1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (15581) 10 наурыз, бейсенбі 2011

Бұл туралы “Қазақстан: жер–қытайға, қазына байлық– олигархтар­ға, құлдық – халыққа” деген тақырыпта баспасөз мәслихатын өткiзген “Халық билiгi” блогы мәлiмдедi. Естерiңiзде болса, Қытайға жер беру дауы осыдан бiраз уақыт бұрын тұтанған-ды. Жер мәселе­сiне келгенде, қазақтың қарап қалмайтынын бiлетiн жоғарыдағылар қытайға жер беру төңiре­гiндегi сөздi барынша тұншықтырып бақты. Араға бiраз уақыт салып, осы тақырып қайта бықси бастады. Олай дейтiнiмiз, шетел­дегi қаш­қын экс-күйеубала Рахат Әлиев бiр апта бұрын қазақ президентi­нiң Қытайға барған сапарына өзiнше “сараптама жасап” едi.

Жақында елге белгiлi тұлғалар Қазақстан прези­дентiнiң сайлауын бақылау жөнiндегi Республикалық қоғамдық комиссия құрған едi. Кеше бiрқатар жастар ұйымдары баспасөз мәслихатын өткiзiп, осы комиссияға қатысты өз пiкiрiн бiлдiрдi. Жиынға “Талмас” қоғамдық бiрлестiгiнiң жетекшiсi Айнұр Құрманов, “Қазақ журналистер клубының” модераторы Жанболат Мамай, “Рух пен тiл” жастар клубының же­текшiсi Инга Иманбай және “Ұлан” жастар бiрлес­тiгiнiң жетекшiсi Еркебұлан Алдабергенов қатысты. Сондай-ақ жастар алдағы сайлауға қатысты өз көзқарасын бiлдiрiп, оған бойкот жариялайтынын мәлiм­дедi.

Алғаш референдум деп, кейiн сайлау деп елдi дүрлiктiрiп, әрi итерiп, берi жығып, қақпақыл ғып, халықты келеке қылғаны – кешiрiмсiз күнә.Осының бәрiн президент өзi жасаттырып отыр деп қатты ренжiдiм.
Мен сайлаудан әлдеқашан түңiлгем,
Бюллетень ап, урнасына үңiлмен.
Не боларын сезiп тұрмын бар жайдың,
Сондықтан да мен сайлауға бармаймын.
КЕЛЕСI ПРЕЗИДЕНТ БИЛIК БАСЫНДА ҰЗАҚ ОТЫРҒЫСЫ КЕЛЕТIНДЕРДIҢ ЖОЛЫН КЕСЕТIН КОНСТИТУТЦИЯЛЫҚ ЗАҢ ҚАБЫЛДАТСА
Қазақстан демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде Конституцияда бекiтiлгенiмен, шын мәнiнде халық демократияның жемiсiн, қызығын көруде ме? Демократия сөзiнiң аудармасы – “халық билiгi” десек, халық билiгiнiң негiзi “өзiн-өзi басқару” болса, оны жүзеге асыру механизмi ерiктi сайлау екенiн халықтың бәрi бiледi деп айта алмаймын. Халықты оған кiнәлап та болмайды. Себебi, бiрiншiден, халық әлi демократияның не екенiн көзiмен көрiп, қолымен ұстап, дәмiн татып көрген жоқ. Ақпарат та жетiспейдi. Демократияның дәмiн бiр татқан халық, одан қайтып айырылмайтынына көзiм жетедi.

Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан даму институтының прези­дентi Мағбат Спановпен азық‑түлiк бағасынан бастал­ған әңгiмемiз одан да терең мәселелерге ойысты. Әуелi қымбатшылықтың себептерiн тiзiп берген макроэкономист билiк халықты тоқ қылмаса, мәселе онан әрмен ушығады деп бiр‑ақ кестi. Мағбат Уарысбекұлы азық‑тү­лiк­тiң құны, жеке бас қауiпсiздiгiнiң сақталмауы – осының бәрi жағымсыз оқиғалардың қозғаушы күшi болуы мүмкiн деп есептейдi. Ал ондай жағдайда араб елдерiндегi оқиғалар ойыншық болып қалуы мүмкiн. Сондай‑ақ М.Спанов әлемде жаңа экономикалық жүйе қалыптасатындықтан, елдiң де ескiлiктi бұзып‑жаратын жаңа экономикалық моделi дайын болуы тиiс дейдi.

