1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21-22 (15583-84) 18 наурыз, жұма 2011
Мәртебелi оқырман! Алдымен, Наурыз мерекесi құтты болсын! Қаңтарды құлағынан сүйреп әкелген Қоян жылыңыз ендi келдi. Қалжасына қарап түңiлдiрмейтiн қоңды да, оңды жылға айналсын, лайым! Кедейленген көп қазақтың өзгелер аузынан жырып әкеткен несiбесi өзiне қайтсын. Жыламаған жұртқа қыруар қазына байлықтың жұғынын да қимайды. Жылаған емес-ау, аузы-басы майланып, көзi шелденген, билiктен – байлық, байлықтан – билiк жасап, елiн етекке ысырғандардың дәл өзiн жылату керек.
Шынында да, қазақ халқы түрлi кесiр-кедергiлерге ұшырап, бақытсыздыққа душар болып жатса, бiздiң бақытты һәм шат-шадыман, қайғысыз һәм уайым-мұңсыз жүргенiмiз кiмге керек? 1922 жылы үлкен ашаршылық болды (Осы ашаршылық жөнiнде, неге екенi белгiсiз, бiздiң тарихшыларымыз көп айта бермейдi). Сол кезде Жүсiпбек Аймауытов қазақ жазушыларына үндеу тастады: “Қазақ қырылып жатқанда кабинеттерiңе тығылып ап, қалай ғана өлең, әңгiме, роман жазасыңдар?! Қай беттерiңмен жазасыңдар?! Қазақ қырылып қалса, оларыңды кiм оқиды

“Жас Алаштың” 90 жылдық мерейтойы елiмiзде үлкен оқиға­лармен тұспа-тұс келiп тұр. Алдағы президент сайлауында мәселе оңынан шешiлсiн. 90 жылдың iшiнде бұл басылым талай белестерден өттi. Бұл басылымда талай заманның белгiсi бар. Маңдайыма осы газетке басшы болуды жазған екен. Сол Кеңестiк заманның өзiнде “Лениншiл жаста” ұлттың рухын көтеретiн, ұлттың мүддесiн көздейтiн, өткен тарихымыздан сыр шертетiн, ақиқатын айтатын мақалаларды әлсiн-әлсiн астарлап берiп қоятынбыз. Қазiр де “Жас Алашты” жиi оқып тұрамын. Жалпы, бұл газеттi қазақ зиялыларының бәрi оқиды ғой. Жасыратыны жоқ, “Жас Алаш” көп газеттердiң iшiнде ең көп, ең тәуiр оқылатын газет.

Ұлыстың ұлы күнi – Нау­рызбен қатар келген “Жас Алаш” газетiнiң 90 жылдық мерекесi құтты болсын! “Жас Алаштың” алғашқы нөмiрiнiң 1921 жылы 22 наурызда шығуы тегiннен-тегiн емес. Жастар көсемi Ғани Мұратбаев газеттi арнайы жаңғыру мен жасампаздық күнi наурыз күнi шығарған едi. Газет үлкен сындарлы жолдардан өттi. Қазақ тарихы – газет тарихы. Ел қасiретi мен қуанышы – газет бетiнде тұр. Одан Кеңестiк жүйенiң адам тағдырындағы, қазақ тағдырындағы алатын орнының жылнамасын көруге болады.
“Егемен Қазақстан” газетiнде бас редактордың орынбасары қызметiн атқарып жүрген едiм. Қолқама қатты суық тиiп, совминнiң ауруханасына жатып қалдым. Бұл – 1996 жылдың мамыр айының орта шенi. Бiр күнi түстен кейiн сол кездегi Қазақстанның ақпарат агенттiгiнiң төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Шәмшi Паттеев екеуi палатаға кiрiп келдi. Аз-кем сөйлесiп отырдық. – “Жас Алашқа” редактор болып баруға қалай қарайсың? – дедi Алтынбек. Ұсыныстың тым кенеттен жасалғаны сонша, мен ойланып та үлгермедiм.
“Жас Алаш” деген газеттiң атын естiгенде тоқталып, ойланып қалмайтын сауатты қазақ кемде-кем шығар. Бұл газет қандай жолға түсiп барады, шынында да ойланып қаласың. Ұлтпен бiрге жасап келе жатқан басылым болғаннан кейiн, оған бiздiң бейтарап қарауымыз мүмкiн емес. Келiссек те, келiспесек те алып оқимыз. Қазақтың жоғалтпауға тиiстi бiр газетi – осы “Жас Алаш”.  Бұл өзi және тағдырлы газет. Ұлтпен бiрге өстi, ұлтпен бiрге мұңайды, ұлтпен бiрге қайғырды. Ең бiр шиеленiскен күрделi шағында мен бас болдым. 

