1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27 (15589) 7 сәуір, бейсенбі 2011

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы 3 сәуiрде өткен президент сайлауының қорытынды нәтижесiн жария еттi. Тұрғанқұловтың мәлiметiне қарағанда, “президенттiктен үмiткер” Нұрсұлтан Назарбаев “сайлаушылардың” 95,5 пайыз даусын жинап, сөзсiз жеңiске жеттi. Бiр адамның жеке-дара билеп-төстегенiне, ел-жұртты “ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында” ұстайтын басшының илеуiне көнген халық бұған таңғалмады. Десек те, бiз үшiн басқа мәлiмет бұдан “қызығырақ” көрiндi. Бұл – бас прокуратураның мәлiмдемесi. Ресми органның дерегiне қарағанда, үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзу кезiнде “үмiткерлердiң” 77 плакаты зақымданған. Оның 72-сi “Нұр Отан” партиясы атынан додаға түскен “бас үмiткер” Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесiлi көрiнедi.

ОСК төрағасы Қ.Тұрғанқұловтың келтiрген деректерi бойынша, тiзiмге енгiзiлген 9 миллион 200 мың 298 сайлаушының 8 миллион 279 мың 676-сы сайлау бюллетенiн алған екен. Сайлаушылардың дауыс беруге келуi – 89,99 пайызды құраған. Ол былай дедi: – Сайлаудың тiкелей нәтижелерiне келетiн болсақ, жалпы республика бойынша сайлаушылар дауысы келесiдей бөлiнген: Жамбыл Аужанұлы Ахметбековке 111 мың 924 сайлаушы дауыс берген, бұл - 1,36 пайызын құрайды; Мэлс Хамзаұлы Елеусiзовке 94 мың 452 сайлаушы дауыс берген, бұл сайлаушылардың 1,15 пайызын құрайды; Ғани Есенгелдiұлы Қасымовқа 159 мың 36 сайлаушы дауыс берген, бұл - 1,94 пайызын құрайды; Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа – 7 миллион 850 мың 958 сайлаушы дауыс берген, бұл - 95,55 пайызын құрайды.

