1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (15588) 5 сәуір, сейсенбі 2011
“ПАЗИКТЕР ПАРАДЫ”-2011. Айналайын “карусель”!
Сонымен, жұрт тынышта жау шапқандай едел-жедел өткiзген бұл сайлау да тарихтың сөресiне кеттi. Басталмай жатып, жеңiмпазы алдын ала белгiлi болған шағын саяси додада дауыс беруде өзге аймақпен салыстыра қарағанда, астаналықтар артта қалды. Шенеунiк­тердiң отаны, жиырма жылдан берi тақтан бiр сәт те кетпеген президент   Н.Назарбаевтың бар махаббаты һәм күш-жiгерiмен салынған, “сәулетi мен дәулетi күллi әлемдi тамсандырып, таңдандырған”, тә­уел­сiз Қазақстанның “бой­тұмарына” баланған бас қаланың қайырымды һәм қарапайым тұрғындары неге ширығып алға шықпады бұл сайлауда? Ауылдағы малдың бетiне қараған ағайынды бiлмеймiз, бiрақ басты орда жұртының (басым бөлiгiнiң мемлекеттiк немесе бюджеттiк қызметке қатысы бар) мемлекеттiк жауапты iске осыншама жауапсыз қарауында қалай десек те бiр гәп бар.

Кезектен тыс президенттiк сайлау да өз мәресiне жеттi. Қазақстандықтардың 95,5 пайызы Н.Назарбаевты қолдап, дауыс берген. Бұл ОСК-нiң 4 сәуiр күнгi таратқан мәлiметi. Мұғалiмдер мен дәрiгерлердi титықтатып, шаршатқан науқанның нәтижесi сiз бен бiз күткендей шығып жатыр. Жаттанды көрiнiстiң куәсi болудан билiк те, халық та жалығар емес. Елiмiздiң өзге өңiрлерiн айтпағанда, Алматы қаласында түрлi заң бұзушылықтарды елең қылмаған сайлау комиссиясындағылар бұл сайлауға жоғары баға беруде. Мәселен, көптеген жоғары оқу орындарында орналасқан сайлау учаскелерiнде студенттердiң қарасы мол болды.

Батыс басылымдары 3 сәуiр күнi өткен президент сайлауында Қазақстанның қарт президентi Н.Назарбаевтың 95 пайыз дауыс жинап, жеңiске жеткенiн жарыса жазып жатыр. Exit-poll нәтижесiне сүйенген The Telegraph басылымының журналисi Ричард Оранж президент тағы бес жыл мерзiмге сайланып, 16,4 миллион хал­қы бар Орталық Азия мемлекетiнiң мұнай өндiрi­сiн қамтамасыз ететiнiн жазады. “Кеңес одағы күйреген күндерден берi мұнайлы елдi басқарып отырған Назарбаев сайлауды мерзiмiнен бiр жыл бұрын белгiлеп, насихат жұмыстарына екi-ақ ай қалдырды. Сөйтiп, үш оппозициялық партияны бойкот жариялауға итермеледi. Осының нәтиже­сiнде ол өзiнiң саясатын қолдайтын үш жалған үмiткерге «ие» болды”.
360 әулие жатқан қасиеттi Маңғыстауда тағы да арсыз “сайқымазақ қо­йылым” болды. Жүздеген мың маңғыс­таулықтың елге деген, болашаққа деген көзқарасы, даусы ұрланды. Маң­ғыстау тек қана жер байлығымен емес, азаматтарының рухани ар-намысының асқақтығымен де ерекшеленген өлке едi. Қай заманда да бұл елдiң халқы ешкiмге басын имей, қандай қоғамда да өз қадiр-қасиетiн сақтай бiлген. Кешегi кезектен тыс Пре­­зидент сайлауы халықты қорқыту-үркiту­мен, сайлаушылардың дау­сын ұрлаумен өте лас өттi. Әр мекемеде өз қызметкерлерiн отбасымен сайлауға қалай да келуге мәжбүрлеген.

