1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №30 (15592) 19 сәуір, сейсенбі 2011

Апат айтып келмейдi. Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң шарасыздығы, дайындықсыздығы айқындалып, сыры тағы ашылды. Тасқын суды бөгеуге мұршасы жетпей тұр. Батыс Қазақстан облысындағы бiрнеше елдiмекендер мен қыстақтарды су шайып кеттi. Қардың күрт еруiнен жұрт әбiгерге түстi. Мыңнан аса тұрғын қауiпсiз жерге көшiрiлдi, жүздеген құтқарушылар қолдан келгенiн жасауда. Өкiнiштiсi, мыңдаған тұрғын апатпен алысып, арпалысып жатқанда президент Н.Назарбаев та, елдiң бас уәзiрi К.Мәсiмов те дәл қазiр судың астында қалған Батыс Қазақстан облысына ат басын бұрмады. Қиын сәтте тұрғындардың жанынан табылмады. 

ДҮНИЕЖҮЗI ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАЛҚА ТӨРАҒАСЫ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ НАЗАРЫНА!
Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Үрiмжi қаласында шу шықты. Көршi елдегi қаны бiр қазақ аға­йындардың елiмiзге келiп, кетуiне Қазақстанның Бейжiңдегi елшiлiгi, әсiресе, Үрiмжiдегi төлқұжат-визалық қызметi кесе-көлденең шектеу қоюда. Бүгiнде Қазақстанға жол жүру үшiн виза бермек былай тұрсын, тiзiмге алу тоқтатылған. “Тарихи Отанға оралу, ондағы тума-туыс бауырлармен жүздесу, тiптi Қазақстанға оқуға баруға мүмкiндiк жоқ. Көмек қолын созып, тиiстi мекемелердi құлақтандырсаңыздар”, – дейдi Үрiмжi және Бейжiң қаласынан редакцияға қоңырау шалып, хат жолдағандар. 

Президент Н.Назарбаев жасы ұлғайған сайын бұрынғы сұңғылалығынан айырылып, жүрiсiнен жаңыла бастағандай. Президенттiкке қайта сайлана салып, айналасын от тигендей еттi. Iскерлiгiнен “ләппайшылдығы” басым Кәрiм Мәсiмовтi қайтадан үкiмет басына әкелдi. Мәсiмовтiң өзгелерден артықшылығы — Назарбаевқа қалай ұнау керек екенiн бiледi. “Өмiрбақи көмекшiңiз болып өтемiн” деген сөзi президенттi елжiретiп жiбердi ме, әйтеуiр оны тағы да үкiмет басшысының креслосына қонжита салды. “Ұлт көшбасшысының” көңiлшектiгi ғой, әйтпесе “Мәсiмов атқарды” деген iс еске түспей тұр.

