1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (15591) 14 сәуір, бейсенбі 2011
ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ҚР ПРЕЗИДЕНТIНЕ АШЫҚ ХАТЫ
Бiз, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтар – саяси партиялар, қоғамдық және үкiметтiк емес ұйымдар, интеллигенция және сарапшылар қауымдастығының өкiл­дерi – Қазақстан мен Қытай арасындағы тең құқықты және көпқырлы әрiптестiк қарым-қатынасты елiмiздiң гүлденуi кепiлiнiң бiрi ретiнде қарастырамыз. Алайда екi елдiң нақты экономикалық қарым-қатынасына алдын ала жасалған талдау көңiлiмiзге күдiк ұялатты, ерекше алаңдаушылық туғызды.
Америкалық күлегеш, театр әртiсi әрi тележүргiзушi Боб Хоуптың қанатты сөзi бар: “Үкiметтi жерден алып, жерге салып сынайтындарды түсiнбеймiн. Ол түк бiтiрiп отырған жоқ қой...” — дейдi ол бетiн тыржитып, аузын қисайтып. Бұл бiздiң үкiметке де қатысты. Боб Хоуптың осы бiр ауыз сөзiмен-ақ Мәсiмов пен оның командасына баға бере салуға болар едi, дегенмен де бастаған соң бiрер ауыз сөз айтуға тиiспiз. Мәсiмов қайта келдi үкiметке. Оның бұл келiсi бұрынғысынан өзгерек. Тәуелсiз Қазақстанның тарихында президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Мәсiмовше ұнай алған бiрде-бiр премьер жоқ. Мұның себебi көп. Бiрiншiден, Мәсiмов тұлға емес — ол тек орындаушы ғана.
МИЛЛИАРДЕР МАШКЕВИЧТIҢ “АНТИСЕМИТИЗМГЕ ЖӘНЕ ИЗРАИЛЬДI ЗАҢСЫЗ МЕМЛЕКЕТ ДЕЙТIНДЕРГЕ ҚАРСЫ” ТЕЛЕАРНА АШУДАҒЫ МАҚСАТЫН ОСЫЛАЙ БАҒАЛАҒАН ЖӨН ШЫҒАР.
Еврей халқының “қам­қоршысы” әрi “жебеушiсi” Александр Машкевич тағы бiр жаңалықты бұрқ еткiздi. Израильге еңбек сiңiрiп, өз ұлтының мүддесi жолында “жарғақ құлағы жастыққа тимейтiн” Машкевичтiң ендiгi арманы – халық­аралық еврей телеарнасын ашу. “Бүгiнгi таңда телеарналар Израиль туралы шындықты айтпайды, күн са­йын елдiң бет-бейнесiне нұқсан келуде. Сондықтан телеарна ашу туралы ойға келдiм. Бұл телеарна антисемитизмге және Израильдi заңсыз мемлекет ретiнде танытқысы келетiндерге қарсы саясат жүргiзбек”,– деп мәлiмдедi А.Машкевич. Қазақтың байлығы мен дәулетiн еркiн иемденген еврей миллиардерi телеарнаның таныстырылымын 3-4 айдан соң өткiзбек.
ҚАРЖЫ ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТIГIНIҢ ҚЫЗМЕТI ҰЛТТЫҚ БАНККЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Кеше президент жарлығымен Алматы қаласындағы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi таратылды. Олардың өкiлеттiктерi мен функциялары Ұлттық банкке берiлдi. Қаржы қадағалау агенттiгi мен Ұлттық банктiң басын бiрiктiру туралы әңгiмелер 2009 жылдан берi айтылып келедi. Сол тұстағы “Самұрық-Қазына” әл-ауқат қорының төрағасы Қайрат Келiмбетов Қазақстан қаржы жүйесiн реформалау тұжырымдамасының аясында Ұлттық банк пен Қаржы қадағалау агенттiгiн қосу идеясын көтерген-дi. Қ.Келiм­бетов мұны “Қаржы қадағалау агенттiгi қызметкерлерiнiң қаржы нарығына дұрыс бақылау жүргiзуге кәсiби деңгейi жетпейдi” деп түсiндiрген болатын.
НАЗАРБАЕВ ПЕН МӘСIМОВ ОЛАРДАН НЕГЕ ҮЛГI АЛМАЙДЫ?
