1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (15577) 24 ақпан, бейсенбі 2011
ОДАН ӘРIГЕ ТIЛI КЕЛМЕГЕН ҒАНИ ҚАСЫМОВ ТIЛШIМЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕСУДЕН ЖАЛТАРДЫ
Президенттiк сайлау болады десе, ежелден делебесi қозатын бiрнеше үмiткер бар. Бұл үмiткерлердiң басқан iзi бiлiнбейтiндiгi сондай, оларға халық та аса елеңдей қоймайды. Тiптi былайғы жұрт олардың белгiлi бiр рөлдi ойнайтын қуыршақ екенiн де жақсы бiледi. Өзгелердiң пiкiрiне пысқырып та қарамайтын Амантай қажы мен Ғани Қасымов сайлауға түсуге әркез дайын. Биылғы кезектен тыс президент­тiк сайлауда да бағын сынауға ниет­тенген Амантай қажы сынақ тапсыруға бармады. Оппозицияның президенттiк сайлауға берген бағасынан ба, әлде Назарбаевтың Амантай қажымен жарысатыны туралы пiкiрден соң ба, әйтеуiр, «аттандаған» атамыз шетке шығып қалды. Ендiгi көзтаныс үмiткер – Ғани Қасымов. Партиясының аты бар, атқарған жұмысы
Бiреу бiлер, бiреу бiлмес, 21 ақпан — Ана тiлiнiң халықаралық күнi, 1999 жылы ЮНЕСКО-ның арнайы кеңесiнде бекiтiлген халықаралық мереке. Дәл осы күнi Қазақстанның премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов  “Эхо Москвы” радиостансасына сұхбат бердi. Әр төбенiң басын бiр шаңдатқан Мәсiмовке тiлшi Н.Асадова мынадай сұрақ қойды: “Қарағандыдан Алтын деген тыңдарманымыз сiзден мынаны сұрайды: “2020 жылы халықтың 95 пайызы мемлекеттiк тiлде сөйлейдi дейсiз. Мұндайдан кейiн орыстiлдiлер елден кетiп қалады деп ойламайсыз ба?”. Бұған не дей­сiз?”. Мәсiмовтiң жауабының түрiн қараңыз. Ол былай дейдi: “Бiрiншiден, орыстiл­дi­лердiң Қазақстаннан кетiп қалғанын
Қазiргi президентке балама ретiнде ешкiмге белгiсiз кандидаттар тiркелдi. Тiптi кейбiрiнiң аты-жөнiн бұрын-соңды естiмегенбiз. Бұл — сая­си жүйенiң азғындағанының белгiсi. Бәсекелестiктi тұн­шық­тырған билiктiң жиырма жылғы жемiсi.
Өз әрекетiнен өзi ұялған болуы керек, Ақорда соңғы сәттерде оқшантайында түк қалмаған «запастағы кандидаттар» Мэлс Елеусiзов пен Ғани Қасымовты саяси аренаға құлағынан сүйреп шығарды. Бұлар — референдум арқылы президенттiң өкiлет­тiгiн ұзартуды қолдағандар. Осыдан кейiн мұның сайлау емес, жай ғана кабинеттiк ауыс-түйiс екенiне кiм күмән келтiредi?! Мiне, билiктiң шынайы бет-бейнесi осындай!
Президенттiкке үмiткер Мэлс Елеу­сiзов жеңiске жетерiне сенбейдi. Эколог бұған дейiн сайлау додасынан екiншi орын алатынына сенiмдi болса, Ғани Қасымов президенттiкке түскен соң онысына да күмән келтiре бастапты. Үмiткер Елеусiзов сайлауалды науқанында халық алдында қандай ұран көтеретiнiн де әлi шешпеген. Қысқасы, “Айтпарк” пiкiрсайыс клубына қонаққа келген Мэлс Елеу­сiзовтiң сайлауға қамданбағаны айқұлақтанып қалды. “Жоғарғы билiкке тағы жорық жасағалы отырсыз. Сайлауға қандай ұрандарды көтерiп түсесiз?”. Клуб модераторы Нұрлан Ерiмбетовтiң алғашқы сұрағына-ақ тосылып қалған Мэлс Елеусiзов ондай ұрандар
Суицидтiң түптамыры қайда? Адам нелiктен өзiндiк «менiн» жоғалтады? Мәселенiң басты себебi неде? Суицидтi жою үшiн мемлекет тарапынан қандай шаралар жасалуы тиiс? Осы және басқа да сауалдарға жауап iздеу үшiн дәрiгер-психолог Абылайхан РЫСДӘУЛЕТОВТi сөзге тарттық. “Суицид – жан дүниесi қатты күйзелген күйде немесе психикалық аурудың ықпалымен адамның өзiн-өзi өлтiру әрекетi. Мұндайда адам өз өмiрiнiң ең қымбат мәнiн жоғалтады. Яғни қоғам мүшелерi үшiн өмiр құнсыз, мәнсiз”, – дейдi ол.   – Суицид бұл – диагноз, дерт. Психологияда жеке адамды микросоциум деп атайды. Ал қоғам бұл – макросоциум.
Атырауда жем бағасы күрт аспандап кеттi. Кейбiр жекеменшiк иелерi жем-шөптiң қымбаттауы салдарынан қорадағы малдарын асырай алмай отырғандарын айтып облыс әкiмi блогына шағымданған. Ауыл шаруашылығы басқармасы дабыл қағатындай ештеме жоқ деп сендiредi. Ал «Атырауагросервис» ЖШС шаруа қожалықтарының өзiн кiнәлайды.  лдымен облыс әкiмi Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ жеке блогындағы мына бiр жазбаға үңiлейiк: «Менiң анам – 82 жас­та, ол 25 мың теңге зейнетақы алады. «Дина» базары маңындағы жекеменшiк үйде тұрады. Оның өз қажетттiлiгi үшiн ұстап отырған сиыры мен аз-маз үй құстары бар.
22 ақпан күнi Алматыдағы Пугасов мейрамханасында ұлтымыздың аса көрнектi һәм тағдырлы жазушысы Қажығұмар Шабданұлының жетiсi берiлдi. 22 ақпан күнi Қажығұмар ақсақалдың жамбасы жерге тигенiне жетi күн толыпты. Осы күнге орай ақсақалға Құран оқытып, дұға бағыштасақ деген ниетпен Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қор (жетек­шiсi Айдос Сарым), “Абай” ақпараттық порталы (жетекшiсi Дәурен Қуат) және белгiлi саясаткер Ерлан Қарин бiрiгiп, Пугасов мейрамханасына дастарқан жайып, ел азаматтарын шақырған екен. Адам мол жиналды.

