1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15575) 17 ақпан, бейсенбі 2011
Президент кеңесшiсi Ермұхамет Ертiсбаевтың сөзiне сенсек, алдағы он жылда мұрагерлiк мәселесiне бас қатырмай, оның бетiн жылы жауып қойып, қам жемей-ақ тыныш ұйықтауға болады. “Президент 2016 жылғы сайлауға да түседi. Алдағы он жыл – тәуелсiз Қазақстанның дамуындағы өте маңызды кезең. Сондықтан өз болашағымызды Нұрсұлтан Назарбаевпен бiрге және оның жетекшiлiгiмен жасаймыз”, – дептi кеңесшi. Е.Ертiсбаевтың айтуына қарағанда, алдағы он жылдың iшiнде мұрагерлiк мәселесi күн тәртiбiнде тұрған жоқ. Оны тек 2021 жылға қарай қарастыра бастау керек-мыс. Ал қазiр “президенттiң күшi
деп мойындаған шенеунiк депутаттар жер мәселесiн ұлттық, халықтық мүдде тұрғысынан қарап шеше ала ма?
   ҚР Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң төрағасы Өмiрзақ Өзiбеков ресми түрде мынадай мәлiмет таратты: “Республикадағы ауыл шаруашылық жерлерiнiң жалпы көлемi – 93,4 миллион га, оның iшiнде 23,4 миллион га – егiстiк жер. Пайдаланбай жатқан жерлердi анықтау мақсатында ауыл шаруашылық жерлерiн, әсiресе Астана, Алматы қаласы мен облыс орталықтары маңындағы жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргiзiп, ондай жерлердi мемлекетке қайтару және оларды тиiмдi пайдалану шараларын iске асыру керек”. Ал Парламент Мәжiлiсi төрағасының орынбасары Жәнiбек Кәрiбжановтың айтуынша, басты мәселе жердiң, топырақтың құнарлылығын төмендетпеуде.
“Тәуелсiздiктi қорғау”” және “Мемлекеттiк тiл” қоғамдық демократиялық қозғалыстарының төрағасы Мұхтар Шахановтың мәлiмдемесi
Менiң атыма қарапайым халық өкiлдерiнен, қоғамдық ұйымдардан 2011 жылдың 3 сәуiрi күнi өтетiн кезектен тыс Қазақстан Республикасының президентi сайлауына кандидат боп тiркелуге шақырған ұсыныстар түсе бастады. Ондай ұсы­ныс­тар баспасөз беттерiнде де, интернеттерде де жариялануда. Барша тiлеулес жандарға шынайы ризашылығымды бiлдiре келiп, мынадай мәлiмдеме жасағанды жөн санап отырмын. Бұдан он шақты жыл бұрын Парижде, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерiнде жасаған баяндамамда: “Егер демократияны Эверест шыңына теңер болсақ, оған көтерiлуге талпынған елдерде есеп жоқ.

Мәжiлiсшi Бахыт Сыздықова ақпарат министрiне ғаламдық кеңiстiктi «жүгендеу» керегiн айтып дабыл қақты. “Центр Тяжести” порталын басқару үшiн екi жеке тұлғаның арасында туындаған дау және Солтүстiк Африкадағы бейресми “твиттерлi революция” оқиғасы мәжi­лiс депутатының осындай ұсыныс бiл­дiруiне себепшi болыпты. “Центр тяжести” порталы арқылы елдегi бүлiкшiлер билiкке қауiп төндiруi мүмкiн деген жұқалтаң ойын жеткiзген Б.Сыздықова Тунистегi, Каирдегi революциялардың шығу төр­кiнiне тоқталады.

Сазгерлер М.Iлиясов, М.Егiнбаев және А.Қоразбаевтың арасындағы дау сотқа дейiн жеттi
Түнеугүнi сазгерлер Марат Iлиясов пен Мұратхан Егiнбаев Ұлттық баспасөз клубында жиын өткiзiп, “Алтынбек Қораз­баев әндерiмiздi ұрлап алды” деп мәлiмдеген. Iле-шала Алтынбек Қоразбаев та бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз уәжiн айтып үлгердi. “Күшiк асырап ит еттiм, ол балтырымды қанатты” деген сыңайда. Iс сотқа дейiн жеттi. Егер алдын-ала тыңдау барысында тараптар бейбiт келiсiмге келе алмаса, процесс басталады. Егер сазгерлер келiсе алмаса, сот процесi басталады. Соттың қандай шешiм шығаратынын бiз бiлмеймiз. Сол себептi тараптарды сөйлетiп, құдайшылығын соттан бұрын оқырманға айтқызуды жөн көрдiк.
