1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15582) 14 наурыз, дүйсенбі 2011
Сарапшылардың есептеуiнше, Жапон жерiнде болған алапат зiлзала мен тасқынның салдарынан құрбан болғандардың саны 13 мыңнан асуы мүмкiн. Табиғи апаттың шығыны 15 миллиард доллардан кем емес. “Коммерсант” басылымының жазуынша, Жапония үкiметi шұғыл шаралар қолданбағанда құрбан болғандардың саны бұдан әлденеше есеге көп болар едi. Дамыған технологияның да септiгi тиген. Және бiр қызық болжам мынау: “табиғи апаттың салдарын жою үшiн күш бiрiктiру әрекетi Жапония экономикасын бұрынғыдан да мығым, бұрынғыдан да күштi етедi” дейдi экономистер. Жапония премьер-министрi Наото Кан елдегi жағдайға былай деп баға бердi.
Наурыздың 9-ы күнi “Азаттық” Рахат Әлиевпен онлайн-конференция ұйымдастырды. Рахат Әлиев “қайдан?” деген жерге “Париж” деп қойыпты. Сақтанған түрi ме, әлде шынымен де Парижде ме? Егер Венада емес Парижде болса, билiктегiлердiң “Әлиевтiң аяқ-қолы тұсаулы” дегенi өтiрiк болды. Қоғамның Рахат Әлиевтен бiлгiсi келетiнi көп-ақ. Әсiресе, қазақ қоғамының. 2001 жылдың күзiндегi саяси дағдарыстың себеп-салдары, ҚДТ-ның қалай құрылғаны, бертiндегi саяси қуғын-сүргiн, танымал журналистердiң жұмбақ өлiмi, қоғам қайраткерлерi Заманбек Нұрқадiлов пен Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасы, тағысын тағылар.

Наурыздың 13-i күнгi Алматыда өткен митинг осындай өлең жолдарымен ашылды. Қытайға Қазақстаннан 99 жылға жалға жер беру туралы қоғамда дүрбелең туғалы аз уақыт болмады.Қоғамдағы көптеген проблемаларға, әлеуметтiк шиеленiскен мәселелерге қатысты наразылығын бiлдiруге, “Халық билiгi” блогының ұйымдастыруымен 400-500-дей адам жиналды. Тiркелмеген “Алға” және Қазақстан коммунистерi партиясының өкiлдерi мен жиналған қауымның айтары бiр арнада тоғысып жатты. Қазақ елiне төнiп тұрған қауiп қатер мен саяси билiктiң батқан былығына тоқталған азаматтар кезектен тыс өткелi отырған президенттiк сайлауға бойкот жариялауды бiр ауыздан мақұлдады.

Қазақстан президентi атануға ұмтылған төрт “үмiткердiң” үгiт-насихат жұмыстары қызу қарқын алып келедi. “Басқаларға мүмкiн­дiк берейiк, сондықтан үгiт-насихат жұмыстарынан бас тартамын!” деп мәлiмдеген Н.Назар­баев та, оның жақтастары да аймақтарды аралап, сайлау науқанына белсендi кiрiстi. Таяуда бас “үмiт­кер” Оңтүстiк Қазақстан облысында болды. Жергiлiктi халықпен кездескен Н.Назарбаев (телеарнаның бiрiнен көрсетiлген сюжет) былай дедi: “Анау жаман, мынау жаман деп қыңқылдамай, мың­қылдамай жұмыс iстеу керек. Аман болыңдар! Сайлау болайын деп жатыр, оны бiлесiңдер (өзi де, жұрт та күлдi). Менi қолдамағанда кiмдi қолдайсыңдар ендi?”.

