1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17-18 (15579-80) 4 наурыз, жұма 2011
«ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ МҮДДЕСIН НАЗАРБАЕВ ҚЫТАЙҒА САТТЫ» ДЕЙДI РАХАТ ӘЛИЕВ
Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назар­баев 21 ақпанда Пекинге ресми сапармен барды. Бұл сапардың «құпиясын» Рахат Әлиев жария еттi. Оның мәлiмдеуiнше, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтаоның арасында құпия келiсiм жасалған. Келiсiм бойынша, Қазақстанның бiр миллион гектар құйқалы жерi Қытайға 99 жылға жалға берiледi-мыс. Мәлiмдемесiн «Қазақстандықтар!» деп бастаған Рахат Әлиев одан әрi былай деп сабақтайды: «Бiздiң елiмiзге қауiп төндi. Бұл жай сөз емес. Өмiрбақилық президент Назарбаев алдымен референдум өткiзгiсi келген, ендi мiне, мерзiмiнен бұрын өтетiн президенттiк сайлау спектаклiн бастады.

2011 жылғы қазақ саяси сахнасындағы қарбаластар көпшiлiктiң есiнен ешқашан шықпас, сiрә. Өткен жылдың соңында референдум деген ұранмен басталған шаруаның соңы сайлауға кеп тiрелген-дi. Екi жылын “ойланбай” құрбандыққа шалған Н.Назарбаев халықтың төзiмiн кетiрмей, кезектен тыс президенттiк сайлау өткiзудi ұсынды. Референдумға алашапқын қол жинағандар кiлт бұрылып, ендi сайлауға дайындыққа кiрiстi. Қиын-қыстау сәттерде Төтенше жағдайлар министрлiгi танытпайтын шапшаңдықтың үлгiсiн көрсеткен билiкте­гiлер ендi алдағы бес жылыңызға күмәнсiз кепiлдiк беретiн жарнама жасауды бастады.

3 сәуiрде өтетiн кезектен тыс сайлаудың барысын қадағалайтын халықаралық бақылаушылар алдағы күндерi өз жұмыстарын бастайды. Осыған дейiнгi Қазақстанда өткен сайлаулардың ешбiрi демократиялық талаптарға сай өтпегенiн сынаған бақылаушылар алдағы саяси науқаннан өзгерiс күтетiндерiн жасырмайды. Сайлауалды нау­қаннан бастап, дауыс aқорытындыларының барысына дейiн түгелдей қадағалап, бақылайтын ЕҚЫҰ-ның өкiлдерi жұмыс жоспарын түздi. Сонымен қатар, саяси доданың әдiл өтуiн бақылауға өз елiмiзде тәуелсiз қоғамдық комиссия құрылды.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ-ның президентi Жағыпаров Ақболат мырзаның назарына!
Темiржол бойындағы болып жататын былық-шылықты айтып, бұл күнде ешкiмдi таңдандыра алмайсыз. Алматы темiржол вокзалында кассада болмаған билеттi екi бағасын берiп қолдан сатып аламыз. Бұл жайлы қанша мәрте жазылса да, тосқауыл болатын түрi жоқ. Жолаушылар таситын вагондардың ластығы мен салқындығы, жолсерiктердiң мәдениетсiздiгi жайлы да талай мәрте айтылып, жазылып жүр. Әйтеуiр, басқа пайдаланатын көлiгi болмаған соң, халық осының бәрiне көнедi.
Кейде менiң елiмiздiң өткен жылы ЕҚЫҰ-на (ОБСЕ) төрағалық етуiне үлкен күмәнмен қарайтын кездерiм бар. Неге дейсiз ғой? Кешегi көрнектi саясаткер З.Нұрқадiловтiң өз үйiнде қастандықпен өлтiрiлуi, қазақтың бiртуар ұлы А.Сәрсенбайұлын қасындағы серiктерiмен бiрге арнайы қызмет адамдарының қазаға ұшырауы, банк қызметкерлерi Ж.Темiрәлиев пен А.Хасеновтiң өлi-тiрiсi белгiсiз, осы күнге дейiн жоқ болып кетуi сияқты, т.б. жағдайлардың барлығын бiле тұра, қалайша Қазақстанды халықаралық ұйымға төрағалық еткiздi? Менiң ойымша, ЕҚЫҰ-ның халықаралық деңгейде ешқандай салмағы, беделi жоқ сияқты.
Үлкендi-кiшiлi жиындарға жиi қатысып жүремiз. Сонда байқағанымыз, кейбiр мемлекеттiк қызметкерлер әкiмдiкте iстегендi халыққа қызмет көрсету емес, қала басшыларына құлдық ұру деп түсiнетiн сияқты.  “Алақай” телебағдарламасының бас жүлдегерi Мейiрлан Шәкеновтiң Сәтбаев қаласына келгенiн естiген соң, бала да болса танылып қалған таланттың өнерiн тамашалайық деп концертiне бiз де бардық. Орнымызға жайғаспай жатып жанымызға жетiп келген келiншек, әлде қыз: “Бұл қатарды босатыңдар, қала басшылары келедi” деп, қолында билеттерi бар көрермендердi бықпырт тигендей қылды.

