1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №31 (15593) 21 сәуір, бейсенбі 2011
Ұлтсыздандыру әрi жеке басқа табыну саясатын жүргiзу үшiн құрылғандай көрiнетiн Қазақстан халқы Ассамблеясының әр сессиясында президент Назарбаев елдi дүрлiктiретiндей бiр мәлiмдеме жасап қояды.  2009 жылы “Қазақстандық ұлт” идеясына негiзделген “Ел бiрлiгi” доктринасын ұсынып, елдi “бiрiктiрудiң” орнына қоғамда үлкен дүрбелең туғызса, 2010 жылы саяси “қуыршақтары” арқылы бiр адамның елдi 2020 жыл­ға дейiн басқару мәселесiн көтертiп, тағы да шу шығартты.
Сондай “сенсацияның” бiрiн биыл да күттiк. Бәлкiм, “Қазақстанды 2030 жылға дейiн басқарыңыз!” деп ұсыныс айтқан Роман Ким (кәрiс диаспорасының Ассамблеядағы өкiлi) президенттiң “тапсырмасы” бойынша
Бiр мәселе жөнiнде ғылыммен айналысқан адам соны мықтап зерттеп алмайынша, ешуақытта пiкiр айтпайды. Бұған оны ғылым үйретедi. Мен де төмендегi пiкiрдi Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық “Қылмыс” романын оқып шығып айтып отырмын. Қажығұмар Шабданұлы ҚР Мемлекеттiк сыйлығынан шеттетiлгеннен кейiн “Жас Алаш” газетi бас болып, қазақ зия­лыларынан жасақталған арнайы алқа құрып, осы алқаның шешiмiмен “Ұлттық рух” деген халықтық сыйлық тағайындады және бұл сыйлықтың №1-iншiсi Қажығұмар Шабдан­ұлының 6 томдық “Қылмыс” романына берiлдi. “Ұлттық рух” сыйлығы (1 миллион 472 мың 500 теңге) Қ.Шабданұлының Алматыда тұратын кенже қызы

Осыдан екi-үш жыл бұрын Маңғыстауда АЭС салынады деген мүдделi адамдардың бастамасы жергiлiктi халықтың наразы қарсылығына байланысты бiраз уақыт басылғандай болған. Бiрақ жақында елiмiзге Ресейден келген үкiмет адамдары мен “РосАтомПром”-ның өкiлдерi бiздiң елдiң үкiметiмен келiсiмшарт жасасып, бұрын еш жерде қолданылмаған сынақ үшiн салынатын ВБЭР-300 ядролық қондырғысын тұрғызуға ниеттi екендiктерiн ашық аңғартты. Келiсiм бойынша АЭС салу жұмыстары 2015 жылға қарай басталмақ. Бiрақ оның жобасы және оған бөлiнетiн қаржы республикалық бюджетте қарастырылмаған. Соған қарамастан Ресей жағы АЭС-тi Маңғыстауда тұрғызуға өз ұмтылыстарын ашық аңғартып отыр.

Қазақстан билiгi аса көрнектi ұлт қайраткерi Смағұл Сәдуақасовтың, аштықтан қырылған миллиондардың аруағын қорлады.
Билiкке кiндiктерi байлаулы басылымдар “Әлемнiң аузын аштырып, тамсандырып, таңдандырған Қазақстанға теңдесетiн жер шарында бiрде-бiр мемлекет жоқ” дегендей мақтауларын таңнан кешке дейiн суша сапыруда. Көпшiлiк бұған күле қарайды. Бекершiлiк. Бiлместiктен сөйтедi. Әйтпесе, жоғарыда айтылған мадақтың шын мәнiнде жаны бар. Мысал керек пе? Мiнеки, қазақ “өлi риза болмай, тiрi байымайды” дейдi. Басқа жұрттарда да осындай ой-таным бар шығар. Бiрақ олар дәл бүгiнгi қазақ секiлдi анығын айтқанда, қазақ билiгi секiлдi аруақтарын қорлай алмайды.
Қаржы қадағалау агенттiгi мен Алматы өңiрлiк қаржы орталығын реттеу жөнiндегi агенттiктiң мiндетiн жүктеп алған Ұлттық банк жұмыс бағытын айқындай бастады. Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың айтуына қарағанда, ендi бас банкте таратылған агенттiктердiң мiндетiн атқаратын қос комитет құрылмақ. Бiрақ бас банкир бұл комитеттердi әлi заңды тұлға ретiнде тiркеу керектiгiн нақтылады. Ал таратыл­ған қос агенттiкте жою комиссиялары өз жұмысына кiрiсiп кетiптi. Елдегi саусақпен санарлық ақпарат агенттiктерiн жинап алып, брифинг өткiзген Ұлттық банк төрағасы өз қарамағына өткен қос агенттiктiң басшылары жерде қалмай, бас­қа қызметке тұрғанын жеткiздi.

