1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (15578) 1 наурыз, сейсенбі 2011
Ақпарат және байланыс ми­нистр­лiгi ұсынған «Телерадио­хабар тарату туралы» заң жобасы қоғамдық күштердiң үлкен қарсы­лығын тудыруда. Бұл заң жоба­сымен танысқан соң, оның шикi тұстарына бiз де анық көз жеткiз­дiк. Жаңа заң жобасын қоғам талқысына ұсынған министрлiктiң көздегенi – шетелде тiркелiп, Қазақстан аумағында хабар тара­татын телеарналардың қызметiн шектеу. Бұл мәселенiң саяси астары барын бiрнеше себеп дәлелдеп тұр. Осыдан екi-үш ай бұ­рын өздiгiнен үн көтерiп, мәселе айтпайтын, томаға-тұйық, бұйы­ғы пар­ламент­тi сенатор Төлеген Мұхамеджанов «күркi­реген» мәлiмдеме жасап «жарып жi­бер­дi» деуге болады. Ол былай дедi:
Кезектен тыс прези­денттiк сайлаудың үмiт­кер­лерi белгiлi болды. Алайда әзiрге мемле­кет­тiк тiл сынағынан өткен бұл азаматтарды ендi қол жинау науқаны күтiп тұр. Яғни Орталық сайлау комиссиясы өтi­нiшiн қабылдап, лингвистикалық комиссия мем­ле­кеттiк тiлдi бiледi деп тапқан үмiткер­лер саны – 11. Әрбiр үмiткерге 91 мың адамның қолдап қойған қолы бар парақшаларды ақпанның 26-сына дейiн аймақтық сайлау комис­сия­сына өткiзу тапсырылды. Алайда уа­қыттың аздығына қарай, бұл науқан наурызға дейiн созылатыны туралы ОСК-нiң жиналысында айтқан Қуандық Тұрғанқұлов белсендi жұмыс атқарып отырған аймақтарға тоқ­тал­ған-ды.

Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Серiк Сейдуманов өткен аптада «Время» газетiне сұхбат бердi. Сұхбатында араб елдерiндегi жағдайға қатысты мынадай «уәж» айтты: «Сырттан әсер етушi күштерге қарсы Қазақстанның иммунитетi күштi. Олар (төңкерiсшiлер — ред.) мұны «әлеуметтiк толқулар төңкерiсi» деп атайды. Әлеуметтiк мәселелер бiзде де бар, бiрақ бiз оларды бiрiнен соң бiрiн жүйелi түрде шешiп отырамыз. Президент тұрақтылықтың кепiлi ретiнде елдегi iшкi жағдайды ғана емес, әлемнiң жағдайын да жақсы бiледi. Елдегi тұрақтылықты сақтау үшiн де өкiлеттiгiн екi жылға қысқартты».

Болатхан Тайжан атындағы қордың жетекшiсi, экономика ғылымдарының кандидаты Мұхтар Тайжан егер сайлау әдiлеттi өтсе, Серiк Сапарғалиға сайлаушылардың 50 пайызы дауыс беруi мүмкiн деп есептейдi. Бұл ойын Мұхтар Тайжан қазақ журналистер клубының отырысында айтты. “Президенттiң кiм болатыны анық. Додаға түскен үмiткерлер танымал емес. Бiрақ Серiк Сапарғали – қоғамға белгiлi адам. Сондықтан оған сайлаушылардың жартысы дауыс бередi деп ойлаймын”, – дедi ол. “Сонда сайлау әдiлеттi өтсе, Н.Назарбаев қанша дауыс жинайды?” деген сұрағымызға Мұхтар Тайжан: “40-50 пайыз” деп жауап бердi.

Кезектен тыс президенттiк сайлаудың үмiткерлерi iрiктелiп бiттi. Бұл туралы ақпанның 24-i күнгi есеп беру жиналысында Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлiмдеген-дi. Биылғы президенттiк сайлауға үмiткер ретiнде өтiнiш бiлдiрген азаматтар туралы, ОСК-мен бiрге мемлекеттiк тiл бiлiмiн тексеретiн лингвистикалық комиссия жұмыстарындағы олқылықтар жайында да осыған дейiн тәптiштеп жазған болатынбыз. Алайда редакцияға арнайы келген үмiткер Бiржан Дiлмағамбет лингвистикалық комиссияға қатысты тағы бiр жайттың бетiн ашып бердi.