Бүгiнгi таңда елiмiзде қанша баспасөз бар екенiн, оның қаншасы орысша, қаншасы қазақша шығатынын билiк өте құпия ұстайтындықтан, депутат кезiмдегi өзiм мысалға келтiрген мына бiр ескi мәлiметтi алдарыңызға тартуға мәжбүрмiн. “2007 жылы республикамызда тек қазақ тiлiнде 453 газет-журнал жарық көрсе, соның 300-ден астамы Шымкент қаласынан шығады екен. Қалған 150-ге жуығы бүкiл Қазақстанға тиеселi. Ал орыс тiлiнде 2303 басылым бар. Бұған қоса, республикамызға Ресейден 5248 газет-журнал келiп тарайды. Ендi Қазақстан қалаларындағы барлық кiтап дүкендерiнде 85, 90, 95,100 пайызға дейiн тек Ресей баспаларының өнiмдерi сатылады.

Мейiрiмдi, рахымды Алланың атымен бастаймын! Бүгiнгi “Жас Алаш”, кешегi “Лениншiл жас” мен үшiн аса қымбат басылым. Оның қазақ баспасөзiндегi орны бөлек. Әсiресе, бүгiнгi һәм кешегi де, оған дейiнгi жас буындардың санасына сәуле құйып, тәрбиелеп, ақылшы ұстазы әрi сырлас серiгi болды, бола да бермек. Басылымның тiзгiнiн өз кезiнде талай iрi тұлғалар ұстады. Арғысын айтпағанда, бiздiң заманымызда Шерхан Мұртаза, Сейдахмет Бердiқұлов, Уәлихан Қалижан секiлдi қаламы жүйрiк, танымал тұлғаларды кiм бiлмейдi?!

“Жас Алаш” 90-ға тол­ды. Бұл мерекеге газет үлкен абыроймен же­тiп отыр. “Жас Алаш” қашанда (“Лениншiл жас” боп жүргенде де) ұлттық құндылықтар­ға көп, айрықша көңiл бөлетiн. Тәуелсiздiк алғаннан кейiн “Жас Алаш” осы тәуел­сiздiктiң тiккен туы қайтсек биiк болады деп көп бейнет­тендi. Өткiр, өтiмдi мақалаларды осы газеттiң бетiнен оқыдық. Қазiр де “Жас Алаш” өзiнiң “Жас Алаш” екенiн жалпақ жұртқа мойындатып отыр. Билiктiң сойылын соққан жоқ. Шендiлер мен шекпендiлердiң жыртысын жыртқан жоқ. Ұлттың мүд­десiн көздеп, ұлттың жоқ-жiтiгiн түгендеп отыр.
“Жас Алаш” ұжымын мерейтойымен құттықтаймын! Бұл газеттi шығарушылар үшiн ғана емес, оның барша оқырманы үшiн де айтулы оқиға. Өйткенi басылымның 90 жылдық тарихы отанымыздың тағдырымен сабақтасып жатыр. Отандық журналистиканың таңдаулы дәс­түрлерiн дамыта, ғасырға жуық мерзiмдегi тәжiри­беге сүйене отырып, “Жас Алаш” газетi тәуелсiз Қа­зақстандағы ақпараттық-рухани кеңiстiктегi өзiнiң лайықты орнын тапты, қалың оқырман қауымның сүйiспеншiлiгi мен құрме­тiне бөлендi. Қазақстандық баспасөздiң көш бас­таушысының бiрiнен саналатын “Жас Алаш” өзге­рiс жасаудың нағыз табан тiрер тұрағына айналды.
Сiздердi “Жас Алаш” газетiнiң 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Республика көлемiндегi байыр­ғы газеттердiң бiрi бұл күндерi қалың оқырман қауым асыға күтiп оқитын үнқағазға айналды. Мұның өзi сiздердiң көздеген мақсаттарыңызға жетiп, оқырманның көңiлiнен шыға бiлгендерiңiздiң айқын дәлелi.
Сiздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық еңбектерiңiзге тың табыстар тiлеймiн!
Республикалық “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлына
Сiздi, Сiз басқарып отырған бұқаралық ақпарат құрал ұжымын және оның оқырмандарын “Жас Алаш” га­зетiнiң 90 жылдық мерейтойы­мен құттықтаймын! Қазiргi уақытта ол елiмiз­дiң таралымы мол басылымдардың бiрi. Қазақстан тарихында атал­ған газеттiң орны бөлек. Оның ұжымы отандық журналистиканың дамуына елеулi үлес қосты. Кезiнде оның беттерiнде көптеген мемле­кеттiк және қоғамдық қайраткерлер, ұлтымыздың ғылым, әдебиет және мәдениет тұлғалары өз ойлары мен туындыларын басып шығарды.
Билiктегiлер өзгенiң бәрiн өзiнен кем санайды. Әсiресе, Алматы мен Астанадан өзге жерлерде тұратындарды. Мұны iсiмен де, сөзiмен де, көзiмен де көрсетiп жүр. Билiктегi астамсығандарды тәубесiне салу жолында “Жас Алаштың” өңiрдегi тiлшiлерiнiң еңбегi зор-ақ. Бiр кездерi Димекеңнiң Асанбай Асқаровты Шымкент облысына басшы етiп жiберiп тұрып: “Шымкенттi басқару — Қазақстанды басқарудан да қиын”, — демеп пе едi. Қазiргi Оңтүстiк Қазақстан облысындағы бұл “шаруаны” тiлшiмiз Ғалымжан Елшiбай ойдағыдай атқарып жүр. Ғалымжанның айтқаны — оқ, жаз­ғаны — жебе.
“Жас Алашта” жұмыс iстеген алты жылға жуық уақытта есiмде ерекше қалған екi сәт бар екен. Бiрi “Жас Алашқа” алғаш келген кезiм де, екiншiсi “Жас Алаштан” кеткен уағым. Алғаш келгенде ерекше энтузиазммен келген едiм. Амбиция болғанын да жасырмаймын. Желiк те болды. Бiрақ алты жылға жуық уақытта “Жас Алаш”, “Жас Алаштың” аурасы менi мүлдем бөлек адам етiп шығарды. “Жас Алашта” жүрiп мен дос таптым, бауыр таптым. Қаны бөлек адамдардың жан туыстығы дегендi түсiндiм. Тiлеулестiктi көрдiм. Бiрақ...