Уақыт шiркiндi кiм тоқтатқан. Қазақтың бiртуар ұлы Рымғали Нұрғалисыз бiр жыл өте шығыпты. Алғаш рет Рекеңнiң есiмiн 1973 жылдың жазында, 2 курс студентi кезiмде естiдiм. Қазақ университетiнiң бас ғимаратында оқитын филология факультетi мен тарих факультетiнiң студенттерi, соларға сабақ беретiн профессор-оқытушылар құрамы 33 жасар ғылым докторы туралы айтып, дүркiреп кеттi. Артта қалған 40 жылға жуық уақыт – 1973 жылдан 2010 жылдың басына дейiнгi кезең – бiр дәуiр екен, ал Рекеңсiз өткен бiр жыл екiншi дәуiр сияқты көрiнедi маған. Егер бiрiншiсi қас-қағым сәтте өте шықса, екiншiсi сағыздай созылып, бiтпей қойды.
Өмiрден кiм өткенiн бiлесiз бе?
Халқымыздың аяулы ұлы, ұлтымыздың аса көрнектi жазушысы Қажығұмар Шабданұлы дүниеден өттi. 86 жасқа қараған шағында. Қырық жыл Қытай абақтысында тұтқын болған қайран Қажекең ғұмырының соңында да үйқамақта отырды... Қажығұмар Шабданұлы әйгiлi Тарым лагерiнен кейiн екiншi рет 15 жылға кесiлiп, Үрiмжiдегi түрмеге қамалған кезiнде штаб-пәтерi Лондонда орналасқан “Amnesty international” атты адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйым Қажығұмарды “ар-ұждан тұтқыны” деп атады.   Иә, Қажы­ғұмар өзiнiң ары мен ұятын таза сақтағаны, ұлт алдындағы ар-ұжданын былғап
18 ақпан күнi Мәскеуде ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бiрi Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы тойланбақ. Бұл – ерлiктi бағалағандық, батырлықты мойындағандық. Белгiлi жазушы Мамытбек Қалдыбайдың Баукеңмен кездесу сәттерiнен жазылған шағын естелiк-әңгiмелерiне ден қойыңыз, оқырман.
Таңертеңгi сағат он бiр. Бау­кеңе жол жиегiнен телефон соқтым.
– Ассалаумағаликум.
– Бұл кiм?
Патша
Аң аулап келе жатты.
Бiр кезде ол –
(Таң алакеуiм бе,
Әлде кеш пе едi) –
Қалың жыныстың iшiнде
Дөңкиiп жатқан
Талақтай қап-қара Мес көрдi.
Жандайшаптары                                                                           
Аттарынан түсе-түсе қап
Әлгi қап-қара Местi
Республикаға, тiптi бұ­рынғы Кеңес Одағы көлемiне кеңiнен танымал, ауданымыздың мақтанышы болған, шопандар маршалы атанған, екi мәрте Социа­листiк Еңбек Ерi Жазылбек Қуа­ныш­баев туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Ол туралы бiрнеше кiтап, естелiктер жинағы жарық көрдi. Әлi де жазыла бермек. Биыл наурыз айының 29 жұлдызында Жаз-Ата 115 жас­қа толады. Жазекең сауаты аз болғанымен, өмiрден көргенi мен түйгенi көп, ер көңiлдi, қонақжай, орта бойлы, то­лық денелi, сұлу жүзiнен нұр шашқан, кәрiлiктi мойындамай өткен, иман жүздi адам болатын.
Елдiң туы – қасиеттi. Оған қашанда биiк тұғыр жарасқан. Осы күнi сол қасиеттi туымызды, көк байрағымызды елге белгiлi адамдар қайтыс болғанда, қоштасар рәсiмiнде мүрдесiне жабатын болыпты. Мен мұны дұрыс емес деп есептеймiн. Қайтқан адамның сүйегiне ту жауып, ақыретке шығарып салу шариғатта да, ата салт-дәстүрiмiзде де жоқ. Сонда бұл қайдан шықты?Қайтқан кiсiнiң сүйегiне елдiң туын жабуды шетелдiң кинофильмдерiнен көретiн едiк. Әсiресе, АҚШ фильмдерiнен. Демек, оларда бұлай жасау дәстүрлiк маңыз ал­ған. Ендi сол бiреулердiң рәсiмi бiзге де жұғыпты.
Бiр әннiң тарихы
– 1991 жыл. Қырғызстанның Ош қаласында “Құрманжан датқа” деген қырғыз ханшасының мерейтойы өттi. Сол тойға Оңтүстiк Қазақстан облысынан екi адам делегат ретiнде шақырылдық. Бiрi – мен, екiншiсi, облыстық атқару комитетiнiң хатшысы. Шынын айту керек, бұған дейiн Екатерина, Элизавета деген орыстың әйел патшаларын бiлушi едiк. Ал Шығыс халқынан шыққан, оның үстiне қырғыз бауырларымыз ұлықтаған ханшаның тойы көңiлiмiзге ерекше бiр мейрам орнатқандай болды. Жан-жақтан қонақтар келгенде, белгiлi ғой, оларды әрi-берi алып жүретiн бiр адамды бекiтiп қоятыны.

