1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (15587) 31 наурыз, бейсенбі 2011
3 СӘУIР КҮНГI ПРЕЗИДЕНТТIК САЙЛАУДЫ ҚОЛДАМАЙТЫНДАР ӨТЕ КӨП
Кезектен тыс өтетiн президенттiк сайлауға байланысты түрлi пiкiрлер айтылып, әрқилы ұсыныстар жасалды. Алайда көпшiлiктiң қалауымен санасуды жөн көрмеген билiк өкiлдерi заңды қолдан өзгерте отырып, кезектен тыс сайлау өткiзетiн болып шештi. Мiне, сайқымазаққа айналған саяси науқанның да соңғы нүктесi қойылар уақыт та таяп қалды. Әрбiр қазақстандықтың бұл науқан­ға көзқарасы мен көңiл-күйiн, белсендiлiгiн бiлу ниетiмен сауалнама жүргiздiк. Төмендегi алынған жауаптарға қарап, халықтың бұл сайлауға бармайтынын, қазiргi билiкке өкпесi қара қазандай екенiн аңғарамыз. Жаңашылдықты, өзгерiстi қалайтындардың саны тым көбейгенi де көрiнiп тұр. Мұнымен санаспайтын билiктiң әрекетi өздерiн жарға жығатын күннiң жақын екенiн де сезiнемiз. 
“НАУРЫЗ БАНКТIҢ” ДАУЫ И.ТАСМАҒАМБЕТОВТI АЙНАЛЫП ӨТЕ МЕ?
Атышулы “Наурыз банктiң” бұрынғы басқарма төрағасы Оразалы Ержанов өткен жұмада Қазақстанға экстрадицияланды. 2005 жылдан берi халықаралық iздеуде жүрген экс-банкир былтырғы жылы Мәскеуде қолға түскен болатын. Ендi мiне, араға бiр жыл салып “Наурыз банктiң” басшысы Қазақстанға жеткiзiлiп, қаржы полициясына тапсырылды. 2005 жылы банкротқа ұшыраған “Наурыз банктiң” басқарма төрағасына 3,4 миллиард теңгенi жымқырды, қызмет бабын асыра пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылған-ды.
АҚШ, Франция, Ұлыбритания бас­таған Батыс елдерi әуе күштерiнiң жойқын соққысынан соң Муаммар Каддафи бастаған Ливиядағы диктатураға “тықыр таянды”. Халықты 42 жыл бойы “жұмған жұдырығында” ұстап, билеп-төстеген Каддафидiң “барар жер, басар тауы қалмады”. Осылайша, өзiн “Таяу Шығыс мемле­кеттерiнiң патшасымын” деп атайтын (Саддам Хуссейннен соң) екiншi диктатордың басына бұлт үйiрiлдi. Батыс сарапшылары Ливиядағы қазiргi қақтығысты 1991 жылғы АҚШ бастаған әскери күштердiң Иракқа басып кiруiне қатты ұқсатады. Екi соғыстың да “мақсаты” бiр – “бейбiт тұр­ғындарды зұлымдық күшiнен құтқару”. Бiрақ ол кездегi және бү­гiнгi жағдай бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды.

Анвар Саадат қастандықпен өлтiрiлген 1981 жылдан кейiн президент болған бұрынғы ұшқыш, Египетiң Израйль, Ұлыбритания, Францияға қарсы алты күндiк соғысының батыры, генерал Хосни Мүбәрак қаншама жылдан берi сөз бостандығы мен демократияны тұншықтырып келдi. Бiздiң елдегi секiлдi, Египетте де митинг, пикет дегендерге қатаң тыйым салынған едi. Ақыры осыған ұрындырды. Хосни Мүбәрактың елден ұрлаған 70 миллиард доллары да өзiне бұйырмады, күзге дейiн тақта отырып, президент сайлауын әдiл өткiзiп, билiктен кетпекшi бол­ған өтiнiшiн де халық тыңдамады.