Орта мектептiң бергенiн алып, алыстағы ауылдан Оскеменге жолым түсiп, облыстық гәзет редакциясына “корректордың көмекшiсi қызметiн уақытша атқарушы” болып қабылданысымен, таңданысым басталды. Маған қайда, қашан, нендей жұмыс iстеудi түсiндiр­мекшi болған жауапты хатшы Мұқан Әбуға­лиев­тiң кабинетiне кiрерде оның есiгiнiң сыртында “Редакцияның жауапты хатшысы” деген жазуы бар тақтайшаны көрiп: “Жауапты... сонда жауапсыз хатшы да бар болды ғой?” деп iштей таңдандым. Содан соң   үстелде гәзеттер мен жорналдардың он шақты тiгiндiсi жатқанын көрiп қайран қалдым.

“Ассалаумағалейкум, “Жас Алаш!”, “Құрметтi Жас Алаш!..”, “Қымбатты “Жас Алаш!..”, “Сәлеметсiздер ме, “Жас Алаш!” деп күн сайын республиканың әр облысынан келген хаттар осылайша бiзбен амандасып жатады. “Уақтысында шықпай қалдыңыздар ғой, неге кешiгiп жатырсыздар?”, “Бүгiн қолымызға газет тимедi...”, “...Жауып тастады деп естiдiк. Бұлай болуы мүмкiн емес қой, 90 жылдық тарихы бар газеттi қалай жауып тастай салады!” деп, алаңдаушылық бiлдiрiп телефон соғатындар да жеткiлiктi. Осыған қарап-ақ, “Жас Алаштың” жанашыр оқырманының көп екенiн түсiнесiз.

17 ақпан күнi (№13, 2011 жыл)   “Жас Алашта” “Қарттарға қиын-ақ...” атты мақала жарық көрген едi. Онда Жаңаарқа стансасы арқылы аптасына 2 рет Жезқазған – Алматы пойызы өтетiнiн, бiрақ оған тек жоғары орындарға ғана билет сатылатынын, ал жоғары орындарға шығу қарттар үшiн қиямет-қайым екенiн, төменгi орын үшiн бiз Қарағанды қаласына баратынымызды және оған бiздiң уақытымыздың, қаражатымыздың кететiнiн жазған болатынбыз. Бiз секiлдi қарттар төменгi орынға жайғасқандардан қайта-қайта орын сұрауға да ұялатын едiк. Арасында жастардың бәлсiнетiндерi де кездесiп қалып жатады.