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Үкiметi бюджетке түсетiн алымдардың жаңа түрiн енгiздi, атап айтар болсақ, ол “қара алтынды” сыртқа шығарушыларға, мұнайға арналған экспорттық кедендiк баж салығын (ЭКБС) 1 тоннасы үшiн 20 доллардан 40 долларға дейiн екi есе көбейттi. Табыс көлемiнiң шамамен 70 пайызын мемлекет бюджетiне төлеп отырған мұнай саласы өкiлдерiнiң пiкiрлерiнше, бұл шара қос салықтың ауыртпалығын мойындарына жүктеуге мәжбүр етедi. Бұдан бұрын, 2010 жылдың 23 желтоқсанында осындай үндеумен премьер-министр мен негiзгi төрт министрге сенат депутаты Михаил БОРТНИК үндеу жолдаған едi.
ЖАСА, «ЖАС АЛАШ»!
Сексенге келген жасымның алпыс жылдан астамында жаныма рухани азық берiп, шахта шыңырауында кен қопарып жүргенде де ажырамас сенiмдi серiгiме айналған бұрынғы “Лениншiл жас”, бүгiнгi “Жас Алаш” газетi тоқсан жылдығын тойлағалы жатқанда үнсiз қалудың ретiн таппадым. Ғасырлық белеске бет алған басылымға аталық батамды бергендi жөн санадым. Шындыққа суғарылған семсердей тiлiп айтып, ақиқаттың айдынында жүзген алып кемедей алға ұмтылған, “Жас Алаш”, ғұмырың ұзақ болғай!

Мемлекеттiк тiл жөнiндегi емтиханнан өтпей, сайлау додасынан тысқары қалған Уәлихан Қайсаров билiк жас үмiткерлерден қорқады деп есептейдi. У.Қайсаров бұл ойын Қазақ журналистер клубындағы кездесуде айтты. “Ұлыбритания премьерiнiң жасы 42-де, Ресей президентi Д.Медведев те менiң құрдасым. АҚШ президентi Обама да жас. Бұл – бiр. Екiншiден, билiкке Таяу Шығыстағы оқиғалар да әсер еттi. Қазiр президент билiкте ұзақ отыр дегендей әңгiмелер айтылып жатыр. Сондықтан, менiңше, Н.Назарбаев қорықты. Өйткенi егер жас үмiткер сайлауға түссе, онда президент 95-96 пайыз дауыс жинай алмауы мүмкiн”, – дедi ол.

Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Женевадағы бөлiмiнiң бас директоры, Қарусыздану жөнiндегi конференцияның бас хатшысы болып тағайындалды. Бiр қызметтен кеттi, екiншiсiне жеттi, мұнда тұрған не бар дерсiз. ҚР Конституциясының 48-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасының президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда республика президентiнiң өкiлеттiлiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының төрағасына көшедi...” Мiне, мәселе қайда жатыр? Ендiгi жерде, анығы сол – Тоқаев таққа мұрагер емес. Көңiлi қаласа да, мүмкiндiгi жоқ.
Немiстiң Handelsblatt iскерлiк газетi әлемнiң ең бай билеушiлерiнiң рейтингiсiн тiзiптi. Бұл тiзiмдегi алдыңғы орындарды араб елдерiнiң билеушiлерi ойып алған. Ал байлығы асып-тасқан араб билеушiлерiнiң елдерiнде не болып жатыр? Халық толқуы, көтерiлiстер, елдiң билiкке деген наразылығы. Байлығы ондаған миллиард долларға жететiн Египет пен Тунис президенттерi тақтан тайды.  Осы миллиардер билеушiлерiнiң ондығына Қазақстан президентi Н.Назарбаев та енген. Байлығы 1,1 миллиард долларға бағаланған ел президентi 10-орында тұр.
“Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында қазақтың 17 жастағы қаршадай қызын талтүсте 22 жастағы күрд ұлтының азаматы зорлап, айуандықпен өлтiрдi”. 10 наурыз күнi редакцияға дәл осы хабар мен “кешке ауылда қазақтың бiр топ азаматы бас көтерiп, талап қоймақ” деген ақпар түстi. Межеленген жерге бардық. Құзырлы органдардың, жергiлiктi әкiмшiлiктiң қызмет­керлерi көшенiң әр бұрышынан қылтияды. Күре жолдан ары-берi өткен автокөлiктердi аңдып тұрған МАИ қызметкерлерi де осында.  “Кездестiру үшiн марқұмның әке-шешесiнен рұқсат сұрамақпыз”, – дедi бiзге хабарласқандар.