немесе ҚАЗАҚСТАН САЯСАТЫНДАҒЫ ОН БЕС АҢЫЗҒА АЙТАР УӘЖIМIЗ БАР
Бүгiнгi жұрт қызық осы. Мәселенiң мәнi­сiне тереңдеп баруға жалқау миды жұмсағысы келмейдi, сiрә. Билiк жақтың әдейiлеп таратқан сөзiне имандай сенiп қалатыны бар. Елiмiзде сауатсыз адам жоқ-ау, бәрiнiң көзi ашық. Бiрақ, сөйте тұра, соқыр сенiмнiң шырмауынан шыға алмайды.Көпшiлiк арасында мықты бiр қисынға балап, айтылып қалатын, бiрiн-бiрi iлiп әкететiн сөздердiң төркiнiн түсiнiп көрелiкшi. 
Сiздердi “Жас Алаш” газетiнiң 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
90 жылдық тарихы бар “Жас Алаш” газетi осынау жылдар iшiнде бiр басынан небiр қиын-қыстау, тар жол тайғақ кешулердi өткердi. 1921 жылы алғашқы нөмiрi жарық көрген басылым талай белестерден өтiп, өз тарихын әр заманның белгiсiмен толықтырды. Ақпарат кеңiстiгiнде өзiндiк орнын алған басылым қарапайым халыққа бiрiншi кезекте ой еркiндiгiмен етене таныс. Өйткенi шынайы сөз бостандығы бұғаулы кезде де газет ащы шындықты ашық айтудан тайсалмады. Халықтың жоғын жоқтап, барын түгендеуде алдына жан салмады.
ШЫМКЕНТТЕ ТАУ ТҰЛҒАЛЫ АЗАМАТҚА ЕСКЕРТКIШ-МҮСIН ҚОЙЫЛДЫ
Бiр ауыз сөзбен тарихта есiмi алтын әрiппен жазылған тұлғалар сирек. Ел басына күн туғанда, сын сағатта, ары мен азаматтығы сыналар сәтте жанын құрбан еткен сондай тау тұлғаның бiрi де бiрегейi Қазақстан Министрлер кабинетiнiң төрағасы қызметiн атқарған Жұмабек Тәшенев едi. Жуырда шымкенттiктер арыс азаматтың өзiнiң атымен аталатын көшенiң бойы­на ескерткiш-мүсiнiн қойды. Оның ашылуы салтанатында сөз алғандар Жұмекеңнiң Қазақстанның бес облысын Ресейге беру туралы әпербақан Хрущевтiң саясатына қарсы айтқан мына бiр сөзiн әлденеше рет қайталады:
Атыраудағы “Нұрсая” ықшамауданына Мақат ауданындағы Комсомол кентiнен қоныстандырылған тұрғындар ие болған баспаналарының жағдайына риза емес. Өздерiн “алдап көшiр­дi” деп санайтынын мәлiмдеген олар наразылық шарасын ұйымдастырып, сайлауға бойкот жариялауға мәжбүр болғанын айтып отыр. Олардың басым көп­шiлiгi —“ЕмбiМұнайГаз” өндi­рiстiк филиалы мұнайшылары. Мақат ауданындағы “Ембi­Мұ­най­­Газ” мұнайшыларының вахталық поселкелерi ретiнде 1940 жылдары салынған Қошқар, Комсомол, Бек Бике ауылдарының әлеуметтiк ахуалының нашарлығы көлденең тартылып, ақыры былтыр көшiрiлiп тын­ған-ды.