Зейнетақы жүйесiнiң ендiрiлгенiне 14 жыл өткенiне қарамастан шешiлмеген мәселе шаш етектен. Әсiресе, қаржылық дағдарыс бастал­ғанда зейнетақы қорларының проблемасы онан бетер ушықты. Кезiнде қорлар сатып алған құнды қағаздардың құны түсiп кетсе, ендi бiр эмитенттер дефолтқа ұшырады. Сөйтiп, қорлар табысы күрт төмендедi. Осының кесiрiнен зейнетақы қорлары әлi күнге дейiн терiс көрсеткiштi табыстан арыла алмай келедi. Бүгiнде қорлар активтерiн жұмсайтын инструменттер жеткiлiксiз болғандықтан тағы бiрқатар мәселенiң басы қылтиды.

Ататүрiк былай дейдi: “Қай кезде де ұлттық мұрат пен ұлттық мүддеге басымдық беруiмiз керек. Халықаралық саясат, еларалық жағдай, мұның бәрi ұлттық мұрат пен ұлттық мүддеден кейiн әрi төмен тұруы керек”. Мiне, осы ұлы ұстанымды берiк ұстанған қазақ саясаткерiнiң бiрi Болатхан Тайжан болатын. Егер арамызда жүрсе, 8 наурызда Болатхан Тайжан 70 жасқа толар едi. Бiлiмiне бiлiгi сай, парасатына батылдығы сай саяси қайраткердiң ендi төменде 2000-05 жылдар аралығында айтқан, жазған, жариялаған мақалалары мен сұхбаттарынан үзiндiлер келтiре кеткендi жөн көрдiк.

дейдi “тыңшы” атанып, түрмеде отырып шыққан Хабибу Ма-Лян-Цай
15 жылға бас бостандығынан айырылып, 1 357 күнiн, жинақтап айтсақ, 4 жылға 3 ай жетпейтiн өмiрiн Қытайдың Үрiмшiдегi I дәрежелi абақтысында азаппен өткiзген азаматтың “Жас Алашқа” келiп айтқан уәжi қаншалықты шындыққа жанасады? Бiрге таразылап көрелiк. Хабибу Ма-Лян-Цай – 1951 жылы Қытайда туған. Ұлты – дұңған. 1972 жылы Қазақстанға қоныс аударған. 21 жасында Талдықорғанда кешкi оқу бөлiмiнде әлiппе таныған. Кәсiбi – диқаншы, саудагер. Үйленген. Қазаққа күйеу­бала. 10 баласы бар. Түрмеде денсаулығы сыр берген. Екi көзiнiң нұры тайған. Сондай-ақ, дәрiгерлер “қант диабетiмен ауырады” деп диаг­ноз қойған. Бұл – “тыңшының” өз аузымен айтқан қысқаша өмiр­баяны.

