1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (15585) 25 наурыз, жұма 2011
ОСЫНДАЙ МАҚСАТТАҒЫ ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҰСЫНҒАН ЗАҢ ЖОБАСЫ ЕЖЕЛГI АФИНЫНЫ ЕСКЕ ТҮСIРЕДI
Жоғары билiктiң “қара қанжарын” көзге елестететiн Қаржы полициясы тағы бiр бастама көтердi. Олардың ендiгi “нысанасы” – елдегi заңды тұлғалардың қызметi. “Айталық, бiр жылдың iшiнде 55 мың заңды тұлға жауапқа тартылды. Бұл заңды тұлғалар мемлекетке орасан зор шығын келтiруде, ал оларға салынатын айыппұл көлемi оның орнын толтырмайды. Сондықтан заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту ауадай қажет. Саяси партиялар да қажет жағдайда жазаға тартылмақ”, – деп мәлiмдедi Қайрат Қожамжаров. “Қаһарлы” Қаржы полициясының басшылары осыны айтқан соң “елгезек” парламент дереу iске кiрiстi. Мәжiлiс депутаттары бұл заң жобасын бiрауыздан қолдады.

Кеше “Рух пен тiл” пiкiр­талас клубының белсендi жастары президенттiкке үмiткер Ғани Қасымовтың сайлау штабының алдына жиналды. Клуб белсендiлерi бұл жерге үмiткер Ғ.Қасымовпен мемлекеттiк тiлде сөйлесiп, пiкiр алмасу мақсатымен жиналыпты. “Пре­зиденттiкке үмiткерлердiң үгiт-насихат науқанының бас­талғанына 20 күннен асты. Бiрақ осы уақыттың iшiнде мемлекеттiк тiлдi “еркiн меңгерген” (лингвистикалық комиссияның шешiмi осындай) Ғани Қасымов сай­­лаушылармен қазақ тi­лiнде сөй­лестi ме? Жоқ! «Бұл – Қа­сы­мов­тың мем­­­ле­кет­тiк тiл­­ден “ма­құрым” екенi­нен айқын әрi анық хабар бередi”, – деген “Рух пен тiл” клубының белсендiсi Жанболат Мамай прези­дент­тiкке үмiткер Ғани Қасымовқа тарту алып келгенде­рiн жеткiздi.

Наурыздың 24-iнде баспасөз мәслихатын өткiзген президенттiкке үмiткер Сәлiм Өтен өз мәлiмдемесiн жария еттi. Естерiңiзде болса, кезектен тыс президенттiк сайлауға өзiн үмiткер ретiнде ұсынған С.Өтен сайлауалды науқандағы заңсыздықтар туралы да БАҚ арқылы пiкiрiн бiлдiрген-дi. Президент пен үмiткердi ажырата алмай дал болған ол Н.Назарбаев туралы ақпарат құралдары мен көше бойындағы билбордтарды заңсыз деп, сотқа шағым да түсiрген едi. Алайда ҚР сотының қай жақпен тығыз байланысы барын ескермедi ме, экс-үмiткер әлi күнге әдiлдiк таба алмағанын қынжыла жеткiздi.