Туған-туысқандарды түгендегенде, күнделiктi күйбең тiршiлiк, зымырап өтiп жатқан уақыт, әйтеуiр, қазiр өлiм-жiтiм, той-томалақта болмаса, ағайынды адамдар бiрiн-бiрi анау айтқандай iздей бермейтiн болды ғой. “Ай араласпаса, ағайын жат, жыл араласпаса, жекжат жат” деген, бұл сайлау жамбылдықтардың туған-туысқандарын iздетiп, түгендеп бердi. Жергiлiктi билiк сайлау алдында өзiнiң құзыры жүретiн, былайша айтқанда, жатқызып-тұрғызуға шамасы жететiн барлық мекемелердiң жұмысшыларына арнайы қағаз таратып, туған-туысқандарының аты-жөнiн, мекен-жайын тiзiп жазып берудi тапсырды.

Таңертеңгiлiк басталған бұл сайлауға өре түргелген елдi көрмедiк. Үздiк-создық, бiрлi-жарым жандар ғана бой көрсеттi. Олардың алғашқы дауыс бергенi — ер адам. Оған бiр кiтап, нәзiк жандылардан бiрiншiге орамал не шай сыйлыққа берiлдi. Бұл қошеметке әр жерден бiр құлықсыз соғылған шапалаққа Гренландиядан келген бiр халықаралық бақылаушының таңырқай қарағаны болмаса...Жалпы, Қызылордаға 14 халықаралық бақылаушы келiптi. Оның екеуi Сыр бойында сәуiрдiң аяғына дейiн болмақ. Қала бойынша барлығы 93 сайлау учаскесi бойынша бақылаушы ретiнде отырғандардың денi — “Нұр­Отан”, “Руханият”
Атыраудағы сайлау басқа аймақтарға қарағанда бiр сағат ерте, таңғы 7-де басталды. “Жас Алаш” тiлшiсi келген Атыраудағы Азаттық даңғылы бойындағы №34 сайлау учаскесiне келушiлердiң денi зейнеткерлер болды. Учаскелiк сайлау комиссиясы төрайы­мы Сандуғаш Ғафуова мұнда 909 сайлаушы келуi тиiс екнiн айтты. Бiр қызығы, бiр бұрышта шоқиып отырған бақылаушы деп аталатын топтың арасында басқа партия немесе ұйым өкiлдерi болған жоқ. Жалпы, бұл – Атыраудағы көпшiлiк сайлау учаскелерiне тән жағдай. Ал “Нұр Отан” партиясы мен Назарбаевтың сенiмдi өкiлдерi және қоғамдық бақылау комиссиясы
Осы жолғы президент сайлауының нәтижесi қандай боларын алдын ала сезгендей-ақ, бұрындары бұндай кезде қарбаласқа түсiп жүретiн қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өкiлдерi аса белсендiлiк таныта қоймады. Тiптi сайлау учаскелерiн аралап жүрiп, Н.Назарбаевтан басқа сайлауға түскен үмiткер­лердiң сенiмдi өкiлдерiн де кездес­тiре алмадық. Негiзiнен бақылаушы болып отырған жергiлiктi қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi. Қаладағы 34 сайлау учаскесiнiң бiразын аралап шыққанымызда, кей жерлерде ұзыннан-ұзақ кезекте тұрған сайлаушыларды көрдiк. Жүз елу мыңға тарта тұрғыны бар Екiбастұзда 81 239 адам дауыс беру құқығына ие екен.
Қызылордадан бұрын Жезқазғанда тұрған ақын досым телефон шалды. Мектепте мұ­ғалiм. Амандық-сау­лықтан соң әң­гiме ауаны өзiнен-өзi кезектен тыс президент сайла­уына қарай ойысты.
— Мұғалiмдердiң көрген күнi құрысын. Билiктiң қолбаласы сияқты. Тыным жоқ. Бала оқытып, ұрпақ тәрбиелемек түгiл, кейде атыңды ұмытып қала жаздайсың. Өткенде референдумге қол жинау үшiн үй жағалап, түн қатып, тентiреп кетiп едiк. Сосын сайлау сандалтып қойды, — деп зарлап қоя бердi.
— Ертең сайлау ғой, баратын шығарсың?