Бұл сайлау шын мәнiнде бүкiл Қазақстанды жар басына әкелiп тiреп қойды. Бүгiнгi билiк өз дегенiне жету үшiн арсыздықтың барлық амалдарын қолданды. Оған қыңқ ететiн не оппозиция, не халық жоқ. Бiздiң билiк ЕҚЫҰ сөзiн құлаққа iлуден кеткелi – 20 жыл. Бiрдi-екiлi наразы топтарды да көзге iлмейдi. Осыдан келiп елбасымен кездесуге құрметтеп шақырылған бiр облыстың ығай мен сығай ақсақалдарына, азаматтарына президент “мыңқылдамай, қыңқылдамай жұмыс iстеңдер”, десе, олар “ләппай тақсыр” деп бас иiп тұра бердi. Мұның бәрi – жазасыздықтың нәтижесi. Жүректi шексiз өктемдiк уы жайлағанын көрсетедi.

Бүгiнде құқық қорғау саласын iндетше жайлап алған парақорлық пен әдiлетсiздiк, көзжұмбайлық жайлы айтып, ешкiмдi таңдандыра алмайсыз. Тәуелсiз БАҚ беттерiнде екi күннiң бiрiнде осыған қатысты құлаш-құлаш мақалалар жария болып жатады. Бұған қазiр халықтың да бойы әбден үйренiп алған, бiр көз жүгiртiп, тастай салады. Жуықта Жоғарғы соттың алты бiрдей судьясының iстi болып, қызметi­нен қуылуы осы сөзiмiздiң айғағы сияқты. Төменде бiз әңгiме етпек­шi болып отырған жағдай да соның бiр мысалы. Осыдан аттай алты жыл бұрын болған бұл оқиға жайлы кезiнде бiрнеше тәуелсiз басылымдар халықты құлағдар етiп, Көкше өңiрiнде әжептәуiр қоғамдық толқыныс тудырған едi.

Жоғарғы соттың алты судьясы қызметтен шеттетiлгенiн бұрнағы күнi жазғанбыз. Ендi жемқорлыққа қатысы бар судьялардың алды тұтқындала бастады. Жоғарғы соттың бұрынғы судьялары Алмас Тәшенов пен Сайлаубек Жәкiшев қамауға алынды. Бұлар “сыбайлас жемқорлықпен айналысты” деген күдiкпен қамалған көрiнедi. Мұны дүйсенбi күнi құқық жөнiнде Астанада өткен халықаралық конференцияда бас прокурордың бiрiншi орынбасары Иоган Меркель журналистерге “аңдамай” айтып қалыпты. Қолда бар дерекке қарағанда, Жоғарғы соттың бұрынғы судьялары Мәрлен Қамназаров, Мәрзия Балтабай, Бақытжан Жақыпов және Мақсұт Әбiлқайыр үйқамақта отыр.

Қарапайым халық “сенген серкем сен болсаң, күйсегенiңе болайын” дегеннiң күйiн кешiп қалған сияқты
Иә, екiнiң бiрiне бұйыра бермейтiн ақын деген мәртебелi атақты әу баста жаратқан Алла сүйген пендесiнiң ғана пешенесiне жазса керек. “Жаратушы сүйген құлын көбiрек сынайды” деген бар. Демек, Төлеген ақын айтпақшы “сыздауық жараның аузында жүретiн” ақынды Алла сүйедi. Қай кезде де ақынға жүктелер мiндеттiң жүгi жеңiл болған емес. Қиын-қыстау заманда ел ақиқатты айтып, әдiлдiкке қол жеткiзу үшiн аузы дуалы ақсақалдар мен айтар сөзiн бұлғақтамай жеткiзе бiлетiн ақындарға арқа сүйегенi белгiлi. Ақынның ақындығы сол – ақиқатты айта бiлгендiгiнде. Шынайы ақынның қашанда шоқтығы биiк болатыны содан. Осынау өнер иелерiне елдiң құрметi әлi де ерекше. Әлi де деймiз-ау, қолында билiгi барлардың Қодар сияқты қодыраңдаған бiрен-сараны болмаса, былайғы басшылардың барлығы да “Құдайдың сүйген құлына” құрметпен қарайды. Тек, иә, тек бiрен-сараны болмаса...