“Халық билiгi” саяси блогы президенттiкке үмiткерлерге үндеу тастап, мерзiмiнен бұрын сайлауға қатысудан бас тартуды ұсынды. “Бүгiнде Сiздер үшiн ақиқат сәтi туып отыр. Не өз халқыңа шынайы әрi адал қызмет ету, не арам жолмен байлыққа қол жеткiзiп, өзiнiң жеке билiгiн сақтап қалу үшiн жанталасып жүрген топтардың қолындағы қуыршаққа айналу”, – делiнген мәлiмдемеде. Коммунистер және тiркелмеген “Алға” партиясы билiктiң мерзiмiнен бұрын сайлау атты саяси қойылымында партия атынан және өзiн-өзi ұсыну арқылы президенттiкке түсетiн үмiткерлер әдеттегiдей бас актердiң дублерлары рөлiн ойнайтынын, мұны үмiткерлер жақсы түсiнетiнiн мәлiмдептi.
Посткеңестiк транзит аяқталды ма? Кеше ғана КСРО шекпенiнен шыққан елдер неге саяси дамудың әртүрлi жолына түстi? Осы мәселелер жақында Алматыда өткен саясаттанушылардың I еуразиялық кон­гресiне арқау болды. Пос­т­кеңестiк елдердi алда не күтiп тұр деген мәселе де саясаттанушылар талқылаған тақырыптың тұздығына айналды. Жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген президент кеңесшiсi Ермұхамед Ертiсбаев соңғы 20 жылдың iшiндегi түбегейлi өзгерiстердiң арқасында посткеңестiк елдер демократия жариялағанын жет­кiздi. Осы елдердегi демократияландыру процесiне егжей-тегжейлi тоқталған Е.Ертiсбаев әдiл әрi ашық сайлау мемлекет құрудың
Сайлау қарсаңында Атырауға арнайы келген “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Қайыргелдi Қабылдин “ЕмбiМұнайГаз” өндiрiстiк филиалы қызметкерлерiмен кез­десiп, бөлiмше басшыларының есебiн тыңдады.
Қарт Ембi әзiрге жомарт. Қойнауын шұқылау бiр ғасырға созылса да ұрпағына берерi бар. “ЕмбiМұнайГаз” өндiрiстiк филиалы директоры Жұмабек Жамауовтың сөзiне сүйенсек өндiрiстiк санаттағы алынуға тиiстi мұнай қоры – 73 млн. тонна. Атырау төсiндегi 37 кенiште мұнай өндiрiлiп жатыр. Ал ондағы қолданыстағы ұңғымалар қоры – 2252. Жамауов өндiрiстiң жетiстiктерiн жiпке тiзгендей санамалады. 
 ТӨЛЕ БИДЕ ТУРИЗМНIҢ ТҮТIНIН ТҮЗУ ҰШЫРАТЫН БАТЫЛ ҚАДАМДАР ЖАСАЛЫП ЖАТЫР  
Шығысы қысы-жазы басынан қар кетпейтiн асқақ Алатаудан басталып, батысы Ђгемтау, Қаржантау және Қазығұрт таулары сiлемдерiнiң бөктерiндегi Төле би ауданына табан тiреген мәртебелi меймандардың қай-қайсысы да тамаша табиғаттың көз тоймас көркiне таңдай қағып жатады. Атақты Ақсу-Жабағалы қорығының 99 474 гектары осы Төле би ауданының аумағында орналасқан. Көршiлес Қырғызстан, Ђзбекстан мемлекеттерiмен шектесетiн Төле би ауданындағы Сайрам шыңы Оңтүстiк Қазақстан облысындағы теңiз деңгейiнен есептегендегi ең биiк абсолюттiк нүкте саналады.
“ЖАС АЛАШТЫҢ” 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТУДЕ
Қазақ баспасөзiндегi орны ерекше бұл газеттiң сан түрлi соқпақтан өтiп, қашанда халықтың ғана мүддесi үшiн күресiп келе жатқаны Алашқа аян. 90 жылдық тарихында түрлi кезеңдерге куә болған “Жас Алаштан” сан мыңдаған журналистер кәсiби шеберлiгiн шыңдады. Осыдан 90 жыл бұрын Ұлыстың ұлы күнi алғашқы iргетасы қаланған газет бұл күндерi республикалық басылымдардың алды саналады. Наурыздың 18-iне “Жас Алаштың” 90 жылдық мерейтойына арналған үлкен көрме ашылды. Көрмеге газетте осыған дейiн жарияланған фото, коллаж, карикатуралар қойылды.
Сiздердi және газет оқырмандарын 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Тарихтың талай соқпағынан өткен қайсар газет әркез халықпен бiрге болды, халықтың мұңын бөлiсiп, ақиқаттың өткiр қылышымен жүрiп отырды. Қай кезеңде болмасын, әдiлдiктi ақ ту етiп көтерiп, шындықтың бетiн ашып келедi. Халықтың күйiн күйттеген “Жас Алаш” бүгiнгi қоғамда да өз бағытынан адаспады. Сондықтан да болар, қалың оқырманы күн өткен сайын көбеймесе, азаймады. Бүгiнгi атаулы мерекелерi­ңiз­бен құттықтай отырып, Сiздерге шығармашылық табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаттық тiлеймiн.