ЕГЕР ПРЕЗИДЕНТТIҢ БАСЫНА КҮН ТУА ҚАЛСА, ЕЛ ТIЗГIНI УАҚЫТША Қ.МӘМИГЕ ТИЕДI...
Кезектен тыс президенттiк сайлаудан соң болған саяси iс-шараға жоғары жақтағы ауыс-түйiстi жатқызуға болады. Орынбасарларын басшылыққа сырғытумен шектелген бұл өзгерiстiң нәтижесi алдағы уақыттың еншiсiнде. Ал елдi елең еткiзерлiк оқиға деп президенттiң ұсынуымен тағайындалған сенат-спикерi туралы сөз бөлек. Сарапшылар мен сәуегей­лердiң болжамдары мүлт кетiп, Бас прокурор Қайрат Мәми сенат спикерi болып жайғасты. Саяси сахнаның сыртынан шыға бер­мейтiн оның саясат­керлiк қабiлет-қарымтасы да ауыз толтырып айтарлықтай емес. Бiрақ бұл пiкiрлер Н.Назарбаевтың қалауына тосқауыл бола ма? Сонымен, елдiң екiншi адамы болып Қ.Мәми сайланды.
ҰЛТТЫҚ БАНК ҚОС ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТIГIНIҢ ҚЫЗМЕТIН ҚАЛАЙ АТҚАРАТЫНЫ ӘЗIРГЕ ТҮСIНIКСIЗ
Көпшiлiк күткендей-ақ өткен жұмада таратылған қадағалау агенттiктерiнiң төрағалары қыз­метiнен босады. Мемлекет басшысының жарлығымен Қаржы қадағалау агенттiгiнiң төрайымы Елена Бахмутова мен Алматы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң төрағасы Аркен Арыстанов қызметiмен қош айтысты. Ал кеше Бахмутованың орынбасарлары – Алина Алдамберген, Мұрат Байсынов пен Қуат Қожахметов және Алматы өңiрлiк қаржы орталығының қыз­ме­тiн реттеу агенттiгi төрағасының орынбасарлары – Шыңғыс Қанапиянов пен Дархан Нұрпейi­сов президент өкiмiмен қызметiнен босады.
Қасым Аманжолов – 100
Мықты ақынға алдымен сөз ередi. Ол сөз көбiне-көп жусаң кетпейтiн, жайсаң кеппейтiн майлы күйедей қап-қара жалалы, бәлелi боп келедi. Жоқ нәрсенi бар етiп бадырайтып қояды. Сыпсыңдап адымын аштырмайды. Тiмiскi­леп артынан қалмайды. Ол сөздер тек күйе боп жабысып қана қоймайды, бiрде басын жарып, көзiн шығаратындай сойыл мен шоқпарға, ендi бiрде шынжырын үзiп кетердей абалап ұмтыл­ған қызғаныштың құтырған қызыл итiне айналады. Ол сойыл мен шоқпар ала жүгiретiндердiң шаң-шұң айқайына айқай үстеп, бiр сiлтеуден қалмай бырт етiп сынып түсетiн кепкен шыбық сермейтiн­дер де,
ХАСАН ОРАЛТАЙДЫҢ ӨМIРДЕН ӨТКЕНIНЕ БIР ЖЫЛ БОЛДЫ
Сүйiспеншiлiк түрлi-түрлi болады десек, соның iшiнде ең қасиеттi де қымбатты сүйiспеншiлiк – ол ұлтын сүю деп бiлемiз. Өйткенi басқадай сүйiспен­шiлiктер барлық жануарларда да бола бередi емес пе. Ұлтын сүю бар да, сол сүйiспеншiлiкпен ұлты үшiн қызмет етiп, елiн сүйiндiру тағы бар. Мұның алдыңғысы әрбiр адамда бар десек, соңғысы екiнiң бiрiнiң қолынан келе бермейдi. Бiрақ Хасан Қалибекұлы Оралтай екiнiң бiрi емес. Ол өзiнiң жаратылысы бөлек, сезiмi терең, тал­ғамы жоғары, ұстанымы мықты, мақсаты айқын азамат екенiн өмiр тәжiрибесi ар­қылы дәлелдеп кеттi. Оның бүкiл ғұмыры шынымен де “Елiм-айлап өткен өмiр” болды деуге тұрады.
“Баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла” деген тәрбие қағидасын ата-бабаларымыз өмiр заңына айналдырған. Бүгiнгi бүлдiршiн – ертеңгi ел үмiтiн ар­қалаған азамат. Баланың ел сүйiнетiн немесе күйiнетiн адам болып қалыптасуына отбасындағы тәрбиенiң тигiзетiн ықпалы орасан зор. Ал бүгiнгi бала тәрбиесiнiң бiр бөлiгi оның “жансыз” достары – ойыншықтар әлемiне тиесiлi. Бес жасар iнiмнiң ойыншықтарынан арнайы көрме ұйымдастыруға болады. “Спандч Боб”, “Шрек” деп басталып, ары қарай жалғаса бередi.
1. Ағашта әркез ...... болады.
а) жапырақ ә) бүршiк б) тамыр
2. Әйел .... күйеуiнен биiк болады.
а) әрқашан ә) кейде б) жалпы
3. Түскi ас .... болмайды.
 а) үстелсiз ә) ыдыссыз б) тамақсыз
4. Демалысқа қарама-қарсы сөз ...
а) шаршау ә) серуендеу б) еңбек
ҚАТЕРЛI ДЕРТТI ДЕ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗБЕН ЖАСАЙДЫ ЕКЕНБIЗ
Калифорния Университетiнiң ғалымдары жүргiзген зерттеулерге қарағанда, адам қанының құрамында кездесетiн рак жасушаларының қозып, көбеюiне аз ғана жарақат себепшi болады екен. Тәжiрибе барысы көрсеткендей, денеге жарақат түскен жерде қатерлi дертке бас­тайтын жасушалар жиналып, нәтижесiнде iсiк пайда болады. Ғалымдардың пiкiрiнше, қимылсыз тұрған жасушалардың алапат қозғалысқа түсуiне де осы дененiң тiлiн­ген тұсы себепшi екен. Денеге тиген қатты соққының салдарынан көгерiп, қанталайтыны бар. Мiне, осылардың со­ңы да рак жасушасының көбеюiне апарып соғатын көрi­недi.