Халықаралық ұйымдарға төрағалық жасаудан алдына ешбiр елдi салмай келе жатқан Қазақстандағы сөз бостандығының халi кiсi аярлық. Тәуелсiз журналистер мен шындықты жариялаған басылымдардың бiздегi күнiн дұшпанның басына берудi тiлемейсiң. Лауазымды тұлғаның заңсыз әрекетiн немесе билiк жүйесiндегi жүгенсiздiктi жарияға сал­ғандардың қуғын сүргiн көретiнi аздай, соңғы кезде қысымның жаңа үлгiсi пайда болды. Яғни жоғарыдағы кiсiлерге жақпайтын бiр мақала үшiн миллиондаған айыппұл салу, осы арқылы тәуелсiз басылымды тұншықтырып, жоғалту үрдiсi белең алып барады.

Бұл оқиға 2003 жылдың 28-тамызында болған едi. Түс қайта, шамамен сағат күндiзгi төрттiң кезi болатын. Үйде теледидар тамашалап отырғанымызда сырттан “Бейбiт” деген дауыс шықты. Бейбiт – менiң балам, үйде ұйықтап жатқан болатын. “Сенi бiреу шақырып жатыр” деп оны оятып жiбердiм. Шамамен арада 5-10 минөт өткенде сырттан айқай-шу шықты. Далаға атып шыққанымда аулада тұрған 3 жеңiл көлiктi көрдiм. Сол жердегi 5-6 жiгiт балам Бейбiттi жабылып ұрып жатыр екен. Баламның мұрнынан қан ағып, шекесi жарылып, көзi iсiп кетiптi. Әлгiлер оны мәжбүрлеп көлiктiң жүк салғышына салып жатыр екен. Жiгiттердiң бiрiн анық таныдым. Ол – бiздiң құда бала Құмар Үрiстембеков болатын.

(ЭТЮД)
Қыстан ыққан –
Құсталықтан,
Көңiл Күйi –
Басыңқы Бұлт:
Адамдардай...
Тiрлiгiнен –
Түңiлген?!
 
...Қарды –
Қара,
Арды –
Қара:
Ақ Ордадан –

Мен сегiз ұл-қыз, қырыққа тарта немере-шөбере сүйiп отырған батыр анамын. 2002 жылы Өзбекстаннан көшiп келгенбiз. Қазiр Астанада тұрамын. Өзбекстанда тұрғанымызбен өзiмiздiң тiлiмiздi, дiнiмiздi, салт-дәстүрiмiздi сақтап кел­генбiз. Өзбекстаннан көшерде отағасым елу қожалықтың басшыларын жинап алып: “Қазақстанға “аламын” деп бармаңдар, “бере­мiн” деп барыңдар”, – деп өсиет айтып едi. Аллаға шүкiр, сол елу қожалық Солтүстiк Қазақстан облысына орналасып, қазiр қорасында малы, қамбасында астығы бар. Барлығы да Қазақстан азаматы болып кеттi. 

Қазақта басқа ұлттар мен ұлыстарда мүлде кездеспейтiн бағалы, құнды асыл дәс­түр­лерiмiз бар. Солардың бiрi – қайтыс болған адамды жоқтау салты. Өлiм жайлы суық хабарды естiген ел сол үйдегiлерге көңiл айта барады. Олар жоқтаушыларға ерекше көңiл аударады. Жоқтайтындар көбiнде қайтыс болған адамға ең жақын қыз-келiншектер, ақ самайлы аналар болады. Егер әйелдер жоқтау бiлмесе, арнаулы жоқтаушыларды шақырып келiп отырғызады да, қалғандары соларға қосылып жоқтасады. Олар бастарына қаралы жаулық салып, жасқа толы жанарларын орамал-шыттарымен қалқалап еңiреседi.