Бүгiнде бiзде президент сайлауына дайындықтың ақ тер, қара тер жағда­йында жүргiзiлiп жатқанын құрсақтағы бөбекшеден бастап, алжуға айнал­ған шал-шауқанға дейiн түгел бiледi. Бiтпейтiн кезектi мерзiмдерiнiң келесi­сiнiң бiтуiне әлi бiр жылы болса да, баяғыдан бергi президентiмiздiң қайда, неге асыққанын...   и-и-и... кiм бiлсiн, әйтеуiр, мерзiмiнен бiр жыл бұрын қайта сайлануы қажеттiгiн етiкке қайың шеге қаққандай етiп айтты. Ол кiсiнiң бетiне жазда жаңбырдың тамшысын, қыста қардың түйiрiн тигiзбей­тiн жалбақай жұрты: “Ләппәй, тақсыр, ләппәй!” – десiп, жабыла жұмылып кеттi: яғни шекарасы белгi­ленiп, мемлекетi жасақталғанына жиыр­ма жыл биыл толатын

Министрлер түгел шеруге шықты. Бұлар халыққа риза емес екен. “Бiз небiр ғажап шешiмдер қабылдаймыз, ал халық бұл шешiмдердiң мәнiсiн түсiне алмайды” деп шуласты олар. Тiптi бiр министр “Бiзге мұндай топас халықтың керегi жоқ. Бiздiң ақылды, сезiмтал, бiлiмдi халықпен жұмыс iстегiмiз келедi...” дедi. Одан бiраз күннен кейiн олигархтар шықты көшеге. “Бiздiң халық өте надан, – дедi олар, – Осындай халыққа қалай шыдас берiп жүрмiз десеңiзшi?!” Депутаттар шерудi үнсiз өткiздi. Олар халыққа деген өздерiнiң қарсылығын 10 минут бойы тiкесiнен тiк тұрған күйi үнсiз, мелшиген қалпында бiлдiрдi.
– Дәрiгер, Құдай үшiн тезiрек көмектесе көрiңiз!
– Не, мен сенiң басыбайлы құлыңмын ба, сонша неге өктемдейсiң?
– Жо-жоқ. О не дегенiңiз? Мына балам бүк түсiп тұрған соң есiм шығып кеткенi ғой.
– Бiзде көз жоқ дейсiң бе? Көрiп тұрмын ауырып тұрғанын.
– Аппендицит болар.
– Болса болар, қазiр не көп, соқырiшек көп.
Қош бол, Азиада!..
Алтынды үйдiк, күмiстi жидық,
Бiресе жандық, бiресе күйдiк,
“Алға, Қазақстан!” деп,
Жанымызды шүберекке түйдiк.
Сөйтсек...
Қайдағы Қазақстан?!
КӨРНЕКТI МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРI ӨЗБЕКӘЛI ЖӘНIБЕКОВ ЖАЙЫНДА ӘҢГIМЕ-СЫР
Халқымыздың руханиятында өзiндiк қолтаңба қалдырған, дара тұлға Өзбекәлi Жәнiбековпен қызметтес, не жақын аралас-құралас болдым дей алмаймын. Әйтсе де ол кiсiмен жұмыс бабымен бiр-екi рет кездескенiм, кейiннен журналист ретiнде пiкiрлесiп, сұхбат алғаным бар... Берiректе Өзекеңе арнайы барып сөйлескiм, ретi келсе көкейде жүр­ген бiраз сұрақтарыма жауап ал­ғым келдi. Өйткенi Өзбекәлi аға­мыз кезiнде республика жастарының жетекшiсi болды. Төменнен бас­тап, жоғарыға дейiн азды-көптi биiк лауазымды қызметтер атқарды. Елдiң аузында жүрдi.
Футболдан Қазақстан премьер-лигасына қатысып жатқан командалар өткен аптада 2-тур ойындарын өткiздi. 2-турдың орталық кезде­сулерiнiң бiрi саналған ойын Павлодарда өттi. Былтырғы маусымда күмiс және қола жүлделердiң иесi атанған “Ақтөбе” мен “Ертiс” арасындағы ойын 3:2 есе­бiмен ақтөбелiк футболшылардың пайдасына шешiлдi. Керекудiң орталық стадионында өткен кездесуде қонақтар бiрiншi боп есеп ашты. “Ақтөбенiң” шабуылшысы Сер­гей Лисенков ойын­ның 9-минутында өз командасын алға шығарса, арада он минут өткенде керекулiк футболшылар таразы басын теңестiрдi. Алаң иелерiнiң сапынан Анатолий Дорош мергендiгiмен көзге түстi.

