “дәл қазiр Назарбаевқа тең келетiн адам жоқ” дегендi алға тартып, қолда барды қадiрлей бiлмеген бiздерге жатып кеп кейiстiк бiлдiретiн. Дәлелiмiзге де, дәйегiмiзге де қарамайтын. Осыдан үш-төрт жыл бұрын әңгiменiң ауаны сәл-пәл өзгерген. Ол кезде “бұл өзi не боп бара жатыр?..” деп қоятын болған бәрi. Балаларының болашағына алаңдағандай күй кешетiн. Бiрақ “ҚАЙСЫСЫНЫҢ соңынан еремiз?” деген сұрақ тұрушы едi. Сол құрбы-достармен бүгiнгi әңгiме мүлдем басқа. Бiрақ, әттеген-ай, тағдырдың жазуын көрмейсiз бе,

 “Валюталық нарықта теңге бағамының долларға қатысты өсiм үрдiсi анық байқалуда. Барлық валюталар долларға қатысты нығайып жатыр”, – дедi Ұлттық банктiң төрағасы Григорий Марченко журналистерге арнал­ған ай сайынғы баспасөз мәжiлiсiнде. Бас банкир бұл мәлiмдемесiн нақты сандармен айғақтай түстi. “Былтырғы жылы, дәлiрек айтсақ, он үш айдың iшiнде 2 миллиард доллар сатып алсақ, биылғы жылдың бiр айы мен ақпанның тоғыз күнiнiң iшiнде Ұлттық банк 2,5 миллиард доллар сатып ал­ған”. 

МЫСЫРДАҒЫ БИЛIКТI ӘСКЕРИЛЕР ҚОЛЫНА АЛДЫ
11 ақпан күнi Мысыр президентi Хосни Мүбәрак билiктен кеттi. Мұны елдiң вице-президентi Омар Сүлеймен мәлiмдедi.
“Аса ауыр күндердi бастан өткерiп жатқан тұста президент билiктен кетiп, барлық өкiлеттiктi әскери басқарманың жоғарғы кеңесiне өткiзiп берудi ұйғарды”, — дедi Омар Сүлеймен. Мысыр елiн аяғынан тiк тұрғызған саяси оқиғалар Хосни Мүбәрактың жүйкесiн әбден жұқартып, денсаулығын нашарлатып жiберiптi. Қазiр Хосни Мүбәрактың халi өте нашар. Ес-түссiз жатыр. Бұл туралы араб елдерiнiң бұқаралық ақпарат құралдары ұлардай шулап хабарлады. Мәселен, “Әл-Масри әл-Яум” газетiнiң жазуынша, 82 жастағы Мүбәрак әлi есiн жия алмай жатыр.
Түркiстан қаласының тiзгiнiн ұстаған Қайрат Молдасейiтов – әкiмдiкке бизнестен келген азамат. Бұрын-соңды мемлекеттiк қызметтiң дәмiн татып көрмеген адамға мұндай жауапты мiндеттiң сенiп тапсырылғаны, шынын айту керек, алғашқыда көпшiлiктi екiұдай пiкiрде қалдырған. Бiрақ кезiнде кәсiпкерлiктi дөңгелеткен Қ.Молдасейiтов әкiмдiк қызметтi де тәп-тәуiр атқарып, елдiң алғысына бөленiп отыр. Мұны өткен аптада әкiмнiң былтырғы жылы атқарған жұмысына оң баға берген түркiстандықтардың өз ауыздарынан естiдiк. Алдымен әлеуметтiк мәселеден бастасақ. Түркiстандықтар­дың жылудың «жырын» жырлап келе жат­қанына табаны күректей жиырма жыл толған.
Тәуелсiздiкке бет бұрған кезеңде елiмiзде “Шаруа қожалығы туралы” заң (21.05.1990 ж.) қабылданса, кейiн ауыл шаруашылық мекеме, кәсiп­орын­­дары мен ұйымдары толық жекешелендiрiлгеннен кейiн ҚР президентiнiң “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заңы (31 мамыр 1998 ж.) өзгерiс, толықтыруларымен өмiр­ге келдi. Бұдан кейiн шаруа қожалығына керектi құжат ҚР Жер Кодексi қабылданды. Осы кодекстiң 139-143-баптары жердi қорғауға бағытталған талаптарға арналса, 144-148-баптарда жердi қорғауды ұйымдастыру және оны жүргiзетiн органдардың,

