1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (15586) 29 наурыз, сейсенбі 2011
ЕКI СЪЕЗДЕН КЕЙIНГI ОЙ
Алдымен референдум, сонан соң кезектен тыс сайлау болады деп тыныш жатқан елдi дүрлiктiргендерiне де, араб елдерiнде бiрiне-бiрi ұласқан оқиғалардың басталғанына да, мiне, үш айдың жүзi болып барады. Көрермен­дерiне өте үлкен әсер қалдырған елдегi ең iрi екi партияның съездерi де араларына күн салмастан бiрiнен соң бiрi өттi. Жасандылық пен жасампаздық деген бiр-бiрiне кереғар екi ұғым бар ғой, сол екi ұғым екi съезге тән болды, менiң ойымша. Алғаш­қысы — Кремль сарайындағы бұрынғы Кеңес одағы коммунистiк партиясының салтанатты жиыны секiлдi өткен “Нұр Отанның” съезi.

 «ЖСДП-ның Азат» партиясының тең төрағасы Жармахан Тұяқбайды ақтөбелiктер бұдан 5 жыл бұрынғыдай тосын сыймен қарсы алған жоқ. Бұл жолы шалдар шоу көрсетпедi, билiк тiзiмiндегi «желтоқсанның жалғыз жертвасы» «сен менi соттадың» деп Жармаханға кезектi рет жұдырығын ала жүгiрмедi. Қысқасы, оппозиция жетекшiсiн күтiп алудың лас әрi қитұрқы тәсiлдерi қолданылмады. Оның үстiне, «партизандық» тәсiлмен саяси күрес жүргiзген «Азаттың» жергiлiктi жетекшiсi Айдос Садықовты қылмыстық жазаға тартып, түрмеге қамау арқылы жергiлiктi билiк Ақтөбенiң саяси алаңын «мазасыз қарсыластан»   тазартып алды.

Сенаттың қазiргi төрағасы, мемлекеттiң құжат жүзiндегi екiншi адамы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның Женевадағы бiр бөлiмiне бас директор болып тағайындалғанын газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде айт­қанбыз. Президенттiк сай­лаудан кейiн Тоқаев Сенаттың тiзгiнiн өзгеге ұс­татады да, “буынып-түйi­нiп” Женеваға жол тартады. Дипломатияның таразысына тартсақ, Тоқаевтың бұл тағайындалуын өсу деуге болады. Бiр мемлекеттiң деңгейiндегi дипломат халықаралық дәрежедегi қызметке тағайындалғаны өсу емей немене? Және де ол — Орталық Азия елдерi арасынан БҰҰ-ға жоғарғы лауазымға тағайындалған тұң­ғыш өкiл.

Сайлау қарсаңында “Азат” ЖСДП-ның басшылары мен өкiлдерi елiмiздiң аймақтарында болып қайтты. Наурыздың 24-26-сы күндерi партияның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай мен төралқа мүшесi Б.Әбiшев Ақтау және Ақтөбе қалаларының, ал партияның тең төрағасы Болат Әбiлев пен төралқа мүшесi П.Своик Шығыс Қазақстан жұртшылығымен кездестi. Осы күндерi Атырау мен Қызылорда қалаларының тұрғындарымен партияның бас хатшысы Ә.Қосанов, Шымкент және Тараз қаласының азаматтарымен төралқа мүшесi М.Аспандиярова жолығып, өз ойларымен бөлiсiп қайтты.