– Қазақ қашанда анасын ардақтап, қарындасын құрметтеген халық. Отбасының берекесiн, шаңы­рағының шаттығын сақтаудың үлкен жүгiн арқалаған апаларымыз қазақ iргесiнiң берiктiгiне де көп үлес қосқан. Бұған тарихтағы аналарымыздың бейнесi мен беделi дәлел. Тiкелей ел басқару iсi мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласпағанымен, бағзы замандағы қазақ әйелдерi даналығымен, парасаттылығымен азаматтарына қолдау бiлдiрiп отырған. Отбасында орныққан осындай жарастықтың арқасында, атқамiнер азаматтарымыз елiн-жерiн қорғауға күш сал­ғаны мәлiм. Өткенге шолу жасап, бүгiнгi бiздiң қоғамды салыстырсақ, тектi халықтың теңселiп, адасып бара жатқанын сезесiз.

Кәсiпкерлiк – кез келген адамның қолынан кел­мейтiн iс. Онымен әйел адам түгiлi, қолынан iс келетiн ер-азаматтың өзi айналыса алмайды. Себебi, кәсiп­керлiк ақылдылық, еңбекқорлық пен ептiлiктен бөлек төзiмдiлiк тәрiздi қасиеттердi талап етедi. Осындай қасиет­тер бойынан табылған әйел заты ғана өз iсiн ашып, кәсiбiн дөңгелетiп әкетедi. Сондай кәсiптi өз бетiнше жүргiзiп, ал­ғысқа бөленiп жүрген­дердiң бiрi – «Ерке-Нұр» кәсiпорнының президентi, «Үздiк кәсiпкер әйел» Фарида Мерхамитқызы. 1997 жылы негiзi қаланған «Ерке-Нұр» компаниясы ұлттық киiм-кешектер тiгумен айналысады. 1993 жылы Қытайдан оралған қандасымыз Фарида Мерхамитқызының бастамасына таңдай қағасың.