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсiнде мәжiлiс­кер Жарасбай Сүлейменов бастаған жұмыс тобы “Халықтың көшi-қоны туралы” ҚР Заңының жобасын қарап жатқалы да жылға жуық­тады. Заң жобасы Парламент Мәжiлiсiне келiп түскен кездегiге қарағанда, едәуiр жетiлдiрiлгенi байқалады. Бiрақ қолданыстағы “Халықтың көшi-қоны туралы” заңынан мұраға қалған түйткiлдi түйiндер күнi бүгiнге дейiн оң шешiмiн тапқан жоқ. Осы жылы ақпанның 28-29-ы күндерi аталған жұмыс тобы заң жобасын тағы да сүзгiден өткiздi. Мұндағы ең көп талас тудыр­ған мәселе заң жобасының 44-бабындағы: “Оралман мәртебесi Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн тоқтатылады” деген

...Жаны бөлек, “Жас Алашым” – жақсы аға,
Тарамыс боп тағдыр дейтiн патшаға,
Сiрiленiп келесiң,
Сiңiрiңнен суырса да сiрi жiп,
Iрiленiп келесiң,
Жалған дүние жала күйе жақса да.
Алашым деп айбат шегiп келесiң,
Сiздердi 90 жасқа толып отырған мерейтойларыңызбен шын жүрегiмнен құттықтаймын! “Жас Алаш” деген жай басылымнан да үлкен ұғым, үлкен жаршы! “Жас Алаш” – иiсi қазақтың маңдайалды басылымы, бұған ешкiмнiң шүбәсi жоқ деген ойдамын. “Жас Алаш” тоқсан жылдың iшiнде қазақтың, қазақ елiнiң тарихын өзiне сiңiрiп келдi, елмен, мемлекетпен жақсыда бiрге қуана бiлген, жаманда елмен мұңая бiлген басылым! “Жас Алаш” алдағы уақытта да елге, ұлтқа қызмет етуiн жалғастырады деген ойдамын, соған тiлек­шiмiн!
Былтыр күзде “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры “Қазақмыс” компаниясының iрi акционерлерiнiң бiрi Владимир Кимнен оған тиесiлi 40 пайызға жуық акцияның 11 пайызын арзан кезiнде емес, 1,5 есе қымбаттағанда барып сатып алды. Қазақстан қор биржасында өткен осы сауда-саттықтан Қазақстанды былай қойып, әлемдегi баспасөз бiткен әлдебiр саяси астар iздеп, жамырай жазып жатқанда, қор биржасынан да, саясаттан да жырақтағы жезқазғандықтар оған онша селт еткен жоқ. “Сақал сипағанша” жасалған саудаға билiктiң көп қитұрқылығының бiрi деп қарады да қойды.
ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ТҮРКI ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭПИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына және ХХ ғасырдың Гомерi атанған жыр алыбы Жамбылдың туғанына 165 жыл толуына орай сәуiрдiң 11-12-i күндерi Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi, Алматы облысының әкiмшiлiгi, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, ТҮРКIСОЙ Түркi халықтарының мәдениетi халықаралық ұйымы, Республикалық Кiтап музейi бiрiгiп “Жамбыл және түркi халықтарының эпикалық мұрасы” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткiзедi.