Жақында шетелдiк БАҚ-тарда Ресей билiк өкiлдерiнiң табысы туралы ақпараттар жарық көрдi. Өткен жылдық кiрiстерiн халыққа ашық жариялаған ресейлiк шенеунiктердiң бұл iсi құптарлық-ақ. Мәселен, Кремльдегi басшылардың әйелдерi отбасында көбiрек табыс табатыны жайында тарқатып жазған “Рейтер” басылымы елдегi лауазымды қызметкерлер­дiң тиын-тебенiне дейiн есептеп, оның қайдан келiп жатқанына да үлкен мән берiптi. РФ төтенше жағдайлар жөнiндегi министрiнiң әйелi мен президенттiң баспасөз хатшысының келiншегi бұл тiзiмнiң басында тұр.
“ТЕҢIЗШЕВРОЙЛ” КОМПАНИЯСЫ МЕРДIГЕРI ЖҮРГIЗУШIСIНIҢ ӨЛIМIНЕ КIМ ЖАУАП БЕРЕДI?
Атырау облысындағы Теңiз кенiшiн игерiп жатқан “Теңiзшевройл” кәсiп­ор­нының мердiгерi “ESS Support Services” компаниясы жүргiзушiсiнiң өз-өзiне қол жұмсап, көз жұмғанына бiр жарым айдан астам уақыт өттi. Балаларының қызығын тамашалап, қарттықтың дә­мiн татуға бет бұрған атпал азаматтың өмiрден күдер үзуiне не себеп бол­ды? Кiм кiнәлi? Кез келген қайғылы оқиғаның соңына ала қылаң беретiн бұл сауалдарға қара жамылған отбасы мен оның әрiптестерiнiң жауабы дайын. Ал әзiрге заң орын­дары шешiм айтуға асығар емес.

Салақ келiннiң тiрлiгiндей күйге түскен қазақ көшiнiң бүгiнгi жайы көңiл көншiтпейдi. Дүниежүзiне тарыдай шашылған қазақты тарихи Отанына қайтаруға билiк әу баста құлшына кiрiссе де, соңғы жылдары қажетсiз заттай ысырып қойды. Шетте жетiм баланың күйiн кешiп жүрген қара көздердi елге оралту, бұл үшiн мемлекеттiк тұрғыдан күш жұмсау таптырмас шара-тұғын. Әттеген-айы, басы тәп-тәуiр басталған қазақ көшiнiң соңы сиырқұйымшақтанып кеттi. Әсiресе, бүгiнде Қытайдағы қазақтардың маңдайынан соры арылмай тұрған жайы бар.

Соңғы күндерi Зейне ауыр ойлардан бiр арылмай қойды. Кiмдi жақтайды, қайсысын ақтайды? Бiреуi шешесi, бiреуi әкесi... Ең жақын екi адамы бiр-бiрiне бiтiспес жау, дұшпан болып алды. Ђмiр бойы қосақталып, бiр ұл, екi қыз тәрбиелеп-өсiрген ерлi-зайыптылардың ендi қақ айырылып екi жаққа кетуден басқа амалдары қалмаған сияқты. Екеуi де соны бiле тұра тiлдесiп-түсiнiсуден гөрi айыздары қанғанша арбасып-алжасып жүргендерi мынау... Оларға не ақыл айтуға болады? Жас емес... Елудi еңсерiп, зейнетке шығатын шаққа да жетiп қалды. Әлде бұл қартаюдың басы ма? Яғни “синдром старения”, “кризис критического возраста”... Жо-жоқ, олай емес. Бұл – басқа трагедия...

“ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясының еншiлес ұйымы – “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндiру” акционерлiк қоғамы елiмiздiң батыс және оңтүстiк өңiрлерiнде мұнай мен газды барлап, өндiредi. Бүгiнде отандық iргелi кәсiпорын өзiнiң жемiстi жетiстiктерiмен, айшықты да ауқымды iстерiмен, таудай табыстарымен елiмiзде ғана емес, одан тыс аймақтарда да таныла бастады. Биылғы жылды тың талпы­ныс­тармен бастаған мұнайшылар қауымы Қазақстаннан тыс аймақтарда да қанатын жайып, Солтүстiк теңiздегi White Bear блогын алып отыр. Мұндай сенiмге ие болудың өзi отандық кәсiпорынның беделiн танытқаны деп бағалаған жөн.
