1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15576) 22 ақпан, сейсенбі 2011

Дәл қазiр қазақ үкiметi қанша күш жұмсаса да, миығынан күлiп жүретiн мұртты бас уәзiр Кәрiм Мәсiмов жұмыс iстемесе облыс әкiмдерiнiң жон арқасынан тәспi тiлемiн деп жұдырық түйсе де, базардағы баға ырыққа көнбей, қымбатшылық қос өкпеден қысып тұр. Тiптi бiрнеше миллион тонна бидай қырманға құйылса да, билiк ұн және нан өнiмдерiнiң бағасын құрықтауға әлсiздiк танытты. Бәрiн айт та, бiрiн айт, сонымен премьер-министр алдағы уақытта қай облыс әкiмiнiң сыбағасын беруi мүмкiн? Кейбiр аймақтардағы дәл қазiргi базар бағасын сүзгiден өткiзiп көрдiк. 

11 ақпан – Мысыр тарихындағы айтулы күнге айналды. Дәл осы күнi елдi 30 жыл бойы емiн-еркiн билеп-төстеген Хосни Мүбәрәк тақтан тайды. Халық талабымен, қалың жұртшылықтың ынта- жiгерiмен билiктен кетуге мәжбүр болды. Бұл елде қалыптасқан жағдайды саралап, сараптасаңыз, Қазақстаннан аумайды. Осыдан бiр-екi ай бұрын Хосни Мүбәрәк Мысыр халқына арнаған үндеуiнде iшкi жалпы өнiмнiң 217 миллиард долларға өскенiн, әлеуметтiк жағдайдың жақсарғанын, елдiң халықаралық аренадағы абырой-беделiнiң күшейгенiн мәлiмдедi. Сонымен қатар, Х.Мүбәрәк өзi билiк еткен 30 жылды «тұрақтылық пен бейбiтшiлiк кезеңi» деп бағалады.

Осыған дейiн Қазақстанды бiр ғана кiсiден басқалары «жетектей» алмайды деп қателесiппiз. Бүгiнге дейiн 20 адамның Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) үмiткер ретiнде өтiнiш бiлдiруi – елiмiздi бас­қарғысы келетiндердiң баршылық екенiн байқатты. Жоғарыдағылар жабылып жүрiп, Конституцияда көрсетiлген «Сайлау туралы» заңды түзеп-күзеп президенттiк сайлауды сырғытып сәуiрге тiредi. Заңға сай келмесе де, сайлауды өткiзедi. Сiз бен бiз­ге есеп беретiн, құ­қы­ғымызды ескеретiн билiк бар ма? Қош, сонымен алда – асығыс сайлау.

Қазақ халқына,
Қазақстан Республикасының президентi Н.Назарбаевқа,
Қазақстан Республикасының премьер-министрi К.Мәсiмовке,
Қазақстан Парламентi сенатының төрағасы Қ.Тоқаевқа,
Қазақстан Парламентi мәжiлiсiнiң төрағасы О.Мұхамеджановқа,
Парламент депутаттарына
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҮНДЕУI

Мерзiмiнен бұрын өтетiн президенттiк сайлауға түсетiн үмiткерлер қатары бiршама көбейдi. Осыған дейiн Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) он бiр азамат өтiнiш бiлдiрiп, олардың екеуi мемлекеттiк тiлден сынақ тапсыра алмады. “Кенесары” қоғамдық қорының төрағасы Уәлихан Қайсардың емтиханнан сүрiнгенi туралы өткен нөмiрлерiмiзде хабарлаған болатынбыз. Сынақтың сынын саяси тапсырысқа балаған Уәлихан мырзаның уәжiмен лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков келiспедi, алайда ҚР Жоғарғы соты ОСК мен лингвистикалық комиссия жұмыстарынан “қате” тауыпты.

Батыс және ресейлiк ақ­парат құралдары бұл жолы Қазақстанда 3 сәуiрде өте­тiн президент сайлауы, «Нұр Отан» съезi мен онда көте­рiлген кейбiр бастамалар төңi­регiнде сөз қозғайды. Мәселен, Reuters президент Н.Назарбаевтың съезде халықтық IPO бастамасын көтергенiн жазыпты. «Президент халықтық IPO қор нарығын қалпына келтiргенiн қалайды» мақаласында Қазақстанның энергожүйесi мен пошта компанияларының акциялары айналымға бiрiншi болып түсетiнiн хабарлайды. Жиырма жыл бойы билiкте отырған Назарбаев үкiметке