Батыс Қазақстан облысы әкiмi баспасөз қызметiнiң хабарлауынша, аймақта бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарынан бүгiнде 1500-дей тұрғын үй, 7 200 саяжай, 21 мектеп, 10 балабақша, 8 денсаулық сақтау және 5 мәдениет үйi, сондай-ақ өндiрiс орындары зардап шектi. 6 131 тұрғын қауiпсiз жерге көшiрiлiп, 1028 адам эвакуациялық орталықтарға орналастырылды. Су тасқыны бiрнеше бөгеттердi, республикалық және жергiлiктi деңгейдегi жолдарды бұзып, телефон және электр желiлерi мен стансаларын iстен шығарды. Мыңдаған адам мүлкiнен, мал-құсынан айырылды. Шығын мөлшерiн анықтау жөнiндегi арнайы үкiметтiк комиссия жұмыс iстеуде. 

“МҰНДАЙ АДАМНЫҢ ОРНЫН ЕШКIМ ДЕ АУЫСТЫРА АЛМАЙДЫ”
Ресейдiң “Литературная газетасына” осындай атпен бiр топ жазушының көңiл айтуы шықты. Осыдан бiраз күн бұрын Ресей Мемлекеттiк думасының депутаты Виктор Илюхин қайтыс болған-ды. Бiр топ жазушы В.Илюхиндi жоқтап, оның ұлт алдындағы, мемлекет алдындағы өзiнiң азаматтық парызын жауапкершiлiкпен өтегенiн жазыпты. Бiр қарасаңыз, Виктор Илюхиннiң жазушыларға ешқандай қатысы жоқ. Виктор Илюхин – әскери адам. Ендеше, бiр топ орыс жазушыларының В.Илю­хиндi жоқтауының сыры неде сонда? Сөйтсек, В.Илюхин мем­ле­кеттiк думада талай рет: “Бiз өз жазушыларымыздың қадiрiне жете алмай отырмыз.
ИМАНЫҢДЫ ҮЙIР...
Иманыңды үйiр, халқым,
Ел-жұртың босқын болмасын.
Иманыңды үйiр, халқым,
Табан астында тасқын болмасын.
Иманыңды үйiр, халқым,
Бишiкештер байып алып,
Тайып тұратын –
Қашқын болмасын!

Нұра ауданы Жараспай ауылында 1996 жылдан берi ауызсу мәселесi оң шешiмiн таппай-ақ қойды. Бұл жөнi­нде 2006 жылы “Тiкелей желi” арқылы президентке де сұрақ қойған едiк. Бұл сұраққа Қарағанды облыстық Ауыл шаруашылығы депар­таментiнiң директоры Т.Даутов: “... Осы мәселе 2001 жылдан берi аудан әкiмiнiң жеке бақылауына алынған. Осы елдi­мекеннiң инфрақұрылымын қайта құру және дамыту үшiн Ислам Банкiнiң қаражаты тартылды. Қа­зiргi уақытта ҚР Бюджеттiк Ко­дексiне сәйкес 2007 жылға су құбырларын тартуды қаржыландыру үшiн жобалық-сметалық құжаттар және техникалық-экономикалық негiз дайындалуда”, – деп жауап бердi.

Алла алдындағы парызды хиджаб киiп тұмшаланбай-ақ өтеуге болады. Егер күнәң болса, сыртқы келбеттi тұмшалаумен Жаратқанның алдында судан ақ, сүттен таза көрiну мүмкiн емес. Бар тазалық – жүректе, арда. Естуiмше, Қазақстандағы қыз-келiншектердiң бiразы хиджаб киедi екен. Сол қыз-келiншектер қазақтың тарихын оқып, әже-апаларымыздың кезiнде қандай киiм кигенiн бiле ме? Қазақ қазақ болғалы хиджаб кидi ме? Әжелерiмiз киген кең етектi әдемi қазақы көйлек, кимешек пен сәукеле сияқты киiм-кешектi бүгiнгi заман­ға сай етiп неге сақтап қалмасқа? Өзгеге елiктеп, хиджаб киюдiң қанша қажетi бар?

Адамның өмiрi есiмi қойылған сәттен басталады. Дана халқымыз ежелден балаға ат қоюға үлкен мән берiп, әр ата-ана шыр етiп жарық дүние есiгiн ашқан перзентiне есiм беруге бейжай қарамаған. Балаға есiм беруде ата-әжелерiмiз ырым мен салт-дәстүрге ерекше көңiл бөлген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): “Қиямет күнi өз аттарыңыз және әкелерiңiздiң аттарымен шақырыласыздар. Сондықтан балаларыңызға жақсы ат қойыңыздар”, – деген. Яғни ата-ананың перзентi алдындағы ең алғашқы борышы — баласына жақсы ат қою.