Мектепте оқып жүргенiмiзде бұрынғы “Лениншiл жас” қазiргi “Жас Алаш” газетiнiң әрбiр санын асыға күтетiн едiк. Аптасына бес рет шығатын бұл газеттегi қызықты әңгiмелер, өлеңдер, сатиралық шығармалар, тiптi күнделiктi өмiрде болып жататын шетел жаңалықтарына дейiн қалдырмай оқитынбыз. Газеттiң қызықты шығатыны сондай, ұнаған мақалаларды талқылап, әңгiме-дүкен құратынбыз. Ол кезде мен газеттiң қалай шығатынынан бейхабар болсам да, онда   кiмдер жұмыс iстейтiнiн бес саусақтай бiлетiнмiн. Себебi, мақалаларды жiбермей оқитынбыз. Араға уақыт салып сол газетке жұмыс­қа тұрғанымда, әрине, қуандым.

Жуырда “Қазақ журналистерi клубы” Шымкент қаласында болып, жергiлiктi БАҚ өкiлдерi мен бас редакторларының басын бiрiктiрген алқалы жиын өткiздi. “Қазақ журналистикасының бүгiнi қандай? Ертеңi қандай болмақ? Қайт­сек қазақтiлдi БАҚ-ты төртiншi билiк деңгейiне жеткiземiз?” деген сауалдар төңiрегiнде ой айтылды. Клуб жетекшiлерiнiң айтуынша, “Қазақ журналистерiнiң клубы” бұл өңiрдi текке таңдап отырған жоқ. Бұл облыста 1050 газет-журнал тiркелген. Нақты жұмыс iстеп, жарыққа шығып жатқаны 200-ден асады. Алматылық журналистердi шымкенттiк әрiптестерi жылы қарсы алып, ерекше iлтипат көрсеттi.

Тарихи құндылығы аса жоғары, елiмiзде республикалық дәрежедегi ескерткiштер қатарына жататын Арыстанбаб кесенесiнiң жағдайы соңғы бiр-екi жылда күрт төмендеп кеттi. Ақпан айының 3-i күнi ғимаратты аралап көрген соң, ескерткiштi сақтау шаралары жасалмаса, оның бұзылу алдында тұрғанына көзiм толық жеттi. Құрылыстың есiк пен терезе ойықтары үстiндегi қабырға бөлiктерiне сызаттар, жарықшалар түскен, кейбiр қыштар орындарынан босаған. Бiр бөлмеде қабырға жоғары бөлiгiнен iргесiне дейiн жарылыпты. Қабiрхана бөлмесiнiң ешбiр терезе-есiгi жоқ қабырғасында кiрпiштер қақ айырылып жарылған