ЕШКIМ ЖЕҢБЕГЕН САЙЛАУ
Сонымен, “нұротандықтар” дегенiне жеттi. Нұр­сұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95 пайыздан астам даусын жинап, өзге “үмiт­керлердi” шаң қаптырды. Жеңiске жеттi. Ал бұл қандай жеңiс? Елбасы кiмдi жеңдi? Оның додаға баптап шығарған қуыршақ үмiткер­лердi басымдықпен жеңетiнi онсыз да белгiлi болды емес пе. Демек, пре­зидент ешкiмдi де жеңген жоқ. Бұл жолы Қазақстан тарихындағы ерекше сайлау өттi. Сайлауалды науқанын былай қойғанның өзiнде бұрын-соңды мұншалықты солғын, еш интригасыз, талас-тартыссыз сайлауды көрмедiк. Осы доданың ерекшелiгi де сонда, сайлауға президент­тiң қарсыластары емес, жақтастары түс­тi.
“ХАЛЫҚ БИЛIГI” ОСЫНДАЙ САЯСИ МӘЛIМДЕМЕ ЖАСАДЫ
Кезектен тыс өткен президенттiк сайлауға талдау жасаған “Халық билiгi” блогы өздерiнiң қорытындыларын жариялады. 2011 жылғы 3 сәуiрде өткен президенттiк сайлауда әкiмшiлiк ресурс бар күшiн салып, адам сенгiсiз жеңiске жеттi. Тапталған құқықтар мен заң бұзушылықтарда есеп жоқ. Бюллетеньдердi топтастырып урнаға тастау, “карусель” ұйымдастыру, ешқандай құжат көрсетпестен, бiр адамның бiрнеше кiсiнiң атынан дауыс беруi, бақылаушыларды сайлау барысын бақылауға жiбермеу, сту­денттердi жаппай сайлау учаскелерiне “айдап апару” сияқты сорақы тiрлiктер тағы қайталанды. Бұл туралы кеше баспасөз жиынында сөз еткен блок өкiлдерi мен “Ар.Рух.Хақ” қоғамдық қозғалысының өкiлдерi өз деректерiн нақты айғақтармен сөз еттi.
Сайлау өттi. Назарбаев тобы “көшбасшысының” жеңiсiн тойлауда. Ал аталған сайлауға азаматтық қоғам, оппозиция қарсы болып, наразылық ретiнде бойкот жариялаған-ды. Сондай белсендi топ өкiлдерi дәл сайлау күнi Жанболат Мамай, Қанат Ибрагимов және “Рух пен тiл” жастар клубының белсендi мүшелерi Алматы қалалық сайлау комиссиясының алдында кезектен тыс сайлауға қарсы акция өткiздi. Олар демократия нормаларына сай балама сайлау жасады. Ол сайлаудың жеңiмпазы додаға түскен төрт үмiткердiң бiрi де емес. Акцияға шығу мақсаттарын Жанболат Мамай журналистерге былай деп түсiндiрдi: “Нұр­сұлтан Назарбаевқа “серiктес” ретiнде сайлауға түскен үш үмiткер “Президент кiм болары
Құрметтi ұлт сенiмiн арқалаған “Жас Алаш” газетi! Сiздердi ғасырға таяу ­       90 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын! “Аққа құдай жақ” демекшi, әрқашанда шындықты жазудан талмай, ел ықыласына бөлене берулерiңiздi тiлеймiн!  Тәуелсiздiктен бертiнгi 20 жыл уақыт iшiнде өткiзiлiп келе жатқан сайлау – бұл жолы да “өз дәстүрiнен” қол үзген жоқ. САЙЛАУ ӘДIЛ ӨТПЕДI! Мұндай iске атсалысқандардың бiрi – мұғалiмдер болды. Кеңес дәуiрiнде әкiмнен кейiнгi орынды ойып алатын мұғалiм қадiрiнiң қазiргi таңда қандай күйге түскенi ойын баласына да мәлiм. “Қарлы жексенбiде” өткiзiлген кезектен тыс сайлауда “ұлы ұстаздар” тағы да өз орнын, мәртебесiн “ұмытып

Наурыздың 26-сына соқ­қыға жығылып, тоналған “ Голос Республики” газетiн шығарушы компанияның директоры Данияр Молдашев туралы жаңа деректер жарыққа шықты. Естерiңiзге сала кетейiк, Мәскеуден жұмыс бабымен оралған Д.Молдашевты белгiсiз бiреулер өз үйiнiң алдында соққыға жыққан-ды. Осы оқиғадан кейiн 28 наурызда әрiптестерiмен хабарласқан ол барлық жағдай туралы кездескенде айтатынын жеткiзедi. Алайда директор осыдан соң, iз-түзсiз кетiп, хабарласпайды. Даниярдан екi тәулiк хабар күткен “Голос Республики” газетiнiң қызметкерлерi БАҚ арқылы осы жағдай туралы ақпарат таратқан-ды.

2011 ЖЫЛҒЫ 21 АҚПАНДАҒЫ ЖЕРСIЛКIНIСI ЖӘНЕ АТЫРАУ АЙМАҒЫНЫҢ СЕЙСМИКАЛЫҚ ҚАУIПТIЛIГI МҰНЫ АЙҚЫН ЕСКЕРТТI
2011 жылы 21 ақпанда Теңiз мұнай кен орны маңында (Атырау облысы) 3-4 балдық күшпен жерсiлкiнiсi сезiлдi. Бұл хабар тұрғын халық арасында әртүрлi алып-қашпа сөздер тудырды, БАҚ беттерiнде бiрнеше мақалалар да жарияланды. Мұның себебi, кейiнгi кезде мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру салдарынан әлемнiң әр түкпiрiнде техногендiк апаттар жылдан-жылға көбейiп келедi. Олардың арасында күшi 9 балға дейiнгi зiлзала апаттары да кездеседi. Атырау аймағы геологиялық-тектоникалық тұрғыдан жер қыртысының орнықты бөлiгiнiң бiрi, Шығыс-Европа платформасының оңтүстiк-шығыс бөлiгiнде орналасқан.