Әнсүйер қауымның ерекше iлтипатына бөленген қазақтың нәзiк те қайсар қызы туралы әкесi мен анасы сыр шертедi
Соңғы жылдары “ұлттық рух” деген сөздi қай кездегiден де жиi айтып жүрмiз ғой. Сол ұлттық рухтың бiр көзi, бiр қайнар бастауы – ұлттық әндер. Ұлттық әндерiмiздi нәшiне келтiре, келiстiре орындап жүрген әншiлерiмiздiң бiрi – Тамара Асар. Тамараның ұлттық киiмдер­мен сахнаға жиi шығатыны да көңiл қуантады. Тамара соңғы 4-5 жылда қатты өстi. Әншi ретiнде. Қазiргi күнi Тамараның даусы, ән таңдай бiлуi, әннiң “iшiне ене алуы”, шеберлiгi, iзденгiштiгi, өз өнерiн жетiлдiруi өнерсүйгiш қауымды аса тәнтi етiп жүр.
Алматы облысы, Жауғашты ауылындағы республикалық қыз-келiншектерге арналған ЛА-155/4 түзеу мекемесiнде жазасын өтеп жүрген 18 сотталушы мемлекетiк рақымшылыққа iлiнiп, мерзiмiнен бұрын бостандыққа шықты. Түрме тынысы. Қамал. Темiр тор. Қатал тәртiп. Қара суық. Түр­­ме ауласында түскi асқа бару үшiн тiзiлiп тұрған қылмыскерлер... Түрме әкiмшiлiгi ғимаратының алдында көзiне жас алып, үмiтпен қақпаның ар жағындағы тiршiлiкке жалтақ-жалтақ қараған қыз-келiншек. Күнделiктi тәртiптi көзi көрiп, етi үйренген сотталушылар сырттан келгендерге үңiле қарайды. Бiрi – жүзiн жасырып, зыта жөнеледi. Екiн­шiсi – шылым тартып, өңменнен өтiп кетердей тесi­ле қарайды. Үшiншiсi... Төртiн­шiсi...
Гүлбану қашан көрсең де енесiн айналасына үлгi етiп отырады. «80 жасқа келiп қайтыс болды. Тiрiсiнде бiр келiнiне ренжiп, ұрысқан емес...» дейдi. Гүлбану Сәдуақас – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­ситетiнiң психология-педагогика фа­культетiнiң ұстазы. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Енесiн мақтап, мадақтап отыратын әйел бүгiндерi тым азайып кеттi ғой. Сондықтан да Гүлбану Темiриязқызын әңгiмеге тарттық. – Енемнiң қайтыс бол­ғанына да бiр жылдай уа­қыт болып қалыпты. Ол кi­сi­нi мен ғана емес, әуле­тiмiз­бен сағынып жүрмiз. Бекжан (Тұрыс) екеумiз Алматы облысының Шонжы ауылынанбыз және құдайы көршiлермiз.
«1986 жылдың 18 желтоқсан күнi алаңда болдым, – дейдi өткенге оралып, «желтоқсанның» ызғарын еске алған Жансая Сәбитова. – Сондағы естiгенiм: «Бұлар әбден басымызға шықты, қорлығы шегiне жеттi! Жанымыз Қонаев атамыздың арынан артық емес! Арандату болмасын, орыстар­ға тимеңдер!» Ал дәл қазiргi басшы үшiн «жаным пида!» деп айтатын адам табыла ма? Қоғамдық пiкiрдi екiге бөлген, әлi де бөлiп тұрған сұрақ: «Бұзақылыққа бейбiт шерушi­лердiң қатысы болды ма?» «Тек мәжбүрлеген соң баруы мүмкiн. Өкiмет – милиция, әскери оқу орындарының курсанттары

Бiз мектеп табалдырығын аттаған жылдары ата-анамыз жұмыстан қысқарып, бiзге сыйлайтын сыйлықтар азайды. Кей мереке мүлде сыйлықсыз өтетiн болды. Сонда да анам базарға шығып, тап­қан табысына мүмкiндiгiнше төрт балаға төрт кәмпит болса да тауып әкелуге тырысатын. Әйтсе де бала көңiл бұған жұбана бермейдi. Сондай көңiлсiз мейрамның бiреуi есiмнен еш кетпейдi. Ол кезде мен бесiншiде, ал сiңлiм үшiншi сыныпта оқушы едiк. Анам Алматы – Ташкент тасжолынан өтетiн жолаушыларға тауық етiн қуырып сатып, бiздi асырайтын. Түнде тым кеш келедi. Анамыздың кешiккенiне қарамастан, оны түннiң бiр уағына дейiн күтiп отырамыз.

2003 жылдың күзiнде Астана мен Алматы қалаларында өз фото көрмесiн ашып, елдi елең еткiзген Түсiпбек Сыламқұлұлын   қазақстандықтар да жақсы таниды. Т.Сыламқұлұлы Қытайда Еренқабырға тауының етегiнде 1946 жылы дүниеге келдi. Орта мектептi ауылда оқып, тiл-әдебиет мамандығы бойынша Бейжiңдегi Ұлттар институтын 1968 жылы тәмамдап, еңбек жолын Үрiмжi қаласында аудармашы болудан бастайды. Тиындап жиған ақшасын фотоөнерге қатысты техникалық жабдықтар сатып алуға жұмсап, сурет түсiрудiң сан қилы тәсiлдерiн үйренедi.