«ЖАС АЛАШ» ГАЗЕТIНIҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТI
Жақында Жамбыл атындағы мемлекеттiк республикалық жасөспiрiмдер кiтапханасының ұйымдастыруымен осы кiтапханада «Жас Алаш» газетi қызметкерлерi мен студенттердiң кездесуi болып өттi. – «Жас Алаш» газетi 90-ға толып отыр, – дейдi осы кiтапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлiмiнiң қызметкерi Светлана Бекмағамбетова. – Қазiргi күнi шындықтың шырақшысы болып отырған «Жас Алаштың» 90 жылдық мерейтойын атап өтудi ұйғарып, бiз кiтапханамызда арнайы көрме ұйымдастырдық. Содан кейiн «Жас Алаштың» шығармашылық ұжымын шақырып
Ақырзаман төңiрегiнде алып­қашпа әңгiмелер мен болжамдар тым көп. Соңғы жылдары ақырзаман 2012 жылы болуы мүмкiн дегенге саятын долбарлар айтылғаны белгiлi. Десек те британдық ғалымдар ақырзаман хронологиясын жасап шығыпты. Бұл тiзiмге алдын ала болжанса да, болмай қалған ақырзаман жылдары енген. Сондай-ақ ғалымдар алдағы ақырзаман туралы да болжам жасапты. 1000 жыл. Сол заманның қолжазбаларына қарағанда, бұл жылы бүкiл Еуропаны үрей билеген. Адамдар күнделiктi жұмыстарын ысырып тастап, шiркеуге барып, бой тасалаған.
Редакцияға хабарласқан Алматы тұрғыны Майра Жағыпарова белгiсiз ұшатын нысанды көргенiн айтты. Ал­ғашқыда сенер-сенбесiмiздi бiлмей, жағамызды ұстағанымыз рас. Десек те, М.Жағыпарованың әңгiмесiн қаз-қалпында бергендi жөн көрдiк. “Алматының Рысқұлов пен Сейфуллин даңғылының қиылысында, Мехпоселок аталып кеткен ауданында тұрамын. Қасымызда Бауман тоғайы бар. Жұмыс күнiм әдеттегiдей өтiп, кешке үйге келдiм. Балаларыммен тамақтанып алған соң, кешкiлiк түрiк сериалын көруге кiрiстiк. Теледидар көрiп бiткен соң, ұйқыға жаттым.
“Түс түлкiнiң боғы” – дейдi қазақ. Десек те, адам баласының түс көруi тылсым құбылысқа жатады. Дүние жүзiнiң бiлгiр ғалымдары адам баласының түс көруiнiң себеп-салдарын әлi күнге түсiндiрiп бере алмай отыр. Түс туралы толық анықтамалар жоқтың қасы. Адам ағзасындағы құбылыстар анықталу үстiнде десек те, ми қатпарындағы құпиялар әлi толық ашылған жоқ. Зерттелу үстiнде. Байырғы ата-бабаларымыз шаманизм наным-сенiмiндегi тұста түске сенген. Бақсы-балшылар да болашақты түспен ұштастыра отырып алда болатын өзгерiстердi жорамалдағаны тарихтан белгiлi. Бұл туралы небiр дәйектi деректер де баршылық.

Тылсым дүние тақырыбындағы әңгiме-аңыздарды бала күнiмнен қызыға оқимын. Және сондай тылсым күштер­дiң бiзбен бiрге өмiр сүретiнiне өз басым қатты сенемiн. Олай дейтiнiм, мен оны күнделiктi өмiрде басымнан өткерiп жүрмiн. Жас келiн болып ақ босаға аттағаныма төрт ай болып қалды. Мен келiн болып түскен әулетте көптi көрген, көнекөз, ақ жаулықты әжемiз бар. Ол кiсi маған ашық тұрған кiтап секiлдi. Көптеген қызықты әңгiмелерiн айтып отырады. Қайын енем, күйеуiм жұмыста болған кездерi өзiм сол кiсiнiң жанында отырып әңгiмелерiн тыңдағанды жақсы көремiн.