Болатхан Тайжан атындағы қордың жетекшiсi, экономика ғылымдарының кандидаты Мұхтар ТАЙЖАН Қытайдан алынған 17 миллиард доллар несиеге қатты алаңдайды. Бұл қарыздың бiр бөлiгi “Қазақмыс” пен ENRC компанияларының үлесiне тигенi белгiлi. “Сонда Қазақстан даму банкi еуразиялық топты қарық қылу үшiн қарыз алды ма? – дейдi ол. – Түптеп келгенде, стратегиялық ресурс­тарды оңды-солды сатып, өз басымызға қауiптi өзiмiз табамыз”. Мұхтар Тайжанмен арадағы әңгiмемiз Қытайдан төнер қауiп-қатер жайлы ғана емес, ұлттық мәселелер төңiрегiнде де өрбiдi.

Бүгiнгi таңда сын жанрында не жетпей жатыр дейтiн болсақ, онда оған әлi күнге дейiн барымызды базарлай алмай жатқанымыз жетпей жатыр дер ек. Яғни қарымды, қабырғалы қаламгерле­рiмiз күнi бүгiнге дейiн өздерiнiң тиiстi бағаларын ала алмай жүр дер ек. Қайта қайдағы-жайдағы көлденең келiп килiккен көк аттылар кимелеп, олардың аяғының астынан ұшқан шаң, көп-көп көркемсөз шеберлерiнiң кескiн-келбетiн көлегейлеп көрсетпей барады дер ек. Мұндай келеңсiз құбылысқа басқа ешкiм емес, алдымен өзiмiз кiнәлiмiз. Несiн жасырамыз, бiр-бiрiмiзге деген ниетiмiз жұтаң, тiлегiмiз тапшы.
Мемлекетiмiзде екi мыңнан аса ақпарат құралы бар болса, соның саусақпен санарлығы ғана ақиқатты халыққа жеткiзетiн тәуелсiз басылымдар. Олардың өзi де бiрде жабылып, бiрде ашылып, қайта-қайта сотқа сүйрелiп, журналистерi соққыға жығылып, ендi бiрi сотталып, тiптi атылып та жатыр. Соған қарап, мұндай газеттi басқару, оны шығару мен халыққа жеткiзу ерлiкпен тең. Сондай газеттердiң бiрi Атырау қаласынан шығатын “Алтын ғасыр” биылғы 22 наурызда 10 жасқа толады. Осы газеттiң ыстығына күйiп, суығына тоңып, ақпарат майданында күресiп келе жатқан белгiлi журналист, беделдi саясаткер Жұмабай Доспановпен сұхбаттасқанды жөн санадық.
ОЛ САЙЛАУ МЕН БҰЛ САЙЛАУДЫҢ АЙЫРМАСЫН КӨРСЕТЕДI
Сонымен, жер астынан аяқ асты шыға келген кезектен тыс президенттiк сайлау да аяқталуға жақын қалды. Таққа дәмелi бола қалған жаңа да, ескi үмiткерлердi қанша жерден үкiлеп, көтермелесе де, жетектеген тазының түлкi алмайтынын сезген ел ұйқыға бас қойғандай. Араға бес-алты жыл салып келетiн мұндай саяси науқан көшi түзу елдерде қоғамдық пiкiрдi қозғап, ақыл-ойға, санаға серпiлiс тудырып, елдiң азаматтық белсендiлiгiн арттырып, тұлға мен зия­лы қауымды, саяси партияларды шыңдап, шынықтырып, ұлт ұпайын түгендеу iсiнде қайнаған қазан секiлдi тасып жатса, бiзде бәрi керiсiнше боп тұр. 

Жалпыұлттық социал-демократиялық “Азат” партиясының тең төрағалары Болат Әбiлев пен Жармахан Тұяқбай биыл қыста Алматы мен Астанада өткен Азия ойындарына қатысты мәлiмдеме жасап, президент Н.Назарбаевтың атына ашық хат жолдады. “Азат” партиясының басшылары Азиадаға жұмсалған қыруар қаржының есебiн берудi талап етедi. “Үкiметтiң бұл мәселенi күлбiлтелеп отырғаны күмән тудырады. Қоғам толық әрi ашық ақпаратты бiлуге құқылы. Ашық ақпарат болмаған жағдайда салық төлеушiлер өз қалтасынан шыққан қаржының тиiмдi жұмсал­ғанына күдiк келтiредi”, — деп бастапты мәлiмдеменi.