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында Азия ауыр атлетика конфедерациясының конгресi өттi. Сары құрлықта орналасқан мемлекеттердiң осы салада жүрген бiлiктi басшылары мен майталман мамандары бас қосқан жиында бiрқатар келелi мәселелер қаралды. Конгресс барысында жерлесiмiз Қайрат Тұрлыханов аталған ұйымның вице-президентi болып сайланды. Қайрат Тұрлыхановтың есiмi спорт сүйер қауымға жақсы таныс. Ол 2001 жылы отандық ауыр атлетика федерациясының тiзгiнiн ұстады. Содан бергi он жыл iшiнде елiмiздiң ауыр

Елiмiздiң “Астана арландары” кәсiпқой бокс клубы бүкiләлемдiк бокс сериясының жартылай финалына бiр табан жақындай түстi. Өткен аптада Астанада Әзiрбайжанның “Baku Fires” клубының боксшыларымен шаршы алаңға шыққан Бейбiт Есжановтың шәкiрттерi қарсыластарын 5:0 есебiмен ойсырата жеңдi. “Арландардың” жартылай финалға жақындай түсуiне өзге аймақтарда күш сынасып жатқан командалдардың да әсерi болды. Мәселен, бүкiләлемдiк бокс сериясының жартылай финалына әр аймақтан үздiк шыққан үш командамен қатар үздiк нәтиже көрсеткен команда да жартылай финалдық жолдаманы уысына салады
Өткен аптада Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында футзалдан УЕФА кубогының “төрттiк финалына” қатысатын командалардың жеребе тарту рәсiмi өттi. Былтырғы жылдың қоңыр күзiнде iрiктеу ойындарынан iркiлмей өткен Алматының “Қайрат” футзал клубы сәуiр айының соңғы күндерi УЕФА кубогының бас жүлдесiн дәл осы сарайда сарапқа салады. Алматылықтардан бас­қа, УЕФА кубогының финалдық кезеңiне Португалияның қос клубы – Спортинг” пен “Бенфика” және Италияның “Монтесильвано” клубтары қатысады.
Әзiрбайжанның Баку қаласында әуесқой бокстан халықаралық турнир аяқталды. Әлемнiң сегiз елiнен жүзге тарта былғары қолғап шеберлерi қатысқан халықаралық жарыста Мырзағали Айтжановтың шәкiрттерi 3 алтын, 2 күмiс, 1 қола медальға қол жеткiздi. Бакуде өткен турнир “Ұлы Жiбек Жолы” деп аталады. Бұл турнирдiң финалдық кездесуiне Қазақстанның бес бiрдей боксшысы жолдама алды. Соның үшеуiнде елiмiздiң былғары қолғап шеберлерi жеңiске жеттi. Жақында ғана ел чемпионы атанған 56 келiдегi ақтөбелiк Мәди Шолақов Баку жерiнде бас жүлде алды
Өткен аптада футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан төрт команда белгiлi болды. Англияның “Арсенал” клубын 3:1 есебiмен ұтқан Испанияның “Барселонасы”, Италияның “Ромасын” 3:0 есебiмен жеңген Украинаның “Шахтерi” үздiк сегiздiктiң қатарына алғашқылардың бiрi болып қосылды. Бұл екi команданың қатарын келесi күнi Германияның “Шальке-04” клубы мен Англияның “Тоттенхэм” клубы толықтырды. Бүгiн және ертең Чемпиондар лигасының тағы төрт кездесуi ойналады. Германияның “Бавариясы” Италияның “Интерiмен” күш сынасса, “Манчестер Юнайтед” Францияның “Марсельiн” өз алаңында қабылдайды