“Жолаушылар тасымалы” акционерлiк қоғамы “Жас Алаш” газетiнде жарыққа шыққан (№17-18. 4 наурыз, 2011 жыл) мақалаға байланысты мынаны хабарлайды. Акционерлiк қоғам тасымалдау үдерiсiн, жолаушыларға вокзалдар мен жолаушылар пойыздарының сервистiк қызметiн жетiлдiру мақсатында ауқымды шараларды атқаруда. Мәселен, вагондарға техникалық және жоспарлы жөндеу жұмыстары дер кезiнде орындалуда. Жолаушыларға тиiстi сервистiк қызмет көрсету мақсатында пойыз бригадаларындағы қызметкерлермен күн­делiктi этикалық нұсқамалық жиындар өткiзiледi.

“Жас Алаш” газетiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi санында “Ең болмаса, адам құрлы сөйлессе екен” деген мақала жарық көрiп, онда Тараз қаласындағы №2 интернат-үйiнiң қамқорлығындағы азамат А.Тоқтаназаровтың арызы айтылыпты. Мақалада мемлекет қамқорлығындағы азамат өткен жылдың маусым айынан сүйек туберкулезiне шалдықты деген. Бұл негiзсiз, себебi мемлекет қамқорлығындағы азамат А.Тоқтаназаров интернат-үйiне дейiн Талас ауданының Жданов ауылында тұрған кезде, бұл ауруға шалдыққан. Сол мезгiлде, ол өзiне қажеттi емiн уақытылы алып, толығымен жазылып шыққан.

Қазақстанның зiлтемiр шеберлерi Қытайда өткен Азия чемпионатынан оралды. Сарықұрлықтың ауыр атлеттерi бақ сынаған жарыста жерлестерiмiз 2 күмiс, 4 қола медальға ие болды. Алексей Ни баптайтын елi­мiздiң ауыр атлеттерi Азия чемпио­натына екiншi құраммен барған болатын. Владимир Седов пен Татьяна Хромова және Владимир Кузнецов сынды шеберлердi айтпағанда қытай жерiнде негiзiнен жас­тар өнер көрсеттi. 2009 жылғы әлем чемпионы, 94 келiдегi Владимир Седов (суретте) жұлқи көтеруде кiшi алтын медальға ие болғанымен, серпи көтеруде оң­түстiккореялық қарсыласынан қалып қойып, қоссайыс қорытындысы бойынша күмiс медальдi мiсе тұтты.
Қазақстан құрамасының был­ғары қолғап шеберлерi Арменияның Ереван қаласында өткен халықаралық турнирге қатысып қайтты. Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың өзi бас болып барған жарыста бiздiң боксшылар 4 алтын, 1 күмiс, 2 қола медальға ие болды. Турнирге әлемнiң он елiнiң боксшылары қатысты. 69 келi салмақта жұдырықтас­қан боксшылардың арасында жерлесiмiз Серiк Сәпиевтiң жұлдызы жанды. Әлемнiң екi дүркiн чемпионы армян жерiнде өткен жарыс­та өте жоғары деңгейде өнер көрсеттi. 81 келi салмақтағы бокс­шылардың iшiнен Асқар Абдул­лаев ерекше көзге түстi. Ол финалда грек елiнiң боксшысын 16:14 есебiмен жеңiп, турнирдiң жеңiм­пазы атанды.

Футболдан Қазақстан премьер-лигасына қатысып жатқан командалар өткен аптаның соңында 7-тур ойындарын өткiзсе, кеше кешкiсiн 8-тур ойындарын қорытындылады. Жетiншi турдың орталық кездесу­лерiнiң бiрiнен саналған “Ақтөбе” мен “Жетiсу” командалары арасындағы ойында жеңiмпаз анықталған жоқ. Бұл кездесу 1:1 есебiмен тең аяқталды. Биылғы премьер-лига ойын­дарын сәттi бастаған “жетiсу­лық­тар” алаң иелерiнiң қақпасына бiрiншi болып гол соқты. “Ақтөбе” футболшылары тек төрешi қосқан қосымша минутта ғана таразы басын теңестiрдi. Алаң иелерiнiң бiрiншi кезеңнiң соңында есеп ашатын мүмкiндiктерi болып едi, алайда команданың капитаны Самат Смақов он бiр метрлiк айып добын соға алмады.