Маңғыстауда ауылшаруашылығы және малшаруашылығымен шұғылданатын бiрен-саран жеке шаруашылық облыс тұрғындарының күнделiктi азық-түлiкке деген қажеттiгiн өтей алмайды. Азық-түлiк, киiм­-кешек, күнделiктi тұрмысқа қажеттi тұтыну бұйымдарының 85-90 пайызы сырттан тасымалданады. Сондықтан, мәселен, Жаңаөзенде азық-түлiктiң бағасын ауыздықтауға ешкiмнiң дәрменi жетпей тұр. Әрине, бағаны тұрақтандыру үшiн жергiлiктi әкiмшiлiк бiр­қатар iстер атқаруда. Бiрақ жеткiлiксiз. Жаңаөзен қалалық кәсiпкерлiк бөлiмi бастығының мiндетiн ат­қарушы Ерсiнәлi Қайыровтың айтуынша, бөлiм кәсiпкерлердi қолдаумен айналысады. Қолдау дегенге тек ақпараттық көмек.

Мұңы мен зары құқық қорғау­шылардың құлағына жетпей, көңiлi құлазыған Екiбастұз қаласының тұрғыны, еңбек ардагерi, “Күмiс алқа” иегерi, 70 жастағы қарт ана Дәметкен Жұмабекова телефон шалып, былай дейдi: “Қарағым, жасым жер ортасынан асқанда басым даулы болып, баспанасыз қалатын түрiм бар, амалым қалмады”.  Айтылған сөздiң анығын бiлмекке, ол кiсiнiң үйiне барып, әңгiмесiн тыңдадық. Оқиға 2007 жылдың маусым айын­да басталған екен. Бар ғұмыры Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Бозтал ауылында өткен Дәметкен апа 1963 жылы Алматының медициналық училищесiн бiтiрiп келген соң, зейнеткерлiкке шыққанша сол Бозталда фельдшер-акушер болып еңбек етiптi.
Құдай қаласа,
Индустриямыз өрлейiн деп тұр,
Инновация құлашты сермейiн деп тұр.
Дамудың даңғылына түсiп алып,
Қазағым ешкiмге дес бермейiн деп тұр.
Мұның бәрi, әрине, жақсы екен,
Тек бiр жаман жерi,
Бiзде энергия тапшы екен.
Иә, жарықтың аты жарық
Газетiмiздiң өткен нөмiрiнде бiз өз оқырмандарымыздан “Қажығұмар Шабданұлының мұрасы не күйде? Жоғалып кетпей ме?..” деген хаттар түсiп жатқанын, алдағы нөмiрлерiмiздiң бiрiнде осы сұрақты Қажығұмардың мұрасын жетiк бiлетiн әдебиетшi-мамандарға қойып, бұл жөнiнде келелi әңгiме өткiзбек ойымыз бар екенiн айтқан едiк. “Айтып ауыз жиғанша” деген де осы шығар, газет шыққан күннiң ертеңiне редакциямызға Ибрагим Қошқари деген азамат келiп, өзiнiң Қажығұмардың мұрасына қатысты ойларын ортаға салды. Ибрагим Қошқари – журналист, публицист, Алматыдан шығатын “Көршi” атты журналдың бас редакторының орынбасары.
Түн ортасы. Министр бiреудiң ыстық демiнен шошып оянды. Көрпесiнiң астына бiреудiң кiргенiн сездi.
– Бұл кiм?
– Тс-с... Үндеме.
Әйелдiң даусы. Таныс емес, бiрақ ғажап әдемi, нәзiк, бойды балқытатын дауыс.
Министр әйелiнiң бөлме­сi­нiң есiгi жабық екенiн байқады. Ал мына түнгi қонақ – өзiнiң әйелi сияқты сарқарын емес, жап-жас. Шиыршық атып тұр.
– Өй, кiмсiң? Мұнда қалай кiрдiң? – дедi министр сыбырлап. Министр­дiң апартаментiнде күзет бар едi. Мына сұлу қалай кiрiп жүр?