Сейдахмет Бердiқұлов, Халида Шафиева, Әбiлпейiз Ыдырысов, Үмiрниса Садықова, Фермехан Шоева, Гүлшаруан Күзербекова, Жолдасхан Бозымбеков, Хайдолла Тiлемiсов, Петр Редько, Абай Бейсембаев, Бүркiт Ысқақов, Саттар Бөлдекбаев, Медеу Сәрсекеев, Аяған Сағаев, Әбiқұл Ибрагимов, Тұрсынбай Кәкiмов, Бекежан Тiлегенов, Зәкiр Асабаев, Саматай Кәрiбаев, Совхозбек Тоғысбаев, Төлеужан Ысмайылов, Камал Ысмайылов, Бекен Әбдiразақов, Бибiхан Байтелесова, Бағдат Момбеков, Тельман Жанұзақов (Телпеков), Салық Молдахметов.
Майданнан Қасым келедi,
Өткерiп бастан не бiр күн.
Үстiнде сұп-сұр шинелi,
Өңiндей сұрғылт өмiрдiң.
Өкпесi құрғыр шаншиды,
Кеудесi күрк-күрк жөтелiп.
Туған ел – асыл анасы,
Қол бұлғап: «Балам, кел!» дейдi.
Сарыарқа – сайын даласы,
Ұшында көздiң көлбейдi.
Биылғы жылы өзiнiң 90 жылдығын тойлағалы отырған “Жас Алаш” (“Лениншiл жас”) газетiнiң менiң де журналист болып қалыптасуыма қосқан үлесi қомақты дер едiм. Шалғай ауылдағы мектептiң жетiншi сыныбында оқып жүрген кезiмiзден бастап “Лениншiл жас” газетiне жазылатынбыз. Тезiрек есеюге талпынған бiздер кешке қарай пошташы апайдың жолын асыға тосатын едiк. Аптасына үш рет қолымызға тиетiн басылымдағы әрбiр мақаланы оқып, бүге-шiгесiне дейiн талқылайтынбыз. 9-сынып оқып жүргенде басылым бетiнде менiң “Жезкиiк” атты шағын мақалам жарық көрдi. Осы сәттен бастап, мен болашақта журналист болам деп шештiм.
“Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы ­Рысбек Сәрсенбай мырзаға!
Бiз сiздердiң газеттерiңiздi қолымыздан тастамайтын оқырмандарыңызбыз, газетте­рiңiз – ұлтымыздың керi кетiп бара жатқан тiлiн, дiнiн, дiлiн әрi билiктегi кейбiр келеңсiздiктер туралы ашық ойын бiлдiретiн батыл басылым. Жақыннан берi Қазақстанда мерзiмiнен бұрын президент сайлауын өткiзу, ток-шоу жүрiп жатыр, билiк бюджет қызметкерлерiн қораларына қойша қамап алған, президент­тiктен үмiткерлерден қазақ тiлiнен емтихан алған кезде Мырзатай мырза үлкен қателiктерге бой алдырды. Ана сүтiнде қазақшаға жарымаған, қазақ тiлiне шекесiнен қарайтын “Патриоттар” партиясының жетекшiсi Ғани Қасымовтың емтиханнан жарамды баға алып
МЕКТЕПТIҢ ТӨҢIРЕГI
Мектептiң кейде, бiр қолыңды екi ете алмай қарбаласып жатқан кезiңде ата-аналар жиналысына шақыратыны бар. Қолың тиiп бара қойғаныңда, сенi жерге қаратпай маңдайы жарқырап, елдiң алдында қасқайып тұрған бiлiмдi, тәртiптi балаң болса екен-ау. Баласының абырой әпермейтiнiн жүрегi сезген кейбiр қу келiншектер енелерiн “құрбандыққа” шалып, жан сақтайтындары бар. Бүкiл мектептi шулатып жүрген жүгiрмегi Ақайдың бұған ұпай алып бермесiн бұрыннан бiлетiн Айзагүл де, кезектi мектептегi жиналысқа енесiн қыстырып жiбермек болып шештi. Енесi – тәкаппарлау, бiр сөздi, мiнезi ауыр кемпiр.
Жол үстiндемiн. Автобустың салонында бос орын жоқ. Көзiм алдыңғы орындықта отырған екеуге түстi. Оның бiрi мосқалдау әйел, екiншiсi, жастауы мосқал әйелдiң қызы болса керек. Түр-түсi, тiптi бетiнiң ұшындағы меңiне дейiн ұқсап тұр. Қызы жадырап, жайраңдап отыр. Ал мосқал әйел көңiлсiз. Өз ойымен өзi әлек. Кенет мосқал әйел маған бұрылып: “Балам, таңдайым кеуiп кеттi. Суың бар ма? Асығып жүрiп сусын алуды да естен шығарыппыз”, – дедi. Мен суы бар құтыны ұсындым. Бiр сәттiк үнсiздiктен соң, ол маған қайта бұрылып: “Қазiргi жастар сөз қадiрiн түсiнуден қалып барады. Ә десең, мә дейдi. Күйеуiнен ажырасып келе жатқаны мынау.
“Қазақстан” ұлттық арнасынан көрсетiлiп келе жатқан “Айгөлек” балалар байқауының II маусымы таяуда ғана аяқталды. Елiмiздiң әр түкпiрiнен келген өнерпаздарымыздың өнерiн көгiлдiр экран алдынан тамашалап, мәз болдық. “Айгөлектi” көремiз” деп әр жексенбiнi асыға күтетiнбiз. Сахна сыртындағы қызықты оқиғалардың да бiр санын жiбермей тамашалайтынбыз. Кейбiр әншi балғындарымыз әр отбасының сүйiктi әншiсiне айналды десек, еш қателеспеймiз. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейiн көретiн “Айгөлек” балалар бағдарламасы анау-мынау бағдарламаларды
Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi.
Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу.
Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке,
Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.
Қызым саған айтам, келiнiм сен тыңда.
Жақсы үйге түскен келiн – келiн болады.