Шәмшi Қалдаяқов әнiн, Ж.Нәжiмединов сөзiн жазған бүгiнгi әнұранымыз “Менiң Қазақстанымның” мәтiнiн өзгертiп, толықтырулар енгiзген “ақын елбасы” ендi қазақтың бiр мақалын да түзетiп тастапты. “Елу жылда ел жаңа, қырық жылда – қазан” дейдi қазақ. Бiрақ елбасы бұл мақалға түзету енгiздi. Қазақстан елу жылда емес, бас-аяғы 10-15 жылда ел болды. Мақалға түзету енгiзiлдi. Мұны қазiр ел айтып жүр” дедi өткен аптада сенатор Әдiл Ахметов. Бұл кiсi қазақ тiлiн атүстi бiлетiн шендiлердiң қатарынан емес. Өзi тiл маманы. Еңбектерiн алыс-жақын мойындаған бiлдей ғалым. Яғни, жоғарыдағысы саналы түрде айтқан сөзi. Ендi сенаторға одан әрi құлақ түрсек, “Алтау ала болса, ауыздағы кетедi, төртеу түгел болса, төбедегi келедi.

Бүгiн – қазақ боксының бәйтерегi, Алаштың алып тұлғалы боксшысы Әбдiсалан Нұрмахановтың туған күнi. Қазақ боксында өзiндiк қолтаңбасы бар бiртуар ағамыз бүгiнде көзi тiрi болса 75 жасқа толар едi. Амал не, сұм ажал Әбекеңдей алыбымызды арамыздан ерте әкеттi...  Әбдiсалан Нұрмаханов алпыс алты жылдық ғұмырында тек бокс саласында ғана емес, ғылым саласында да көп еңбек ат­қарды. Кеңес одағы кезiнде Қазақстанның он дүркiн чемпионы атанған боксшы ҚСРО бiрiншiлiгiнiң 2 мәрте күмiс жүлдегерi атанды. Азия-Африка елдерi арасындағы ГАНЕФО ойындарының жеңiмпазы. Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы.

Елiмiздiң “Астана арландары” кәсiпқой бокс клубы кеше таңертең АҚШ-тың “Los Angeles Matadors”” клубымен жартылай финалдағы қарымта жекпе-жегiн өткiзiп, 3:2 есебiмен жеңiске жеттi. Бұл дегенiмiз “Астана арландары” бүкiләлемдiк бокс сериясының финалында өнер көрсе­тедi деген сөз. Финалдық са­йыста отандастарымыз Францияның “Paris United” клубымен бақ сынасады. Француздар жексенбi күнi Әзiрбай­жанның “Baku Fires” клубымен өткiзген қарымта жекпе-жекте 5:0 есебiмен жеңiске жеттi.