Бүгiнгi заманның кереғар қылықтарын жеңiп шығуды ойлап, шығандап қылық қылмай, заманның яки уақыттың осы кезеңiнiң тұрмысына ыңғайланып, заманды түзетуге емес, соған төселiп күн кешуге бейiмделген психологияның ел iшiне дендеп енiп алғаны – ащы да болса шындық. Қазiрде айғайлап айтпаса да, көпшiлiктiң көкiрегiнде тән түртiп оятып, бiрақ жан қоштамайтын жөнсiз сылтау сөз бар. Ол – ар ұялар iс қыла отырып, оның жаласын заманға аудара салу. Сөйтiп, “заманым оңбаған болса, мен қайда барып оңайын? Жалғыз мен бе? Жұрттың көбi бiрiн-бiрi жеп күн кешуде” деп, жеке бастың тiзгiнсiз нәпсi аранын мезгiл керуенiне ақтаусыз артып, судан таза, сүттен ақ болғансимыз.
Өткен аптаның соңында Орал қаласында күрес түрлерiнен ҚР Спартакиадасы аясында ел бiрiншiлiгi өттi. Елiмiздiң барлық облыстарының спортшылары бақ сынаған жарыста палуандар күрестiң үш түрiнен ел чемпиондарын анықтады. Наурыз айының соңғы күнi тұсауын кескен ел чемпионаты 4 сәуiрде мәреге жеттi. Жарыстың бiрiншi күнi бозкiлемге еркiн күрес шеберлерi шықты. Ең жеңiл салмақта, яғни, 55 келiде Қызылорда облысынан келген Дәулет Ниязбековтiң мерейi үстем болды. Дәулет ел бiрiншiлiгiнде биыл ғана топ жарып тұрған жоқ. Қызылордалық палуан былтырғы Қазақстан чемпионатында да жеңiмпаз атанған-ды.
Сәуiрдiң 2-i күнi Алматыдағы “Отырар” қонақүйiнiң бильярд залында “Жас Алаш” газетiнiң 90 жылдық мерейтойына орай би­льярд­тан жарыс өттi. “Жас Алаш” редакциясының өзi бас болып ұйымдастырған шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiмен қатар, елiмiзге белгiлi ақын-жазушылар, өнер қайраткерлерi қатысты. Таңның атысынан кештiң батысына дейiн созылған жарысқа барлығы 32 кий шеберлерi қатысты. Жарыс алдымен топтық бәсекемен басталып, артынша өз тобынан үздiк шыққандар олимпиадалық жүйе бойынша плей-офф ойын­дарын өткiздi.
Сербиялық теннисшi Новак Джокович АҚШ-тың Майами қаласында (Флорида штаты) өткен iрi турнирдiң жеңiмпазы атанды. Мамыр айында 24 жасқа толатын сербиялық жiгiт финалда әлемнiң бiрiншi ракеткасы испаниялық Рафаэль Надальдi жеңдi: 4:6, 6:3, 7:6. Н.Джокович осы турнирдiң алдында АҚШ-тың Индиан Уэллс (Калифорния штаты) қаласында өткен турнирдiң бас жүлдесiн қанжығасына байлаған-ды. Сол жарыста ол тек бас жүлде алып қана қойған жоқ, бiрiншiден, әлемнiң ең мықты теннисшiсi Рафаэль Надальдi финалда жеңдi. Екiн­шiден, Роже Федерер сынды майталман теннисшiнi ығыстырып, әлемнiң екiншi ракеткасы атанды.

Қазақстан бокс қауымдастығының құрметтi президентi Асқар Құлыбаевтың жүлдесiне арналған бокстан халықаралық турнир Орал өңiрiнде мәресiне жеттi. Елiмiздiң боксшыларымен қатар бұл жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжiкстан сияқты көршiлес елдiң былғары қолғап шеберлерi өз өфнерлерiн ортаға салды. 10 салмақ дәрежесi бойынша күш сынасқан боксшылардың арасынан қырғызстандық Шыңғыс Борбашев 81 келi салмақта топ жарды демесеңiз, қалған салмақтың бас жүлдесiнiң барлығы өз елiмiзде қалды. Атап айтсақ, 49 келiде Алматы облысының спортшысы