Тағдыр деген қызық қой... Өтiрiк айтпасам, 3-4 сыныпта жүргенде “Лениншiл жасты” алып оқи бастадым. Ол кезде оқушылар көбiнесе 84 тиын тұратын “Спорт” газетiне, кей жағдайлары дұрыстары “Балдырған” мен “Қазақстан пио­нерiне” жазылып жататын. Неге екенiн бiлмеймiн, мен “Лениншiл жас­қа” жазылдым. Құдай аузыма салды ма, 4-сыныпта жүргенде “Мен журналист боламын, “Лениншiл жаста” жұмыс iстей­мiн” деп айтатынмын. Содан елдiң бәрi менi журналист деп кеттi. Бiрақ газет бетiнде не бiр мақалам, не бiр өлеңiм шыққан емес. Сегiзiншi класта оқып жүрген кезде бiр сыныптас қыздың өлеңi аудандық газетке жарқ ете қалды.

Естелiк емес, естелiк айтатын да уақыт келер. Бұл менiң “Жас Алаштың” (“Лениншiл жас”) қабырғасында өткiзген он жыл iшiнде көрген-бiлгенiм, көңiлге түйгенiм. Асекең, Ас­қар Сүлейменов ағамыз: “Әдебиет­тiң төңiрегiнде әлсiздерге орын жоқ” деушi едi ғой, сол айтпақшы, бұл басылымның маңайында “шықпа, жаным, шықпамен” күн көретiндер жүре алмайды. Қызуы мол, бет қаратпайтын лапылдаған от кезi келгенде оларды аулаққа лақтырып кетедi. Ондай “жазармандардың” “Жас Алаштың” құтты табалдырығынан байқаусыз аттап қалып, өмiрлерiн бос­қа өткiз­бегендерi жөн-ақ. Көрдiк қой талай марқасқаларды!

Соңғы кезде “Үш жүз алпыс екi әулиелi Маңғыстау” деген сөз қайдан шыққан? Сонда Маңғыстауда соншама көп әулие жатыр ма? Ал солай болған күнде, олардың атын атап, түсiн түстеп беретiн адам баласы табыла ма?” деген сұрақ жұртшылық арасында жиi айтылып жүргенiн құлағымыз шалып жүр. Тiптi бұл сөздi кiм болса сол қазбалап, кез-келген отырыстар мен жиындарда әңгiме арқауы етiп, осы топырақта туған азаматтардың кейбiрiн қажағысы келгендей сыңай танытып, түртiнектеп отырғанының да куәсi болдық. Сол себептi бүгiн бiз осы тақырыпқа қалам тербеп, хал-қадерiмiз келгенше ой өрбiткендi жөн көрдiк Және өлке тарихына бейжай қарай алмайтын өрелi азаматтардың осы мәселеге байланысты ой-пiкiрлерiн айтуларын сұраймыз.

Мына Түн талыққан Үмiттiң дауысы секiлдi,
Кеңiстiк еркесi Ол – торсық бет кекiлдi.
Ол бiздi бiр жаққа шақырған сыңайлы,
Естiсем дауысын еске алып Құдайды,
Жүрегiм жылқыдай жылайды!
Мына Түн – о, мүмкiн, бағыты жоғалған Жолдарым.
(Жолдарда жанымды жұбаттым, алдадым...)

Бүкiләлемдiк бокс сериясының жартылай финалына шыққан командалар өткен аптада түгелiмен белгiлi болды. Сенбi күнi Оңтүстiк Кореяның “Pohang Poseidons” клубымен кездескен елiмiздiң “Астана Арландары” клубы қарсыластарын 3:2 есебi­мен жеңiп, жартылай финалға жолдама алды. “Астана арландары” клубының боксшылары бүкiләлемдiк бокс сериясының жартылай финалына өз тобында ең үздiк нәтиже көрсеткен екiншi команда ретiнде тiркелдi. “Арландар” Еуропа мен Америка аймағында екiншi орын ал­ған Италияның “Milano Thunder” командасымен Мексиканың “Mexiko City Guerreros” клубының алдын орады. 