Әлемде 28 ғарыш айлағы (космодром) бар. Осылардың iшiнде ғарыш кемелерi, ғарыш кемелерi болғанда да, кәдiмгi адам мiнiп, адам арқылы басқарылатын ғарыш кемелерi үш-ақ жерден ұшады. Оның бiрi – Байқоңыр, екiншiсi – Флорида (АҚШ) штатындағы Канаверал түбегiне орналасқан әйгiлi космодром, үшiншiсi – Цзюцуань ғарыш айлағы (Қытай, Гансу өлкесi). Байқоңырдың қаншалықты маңызды, қаншалықты үлкен ғарыш айлағы екенiн осы деректен-ақ болжай берiңiз. Оның үстiне ғарышқа ең алғашқы ғарышкер де осы Байқоңырдан ұшты емес пе?! 1961 жылдың 12 сәуiрiнде. Қазiр Ресей Юрий Гагариннiң ғарышқа ұшуына 50 жыл толуын кеңiнен атап өтiп жатыр.
Әйелдер күресi елiмiзге 90-жылдардың соңына таман келдi. Содан берi өткен он шақты жылдың iшiнде елiмiздiң бойжеткендерi әлемдiк аренада бiраз табысқа қол жеткiзiп үлгердi. Кешегi өткен әлем бiрiншiлiгiн немесе олимпиада ойындарын алып қарасаңыз да қазақ елiнiң көк байрағы төмендеген емес. Бiз бүгiн оқырмандар назарына әйелдер күресiнен Қазақстанның тұңғыш чемпионы Жанна Қайкеновамен болған сұхбатты ұсынып отырмыз. Кезiнде Жанна Қайкенова өзiнiң құрбы әрiптесi Мәдина Құрманғалиева екеуi алғаш рет ұйымдастырылған ел бiрiншiлiгiнде оза шапты.
Халық бар жерде оның зиялысы да болады. Сол секiлдi, қазақтың да өз зиялысы бар. Бiрақ сол зиялы қауым өз мәртебесiне лайық па? Ашығын айту қажет, бүгiнде олардың бойынан жасықтық, көнгiштiк, жағымпаздық, ымырашылдық жиi байқалады. Дәл қазiр зиялылар билiк пен халықтың арасындағы қоғамдық дағдарысты реттеуде әлсiздiк танытуда.
Кезiнде Алаш зиялылары “бас кеспек болса да, тiл кеспек жоқ!” дедi. Ендеше, бүгiнгi зиялыларымыздың басым көпшiлiгi қара басының қамын ойлап, қоғамдағы кем-кетiктi көре тұра, үн қатпай жүр деп жұрттың жиi кiнәлауы­ның түпкi себебi неде?
“Құдiреттi тергеушiм, өтiрiк қоссам тас төбемнен ұрыңыз” деп басталатын 6 томдық “Қылмыс” романының аты да, авторы да бұл күнде күллi қазақ елiне таныс. Қайталанбас оқиғалар мен адам ғұмырын аяқасты еткен мың сан қиянат Қажекең қаламынан құтылмады. Жанкештi ғұмырында қайратын қайраған қайсар қаламгер бодандық бұғауының ұлт мойнына түскен ауыр тауқыметiн түп-түгел көркем әдебиеттiң көрiгi еттi.  Көзiн көрген, үлгi тұтқан азамат ретiнде баспасөзде Қажекең туралы талай қалам сiлтедiк. Түрмеде, үй қамақта отырғанда “елге жетсем” деп еңiреген ерге кесiрi тимесiн деп абайлап сөйлейтiнбiз.

2010 жылы Жетiсу (Жоңғар) Алатау мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағы өз жұмысын бастады. Мiне, осы Жетiсу Алатауы мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағы туралы Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық университетiнiң профессоры Рысбай Сәтiм­бек: “Ерекше ескерте кететiн жағдай жаңадан ұйымдастырылған мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағы деген атау орысша баспа беттерiнде Жоңғар Алатауы мемлекеттiк табиғи саябағы деген атаумен берiлген. Мұның өзi ел тарихына және ұлттық тiлiмiзге деген сал­ғырт­тығымызды аңғартады. Шын мәнiнде, бұл мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтың атауы “Жетiсу Алатауы мемлекеттiк ұлттық сая­бағы” деп аталуы тиiс.