Былтырғы жылы ресми газеттер “Астананың азық-түлiк белдеуi” бағдарламасын шулата жазғанын бiлемiз. Жасыратыны жоқ, оңтайлы әдiс екен деп оған кәдiмгiдей қуанғанбыз. Осыған ұқсас бағдарламалар әр аймақтарда жасалып жатты. Бiрақ нәтижесi қандай болғанын қазiр көрiп отырмыз. Тек Астана емес, жалпы Қазақстан бойынша азық-түлiктiң бағасы күн санап шырқап барады. Бұл былтыр күзде қарақұмық пен басқадай жармалардың қымбаттауынан басталғанын бiлемiз. Одан соң жаңа жылдан кейiн зейнетақының молаюы “өзi де шыға­йын деп тұрған көз едi” дегендей, өздерi азық-түлiк бағасын қалай көтерерiн бiлмей жүрген алыпсатарларға сылтау болды.

Статистика агенттiгiнiң мәлiметiне сүйенсек, қаңтар айын­дағы инфляция 1,7 пайызға, ал ақпанда 1,5 пайызға өскен. Осылайша қаңтар-ақпандағы инфляцияның жылдық көрсеткiшi былтырғы жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 8,4 пайызға жуықтапты. Десек те Ұлттық банк биылғы жыл­ғы инфляция болжамын өзгертуге асығар емес. Бас банк осы жылы инфляция 6-8 пайыз көлемiнде болмақ, бұл болжамды өзгертуге әзiрге негiз жоқ деп есептейдi. Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко РИА Новости ақпарат агенттiгiне берген сұхбатында мұнай мен бидай бағасының қазiргi бағасы ахуалды басқаруға мүмкiндiк бередi, бiрақ баға өсе берсе, бұл Қазақстан мен Ресейдегi ғана емес