Осыдан екi-үш ай бұрын ғана келiсi мың теңгеден аспайтын сиыр етi бүгiнде мың екi жүз теңгеге көтерiлiп қалды. Бұл қымбат баға ма? Әлде, арзан ба? Қала әкiмi Иман­ғали Тасмағамбетов елге есеп берген кезiнде астаналықтардың алатын орташа айлық ақысы 106 мың теңге дедi. Еңбек ақысының көлемi көпшiлiкке белгiсiз Астана тұрғыны, ел президен­тi   Нұр­сұлтан Назарбаевтың айлығын кiшiгiрiм көлiк тұрағының күзетшiсiнiң еңбекақысына иә болмаса, атшаптырым кеңседе шалқайған министрдiкiн ескi кафенiң еденiн жуушыныкiмен бөлiп,   орташа айлықты 106 мың жасады, оның жолы бiзге белгiсiз.

Нарықтың өз заңы бар. Қалай болғанда да баға соған бағынады. Ал сол нарыққа тосқауыл болуға елдiң экономикалық тәуелсiздiгi ғана кепiл. Қызылордада ондай тәуелсiздiкке кепiл жоқ. Қазiрге бардың басын құрай алмай отырған жайымыз бар. Соның салдарынан сырттағы былай тұрсын, iшкi нарықтағы баға тұрақсыз күйде қалуда. Оны шiдерлеп ұстап тұру мүмкiн емес. Өзге аймақтардағыдай Қызылорда да қымбатшылықтың құрсауында тұр. Жыл басынан берi, әсiресе, азық-түлiк бағасы күрт өстi. Ресми түрде “Өткен жылдың желтоқсан айында баға өткен аймен салыстырғанда азық-түлiк тауарлары 2 пайызға өстi деген” қойыртпақ мәлiмет

Баяғыда бiр әпендi “Шiркiн-ай, министрдiң жалақысын алып, Оңтүстiкте өмiр сүрсең ғой” деп армандаған екен. Министрдiң жалақысының жоғарылығын, Оңтүс­тiкте азық-түлiктiң арзаншылығын меңзегенi ғой. Сөйткен Оңтүстiк­те де баға оңбай, Астана жақтың айлығымен таласа алатын табысы бар азды-кемдi тараздықтардың өзi базарға ойланып баратын болып жүр. Әйтеуiр, соңғы айларда Таразда көк­өнiстiң де, еттiң де бағасы әжептәуiр алаңдатып тұрған жағдайы бар.

Бiз ертеңге соқыр сенiммен өмiр сүрiп келемiз. Бiз жасап отырған қоғамда соғыс болмағанымен, жүрек пен жүйкенi қысымдайтын писихологиялық жарылыс болып жатқандай... Сол жылдар iзгi едi ғой... Балалықты айтам! Кiлкiген үмiт пен шаттықтың толқынында ойнайсың... Бұл күнде бәрi басқа. Бiр ұлттың болашағы бұлыңғыр, ертеңi күңгiрт, өмiрiмiз жолсыз құм құрсауы сияқты. Уақыт ағысы осылай кете берсе, iзгiлiгi жалған тегi жауыз адам қолымен ақырзаман күйi тартылып бүкiл бостандығымыз асқазанның шыңырауынан құлап өлерi шындық.
СУДЬЯ ӘДIЛ СҰЛТАНИ НЕГЕ ӘДIЛ БОЛА АЛМАДЫ?
ҚР президентi Н.Назарбаев, ҚР Жоғарғы сот тӨрағасы М.Әлiмбеков мырзалардың назарына
Өткен жылдың 18 қыркүйегi күнi таңғы сағат 4.30 шамасында Ақтау қаласындағы 28-ықшамаудан 20-үйдiң жанында Қасымов Әбдiр мен Ильясов Мұхамеджан деген жiгiттер 4 машинаға соғып көлiк апатын жасайды. Содан олар полициядағы таныстарын шақырып, солармен бiрге полиция бөлiмшесiне келедi, арыздары мен түсiнiктемелерiн жазады. Қыркүйектiң 20-сы күнi таныстардың көмегiмен тағы да өздерiне таныс сарапшысын шақырып, сараптама, құжаттарын жасатады.