Интеллигенция – тапқа да, партияға да кiрмейтiн, не болмаса белгiлi кәсiпқой­лардың ұйым мүшелерi де емес, ол тiптi әлеуметтiк топ­қа да жатпайтын әртектi, әртүрлi мамандықтардағы азаматтар жиынтығы. Сондықтан оның қадiр-қасиетiн, болмыс-бiтiмiн тек оқыған бiлiмдi жаннан iздеудiң өзi де аздық етедi. Интелли­генттiк – ауылдағы немесе қаладағы кез келген қарапайым адамның бойынан табылуы бек мүмкiн құбылыс. Ол – сонымен бiрге, өзiнiң туабiттi мәдениеттiлiгiн былай қойғанда, ең алдымен ой мен iс-әрекетiн ел-жұрт, халық, мемлекет пен қоғам, ұлт мүддесi үшiн iшкi-сыртқы ерiк-еркiндiгi арқылы батыл айтып, атқара алатын АЗАМАТ.

Кез келген мемлекеттiң мемле­кет­тi­гiнiң басты белгi­сi – оның тiлi. Ондай ерекше саяси-құқықтық мәртебеге ие тiлдi мемлекеттiк тiл деп атайды. Мемлекеттiк тiлдiң басқа тiлдерден негiзгi айырмашылығы – ұлттық құрамына қарамастан сол мемлекет аумағында тұратын халықтардың барлығы сол тiлде сөйлеп, сол тiлде қа­рым-қатынас жасауға мiн­деттi. Ата заңымыз бойынша бiздiң елiмiздегi мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi. Сөздiк қоры, тiл байлығы жағынан қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл мәр­тебесiне лайықты қызмет­тер­дiң бәрiн толық әрi мүл­тiксiз атқара алуға құдiретi жетедi. 2001 жылы қабылданған бағдарлама бойынша 2010 жылдың аяғында Президент аппараты, Үкiмет мүше­ле­рi түгелдей мемлекеттiк тiлде сөйлеп
ЕСКЕРТКIШ-ТАҚТА ОРНАТЫЛАДЫ
Мәскеуде Тұрар Рысқұлов тұрған үйге ескерткiш-тақта орнатылатын болды. Бұл жөнiнде белгiлi географ Молдияр Серiкбаевқа Мәскеу қалалық Мәдениет департаментiнен жолданған ресми хатта былай делiнген: «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшiлiгiнiң қолдауымен бiр кездерi Тұрар Рысқұлов тұрған Мәскеу қаласындағы Покров бульвары, №14 үйге ескерткiш-тақта орнатылады. Бұл туралы әйгiлi оқиғалар мен отандық тарих және мәдениет қайраткерлерiнiң атын мәңгiге қалдыру жөнiндегi комиссия 2010 жылдың 2 желтоқсанында арнайы шешiм шығарды».
Бүгiнгi сатира
«Құс тұмауы» дейдi,
«Шошқа тұмауы» дейдi.
Екеуiнен де мың еседей мықты,
Жуырда қоғамымызда сондай бiр сойқан,
Жұқпалы ауру шықты.
Әп-сәтте бес миллион
Адамға лезде жұқты.
Шендiлерiмiз бен шекпендiлерiмiз
“Жұрт шындыққа қисынды болғандықтан емес, жиi қайталанғандықтан сенедi” дептi Оскар Уайльд. Иә, расында да, солай. Тiптi бұл орайда “халық айт­са қалт айтпайдыны” қалай ұмытамыз ?! Ал бүгiнгi әңгiме – дәл осы қарапайым халықтың iшiнде айтылып жүрген жайттардың бiрi... Жақында бiр танысым сәбилi болды. Осы бiздiң Алматы қалалық перзентханалардың бiрiнде. Перзентханадан шыққаннан кейiнгi әңгiмесiн естiгенде, жағамызды ұстадық... Мөлдiрдiң аяғы ауыр болып, алғашқы перзентiн босануға перзентханаға түседi. Содан не керек, перзентханаға кiрер кезде тiркеушi әйел әдеттегiдей Мөлдiрдiң аты-жөнiн, жұмыс орнын жазып алған.
Отбасылық берекенi сақтайтын қарапайым қағидалар
1. Өзiңiзге киiм таңдағаныңызда құрбыларыңыздың ғана емес, күйеуiңiздiң де талғамымен, ақыл-кеңесiмен санасыңыз.
2. Күйеуiңiздiң қатты қастерлейтiн заттарына тиiспеңiз, пайдаланбаңыз, басқаларға ұстап көруге, қызықтауға ұсынбаңыз. Оның зат салатын жәшiгiн, үстелiнiң тартпасын, портфелiн ақтармаңыз, iшiн тәртiпке келтiремiн деп әуре болмаңыз, киiмiнiң қалтасын қарамаңыз.