Оңтүстiк Қазақстан облысының Шардара ауданынан шығатын “Шардара тынысы” газетiнiң бас редакторы, ақын Жұмабек Мұқановты аудан әкiмшiлiгi сотқа сүйрелеп, әбiгерге салып жатқанын естiгенбiз бұрынырақта. Жақында Шардара аудандық сотында ақын мен әкiмнiң арасындағы дауға байланысты сот процесi аяқталды. Әкiмдi ақын жеңдi ақыры. Заң талабы бо­йынша, жұмыстан заңсыз алынғаны сотта дәлелденген Ж.Мұқанов баяғы жұмысына қайта келуi керек қой ендi. Жұмекең сот шешiмiн қолтығына қысып алып, әлi күнге дейiн әдiлдiк iздеп жүр. Өйткенi газетi “ұшты-күйлi“ жоқ. Орнына “Өскен өңiр” деген газет шығып жатыр.

Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн спорттың әр түрiнен өз бiрiншiлiгiн өткiзiп келедi. Соның iшiнде алдымен ауызға алатынымыз әлемде №1 спорт түрi саналатын – футбол екенi даусыз. Осы футболдың жайы елiмiзде қандай? Жақсы деп айтуға ауыз бармайды. Нашар деп айтсам, лайықты бағасын бергенiм болар. Ал осы футболдың деңгейiн қалай көтеруге болады? Ол үшiн қазақ футболына мемлекет деңгейiнде көзқарас, үкiмет тарапынан айрықша қамқорлық қажет. Алдымен, бұқаралық спорт кең қанат жайып, әрбiр ауылда, мектепте, жоғары оқу орындарында физкультура мен спорт жастардың серiгiне айналуы керек.