Соңғы он, он бес жылда қазақ жастары намаз оқып, имандылыққа бас ұра бастады. Бұл, әрине, қуанарлық жайт. “Жүре берсең, көре бересiң” демекшi, бiр ай ораза ұстап, пiтiр бермейтiндердi көрдiк. Және бiр көңiлiмнiң толмайтыны – қажылықтың бизнеске айналып кеткенi. Бұл туралы айтылып та, жазылып та жүр. Аталарымыздан “Ән айтқанның бәрi әншi емес, Меккеге барғанның бәрi қажы емес” деген мақал бекерге қалмапты. Айтпақшы, тағы бiр жан түршiктiрерi – намаз оқығандарын, ораза ұстағандарын мiндет етiп, көлiктерде зiркiлдеп орын сұрағандарға не дерсiз?! Түрлерiне қарасаң, 60-70 жастағы кiсiлер емес, 45 пен 50-дiң ар жақ, бер жағындағылар. Сонда олардың 20-30 жастағыларға көрсеткен өнегесi ме? Әлде олар бiреулер үшiн намаз оқып, аузын бекiте ме екен? Надандық деп осыны айт.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы “Жас Алаш” республикалық газетiнiң 24.02.­2011 жылғы №15 санында жарияланған Зайсан ауданының тұрғыны Қайса Мұхиттың “Аудан әкiмi осылай қарсы алса, өзгелер не iстемейдi бiзге?” атты мақаланы жан-жақты тексерiп, төмендегiдей мән-жайларды анықтады: “Зайсан қалалық әкiмi” ММ талап-арызбен сотқа жүгiнген. Талаптарында Зайсан қаласы Шевченко ықшамауданынан мемлекеттiк мекемелер мен бюджеттiк мекеме қызмет­керлерiне арнап 15 ипотекалық тұрғын үй салынғанын, үйлердiң бағасы қымбат болуы себептi үй алушылардың жалақылары ипотекалық несиеге жеткiлiксiз болып, үйлердi алатын бю­д­жет­тiк мекеме қызметкерлерi табылмағандықтан

Өткен жылдың шiлде айының 29-ынан 30-ына қараған түнi есiктi бұзып кiрiп, бетперде киген екi жiгiт менi және 13 жасар қызым Маржанды тарпа бас салып, қол аяғымызды байлап, ақша талап еттi. Бiреуi бөлмелердi аралап жүрiп, келесi бөлмеде ұйықтап жатқан 16 жасар қайным Әлiшердi де байлады. Ештеңе таппаған соң “қызыңды өлтiремiн!” деп қорқытып болмаған соң, жолдасым жаңа “Сетра” автобусын сатып алмақшы болып, маңдай терiн төгiп жүрiп жинаған 100 мыңдай АҚШ долларын тығып қойған жерден алып беруге мәжбүр болдым.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ БАҒБАН ТАИМБЕТОВТIҢ ҚАПЕРIНЕ!
2002 жылдың желтоқсан айынан берi мемлекет қамқорлығындамын. Яғни Жамбыл облыстық №2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйiнiң тұрғынымын. Осы елдiң бiр азаматы ретiнде ауырсам – емделуге, өзiме рұқсат етiлген дүниенi талап етуге, мемлекет жәрдемiн пайдалануға құқым бар емес пе?! Қазiргi денсаулық жағдайым нашар. Буын ауруы, қан аздығы, қолқа демiкпесiнен зардап шегiп жүргенiмде өткен жылдың маусым айынан сүйек туберкулезiне шалдықтым. Бiрақ облыстық туберкулезге қарсы диспансерiнiң дәрiгерлерi менi емдегiсi келмей, бұлталақтыққа салады. Атап айтқанда, осы аурухананың дәрiгерлерi А.Баубеков “сенде сүйек туберкулезi жоқ” деп, аты жаман басқа бiр аурудың атын айтса
Осы аптаның басында футболдан Қазақстан премьер-лигасына қатысып жатқан командалар 5-тур ойындарын өткiздi.
Ел бiрiншiлiгiнiң 2-турында Алматының “Қайратына” есе жiберген Талдықорғанның “Жетiсуы” 5-турдың қорытындысы бойынша көш бастап келедi. Бес ойында төрт бiрдей жеңiс тойын тойлаған “жетiсулық” футболшылар дүйсенбi күнi сырт алаңда “Тараз” клубын жеңдi: 1:0. Талдықорғандық футболшылармен бiрдей ұпай жинаған “Ақтөбе” турнир кестесiнiң екiншi сатысында тұр. Қазақстанның төрт дүркiн чемпиондары 5-турда “Ордабасы” футболшыларымен алаңға шығып, қарсыластарын 2:1 есебiмен ұтты.
Кеше Бiрiккен Араб Әмiрлiгiнiң астанасы Әбу-Дабиде дзюдодан Азия чемпионаты мәресiне жеттi. Сәуiрдiң 5-i күнi басталған жарыстың бiрiншi күнi Қазақстан құрамасының дзюдошылары бiр қола медальға ие болды. Дзюдошы жiгiттердiң жаңадан келген бас бапкерi Асқат Житкеев Араб әмiрлiгiнiң астанасына жетi жiгiт апарған болатын. 60 келi салмақта ел намысын қорғаған Еркебұлан Қоссаев доданың бiрiншi күнi татамиге шығып, қола медальдi қанағат тұтты. Еркебұлан жартылай финалға дейiн үш палуанды тiзе бүктiрдi. Атап айтсақ, алғашқы белдесуiнде жерлесiмiз палестиналық палуанды ұтса, екiншi белдесуiнде Индонезиядан келген қарсыласын қапы қалдырды
Футболдан Еуропаның Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан командалардың сейсенбi күнi екi ойыны ойналды. Былтырғы жылы чемпиондар бәсекесiнiң бас жүлдесiн жеңiп алған Италияның “Интерi” өз алаңында Германияның “Шальке-04” клубын қабылдаса, Мадридтiң “Реалы” ағылшынның “Тоттенхэм” клубымен кездестi. “Интер” (Италия) – “Шальке-04” (Германия) – 2:5 (Станкович, 1-минутта, Милито, 34-минутта – Матип, 17-минутта, Эду, 40, 75-минутта, Р.Гонсалес, 53-минутта, Раноккья, 57-минутта, өз қақпасына); “Реал” (Испания) – “Тоттенхэм” (Англия) – 4:0 (Адебайор, 5, 57-минутта, Ди Мария, 72-минутта, Роналду, 87-минутта).
Елiмiздiң жүйеқұраушы банктерiнiң бiрi – КАЗКОМ өткен аптада 2010 жылғы өз жұмысының қорытындысын жариялады. Жұма күнi өткен баспасөз мәслихатында банк басшылығы былтырғы жылы қол жеткiзген жетiс­тiктерi мен алдағы даму жоспарын баяндап бердi. 2010 жыл Қазақстанның банк саласы үшiн күрделi болды. Дегенмен банк өзiнiң көздеген мақсаттарына же­тiп, алға қойған мiндет­терiн толық орындапты. “Жоспарлағаннан анағұрлым жақсы жетiстiктерге жеттiк. Ең бас­тысы, 2010 жылды табыспен аяқтадық”, – дедi Қазком­мерцбанктiң басқарма тө­райымы Нина Жүсiпова.