Адамзат атаулыға Табиғат-ана қатты ренжiген секiлдi. Ашкөздiгiне, тойымсыздығына, зорлық-зомбылығына және т.т. Мен кейiнгi он, он бес, жиырма жылда табиғат апаттары көбе­йiп, адам баласының жүздеп, тiптi мыңдап топыраққа топырлап көмiлуiне қарап айтып отырмын мұны. Адамы ең көп Қытай елiнде және бертiнде Индо­незия­да су, лай тасқындарымен қатар жер сiлкiнiстерi жиiлеп, жанартаулар атқылауда. Бұл да Жер-ананың өкпе-ренiшiнен. Үндiстан, Пәкiстан, Иран елде­рiнде де жер сiлкiнiстерiнен, яғни   Жер-ананың қаһарынан мыңдаған адам қырылуда.

“Бiреудi Құдай қосса, ендi бiреудi ноқта қосады” дейдi ғой халқымыз. Бiздi қосқан, бiздiң басымызды бiрiктiрген мамандық едi. Иә, бiздiң бәрiмiз авиатор едiк. Болат Қозыбақұлы 1941 жылдың 20 ақпанында Алматының iргесiндегi Талғар ауданының Саймасай ауылында дүниеге келдi. Болат көпбалалы отбасында тәрбиелендi. Әкесi Қозыбақ пен анасы Мереке 13 ұл-қызды өсiрiп, жеткiздi. Талғар ауылшаруашылық техникумын үздiк бiтiргеннен соң, Болат 1960 жылы Киевтiң азаматтық авиация инженерлерiн даярлайтын институтқа оқуға түсiп, оны 1966 жылы бiтiрiп шықты. Болаттың дипломын ағылшын тiлiнде қорғағаны да әлi есiмiзде.
Болат МАНКЕНОВ, “Астана арландары” кәсiпқой бокс клубының бас директоры:
Елiмiздiң “Астана арландары” клубы осы аптаның соңында Қытайдың “Бейжiң айдаһарлары” клубының боксшыларымен қолғап түйiстiредi. Дүниежүзiлiк бокс сериясы аясындағы тоғызыншы жекпе-жегiн өткiзгелi тұрған жерлестерiмiздi одан кейiн тағы үш кездесу күтiп тұр. Азия аймағында күш сынасып жатқан “арландарымыздың” қазiргi хал-ахуалы қалай? Жартылай финалға берiлетiн жолдаманы жеңiп алуға «арландардың» мүмкiндiгi жете ме?.. Әуесқой бокстан Алматыда өтiп жатқан ел бiрiншiлiгiнде “Астана арландары” клубының бас директоры Болат Манкеновпен жолығып, осы сұрақтарға жауап iздедiк. 
Кеше Алматыда өтiп жатқан ел бiрiншiлiгiнiң ширек финалдық кездесулерi басталды. Ертең финалға берiлетiн жолдаманы сарапқа салатын елiмiздiң былғары қолғап шеберлерi жексенбiде ел чемпиондарын анықтайды. Қазақстан бiрiншiлiгiнде ең жеңiл салмақта жұдырықтасып жатқан боксшылардың арасынан Бiржан Жақып, Темiртас Жүсiпов, Мардан Берiкбаев, Iлияс Сүлейменов сынды боксшылар ширек финалға өттi. Бұлардың арасында солтүстiкқазақстандық Дамир Жақыпов пен алматылық Әнуар Мұзафаров және Тараз бокс мектебiнiң түлегi Азамат Исақұлов та бар. Қарағандыдан келген Амангелдi Әдiлхан бiрден ширек финалға өттi.
Еуропаның Чемпиондар лигасының ойындары қайта жал­ғасты. Топтық ойындардан озып шығып, 1/8 финалына жолдама алған командалар келесi аптада алғашқы кездесулерiн аяқтайды. Сейсенбi күнi 1/8 финалының екi ойыны ойналды. Апенин түбегiне қонаққа барған ағылшынның “Тоттенхэм” клубы “Милан” футболшыларын өз жанкүйерлерiнiң алдында ұтып кеттi: 1:0. Лондондықтардың сапынан ойынның 80-минутында Питер Крауч мергендiгiмен көзге түстi. Испанияның “Месталья” стадионында жергiлiктi “Валенсия” командасы Германияның “Шальке-04” клубын қабылдады