ДҮНИЕЖҮЗIЛIК ПОЭЗИЯ КҮНIНЕ ОРАЙ
Таяуда Астанадағы С.Сейфуллин мұражайының мәжiлiс залында Қазақстан Жазушылар одағының Астана филиалы мен С.Сейфуллин мұражайы ұжымының ұйымдасты­руы­мен «Әз Наурыз, армысың!» деген тақырыпта көктемге, Наурызға арналған жас ақындардың жыр мүшәйрасы өттi. Мүшәйраға ақындар Несiпбек Айтұлы, Нұрғожа Ораз, Дәулеткерей Кәпұлы, Бауыржан Қарағызұлы және «Сырсандық» жас ақындар клубының жетекшiсi Оспан Сүлейменұлы қазылық еттi. Бұл шара Дүниежүзiлiк поэзия күнi­нiң қарсаңына орай ұйымдастырылды. Несiпбек Айтұлы: «Поэзия дегенi­мiз – құр ұйқас құру емес, айналаңды ақын

Осы аптаның басында құрлықтық хоккей лигасының ширек финалдық ойындары аяқталып, Гагарин кубогына таласатын төрт команда белгiлi болды. Батыс конференциясында өнер көрсетiп жатқан командалардың арасынан Ярославльдiң “Локомотив” клубы мен Мәскеу облысының “Атлант” командалары үздiк шықса, Шығыс конференциясынан Магнитогорскiнiң “Металлургi” мен Уфаның “Салават Юлаев” командасының аты озды. Екi жыл қатарынан Гагарин кубогын ешкiмге ұстатпаған Қазанның “Ақ Барысы” бұл жолы уфалық хоккейшiлерден оңбай ұтылды. Демек, сәуiр айының ортасында бiз Гагарин кубогының жаңа жеңiмпазын бiлетiн боламыз.

Өткен аптада футболдан Еуропаның Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ширек финалына шыққан командалардың арасында жеребе тарту рәсiмi өттi.
5 сәуiр
“Реал” (Испания) – “Тоттенхэм” (Англия);
“Интер” (Италия) – “Шальке-04” (Германия).
Ертең Қазақстан құрамасының футболшылары Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу аясындағы кезектi ойынын Германия құрамасымен өткiзедi. Алман жерiнде жасыл алаңға шығатын елiмiздiң футболшылары өткен аптаның соңында Алматыға жиналып, немiс жерiне ұшып кеттi. Мұның алдында Қазақстан құрамасының бас бапкерi Мирослав Беранек елiмiздегi БАҚ өкiлдерiнiң басын қосып, баспасөз мәслихатын өткiздi. Беранектiң де, бүкiл қазақ жанкүйерлерiнiң де дәл қазiр iштей бiр арманы бар. Ол арман, әрине, Кайзерслаутернде өтетiн ойында күйрей жеңiлмесек деген арман. Беранектiң Қазақстан құрамасының тiзгiнiн ұстағанына көп уақыт өте қойған жоқ.
Дағыстанның (Ресей) Махачкала қаласында еркiн күрестен әлем кубогы аяқталды. Командалық сайыс түрiнде өткен дүниежүзiлiк додада Ресей палуандарының бағы жанды. Құрамын негiзiнен қапқаздық палуандар құрайтын ресейлiктер өз жерiнде өткен әлем кубогының бас жүлдесiнен құр қалсын ба?! Топтық белдесулерде өздерiне тең келер қарсылас таппаған ресей­лiктер финалда Иран құрамасының палуандарын 5:2 есебiмен жеңдi. Үшiншi орынды Әзiрбай­жаннан келген палуандар жеңiп алды. Әзiрбайжандар қола медаль үшiн болған белдесуде Өзбекстан құрамасын 6:1 есебiмен ойсырата ұтты.