ЕҢ ЖҮЙРIК АВТОМОБИЛЬ
Британдық инженерлер дүние жүзiндегi ең жүйрiк автомобильдi жасап шығармақ. Оның жылдамдығы сағатына 1600 шақырымға жететiн көрiнедi. “Блад­хаунд” деп аталатын бұл көлiкке реактивтi және ракетаның гибридтi двига­тельдерi орнатылады. Ал көлiктiң дөңгелектерi алюминийден жасалмақ. Дөң­гелек диаметрi 1 метрге, ал автомобиль салмағы шамамен 6 тоннаға дейiн жетпек. Инженерлер бұл автокөлiктi келесi жылы Оңтүстiк Африка Республикасының құрғап қалған көлдерiнiң түбiнде сынап көрмек.
Жексенбi күнi Алматыда бокстан ел бiрiншiлiгi басталды. Бұл сынға елiмiздiң он төрт облысы мен Алматы, Астана қаларының был­ғары қолғап шеберлерi қатысуда. Қазақстан бiрiншiлiгiнiң ашылуына бiр сағат уақыт қалғанда Қазақстан бокс қауымдастығы басшыларының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өттi. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi бас қосқан жиынға АИБА президентi Чинг Куо Ву, АИБА-ның атқарушы директоры Хо Ким және осы ұйымның вице-президентi Гафур Рахимов қатысты. Қазақстан бокс қауымдастығының тарапынан бұл жиынға елiмiздегi қауымдастықтың вице-президенттерi Серiк Қонақбаев пен Юрий Цхай, Қазақстан бокс қауымдастығының атқарушы директоры Данияр Абулғазин қатысты.
Футболдан Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Роналдо кеше өзiнiң үлкен футболдан кететiнiн мәлiмдедi. 1976 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында дүниеге келген Луис Назарио де Лима (футболшының толық есiмi) үлкен футболдан кетуiнiң мәнiсiн жарақатының мазалағанымен байланыстырады. Әлемнiң екi дүркiн чемпионы атанған футболшы 2008 жылы Бразилияның “Корин­тианс” клубына келген болатын. Алғаш рет аяқдоп әлiп­песiн 1986 жылы Бразилияның “Теннис Клуб Валкейре” футзал клубында бастаған Роналдо 1989 жылы үлкен футболға аяқ басты. 17 жасында Бразилияның “Крузейро” клубының намысын қорғаған атақты футболшы бiр маусымда 34 доп (34 ойында)
Осыдан он күн бұрын елiмiздiң “Астана арландары” кәсiпқой бокс клубы мен «Баку» клубының арасындағы жекпе-жекте төре­шiлер тарапынан әдiлетсiздiк орын алған. Бұл туралы осы команданың бас директоры Болат Манкенов (суретте) мәлiмдедi. Б.Манкеновтiң айтуынша, “Астана арландары” клубының басшылары жекпе-жектен кейiн Дүние­жүзiлiк бокс сериясының төрешiлер алқасына шағым хат жолдаған. – Бакулiк боксшылармен болған соңғы жекпе-жекте “арландарымыз” төре­шiлердiң әдiлетсiздiгiне ұшырады.  Осыған байланысты бiз Дүниежүзiлiк бокс се­рия­сының басшылығына қарсылық хатымызды жолдадық. Ендiгi кезек бокс басшыларында. Олар бiздiң хатымызды қабылдады. Сөйттi де, арнайы комиссия құрып, шағымымызды

Польшада ерлер және әйел­дер арасындағы көгалдағы хоккейден әлем бi­рiншiлiгi мәресiне жеттi. Жабық ғимаратта өткен дүниежүзiлiк сайыстың ерлер арасындағы бас жүлдесiн Германия құрамасы жеңiп алды. Немiс жiгiттерi алтын медаль үшiн болған айқаста алаң иелерi Польша хоккей­шiлерiн ұтты: 3:2. Бұл ойынның негiзгi уақыты 2:2 есебiмен тең аяқталған-ды. Төрешi қосқан қосымша минутта немiс хоккейшiлерiнiң бағы жанды. Қола медаль Авс­трия хоккейшiлерiне бұйырды. Австриялықтар үшiншi орын үшiн болған кездесуде Ресей құрамасын 5:0 есебiмен тас-талқан еттi.

Өткен аптада Түркияның Анталья қаласында Қазақстан құрамасының футболшылары Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткiзiп, 1:1 есебiмен тең түстi. Қазақстан құрамасының бас бапкерлiгiне жаңадан тағайындалған Мирослав Беранектiң бұл бiрiншi кез­десуi. Қазақстан футболшылары Түркияға оқу-жатығу жиын­дарын өткiзуге аттанғалы тұрғанда тағайындалған чех маманы елiмiздiң аяқдопшыларымен сол жақта танысты десек те болады. Беларусь құрамасымен болатын ойынға санаулы күндер қал­ғанда елiмiздiң аяқдоп мамандары Түркияға баратын футболшылардың тiзiмiн өздерi жасаған-ды.
Өмiрден кiм өткенiн бiлесiз бе?
Көрнектi жазушымыз Әзiлхан Нұршайықов дүние салды. 89 жасында. Әзiлхан Нұршайықов – өте өнiмдi жазушы. Соған қарамастан, Әзағаң туралы әңгiме бола қалса, аузымызға ең алдымен “Махаббат, қызық мол жылдар” оралады. Тап бiр жазушы “Махаббат, қызық мол жылдардан” басқа ештеңе жазбағандай-ақ. Сәбит Мұқановтың “Мөлдiр махаббаты”, Қалмақан Әбдiқады­ров аударған “Мың бiр түн”, Iлияс Есенберлиннiң “Қаһары”, Сайын Мұратбековтың ““Жабайы алмасы”... Кезiнде оқырмандар осы шығармаларды iздеп жүрiп оқыды. Ал Әзiлхан Нұршайықовтiң “Махаббат, қызық мол жылдарын” оқырмандар кезекке