Үлкен мейрамханада отырмыз. Бүкiл ұжым болып. Бiр кезде биге шықтық. Айналамызда жастар көп екен. Әнебiр ұзын бойлы қоңырқай костюм киген, шашы иығына түскен жiгiт тiптi шырқ айнала бұраң қақты. Бiр кезде қыза келiп костюмiн шешiп тастады. Қимыл-әрекетi өзiне жарасымды-ақ. Менiң билей бергiм келдi. Өнердiң бұл түрi менiң бiр кездегi арманым болатын. Студенттiк шақтарда бiраз әуестендiм де. Әлi күнге сахнада музыка сарынымен мың бұралған қыз-жiгiттердi көр­сем, жоғалтқан қымбатымды жолықтырғандай сезiмде боламын.

Елiмiзде кезектен тыс президенттiк сайлау болады деп дүрлiккелi бiр айдың жүзi сусып өте шықты. Билiктегiлер де, оппозициядағылар да сайлау деп жанталасуда. Бiрi: “Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Бәрiмiз бiр кiсiдей қатысамыз” десе, екiншiсi: “Сайлауға бармаймыз” деп байлам жасады. Үйiмiздегi көк жәшiктен кино көрiп, мультфильм тамашалаудан да қалып барамыз. Теледидарды ашып қалсаң Нұрсұлтан ағай, радионы қосып қалсаң да Нұрсұлтан ағай, көшеге шығып серуендесең де Нұрсұлтан ағай...

– Елуiншi жылдардың бас кезi болатын. Қасымда Қысырау ағам бар, екеумiз “Әби” мешiтi деген жерге баруға жолға шықтық, – деп бастады әңгiмесiн Әбдiрен ағай. – Бiздiң баратын жерiмiз, бiз тұрған жерден 6-7 шақырымдай едi. Мен жаяу жүруге шаршамағаныммен, ағайдың жүрiсi мардымсыз, аяғын сылтып басатын кiсi едi. Мезгiл сәске түс болып қалды. Күн де ыси бастады. Көлiк өте аз жүредi. Бiр мезетте машинаның даусы шықты. Қуанып кеттiм. Сәлден соң өзi де көрiндi. Бiзге тоқтайтын түрi жоқ, қасымыздан зу етiп өте бергенде, мен шыдамай:

Бүгiн футболдан Еуропаның Чемпиондар лигасының жеребесi тартылады. 1/4 финалына шыққан командалардың соңғы екеуi сәрсенбi күнi түнде анықталды. Олар – Мадридтiң “Реалы” мен Лондонның “Челси” клубтары. “Реал” мен “Челси” клубтары ширек финалға шықпас бұрын бұл меженi алдымен Италияның “Интерi” мен Ан­г­лияның “Манчестер Юнайтед” клубтары бағындырды. Мюн­хеннiң “Бавариясымен” сырт алаңда кездескен Чемпиондар лигасы кубогының қазiргi иесi “Интер” нағыз чем­пиондыққа тән ойын өрнегiн көрсеттi.

Наурыздың 21-27-сi аралығында Жапонияның Токио қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем бiрiн­шiлiгi өтуi тиiс едi. Алайда жапон жерiндегi табиғи апатқа байланысты әлемдiк сайыс өтпейтiн болды. Табиғи апаттан қасiрет шегiп жатқан ел әлем бiрiншiлiгiн қайдан өткiзсiн?!. Осыны ескерген халықаралық конькишiлер одағы Жапонияда өтетiн доданы кейiнге шегеруге немесе басқа елде өткiзудi ұйғарып отыр. Әзiрге “әлем бiрiншiлiгi бiздiң елде өтсiн, бiз дайынбыз” деп отырған тек ресейлiктер ғана.

Бүгiн Дағыстанның (Ресей) Махачкала қаласында еркiн күрестен әлем кубогы басталады. Командалық сайыс түрiнде өтетiн жарысқа әлем­нiң он бiр елiнiң палуандары қатысады. Жарыс ережесi бойынша командалар бес-бестен екi топ­қа бөлiнiп күш сынасады. Қазақстан мен Венгрия пал­уандары бiрiгiп бiр команда боп өнер көрсетпек. Қазақстандық палуандар алғашқы үш салмақ дәрежесi бойынша белдессе, Венгрия елi төрт салмақта өз палуандарын қосып отыр. Атап айтар болсақ, 55 келiде Дәулет Ниязбеков күреседi. 60 келiде қазақ-венгер елiнiң намысын жастар арасында Азия чемпионы