Сiздердi “Жас Алаш” газетi­нiң шыға бастағанына 90 жыл толуымен шын жүректен құт­тықтаймын. Осынау тоқсан жылдың тол­қынында жастар газетi үлкен соқтықпалы-соқпақты бел-бе­лес­терден өттi. Бүгiнде қазыналы қария жасына жетiп отыр­ған басылымдар бiр кездерi оның негiзiн қалап, қабырғасын тұрғызған жастар көшбасшысы Ғани Мұратбаевтан бастап, кейiн қазақтың бiртуар азаматтарына айналған қаншама қаламы қарымды қайраткерлерi қызмет iстедi. Солардың алдыңғы қатарында Шерхан Мұртаза, Сейдахмет Бердiқұлов, Қалдарбек Найманбаев, Серiк Әбдiрайымов, Сағат Әшiмбаев сынды көптеген тұғырлы
Саяхат жасағанды, ел аралап, жер көргендi бала кезден ұнатушы едiм. “Лениншiл жасқа” жиырма төрт жасымда жұмысқа тұрғанда осы арманымның өзiнен-өзi iске асатынын ойламағам. Мұнда редакция тапсырмасын орындайтын iссапарлар болады екен және журналистер сондай сапарға аттануға әрқашан дайын тұруға тиiс екен. Мұны осында орналасқан соң ғана бiлдiм және екi аптадан кейiн-ақ жолға шықтым. Өзiме керегi де осы едi. Қай жерде болмадым, қандай адамдарға жолықпадым, қандай хикаяны бастан кешпедiм десеңшi! Республикамыздың барлық облысын дерлiк араладым, екi рет (Лениногорск, Қарағандыда) шахтаға түстiм
Бiр кездегi “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш”) газетi 300 мың оқырманы бар, республикадағы ең беделдi газеттiң бiрi едi. Бiз сол газеттiң бауырынан шықтық. Сейдахмет Бердi­құловтай бүкiл қазақ ардақ тұтқан бiртуар редактордың шәкiртi болдық. Осы газет бiздiң қанатымызды қатайтты, қаламымызды ұштады.  ...1989 жылдың көктемiнде “Ленин­шiл жастың” спорт бөлiмiне бiр кездегi айтулы боксшы Мақсұт Омаровтың басында еш белгi жоқтығы туралы хат келiп түстi. Көңiл нiлдей бұзылды. Аласапыран бiр сезiм. Мақсұт ағаны көрмесем де, естуiм бар... Араға апта салып Алматы облысы Балқаш ауданының орталығы Бақанас­қа тарттым.

Кезiнде “Жас Алашты” басынан аяғына дейiн мүжiп оқимын” деп жазғаным бар. Шынында солай, бұл газет мен үшiн өте қымбат. Несiмен қымбат дейсiздер ғой? Кей­бiр жалтақ, жүрiстерi талтақ басылымдар сияқты екiжүздi ұстаным ұстамайды. Батыл жазатынымен баурап алады. Ал батылдық пен был­қылдақтың арасы жер мен көктей емес пе? Әсiресе, мем­лекеттiк газеттердi парақтай бастасаң, былқылдақ бiр­де­ңе, сөздерi ағып түсiп, үс­тiңдi былғап жат­қандай әсер аласың.

Қойнын ашсаң қазынасы қоса ақтарылып жататын Атымтай Жомарт-Арқа даласының ана шетi мен мына шетiндегi кез келген кен ошағының арғы тарихына үңiлер болсаң, орыстың көпесi мен ағылшынның алпауыттарына барып тiрелесiң. Олардың сол замандарда орасан қаржы салып, кен ошақтарын iске қосқаны рас. Бiрақ қазаққа жаны ашығандықтан емес, өз байлықтарын еселеу үшiн. Бүгiнде береке-байлығымыз кiм көрiнгеннiң аузында жүр деп зар илеймiз. Байқасақ қазақ жерiнiң қазынасын шетке тасу сонау   ХIХ ғасырда-ақ басталған екен. Бiрақ сол байлық iздеген орыс пен ағылшынның қазына бар жерге топ етiп түсе қалмағаны тағы айқын