3. Күйеуiңiз ұнататын тағамды қай кезде дайындау қажетi екенiн сұратпай-ақ бiлуге, дастарқанға қоюға үйренiңiз.
4. Көпшiлiк ортасында күйеуiңiз өзiңiзге жақсы мәлiм бiр әңгiменi айтып отырса да, оны ықыласпен тыңдап отырған қалып танытып, сөзiн бөлмеңiз, күмән келтiрмеңiз, қарсы дау шығармаңыз.
Қазақ елiнiң грек-рим күресiнiң палуандары Минскiде өткен әлем кубогында алтыншы орынға ие болды. Командалық сайыста өнер көрсеткен елiмiздiң палуандары 5-6-орындар үшiн болған белдесуде Түркия құрамасынан ұтылып қалды.
Беларусь астанасында 19-20 ақпан күндерi өткен әлем кубогына әлемнiң он елiнiң палуандары қатысты. Былтыр Мәскеуде өткен дүниежүзiлiк бiрiншiлiкте алғашқы тоғыз орынды иеленген командаларға жарысты өткiзушi ел Беларусь қосылды. Нәтижесiнде он команда бес-бестен екi топқа бөлiнiп күш сынасты. Қазақстан грек-рим күре­сiнiң шеберлерi А тобында Армения, Әзiрбайжан, Ресей және Болгариямен бақ сынады.
Алматыда әуесқой бокстан ел бiрiншiлiгi аяқталды. Биыл Қазақстан Республикасының жазғы спартакиадасы аясында өткен бокс бәсекесi тұңғыш рет он салмақ дәрежесiнде өттi. Бұған дейiнгi Қазақстан бiрiн­шiлiгi спартакиададан тыс өтiп келген-дi. Содан да болар, биылғы төл чемпионатымызға әр облыстан бiр-бiр боксшыдан ғана қатысты. Мұны бокс мамандарының кейбiрi дұрыс деп бағаласа, кейбiрi облыстағы боксшылардың мүмкiндiгiн шектеу деп түсiнедi. Не десек те, Алматыда өткен спартакиадада мамандардың пiкiрi қақ жарылды. “Төрешiлер өте әдiл төрелiк жасады” дейдi бiр жақ.
ОСЫНДАЙ ДА ДӘРI БАР
Дәрiгер-сексопатолог Андрей Кудрявцевтiң сөзiне қарағанда, бұл керемет дәрi 1960- жылдардың басында-ақ жа­сал­ған көрiнедi. Ендi әлгi дәрiнiң кереметтiгiне тоқталсақ. Ақ ұнтақ тәрiздi дәрiнi қолданған әйелдiң де, еркектiң де бөтен жүрiстерi тоқтайды екен. Мәскеудiң неврология ғылыми зерттеу орталығында ойлап табылған ұнтақ көптеген отбасылардың ойрандалуының алдын алады екен. Осы дәрiнi қолданған адам өз жұбайынан басқаларға көз сүзбейтiн болады. Адам ағзасындағы гормондарды рет­тейтiн бұл дәрi мидың бiрқатар бөлiгiнiң
Ақпанның 19-ы күнi Қытайдың Макао қаласында Дүниежүзiлiк бокс сериясының кестесiне сәйкес елiмiздiң “Астана арландары” кәсiпқой бокс клубы кезектi жекпе-жегiн “Бейжiң айдаһарлары” командасымен өткiзiп, 4:1 есебiмен жеңiске жеттi. Азия аймағының көшiн бастап келе жатқан Әзiрбайжанның “Baku Fires” клубы өткен сенбiде ойламаған жерден өз алаңында ұтылып қалды. Оңтүстiк Кореяның “Pohang Poseidons” клубының былғары қолғап шеберлерiмен шаршы алаңға шыққан әзiрбайжандардың кәрiс командасының боксшыларына шамасы келмедi. Екi салмақта жеңiске жеткен алаң иелерi үш жекпе-жекте жеңiстi қарсыластарына берiп қойды.
Өткен аптаның соңында құр­лықтық хоккей лигасының алғаш­қы кезеңi тәмам болды. Шығыс және Батыс конференциясында үздiк сегiздiкке кiрген командалар ендi 1/8 финалда күш сынасады. Астананың “Барысы” құрлықтық хоккей лигасының жалпыкомандалық есебiнде он төртiншi орында қалса, шығыс конферен­ция­­сында жетiншi орын­ға ие болды. Бұл дегенiмiз – Ан­дрей Хомутовтың шәкiрттерi алдарына қойған алғашқы асуды алды деген сөз. Алда – плей-офф ойындары. “Барыс” хоккейшiлерi биыл тағы да Қазанның “Ақ Барысымен” ширек финалдық жолдаманы сарапқа салады.