Той демекшi, бала ке­зiмiзде бiз үшiн 7-қарашадан артық той болмайтын. Көр­шiлес отырған К.Маркс атындағы колхоз бен Жиделi колхозы бiрiн-бiрi шақырып той өткiзетiн. Ол кезде киетiн киiм де, тойып iшетiн тамақ та жоқ, сонда да той жасап, палуан күрес, желке тартыс сияқ­ты ойын түрлерiн ұйымдастырып, аяғы құнан жарыс пен көкпарға ұласып кететiн. Бiрде палуанның бәйгесiне жарты таба нан тiгiлдi. Оны көргендер әлi жыр қып айтып отырады. Ал қазiр Тәуелсiздiк күнiн қалай тойлап жүрмiз?  Ауыл әкiмi «Тәуелсiздiк күнiне байланысты жиналыс болады, аяғы концерт” деп кеңсесiне хабарландыру iледi. Оған барғаны барады, бармағаны үйде қалады. Өйткенi күн суық және қызығы да шамалы.
1998 жылдың 2 шiлдесiнде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” заң қабылданды. Осы 12 жыл iшiнде жемқорлықпен күрес үдей түскен сайын, керiсiнше, жемқорлар саны неге артып барады? Заңның әлсiз тұстары бар ма, әлде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi басты құқық қорғау органдары бұл тұрғыда әлi күнге дейiн белсендi жұмыс жасай алмай келе ме? Түсiнiксiз... Елбасымыздың өзi зор сенiм артып, мәртебелi орынтақ жан-жақты мақтауын жеткiзiп отырғызған шенеунiктерiмiздi бiрер жылдан соң-ақ жемқор, жебiр, қоғамға қауiптi қылмыскер ретiнде түрменiң “төрiнен” көретiнiмiзге де әбден етiмiз үйрендi.
1 сәуiр – күлкi күнi   
Әп дегеннен,
Әп-әдемi бастадық,
Жұмыстың бәрiн тастадық,
Өлiп-тiрiлiп референдум
Өткiзудiң керектiгiн растадық,
Құлаштадық кеп, құлаштадық,
Көзге түсу үшiн мына жалғанда
Өлуге аз-ақ қалғанда...
Асқарбек ИМАНҚҰЛОВ, дарынды балаларға арналған спорт-интернатының директоры
Алматыдағы “Шаңырақ” ықшамауданында орналасқан дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының ашылғанына көп уақыт өте қоймаса да, талай марқасқа спортшылардың тұсауын кескен спорт ордасы саналады. Бүгiнде бұл спорт ордасында төрт жүзге жуық талантты жастар тәрбиеленуде. Бiз бүгiн оқырмандар назарына осы спорт ордасының директоры, философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы Асқарбек Иманқұловпен болған сұхбатты ұсынып отырмыз.
– Вовка, сенбiсiң? Бәлi-i, менiң сенi көрмегенiме де бiраз жыл болыпты-ау... Мектеп бiтiргеннен кейiн көрiп тұрғаным осы емес пе...
– Амансың ба, Мишка. Асығып барам. Әйелiм...
– Демек, үйленген екенсiң ғой. Бiздiң сыныптастардың iшiндегi ең соңы боп үйленген де сенсiң онда.
– Әйелiм шұғыл звондап... “Тез жет!” деп...
– “Тез жет!” дедi ме? Е-е, толғатып жатыр десең­шi... Мiне, Құдай қосса, сен де ендi әке боласың.
Үлкен дүкеннiң iшiнде адасып кеткен 4 жасар бала жылап тұр.
– Дүкенге сен кiммен бiрге келiп едiң? – дейдi дүкен әкiм­шiлiгiнiң қызметкерi.
– Мамаммен.
– Мамаңмен келсең, юбкасының етегiнен тас қылып ұстап алмадың ба?
– Ұстауға тырыстым, бiрақ қолым жетпей қойды.
2 сәуiр
2011 жылдың 2 сәуiрiнде “Отырар” қонақүйiнде (Қонаев пен Гоголь көшелерiнiң қиылысы) “Жас Алаш” газетiнiң 90 жылдық мерейтойына орай бильярдтан бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi арасында газеттiң жүлдесi үшiн арнайы жарыс өтедi.
Жарыстың басталуы сағат 10.00-де.
8 сәуiр
8 сәуiрде өтетiн шараның бағдарламасы