  Кеше ғана хоккейден Азия ойындарының жеңiмпазы атанған Қазақстанның ерлер құрамасы қазақтың көк байрағын табан асты еттi. Кеше ғана елiмiзде аяқталған Азия ойындарында бiрде-бiр қазақ баласы жекелеген спорт түрiнен алтын медаль алмады (хоккей, допты хоккей және эстафеталық жарыстарды есептемегенде). Кеше ғана Қазақстан футбол қауымдастығының бас хатшысы Саян Хамитжанов ұлттық құраманың тiзгiнiн ұстаған чех маманын «орыс тiлiн жақсы меңгерген» деп “жерден жетi қоян тапқандай” қуанды. Кеше ғана елiм деп еңiреп келген Қытайдағы қандасымыз, боксшы Қанат Ислам бүгiнде орысша үйренуге мәжбүр болды...

Қаймықпай құлаш ұрған заңғарларға,
Жыр-жауһарын мұра етiп қалғандарға.
«Қыз бен гүл, бал шарапты» жырлап өткен,
Омар Хаям, дәл сенде арман бар ма?!
 
Бозторғай боздаса кеп ұясында,
Тебiренбей кең дүниеге сыясың ба,
БҰЛ – МӘДЕНИЕТТIҢ ТӨМЕНДЕГЕНI
Қазiр «президенттiкке түсем» деп тiлек бiлдiргендердiң жалпы саны 24-тен асты... Осыларға қарап отырып ерiксiз ойланасың. Мұның бәрi (бiрлi-жарымын есептемегенде) – Амантай қажының деңгейiндегiлер. Амантай қажының ар жақ, бер жағындағылар. Қазақша екi ауыз сөздiң басын қоса алмайтын Ғани Қасымовтың президенттiкке түсуi... Бұл ендi тiлдi ғана емес, елдi қорлау. Ұлтты қорлау... Президенттiк деген не? Президенттiк дегенiмiз – ең алдымен, ұлт алдындағы жауапкершiлiк! «Өзiм киiнбесем де, ұлтым киiнсiн! Өзiм iшiп-жемесем де, ұлтым iшiп-жесiн! Менiң ұлтым өзге ұлттардан еш кем

“Құрметтi “Жас Алаш” газетi! Бiз, 5 отбасы – Түсiпбек Түсiпқан (отбасында 6 адам, анасы – 2-топтағы мүгедек), Қайса Мұхит (отбасында 6 адам, әйелi – 2-топтағы мүгедек), Махымет Толқын (отбасында 5 адам, әйелi және қызы – 2-топтағы мүгедек), Қабырасыл Бекен (отбасы саны – 6 адам, өзi 2-топтағы мүгедек) және Екпiн Жанұзақ (отбасында 5 адам, қызы – 1-топтағы мүгедек) Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданына Қытайдан көшiп келген оралмандармыз. 2008 жылы желтоқсан айында бiздердi, қалада үй жалдап тұрып жатқан жерiмiзден, бұрынғы аудан әкiмi Ә.Мұхтарханов

ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмидiң назарына
2010 жылдың 6 сәуiрiн­де таңғы сағат 8 шамасында бiздiң үйге (мен Оңтүстiк Қазақстан облысы, Түлкiбас ауданы, Рысқұлов ауылында тұрамын) Нұрдулла Айдарбеков, Жандос Қаржаубаев және мен танымайтын, аты-жөнiн бiлмейтiн бiр азамат келдi. Нұрдулла Айдарбеков Түлкiбас ауданындағы Сазтөбе ауылында орналасқан “Sas-Tobe Tehno­lo­gies” ЖШС-ында дистрибьютер болып жұмыс iстейдi. Кәсiпкер. Бұрыннан танимын. Бiр танысыма жалпы құны 500 000 (бес жүз мың) теңге тұратын, әрқайсысының салмағы 50 келiден 70 қап цементтi қарызға алып берген едiм. Келiсiм-шарт жасалған. Бiрақ танысым ақшасын төлей     алмады да, оның ақшасын ендi мен төлемек болып уәде еттiм.
“Жас Алаштан” (№13,17 ақпан, 2011 жыл) оралдық Мұнайдар Балмолданың “Қайтыс болған адамға ту жабу қайдан шықты?” деген мақаласын да, оған “Жас Алаштың” сайтына келiп түскен оқырмандардың пiкiрлерiн де оқыдым. Қайтыс болған адамға ту жабу, автор айтпақшы, бiзге шетелден жұқты. Шетелден бiзге не жұқпады десеңiзшi?! Ұл-қыздарымыздың ата-анасына қарсы келуi, ұрып-соғуы, кiндiгiн тесiп, сырға тағуы, әлем-жәлем киiнуi, арды аттап, ақшаға тәнiн сатуы, мектеп оқушыларының бiр-бiрiне жасаған зорлық-зомбылығы және тағысын тағылар. Санасаңыз саусағыңыз жетпейдi. Ендi келiп...
Кiм не десе, о десiн, мен үшiн кәрiс телехикаясы “Ханзада Жумонгтың” жөнi бөлек. “Қазақстан” телеарнасынан, оның iзiн ала бере облыстық телеарнадан да көрсетiлдi. Көпшiлiктiң кейiпкерлер тағдырына алаңдағанына, олармен бiрге күлiп, бiрге жылағанына куә болдым. Киноның тiлiн бiлетiндер өз патшалары мен батырларын, тәуелсiздiк үшiн күрескен ұл-қыздарын әлемге осылай танытып, салт-дәстүрлерiн осылай насихаттайды екен-ау! Жумонг – өз халқы, қандастары үшiн басын қатерге тiгуге әзiр. Тақ, атақ ол үшiн маңызды емес. Елiн, жерiн қорғау – басты борышы.
Ол кезде «Тамаша» ойын-сауық отауының аты дүркiреп, тасы өрге домалап тұрған. Оның қойылымдарын теледидардан көрудiң өзi сол кездерi көпшiлiк үшiн бiр бақыт болатын. Осы «Тамашада» 1985 жылы Серiк Сұрашев жетекшiлiк ететiн “Сұрашевтар отбасылық ансамблi” өнер көрсеттi. Бұл Ұлы Жiбек жолының бойында жатқан, жай ғана шаруа баққан кiшкене ғана Жақсылық ауылының жұртшылығы үшiн үлкен жаңалық болған едi. Хабар ертеңiнде-ақ бүкiл ауданға тарап кеттi. Облыс көлемiнде 1984 жылы алғаш­қылардың бiрi болып құрылған отбасылық ансамбльдiң құрамында бастап­қыда Серiк Сұрашевтың Роза, Айнаш, Аман, Қажымұқан есiмдi ұл-қыздары мен жұбайы Шәйiмкүл өнер көрсетiп жүрдi.
Жұлдыздар тағдыры
1960-жылдардың аяғында қырғыз киноөнерi бүкiл әлемге танымал бола бастады. Ш.Айтматов, Б.Шамшиев, Т.Өкеевтер қырғыз елiн өздерiнiң шығармаларымен әлемге танытса, ал Сүйменқұл Чокморов актер ретiнде шетел көрермендерiне қырғыздың ұлттық дүниетанымын, ұлттық мiнезiн, салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын жарқ еткiзiп көрсете бiлдi. Өкiнiштiсi, Кеңес одағының халық әртiсi, Қырғызстанның халық суретшiсi, кино өнерiнiң көптеген номинацияларының иегерi, Қырғыз елiнiң Тоқтоғұл атындағы мемлекеттiк сыйлығының иегерi Сүйменқұл Чокморов өмiрден ерте кеттi. Ол небәрi 53 жасында дүние салды.
«Ливияның басшысы Муаммар Каддафи билiкке келгелi 41 жылдан асыпты. Ол 1969 жылдың қыркүйегiнде король Ыдырысты билiктен кетiрiп, өзi таққа отырған. Ол кезде Каддафи бар-жоғы 27 жаста едi. Египет президентi Гамал Әбдел Насырды үлгi тұтқан ол өзiн әскерилер арасынан шыққан ұлтшыл етiп көрсетуге тырысты. Десе де, Каддафи тақта бұрынғы басшылардан әлдеқайда ұзақ отырды. Каддафи билiкке кел­гелi берi ел басқарудың өзiндiк жүйесiн қалыптастырды. Ол радикалды қа­рулы топтарды қолдауымен ерекшелендi. Сонысымен де ол жиырмасыншы ғасырдың ең тоталитарлы деспот басшыларының бi­рiне айналды»,