(Бiр сұхбаттың сыры)
 1978 жыл. Көктем. Сағат Әшiмбаев пен Аян Нысаналиннiң алқалауымен “Лениншiл жас” газетi “Әде­биет және өнер” бөлiмiне жарты айлық жалақымен сынақ мерзiмiмен қызметке қабылдандым. Басылымның бас редакторы өзiндiк бетi, өзiндiк мiнезi, өзiндiк сөзi бар – Сейдахмет Бердiқұлов менi бiле бермейтiнiн жасырмады. Қос қанатындай екi әрiптесi қолқалаған соң амалсыз қызметке қабылдап отырғанын да сыздықтатып жеткiздi. Журналис­тиканы бiтiрмегенiм де бетiме шiркеу болды. Бас редактордың көңiлi толмайды-ақ. С.Мұқановтың музей-үйiнде жылы жерде отырып ғылым жасамақ мақсаттағы менiң де жастар баспасөзiне ынтығып тұрғаным шамалы.
Мен бiлетiн Нағима қандай қыз едi? Бiздiң сыныпта оқитын қыздардың iшiндегi ең көрiктiсi, ең сүйкiм­дiсi едi. Сыңғыр қаққан күлкiсi, серпiле басқан жүрiсi, бұрымға сыймай иығына төгiлген толқынды шашы оның сұлы бейнесiне ғана жарасымды едi...  Нағима маған қиял-хиссалардан келгендей елестеушi едi. Мен онымен өте жақын дос болдым деп айта алмаймын. Екеумiздiң арамызда үнсiз бiр түсiнiстiк бар екенiн бiле тұра, онымен тым жақындасудан өзiм қашқақтайтынмын. Өйткенi Нағима ерекше едi. Несiмен ерекше? Мұны мен Иван Буниннiң “Легкое дыхание” әңгiмесiн оқыған соң ұққандай болдым. 
“ЖАЙНАҒАН ТУЫҢ ЖЫҒЫЛМАЙ...”
Көрнектi қоғам қайраткерi, дипломат, саясаткер, публицист Болатхан Тайжан туралы “Жайнаған туың жығылмай...” атты деректi фильм дүниеге келдi. Бұл фильмнiң авторы – журналист Қасым Аманжолұлы. Жақында ғана “Жайнаған туың жығылмай...” атты деректi фильмнiң тұсаукесерi болып өттi. Көрермендер бұл туындыны сәттi жасалған деп жоғары бағалады.
Венгрияның Сомбателли қаласында грек-рим күресiнен алтын Гран-при турнирi мәресiне жеттi. Наурыз айының алғашқы сенбiсi мен жексенбiсi қазақ елiнiң грек-рим палуандары үшiн ырысты болды. Мұратбек Қасымхановтан тәлiм алған елiмiздiң қақпақ жауырынды жiгiттерi мажар жерiнен 3 алтын, 1 күмiс медальға ие болып, жалпыкомандалық есепте бiрiншi орынға шықты. Бас бапкер М.Қасымханов Сомбателлиде өткен халықаралық жарысқа елiмiздiң ең таңдаулы деген палуандарын апарды. Бәлкiм, халықаралық турнирдiң дәрежесi де тым жоғары болғандықтан да шығар, Қасымхановтың кiлең мықтыларды қатарға қосқаны.
Өткен аптада футболдан Қазақстанның жиырмасыншы маусымы тұса­уын кестi. Елiмiздiң он екi командасы сөреден аттаған аламан бәйге қоңыр күзге дейiн жалғасады. “Балапанды күзде санайды” демекшi, ел чемпионатында топ жарған командалар да сол кезде анықталады. Оған дейiн командалар Қазақстан премьер-лигасының екi айналымын өткiзiп, үздiк алтылыққа енген командаларды айқындайды. Артынан жүлделi орындарды бөлiске салады. Жиырмасыншы маусымның асыға күткен алғашқы ойындары жанкүйер қауым күтпеген нәтижелермен ерекшелендi. Мәселен, ел чемпионы “Тобыл” бiрiншi турда жеңiлiс тапты, немесе жақында ғана
Қазақ елiнiң бойжеткен палуандары Францияда өткен әлем кубогынан оралды. Дүниежүзiнiң сегiз елiнiң палуандары бақ сынаған жарыста қазақстандықтар жалпыкомандалық есепте жетiншi орынға ие болды. Францияның Ливьен қаласына жиналған әйелдер құрамасы екi топ­қа бөлiнiп, командалық сайыс түрi бойынша бақ сынады. Қазақстан құрама командасының бойжет­кен­дерi Ресей, АҚШ және Канада елiнiң палуандарымен В тобына түстi. А тобында Қытай, Моңғолия, Жапония және жарыс қожайындары күш сынасты.
Қазақстан теннисшiлерi тұңғыш рет Дэвис кубогының ширек финалына шықты. Өткен аптада Чехияның Острава қаласында чех теннисшiлерiмен кортқа шыққан қазақстандықтар қарсыластарын 3:2 есебiмен жеңдi. Былтыр Астанада Шве­йцария теннисшiлерiн 5:0 есебiмен тал­қандаған Қазақстан теннисшiлерi тағы бiр мәрте әлемдi аузына қаратты. Томаш Бердых бастаған чех теннисшi­лерiн орта жолда қалдырған қазақстандықтар ендi ширек финалда Аргентина теннисшi­лерiмен кезде­седi. Аргентина – Қазақстан арасындағы теннис­шi­лердiң сайысы биылғы жылдың шiлде айының 8-10 күндерi аралығында өтедi.
ЛЭЙДIҢ «БАҚТАЛАСТАРЫ» БАР БОЛЫП ШЫҚТЫ  
Мьянме (Бирма) мемлекетiнде дүниеге келген Лэй Яди Мун жақында бiр жасқа толады. Лэй анасы және әпкесiмен бiрге тұрады. Дәрiгерлердi таңғалдырған жағдай: Лэйдiң әр қолында алты саусақ, ал аяқтарында 7 саусақтан бар едi.
 2010 жылы Лэй Гиннестiң рекордтар кiтабына енедi. Әйтсе де Лэйдiң “бақталастары” бар болып шықты. Дәл қазiр Гиннестiң рекордтар кiтабына екi ұлбаланың енгенi белгiлi болды. Олардың әрқайсысының қолдарында 25 саусақтан бар екен. Аяғында 16 саусағы бар тағы бiр үндiлiк бала Гиннестiң рекордтар кiтабына енiптi.
Атышулы “Викиликс” тағы бiр даудың құлағын қылтитып қойды. Бұл жолғысы Путинге қатысты. Құпия құжаттарға сенсек, алғашқыда Путин Януковичтi жақтырмапты. Сол тұстарда Украинаның Ресей­дегi елшiсi Константин Грищенконың айтуынша, Ющенконы жек көретiн, Януковичтi жақтырмайтын Путин бұларға балама ретiнде Тимошенконы қош көрген.
2004 жылы АҚШ-Еуроодақ саммитiнде Путин Нидерланды сыртқы iстер министрi Бернард Ботқа: “Мен тiрi тұрғанда Ук­раи­наны батысқа ешқашан бермеймiн!”, — деген-мыс.
Елiмiздiң iрi жүйе құраушы банктердiң бiрi Қазкоммерцбанк был­тыр­ғы жылғы тындырған әлеуметтiк iстерiн жария етiп, есеп бердi. Өткен аптада Қазкоммерцбанктiң атқарушы директоры және “Құс жолы” қайырымдылық қорының президентi Мағжан Әуезов пен осы қордың атқарушы директоры Марина Буханцова банктiң әлеуметтiк жобаларын егжей-тегжейлi түсiндiрiп бердi. Биыл Қазкоммерцбанктiң құрылғанына 20 жыл толмақ. Осы уақыттың iшiнде ҚАЗКОМ қайырымдылық көрсету мен демеушiлiк көмекке бас-аяғы 18 миллионға жуық қаржы жұмсапты.