Алматы қалалық IIД бастығы Ерлан Тұрғынбаевтың қаперiне!
Ерлан Заманбекұлы, сiздiң қарамағыңызда қызмет ететiн тергеушi­лердiң бiлiксiздiгiнiң салдарынан ұлым Бағдат Қадырдың қамауда отырғанына, мiне, жылдан асты. Баламды ҚР Қылмыстық кодексiнiң 257-бабының 2-бөлiмi “а” тармағымен және 103-баптың 2-бөлiмiнiң “ж” тармағымен негiзсiз айыптап, 2010 жылдың 29 қаңтарынан берi қамап ұстап отыр. Қылмыстық iстi Алмалы аудандық iшкi iстер басқармасының аға тергеушiсi Абылай Ыдырысов қолға алған. Ол тергеудi әдiл жүргiзбедi. Қара қылды қақ жара алмады. Бiлiксiз тергеушiнiң қателiгiнен ұлым Бағдат нақақтан-нақақ қамауда отыр.
Бүгiнгi жаһандану заманында әлсiз елдердiң ұлттық құндылықтары жойылып, өзiндiк болмысынан айырылып барады. Алпауыт мемлекеттердiң саясатымен жасалып жатқан осынау зұлматқа жұтылмас үшiн не iстеу керек? Бұл сауалға жауапты бiз ұлттық құндылықтардың жанашыры болып жүретiн Дамир Абайдiлдаұлы Дәулетбаевпен бiрлесiп iздедiк.
— Дамир Абайдiлдаұлы, мамандығыңыз — адам дәрiгерi. Кандидаттық, докторлық жұмыстарыңыз да көтерiп отырған мәселемен тiкелей байланысты емес. Ендеше, халқымыз жетi қазынаның бiрiне балаған қазақы төбеттер мен тазыларын халықаралық ұйым талқысына салып, төл брендiмiз ретiнде құжаттап алу ойы қайдан келiп жүр?
Жексенбi күнi футболдан Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымы тұсауын кеседi. Биыл жиырмасыншы рет жалауын көтергелi отырған ел бiрiншiлiгiне Қазақстанның он екi командасы бақ сынайды. Былтырғы додада көш соңында қалып қойған Оралдың “Ақжайығы” мен Көкшетаудың “Оқжетпесiнiң” орнын биылғы маусымда Өскеменнiң “Востогы” мен Қызылорданың “Қайсары” басты.  Ел бiрiншiлiгiне қатысатын он екi команда маусымаралық үзiлiсте оқу-жаттығу жиындарын түгелдей алыс-жақын шетелде өткiздi. Бiрi Балтық жағалауы елдерiне барып доп тепсе, ендi бiрi Қара теңiз жағалауын жағалап қайтты. 

Елiмiз өз тәуелсiздiгiн алған алғашқы жылдар­­дан-ақ, мемлекет басшылары қазақ тiлiне өгейсiну мiнез танытып, орыс тiлiне бiрден басымдық бердi. Себебi, олар Кеңес өкiметi тұсында орыс тiлi ауанымен жүрген, бойларын құлдық сана жайлаған адамдар едi. Мемлекеттiк тiлде толық қанды мемлекеттiк iс жүргiзу мезгiлiн өкiмет әдейiлеп 20 жыл бойы созып келдi. Ол аздай-ақ, әдемi сөздермен жазылған бағдарлама және тұжырымдамаларымен қазақ тiлi мәртебесiн тұқыртып, тағы да 10 жылға шегерiп тастады. Нәтижесiнде, 20 жыл iшiнде Республика азаматтары айтарлықтай сауатсызданды.

“Өлi разы болмай, тiрi байымайды” деген қазақ атамыз. Бейсенбi күндерi үйдi таза ұстау, дүниеден өткен марқұмдардың бейiтiне барып тағзым ету, аруақтарға бағыштап Құран оқыту, жұма намазына бару әрбiр мұсылман баласының парызы әрi қарызы деп ойлаймын. Жуырда ауылға барсам бiр құрдасым үйiнде Құран оқытқалы жатыр екен. Хабарласып үйiне құдайы тамаққа шақырды. Бардым. Отыз шақты адам бiр дастарқан басында тамақтандық. Сорпа iшiлдi, палау желiндi. Стол үстi тазартылып, онша-мұншаны жинап әкеткен соң үй иесi бата сұрады. Менiң байқағаным, көршiлердiң көбiсi бiр көшенiң тұрғындары екен.