Студенттiк күндер... Есiне алғаш оқуға түскен кезi түстi. Әр өлкеден келген талапкер жастардың жүрек лүпiлi, жаңадан басталған сабақтар, ұйқыдан айырған таңғы сәттер, бәрi-бәрi сағыныш екен-ау, шiркiн! Қимас шақтардың елесiне айналған осы бiр жылдар Аруға қуанышын да, өкiнiшiн де өшпестей сыйлапты. Құжаттарын тапсырмаққа университетке келген. Қаптаған студенттер. Түр-тұлғасы, болмыс-бiтiмi де әртүрлi. Қабылдау комиссиясында кезек көп екен. Күте-күте аяғы талайын дедi.
“ТЫНЫҚ ДОННЫҢ” БҰЛ ЖОЛҒЫ БАСЫЛЫМЫ ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
Михаил Шолоховтың әйгiлi “Тынық Дон” эпопеясы Мәскеудегi “Глобус” баспасынан жарық көрiп жатыр. “Тынық Дон” қаншама рет басылып, қаншама рет қайта жарық көрiп жатыр десеңiзшi?! Әйтсе де, бұл жолғының жөнi бөлек. “Тынық Дон” бұл жолы М.Шолоховтың қолжазбасы бойынша басылып жатыр. Бұл қай қолжазба? М.Шолохов 1929 жылы “Ты­нық Донның” қолжазбасын Мәс­кеуге алып келедi. Артынан бұл қолжазбаны өзiнiң ең жақын досы Василий Кудашовке бе­редi. В.Кудашев қайтыс бол­ғаннан кейiн қолжазбаны оның әйелi жоғалтып
Студент – iзденушi, бiлiмгер. Ел болашағын жарқын етуге атсалысатын қоғамдық топ. Қалада өскен балаға студент атану – алға қой­ған мақсаттарының бiрi ғана, ал ауылдағы жеткiншекке үлкен арман. Сонау ауылдан Алматыдай алып қалаға ат арытып келудiң өзi оңай жұмыс емес. Қай заманда болмасын, басында бармақтай бағы бары университетке түседi, жолы болмағандары екiнiң бiрiн таңдайды: не ауылға қайтып мал бағу, не қалада қалып жұмыс iстеу. Ал қалтасы қалыңдардың “қайғысы” бөлек... Оқуға түскен жас талапкер­ 1-курста оқу оқысам, бiлiм қусам, 2-курста – көп бiлсем
ҚЫРАН-ТОПАН КҮЛКIГЕ КЕНЕЛДIК
Қыс мезгiлi. Бiрде үйде жарық сөнiп қалды. Кешке екi құрбым келе сала: “Тез киiн, кафеге барамыз”, – дедi. Сiрiңкенiң жарығымен, тез-тез киiнiп шығып кеттiк. Екеуi жiгiттерiмен таныстырды, қастарында тағы үшiншi бiреуi бар. Алтаумыз кафеге бардық, отырдық, биледiк, мен биде ортада жүрмiн. Не керек, жақсы демалып қайттық. Үйге келдiк, жарық қосылыпты, асықпай отырып аяқ киiмiмдi шешейiн деп аяғыма қарасам, екi аяғымда екi түрлi аяқ киiм. Бiреуiнiң басы домалақ, екiншiсi – үшкiрлеу.

“Мұғалiм – мемлекеттiң жұлыны. Өкiнiшке қарай, Қазақстанда мұғалiмнiң мәр­тебесi түсiп кеттi. Айлығы шайлығына, тапқаны қатқанына жетпейдi. “Мұғалiм боламын” дейтiн жастардың қатары азайды. Бiлiм беру iсi кетiк-кетiк. Мәселен, оқулықтардың сапасы төмен. Мұндай күрмеуi көп күрделi мәселелердi мемлекет қашан қалыпқа кел­тiредi?..” Оқырмандардың осы және басқа да пiкiрiн Алматы облыстық И.Нүсiпбаев атындағы мектеп-интернатының директоры Ерғали Нұртайұлы былай деп жалғады: “Әр мамандықтың өз мәртебесi бар. Алайда мұғалiмнiң беделi бәрiнен де биiк болуы тиiс. Өйткенi бар мамандықтың иесiн тәрбие­лейтiн – мұғалiм.