Астана қаласынан небәрi 28 шақырым қашықтықта тұрған Ақмола облысы, Целиноград ау­даны, Қажымұқан ауылының тұрғындары 5 жылдан берi жарықсыз, ауызсусыз, қоғамдық көлiксiз, қатқыл жолсыз түтiн түтетiп, тiршiлiк етiп жүр. Амалсыздықтан, шарасыздықтан. Ауыл халқының жанайқайынан аудан, облыс әкiмшiлiгi, «Нұр Отан» партиясы, тiптi бас уәзiр Кәрiм Мәсiмовтiң дәл өзi де құлағдар. Бiрақ «баяғы жартас – сол жартас». Ши сындырған ешкiм жоқ. «Мұндағы халықтың әл-ауқаты, өмiр сүру дәрежесi өте төмен. ХХI ғасырда емес, бейне бiр ХVIII ғасырда өмiр сүрiп жатқандаймыз», – дейдi ауыл тұрғындары. 

Аралдың экологиясынан қашып, Алматының қатал тiршiлiгiне тап болған Iле ауданы, Төлеби ауылының тұрғыны Айнагүл Кiшкентаева редакцияға келiп, мұң-шерiн төктi. Ауыр тұрмысын айтып, жанарына жас алды. «Телеарна қараймын. Билiктегi байшыкештер 40 мың долларлық киiм киiп, тайраңдайды. Ал ауылдағы жұрт тақ-тұқ тиын санап, қара нанды азық етуде. Мiне, бiздегi әлеуметтiк алшақтық қандай дәрежеге жеттi», – дейдi ол.  Айнагүл апайдың жолдасы 30 жасында екi аяғынан айырылыпты. 2009 жылы жүрек талмасынан көз жұмған. Қазiр отбасында – 7 жан. Несие алып, қарызға белшесiнен батыпты.
Aлматы қаласы. Медициналық жедел-жәрдем бекетi. Аула iшi қаптаған көлiк. Бәрi бiр-бiрiне ұқсас, бiр-бiрiнен айнымайды. Сақадай сақ тұр. Қызмет бабымен асығуда...
– Сәлеметсiз бе, аға? Бағытыңыз қай көше? – дедiм жедел жәрдем қызметкер­лерiнiң бiр күндiк тiршiлiгiмен танысу үшiн арнайы келiп тұрғанымды айтқаннан соң.
– Жандосов – Береговойға кетiп барамыз, – дедi үстiне арнайы медициналық жедел жәрдем қызметiнiң киiмiн киген орта жас­тағы қызметкер Володия ағай ашулы үнмен. Аты да, заты да орыс болғанымен қазақ тi­лiне судай екен, ағып тұр.
6 МЫҢНАН АСТАМ СӘБИ ШЕТIНЕДI
Статистика агенттiгiнiң хабарлауынша, бүгiнде республика халқының саны – 16,4 миллион адам. Халық санының ең жоғарғы өсiмi – Оңтүстiк Қазақстан облысы, Астана және Алматы қаласында, ал азаюы – Солтүстiк Қазақстан облысында байқалған. Халық саны Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Атырау облысында Астана және Алматы қаласында – көшi-қон және табиғи өсiм есебiнен, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Павлодар облысында – тек табиғи өсiм есебiнен көбейген.
Бiз бүгiн жазушы Еркiнбай Әкiмқұловтың “Шәмшi Қалдаяқов” атты роман-эссесiнен үзiндi ұсынып отырмыз. Романда әңгiме, оқиғалар бас кейiпкер Шәмшi Қалдаяқовтың өз атынан баяндалады. Шәмшi Қалдаяқовты бiрiншi жақтан сөйлету үшiн Шәмшiнi, әрине, өзiнен де артық бiлу керек. Не десек те, Еркiнбай Әкiмқұлов үлкен тәуекелге бел буыпты. Өзiне сенген де болуы керек. “Шәмшiмен бiрге өсiп, бiрге жүргенiм өз алдына, мен оның өзiн де, әндерiн де ұзақ жыл зерттедiм ғой...” дейдi автор. Не де болса, шығарманы оқырман талқысына ұсынуды жөн көрдiк.
ИКОНДАРДЫҢ ҚҰПИЯСЫ