Ұлы Отан соғысынан кейiнгi жылдар екен. Соғыстан жараланып елге оралған ауылдағы Тойжан деген көкемiз “Қыз көрiп, құда түсiп, сәтiн салса бiржолата алып келемiз” деп әкемдi ертiп жолға шығыпты. Сөйтiп, екеуi менiң болашақ нағашымның үйiне ат басын бұрыпты. Шамасы, нағашымды жақсы танитын болуы керек. Тойжан көкем нағашыммен келiсiп, қалыңмалын төлеп, ертеңiне менiң шешемдi келiн етiп ауылдан аттанып кетедi. Сол кезде нағашы апамыз Жолтай үйiнде жоқ, төркiндеп кеткен екен. Бiрнеше күннен кейiн келсе, үйiнде қызы жоқ.

Ата-ана баласын бек сенiп тапсырған мектептегi тәлiм-тәрбие жұмысының да қазiргi күнi төрт құбыласы тең емес. Оқушылар бұрынғыдай қоғамдық жұмыстарға тартылмайды. Үйiрменiң көпшiлiгi ақылы. Ақысыз үйiрмелер бүгiнгi балалардың көңiлiнен шықпайды десек, ақылы үйiрмелерге ақшасын төлеп, баласын қосымша бiлiммен қамтамасыз етуге кез келген ата-ананың қалтасы көтере бермейдi. Кiтапқа құмар балалар да көп емес. Күнi бойы бос жүрген бала әр нәрсеге елiктегiш келедi. Сондықтан болар, жасөспiрiмдер арасында қылмыстың жиi кездесетiнi.

Бiздiң Мәртөктiң ауылдары сирек, адамдары тығыз қоныстанбаған демесең, жерi шiркiн тамаша ғой! Орман-тоғайы тау-төбешiктермен жалғасып жатқан, шағын-шағын өзен-көлдерi топырағына нәр берiп жатқан берекелi өңiр. Мен осы 90-ның аласапыранында таратылып кеткен бұрынғы Исатай ауданының шағын бiр ауылының тұрғынымын. Бала-шағалы, ұл ержетiп, қыз бойжеткен әулеттiң анасымын. Жер ортасынан астым. Ауыл арасы той-томалақсыз болмай тұрмайды, күйеуiм екеумiз ескi көлiгiмiзбен ағайын-туғанға анда-санда барып тұрамыз.

Әйел – Ана, барша адамға кәделi,
Жарасымды тал бойына әдебi.
Мұқағали ағамызша жырласақ,
Әйел деген әдемi ғой, әдемi.
Әйел – жарқын елес жаулар бар елдi,
Әйел – дауа емдеп жазар әр емдi.
Бiр қолымен тербетсе егер бесiктi,
Тербетедi ол бiр қолымен әлемдi.
Үлкен спорттан қол үзген бразилиялық футболшы Роналдо Еуропаның ең iрi турнирi саналатын Чемпиондар лигасы мен Олимпиада ойындарының жеңiм­пазы атағына қол жеткiзе алмағанын естiп-бiлдiм. Расымен де әлемнiң ең үздiк футболшысы бұл атақтарды бағындыра алмады ма? Жақында оңтүстiкқазақ­стан­дық жас оқырманымыз “Жас Алаш” газетiнiң редакциясына осындай хат жолдапты. Асқар Исабекұлына айтарымыз мынау: Расымен де, әлемнiң ең үздiк футболшысы Роналдоның қоржынында Еуропаның ең iрi турнирi Чемпиондар лигасының бас жүлдесi мен Олимпиада ойындарының жеңiм­пазы деген атақ жоқ.