Қарағанды қаласына қоныс аударғаныма көп болған жоқ едi. Бiрде көшеде алпысты алқымдаған жеңгем кездесiп: “Қайным-ау, сәлем бердiк!” деп тiзесiн бүгiп, қолын қусырып сәлем салды. Әдеттегiше мен де “Әу, жеңеше, сәлемiңдi алдық...” дедiм. Былайғы жұрт жеңгемнiң сәлем салғанына таңғалып тұр екен. Әр жерден күңкiл сөз шықты:
– Баяғыда жеңгелерiмiз осылай сәлем салушы едi. Сол есiме түсiп толқып кеткенiм-ай...
– Е, бұлар қыстақтан келгендер болды. Бiзде сәлем салу үрдiсiнiң ұмытылғаны қашан-н...
– Иә, бұл сыйластықтың бiр түрi. Осы күннiң келiндерi сәлем салмайтын болды.
“Жас Алаш” газетiнде “Халықтың қалтасын қағудың тағы бiр тәсiлi” (№17-18, 4-наурыз, 2011 жыл) атты мақала жарияланды. Онда көтерiлген мәселе өте орынды. Жамбыл облысы, Аса ауданының орталығынан Ақтау қаласына екi бiрдей жиенiм жұмыс iздеп келдi. Ешкiмге құпия емес, онда жұмыссыз сандалып жүрген жастар жетерлiк. Не керек, жиендерiм он күн бұрын қаладағы темiр жол кассасынан билет алайын десе, кассир қыз: “Билеттi Алматыдан деп сатамыз. Жамбылдан Маңғыстау пойызына билет жоқ” деген соң екеуi сол жерден билет сатып алыпты. Олардың мiнген №15 вагонда Тараздан – Ақтауға дейiн бiрнеше орын бос болған.
...Бұл жолы да сайлауға екi жетi қалғанда шақыру келдi. Шақыртудың бiр жағында қазақша, екiншi жағында орысша жазылса да, тек қана орысшасын толтырып жiберiптi. Учаскелiк сайлау комиссиясы “Ресей президен­тiн сайлайды” деп ойлап қалған болуы керек. Ертесi күнi таңертең қоңырау шалып: “Бiз Ресейдiң емес, Қазақстанның президентiн сайлаймыз. Мен – Қазақстанның азаматымын. Ал Қазақстанда мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi. Сiздер маған шақыртуды орысша толтырып жiберiпсiздер. Қазақша шақырту келмесе сайлауға бармаймын”, – дедiм.
Варлен Исаев – тектiнiң тұяғы, асылдың сынығы. Ол есiмi күллi Алаш жұртына мәлiм Иса Тоқты­баев­тың ұлы. Ал Иса Тоқтыбаев – белгiлi ағартушы көрнектi қоғам қайраткерi. Елiмiздегi бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына айрықша үлес қосқан азамат. Педагогикалық институтқа басшылық еткен, “Ақ жол” және “Қазақ тiлi” газеттерiнiң тұңғыш редакторы бол­ған. “Шолпан”, “Сәуле” журналдарының, сатиралық “Шаншар” басылымының шығуына атсалысқан. Осындай әкенiң тәлiмiн көрген ұл жаман болмауға тиiс. Варлен Исаұлы Ленинградта оқыған. Әкесi ол кезде Ленинградта институт директоры екен.
Сейсенбi күнi Чем­пион­дар лигасының 1/4 финалындағы қарымта екi кездесу ойналды. Украинаның Донецк қаласында өткен “Шахтер” мен “Барселона” арасындағы ойын украиналық футболшылардың жеңiлiсiмен аяқ­талса, ағылшынның қос мықтысы “Манчестер Юнайтед” пен “Челси” арасындағы кездесуде “манчестерлiк” футболшылардың бағы жанды. Өткен аптада бұл командалар алғашқы ойындарын өткiзген. Испанияның “Камп Ноу” стадионында Донецкiнiң “Шах­терiн” 5:1 есебiмен шашып тастаған каталониялықтардың жартылай финалға шығатыны сол кезден-ақ белгiлi болған едi. Айтқандай-ақ, “Барселона” қа­рым­та кездесуiн сәттi өткiзiп, жартылай финалға қадам басты.