Қазақстан құрама командасының футболшылары өткен аптада Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойынын Германия құрамасына қарсы өткiздi. Кайзерслаутернде өткен кездесуде Мирослав Беранек жаттықтыратын елiмiздiң аяқдопшылары немiс футболшыларынан 0:4 есебiмен ұтылып қалды. Қазақстан құрамасының тiзгiнiн жаңадан ұстаған Мирослав Беранектiң алғашқы қадамы сәтсiз болды. Еуропаның ғана емес, әлемнiң ең үздiк футболшыларына қарсы алаңға шыққан жерлестерiмiзге немiстермен тең түсу былай тұрсын, қақпаға гол соғатын сәттердi ұйымдастырудың өзi мұң болды.
Еврейлерде “құдайды тану” деген ғылым бар. Олар адамның болмысын үшке бөледi: тән, жан, рух. Суицид туралы сөз көп қозғалды. Бұл жан, тән ауруы ма, әлде рух ауруы ма? Өзiне-өзi қол жұмсайтындардың дерлiк барлығының денi сау, мүгедек емес. Яғни, тән сау. Жан, рух дегенiмiз не? Кейбiреулер жан мен рух бiр дегендi айтады. Өзiне-өзi қол жұмсау – рухани ауру. Қазақстанда рухани тәрбиемен кiм айналысады? Ешкiм. Рух пен дiн тұтас. Рух дегенiмiз, жаратушыға деген сенiм. Бүгiнгi қоғамда сенiм жоқ, үмiт, сүйiспеншiлiк тағы жоқ. Мәселен, бұрын Сталинге, партияға сендiк.
Наурыздың 26-27-сi күндерi Алматының “Достық” спорт кешенiнде грек-рим күресiнен әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлде­герi, КСРО-ның жетi дүркiн жеңiмпазы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесiне арналған жарыс өттi. Жасөспiрiмдер арасында өткен дәстүрлi турнирде палуандар он салмақ дәрежесi бойынша күш сынасты.
Жарыс жеңiмпаздары:
42 келi Айдос Сақанов (ШҚО);
Елiмiздiң “Астана арландары” кәсiпқой бокс клубының АҚШ-тың “Лос Анжелес Матадорс” командасымен өткiзетiн жартылай финалдық жекпе-жегi 9 сәуiр күнi Астанада өтетiн болды. Ал Лос-Анжелесте өтетiн қарымта кездесу 17 сәуiр күнiне белгiлендi. “Арландар” клубының бас директоры Болат Манкеновтiң айтуын­ша, жартылай финалда жұдырықтасатын жiгiттердiң есiмi түгелiмен белгiлi. – 9 сәуiрде Астанада өтетiн жекпе-жекке Мiржан Рахымжанов (54 келi), Мерей Ақшалов (61 келi), Қанат Сiләм (73 келi), Рамжон Ахмедов (85 келi) және Руслан Мырсатаев (91 келiден жоғары) шығады
Өткен аптада қайта жалғасқан Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындарының кейбiрiне тоқтала кеткендi жөн санадық. Қазақстан футболшыларымен А тобына бiрге түскен командалардың арасында Австрия мен Бельгия футболшылары өзара ойнады. Бұл ойында бельгиялықтардың мерейi үстем болды. Сырт алаңда алаң иелерiнiң қақпасына жауапсыз екi доп соққан Бельгия құрамасы бес ойыннан жетi ұпай жинап, турнир кестесiнiң екiншi сатысына орналасты. Десек те, Бельгия футболшылары Австрия мен Түркия құрамасынан бiр ойын артық өткiздi. В тобының көшiн бастап тұрған Ресей құрамасын Ирландия мен Словакия футболшылары қуып жеттi. Армения футболшыларымен сырт алаңда ойнап, 0:0 есебiмен тең түскен Ресей