Мәскеудiң Третьяков галереясында екi айдан берi «Андрей Рублевтiң туғанына 650 жыл. Суретшi салған икондардың құпиясы» атты көрме өтiп жатыр. Сонымен, А.Рублев сал­­ған икондардың құ­пиясы неде? «А.Руб­лев­тiң салған икондарына қарап, ұлттық құндылықтарды қайдан, неден iздеу керек екендiгiн бiрден аңғарасың», – дейдi өнертанушы Виктория Пешкова, – тiптi оның салған Құдайлары да орысқа қатты ұқсап тұрады: мiнезi жөнiнен де, кеңдiгi жөнiнен де...»
Жексенбi күнi Астананың “Дәулет” спорт кешенiнде елiмiздiң “Астана арландары” клубы дүниежүзiлiк бокс серия­сының кезектi жекпе-жегiн өткiздi. “Бейжiң айдаһарлары” клубымен шаршы алаңға шыққан отандастарымыз бұл жекпе-жекте 5:0 есебiмен жеңiске жеттi. “Арландардың” намысын Мейiр­жан Рахымжанов (54 келi), Ержан Мұзафиров (61 келi), Қанат Ислам (73 келi), Марат Молдагереев (85 келi) және Сардор Абдуллаев (91 келiден жоғары) қорғады. Бес боксшы да өз жекпе-жектерiн өте жоғары деңгейде өткiздi. Азия аймағында күш сынасып жатқан “арландар” өз тобында әзiрге екiншi орында келедi. Көш басында – Әзiр­байжанның “Baku Fires” клубы.
Жақында Таразда дзюдодан жастар арасында ел бiрiншiлiгi аяқталды. Қазақстанның барлық облыстарының дзюдошылары бақ сынаған додада 1992-93-жылдар аралағында туған жас өрендер өз өнерлерiн ортаға салды.
Ақпанның 17-20 аралығында өткен Қазақстан бiрiншiлiгi жайлы дзюдодан елiмiздiң жас­тар құрамасының аға бапкерi Ермек Иманбеков (суретте) былай дейдi: – Таразда өткен ел бiрiншiлiгiне 500-ден аса пал­уан қатысты. Белдесулердiң барлығы өте жоғары деңгейде өттi. Қазақстанның жастар құрамасының аға бапкерi ретiнде ендi ел чемпиондарын оқу-жаттығу жиындарына шақырамын.
Алматыда бильярдтан әлем бiрiншiлiгi аяқталды. Үш күнге созылған жарыс­қа әлемнiң он төрт елiнен барлығы 64 кии шеберi қатысты. Бильярдтың Мәс­кеу пирамидасы түрiнен өткен бүкiләлемдiк жарыста ресейлiк Никита Ливада әлем чемпионы атанды. Бұған дейiн есiмi елге беймәлiм болып келген Никита Ливада кiм? Ресейдiң Дондағы Ростов қаласында дүниеге келген Никитаның жасы небәрi он бесте ғана. Тастаяқты қолына алғанына көп уақыт өте қоймаған Никита бұған дейiн әлем бiрiншiлiгi тұрмақ, iрi-iрi халықаралық турнирлердiң өзiнде жолы болмай жүрген спортшылардың бiрi.
“Апа, жағдайыңыз қалай? Бiздiң жағдайымыз жақсы. Сiздiңкi ше? Сабағымды жақсы оқып жүрмiн. Сiздi қатты сағындым. Апа, Сiз болмасаңыз ауылда түк те қызық жоқ”. Анашым! Жоғарыда Шымкент қаласындағы Жолдасбеков атындағы №9 лицейде сабағын үздiк оқып жүрген 7 жасар қызымның, Сiздiң сүйiктi неме­реңiз Iңкәрдiң жазған хатын қаз қалпында қайталап отырмын. Неғылған хат екенiн айтайын. Қайсыбiр күнi жұмыстан кешқұрым үйге келсем, ерке қызым “Көке! Ауылға қашан барамыз? Апамның басына апарып қоятын хат жазып қойдым” демесi бар ма? Немереңiздiң мынадай тосын сауалына бiрден жауап айта алмай ептеп есеңгiреп тұрғанымда мән-жайды өзi баяндай жөнелдi: