1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №28 (15590) 12 сәуір, сейсенбі 2011
Юрий Гагариннiң ғарышқа ұшқанына 50 жыл толуына орай Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентi Дмитрий Медведевтi құттықтап, жеделхат жолдапты. Бұл туралы Қазақстан президентiнiң баспасөз қызметi хабарлады. Жеделхатта былай делiнген: “Барлық қазақстандықтардың атынан және өз атымнан сiздi және Ресей халқын Юрий Гага­риннiң тарихи сапарының 50 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Адам баласының ғарыш­қа ұшуы күллi адамзат үшiн дәуiр оқиғасы болды. Бұл — барлық бауырлас халықтардың ұжымдық күш-жiгерiнiң, бiрге атқарған еңбегiнiң нәтижесi, бiздiң ғылымның және техникамыздың ұлы жетiстiгi. Адамзаттың жұлдызды жолы қазақстандық Байқоңырдан басталады. Байқоңырдан ғарыш кемелерi мен аппараттары ұшырылып келе жатқанына, мiне, жарты ғасыр толды. Өз миссиясын орындаған ғарышкерлердi бiздiң жерде жылы қарсы алады”
“Жас Алаш” газетiнiң 90 жылдық мерейтойына орай бiрсыпыра шаралар өткiзiлгенi де мәлiм. Сол шаралардың iшiндегi шырайлысы һәм құнарлысы    8 сәуiр күнi Қазақконцерттiң концерт залында (Абылай хан даңғылы, 83 үй) өткен мерекелiк кеш болды. Бұл кеште қазақтың қайтпас қайсар жазушысы Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық “Қылмыс” романына “Ұлттық рух” халықтық сыйлығы табыс етiлдi. Егер көзi тiрi болса, бұл кешке Қажығұмардың өзi келер ме едi, келмес пе едi, кiм бiлсiн... Ең бастысы, Қажекең өз романына “Ұлт­тық рух” сыйлығы табыс етiл­генiн естiп кеттi. Осыдан дәл сегiз ай бұрын “Жас Алаштың” бетiн­де халық атынан, қазақ зиялыларының атынан тағайындалған “Ұлт­тық рух” халықтық сыйлығы осы сыйлықты ұйымдастыру алқасының шешi­мi­мен Қажығұмар Шабданұлының

Астанада өткен оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясында сөз сөйлеген Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов «Әлемдегi ең ақылды оқушылар бiздiң елде тұрады. Математиктер мен физиктердiң олимпиадасында олар Ресей, Жапония және қайсы едi, а Қытайды ғана алдарына жiберiп алды. Басқаларының бәрiнен озып, өздерiнiң мықтылығын көрсеттi» дедi. Осы сөзден кейiн-ақ менiң шекем тырыса қалды. Шабармандары дайындап берген қағазды оқып берушi министрге емес, әрине. Өз жерiмiзде, Астанамызда өткен былтырғы додада алдыңғы шептен көрiне алмаған өзiмiздiң болашақ ғалымдарымызға. Б.Жұмағұловтың жоғарыда айтып өткен сөзiн естiмес бұрын көңiл-күйiмдi Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов көкке көтерiп тастаған едi.

Қазақстанда медицина саласы дәрменсiз күйде. Үкiмет мәселенi шешу үшiн реформа жасауға тырысса да, “баяғы жартас – сол жартас”. Қоғамда дәрiгерлерге деген сенiм жоғалды. Өкiнiштiсi сол, медицина қызметкерлерiнiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттырып, беделiн көтеру қағаз бетiнде қалып қоюда. Қоғамды жайлаған жемқорлық та дәл осы салада дендеп кеткенi бүгiнде жасырын емес. Мұндай күрмеуi көп күрделi мәселелердiң түйiнiн тарату үшiн не iстеу керек? Қандай бағыт ұстану қажет? “Аман-саулық” қоғамдық қоры ұйымдастырған баспасөз мәслихатында дәрiгер-сарапшылар мен заңгерлер осы және басқа да сауалдарға жауап iздедi. 

Өткен аптада премьер-министр К.Мәсiмов үкiмет басшылығына қайта келдi. Заң бойынша, президент Н.Назарбаев оны мәжiлiске ертiп барып, өзi ұсынған премьердi тағайындауына депутаттардың келiсiмiн алды. Жиын соңында алдағы болар және өткен оқиғаларға өз бағасын берген президент «Бiз бiрiгiп отырып дұрыс шешiм қабылдадық (премьер-министрлiкке К.Мәсiмовтi қойғанын айтып отыр – ред) . Осындайда ел iшiнде гу-гу әңгiме көп болады ғой. Отырып алып, «осыдан артық кiм болады екен?» «Ана жақтан келедi, мына жақтан келедi, анау анандай, мынау мында баратын болыпты д-е-е-п». Өйтпесек, қазақ боламыз ба!? (Осы жерде Н.Назарбаев күлдi. Зал қыран-топан). Әңгiменiң ең қызығы сонда. Мiне, бiреуi жабылды. Ендi басқасына гуiлдеуге кiшкене уақыт берейiк. Ендiгi апта шешемiз деп ойлаймын» дедi

деп жылап жiберуге шақ қалған депутат бұрын қайда қалыпты?
Бiздегi саяси жағдайлар көз iлеспес жылдамдықта өтiп жатыр. Болып жатқан оқиғаларға таңғалып үлгеру қиын. Сайлау, ұлықтау рәсiмi есiмiздi жинап үлгергенше өте шықты. Президент те созбалақтамай, үкiмет басшысын орнынан қозғамай, баяғыша қалдырды. Ал премьер-министрдiң қуанышында шек болмағаны сондай, тiлi қазақша шығып, ант-суын тағы iштi. Сонымен, қазақ билiгi қосылғыштың орнын өзгертiп, халықты тағы бiр алдап тастады. Қош, сонымен әрi ескi, әрi жаңа президент пен премьер-министрдi тақтарына қайта жайғастырдық. Мәсi­мовтiң мақтауын жеткiз­гендерде есеп болмады. Жақтары талғанша, жiпке тiзген мадақ сөздерден жарысқа түскен депутаттар кезек өздерiне келгенде, қызық мiнез танытты.
Саф алтындай сары мыс, зеңгiр көкпен көмкерiлген ғарыш кеңiстiгi — жезқазғандықтар үшiн ажырамас егiз ұғымға айналған. Арқаны әлемге әйгiлеген мысымызбен мақтанамыз, “Жезқазған — ғарыш айлағы” деп марқаямыз. Өте орынды. Екеуiне де мықты негiз бар. Мысына қатысты әңгiменi қоя тұрып, негiзгi тақырыбымызды қаужайық. 1970 жылы 24 қыркүйекте “Ай – 16” автоматты стансасының қайтқан аппараты Мәскеу уақыты бойынша 8 сағат 26 минутта Жезқазған қаласының оңтүстiк-батысына қарай 80 шақырым қашықтыққа қонғандығы туралы ресми хабар таратылды. Ал 1972 жылы 25 ақпанда Кеңестер Одағының телеграф агенттiгi (ТАСС) “Ай – 20” автоматты стансасының аппараты Жезқазғанның солтүстiк-батысына қарай 40 шақырымға қонғанын мәлiмдедi. Сiрә, Жезқазған жылнамасының ғарышқа қатысты жаңа беттерi сол сәттерден бастап жазыл­ған сыңайлы.
үнемi сәттi бола бермейдi және оның ұятқа қалдыруыда әбден мүмкiн
“Қазақстан президентiнiң сайлауы” атты тартыссыз әрi мән-мазмұнсыз “қойылымды” заңдастыруға, оған қоғамдық-саяси, демократиялық реңк беруге әртүрлi әлеуметтiк күштер жұмылдырылды. Оның iшiнде бәрi бар: әншiсi де, әртiсi де, бишiсi де, зиялы-зияндысы да, ақын, жазушысы да, саясаткерсымақ-сарапшысы да! Осы “қойылымның” бiрден-бiр “өнiмi” – бiрқатар белгiлi тұлғалардан құралған президент сайлауын бақылау жөнiндегi Республикалық қоғамдық комиссия. Бұл Ақордаға керек пе едi? Әрине, керек! Себебi, Қазақстанда өтетiн қандай да сайлауды халықаралық бақылаушылар еш­уақытта да “демократиялық талаптарға сай” деп баға берген емес. Әсiресе, ЕҚЫҰ бақылаушылары Ақорданың өтiрiгiн үнемi әшкерелеумен келдi. Биыл да осы жолынан танбады. Сайлауға терiс баға берген ЕҚЫҰ бақылаушылары мынадай баға бердi.

Президент сайлауы мен ұлықтау салтанатынан кейiн Батыс басылымдарында жарық көрген мақалалар Қазақстанның “дәстүрлi жалған сайла­уын” шенеп, “жалған демократияны” әшкерелейдi. Қазақстандағы бiрде-бiр сайлауға Батыс басылымдарының назары бұлай аумаған. Оның үстiне Қазақстанға қа­тыс­ты мақалалардың барлығы дерлiк әжуа мен мысқылға толы. Айталық, американдық The New York Times және The Washington Post газеттерiне шыққан сараптамалар кезектен тыс сайлау мен Н.Назарбаев құрған жүйенi мақтамен бауыздайды. The Washington Post-та жарияланған мақала тақырыбының өзi айқайлап тұр – “Қа­зақстанның жалған демократиясы”. Мақала авторлары Дэвид Крэмер мен Сэм Паттен былай дейдi: “Қазақстанның кезектен тыс президент сайлауында 95 пайыз жинап, “жеңiс­ке жеткен” Н.Назарбаев 1 сәуiр күнi өз елiнiң демократиялық тағдырлы мемлекет екенiн

Қазақконцерттiң концерт залында өткен “Жас Алаштың” 90 жылдық мерейто­йына арналған мерекелiк шарада халқымыздың сүйiктi әншiлерi мен өнерпаздары өнер көрсеттi.
Әрдайым сахна төрiнен көрi­нетiн көптiң көңiлiн әуездi үнiмен баураған Мақпал Жүнiсова бұл жолы да көрермендерiн сүйсiн­дiрдi. Өмiрiн өнерге арнаған қазақтың ерке қызы жиналғандарды дәстүрлi және эстрадалық әнiмен тәнтi еттi. Әманда хал­қының көкейiндегiсiн дөп табатын Мақпал “Жас Алашты” мерейтойымен құттықтады, мәндi де мағыналы әзiл қалжыңын айтып, ақын Қасым Аманжоловтың сөзiне жазылған “Сабыр етшi, жүрегiм” атты әнiн көрермендерге тарту еттi. Бұл әндi Мақпалдан асырып айтқан әншi көр­­медiк. Кө­рерменнiң көңiл тебiренi­сiн ұға бiлген Мақпалдың жанды дауысымен шыр­қалған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сө­зi­не жазыл­ған “Фариза” әнi жұртты те­бiренттi.
Жүрек пернесiн қағып, қазақтың қоңыр дiрiл, қоңыр үн, қоңыр даусын өзiнше жаңғыртқан топтардың бiрi – “Қоңыр”. Топ мүшелерiнiң үшеуiнiң де үнi жанға жағымды, майдан қыл суырғандай құлаққа жаға кетедi. Себебi, тыңдаушының көңiл-күйiн дөп басады. Қазақы қалыпты жоғалтпай, этноаспаптарды байланыстыруымен ерекшеленедi бұл топ. – Продюсерiмiз Сержан Молдаханұлының көмегiмен тобымыз 2007 жылы құрылды. Көбi “қоңыр” дегендi түс деп ұғады. Негiзi қазақтың даусы да, даласы да, аспаптарының үнi де қоңыр: домбыра да, қобыз да, сазсырнай да қоңыр үндi. Сахнаға алып шығып жүрген аспаптардың барлығы сондай. “Қоңыр” қазақы болмысты, биязылықты бiлдiредi. Сондықтан даусымыз да, аспаптарымыздың үнi де қоңыр болғандықтан осы атауды жөн көрдiк, – дейдi “қоңырлықтар”.
Мәдина СӘДУАҚАСОВА:  – Үлкен концерт, үлкен бiр шара немесе жеке концерт өткiзiп жатсақ, мiндеттi түрде бiздiң жалақымыздың белгiлi бiр мөлшерi алынады. Ал өзiмiздiң қосымша табыстарымыз үшiн еш уақытта салық төлемеймiз.
Меруерт ТҮСIПБАЕВА: – Салық туралы әңгiмелер бол­ған кезде көп әншi қарсы болды. Үкiмет дегенiмiз – үлкен алып күш. Оған қарсы шығу мүмкiн емес. Халық әртiсi болмақ түгiлi, екi рет халық әртiсi болсаң да. Салық туралы сыбыс екi жыл бұрын шықты. Шыққан нәрсе ешуақытта қараусыз қалмайды. Қазiр мен тiркелдiм. Салық комитетiнде iстейтiн достарымның айтуынша, әншiлер салық комитетiнiң адамдарымен келiспей жатады екен. Менiң ойымша, ол дұрыс емес. Барлық әншi тiркелуi қажет. Салық комитетiнде iстейтiн жақын туыстарым бар. Мен соларға иек артамын.
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының ойындары тур өткен сайын қыза түсуде. Өткен аптада елiмiздiң он екi командасы алтыншы тур ойындарын қорытындылады. Қызығы сол, Қазақстан премьер-лигасының 6-тур ойындарынан кейiн екi бiрдей бапкер өз қыз­меттерiнен кеттi. Мәселен, Шым­кенттiң “Ордабасы” клубының басшылары наурыз айының соңында бас бапкер Анатолий Юревичтi көмек­шiсi Владимир Белявскиймен қосып, Беларусь асырып жiбердi. Ендi мiне, өткен аптаның соңында “Тараз” клубының басшылары команданың бас бапкерi Ваит Талғаевтан бапкерлiк тiзгiндi алды. Дәлiрек айтсақ, “Тараз” клубының бас бапкерi Ваит Талғаев “Ақтөбеден” жеңiл­геннен кейiн өз еркiмен кететiнiн мәлiмдедi.
“Сағындырған әндер-ай!” деп қазiр жанашырлықпен насихаттап жүрген әндерiмiз – баға жетпес байлығымыз. Отаныңды, отбасыңды сүюге тәрбиелейтiн де, ұлтжандылыққа, адалдыққа үндейтiн де, ерлiкке жiгерлендiретiн де – сол әндер. Тыңдаушыны тамсандырып, ұлттық рухымызды көтеретiн әндерiмiз ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қала бермек. Егер нағыз орындаушысын тауып жатса... Жақында телеарналардың бiрiнен жас әншiнiң орында­уында О.Әубәкiровтiң сөзiне жазылған Ә.Бейсеуовтiң “Мұңайма” әнi берiлдi. Өкiнiштiсi – бұл орындаудағы “Мұңайманың” құлаққа жат әуенге айналғаны. Көпшiлiк қосыла шырқайтын нағыз қазақ әнiн әр орындаушы заманның ыңғайына қарай өз қалауынша құбылта

Бүкiләлемдiк бокс сериясының жартылай финалына шыққан елiмiздiң “Астана арландары” кәсiпқой бокс клубы өткен аптада АҚШ-тың “Los Angeles Matadors” клубының боксшыларымен кездестi. Астанада өткен алғашқы жартылай финалдық жекпе-жекте намысты қолдан бермеген “арландар” қарсыластарын 4:1 есебiмен жеңдi. Алғашқы жекпе-жек “арландар” үшiн сәтсiз басталды. АҚШ клубының ең мықты боксшыларының бiрi Рауше Варренмен қолғап түйiстiрген жерлесiмiз Мiржан Рахымжанов төрешiлердiң шешiмiмен жеңiстi қарсыласына берiп қойды. 54 келi салмақтың алғашқы ұпайы қарсыластарымыздың уысына түскенi сол едi, 61 келiдегi Мерей Ақшалов бiрден таразы басын теңестiрдi. Соңғы жекпе-жектерде ала-құла өнер көрсетiп жүрген Мерей Астанадағы кездесуде барын салды.

О, ұлы ақын, өзiңменен сырласайын!
Жүрек шөлiн өлеңмен бiр басайын.
Өңiрiне Семейдiң ұшып барып,
Ұлы ойыңды тербеген қырды асайын.
Сiзден қалған ғажайып бояулармен,
Үлбiреген әдемi гүл жасайын.
Алтын қалам қайда екен Сiз ұстаған,
Ақ мәрмәрға оюлап жыр қашайын!