1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №32 (15594) 26 сәуір, сейсенбі 2011
Кешегi аптада Н.Назарбаев Эстон елiне жұмыс сапармен барып қайтты. Осы сапарынан кейiн президент Украина астанасында Чернобль оқиғасының 25 жылдығына арналған “Ядролық энергияны қауiпсiз және инновациялық мақсатта пайдалану мәселелерi жөнiндегi” Киев саммитiне қатысты. Жиында Чернобыль апатын сөз еткен ол ядролық энергияны өндiрудегi қауiпсiздiк шараларына тоқталды. Алайда... президент өзi айтқан мәселеге өз сөзiмен қарсы шықты. Жапония АЭС-iндегi жойқын жарылыс пен семей­лiктердiң әлi күнге тар­тып келе жат­­қан азабын жан-жақты тү­сi­ндiре, талдай ке­ле: “МАГАТЭ аясында Қазақстан аз байытылған уранның халықаралық банкiн құру туралы бастаманы қолға алуға дайын. Мен Қазақстан аумағында банктi (ядролық қалдық сақтауды – М.Х.) орналастыруға әзiр екенiмiздi тағы да қуаттаймын. Бiз атом энергетикасының бүкiләлемдiк қоғамдастықта индустриялдық-инновациялық дамудың шектеулi бөлiгiне айналу мүмкiндiгiне сенемiз,– деуi қалай?

Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Үрiмжi қаласындағы төлқұжат-визалық қызметiндегi былық-шылықтың реттелетiн түрi жоқ. Редакцияға мән-жайдың анық-қанығын хабарлағандардың айтуынша, виза алу үшiн бiрнеше ай кезек күтетiн жұртта қалған қазақтар Қазақстандағы ақпарат құралдарына мұң-зарын жеткiзiп, президент, Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы төралқа төрағасы Н.Назарбаевтан көмек сұрағаны үшiн кеңшiлiк көрудiң есесiне, қысымға алынған көрiнедi. “Жас Алашқа” арызданған бiрнеше адамның визасын ашты. Мәселен, қайтыс болған анасына бiр уыс топырақ салу бұйырмай сандалып қалған Әбдiбақыт Әбдiманапұлы Алматыға жолға шықты.

Жақында “ҚазАгроӨнiм” акционерлiк қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Ахметжанова былай дедi: “1990-99 жылдардағы көрсеткiшке қарасақ, Қазақстанның ет экспорты 180 мың тоннаға дейiн жеттi. Мiне, бұл – шынайы экспорт, нақты көрсеткiш. Алайда соңғы жылдары бiз ет әлеуетiн мүлдем құлдыратып алдық. Мәселен, 2009 жылы ет экспорты бар-жоғы 300 тоннадан әрең асса, былтырғы 2010 жылы мүлдем болған жоқ. Сондықтан да бiз бүгiн ет әлеуетiн арттыруға қатысты шараны нөлден емес, құлдыраудан (минустан) бастағалы отырмыз. Алдағы уақытта осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек”.

АЛ ПРЕЗИДЕНТ, “НҰР ОТАН” ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Н.НАЗАРБАЕВ ОҒАН ҚҰЛЫҚТЫ ЕМЕС
Қазақ журналистерi клубының кезектi отырысына қонаққа келген саясаттанушы, “Нұр Отан” партиясының бас хатшысы Ерлан Қарин билiк дәлiздерiнде ұлттық идеологияға қатысты бiртұтас көзқарас жоқ әрi билiк бұл мәселенi үнемi екiншi орынға ысыратындықтан, ұлттық саясатта қарама-қайшылықтар көбейе бермек деп бiр-ақ кестi. Клуб модераторы Жанболат Мамайдың: “Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында президент бiр тiлдiң екiншi тiлге үстемдiгi, мемлекеттiк тiлдiң ешқандай артықшылығы болмайды деп мәлiмдедi. Ұлтжанды азамат ретiнде президенттiң осы сөзiне қатысты қандай ұстанымдасыз?” – деген сұрағына Е.Қарин былай деп жауап бердi:
Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!
Бiз, Жаңаөзен қаласы “Трубремцентр” ЖШС-на қарасты “Балқан” цехының жұмысшылары төмендегi мәселелерге орай Сiзге хат жолдауға мәжбүр болдық. Бұл цех 2002 жылы қазан айында СКҚ-ды (НКТ) жөндеу, диагностикалау және таңбалау базасы болып “Өзенмұнайгаз” ААҚ құрамында ашылды. 2006 жылы наурыз айында сатылып, “Казпетромаш” ЖШС-на қарайтын “PDV Group” ЖШС болып қайта құрылды. 2008 жылы ақпан айында “ТРЦ” АҚ-ның сол кездегi бастығы Е. Лұқпанов серiктестiктiң жұмысшыларын қысқартты. Жұмыссыз қалдық. 7 ай дегенде облыстық және қалалық әкiмге, “Қазмұнайгаз” БӨ АҚ басшыларының және “Казпетромаш” ЖШС басшысының араласуымен
ОЛ КIМДЕРГЕ, НЕ ҮШIН КЕРЕК БОЛДЫ ЕКЕН?
Жанболат Мамайдың қазақ қоғамын дүрлiктiрiп келе жатқанына үш-төрт жыл болды. Ол туралы қысқаша ақпарат келтiре кетейiк: “Жас Алаш” газетiнiң тiлшiсi, “Рух пен тiл” жастар клубының және “Қазақ журналистерi клубының” жетекшiсi, “Азат” ЖСДП төралқа мүшесi. Елдегi бiрқатар саясаткерлер Мамайды “болашағы зор жас саясаткерге” балайды. Мойындау керек, ешкiм де мәңгi емес, кәрiлер күндердiң күнiнде жастарға орындарын босатуға мәжбүр болады. Сондықтан да қоғамда белсендi жастардың бар екенi қуантады, әрине. Тек бiр ой бiзге маза бермейдi: Қазақ қоғамы мен жалпы Қазақстанға Ж.Мамай не бередi? Елдi гүлдендiре ме, әлде құлдырата ма? Мәселе осында
ДIНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚҰРАЛҒА АЙНАЛА БАСТАҒАНЫН КӨРСЕТКЕНДЕЙ
Өткен аптада “Хабар” телеарнасы елдi шалқасынан түсiрдi. 20 сәуiр күнi кешкiлiк уақытта “Ақиқат” бағдарламасын көрген көрермен әңгiменiң дiни ағым – зiкiршiлер туралы екенiн бiрден түсiнген де болар. Дәл осы күнi Астанадағы “Аманат” клубында белгiлi дiнтанушы Жәлел Омар шатақ дiни ағымдар туралы келелi отырыс өткiзiп, журналистердiң түрлi сұрақтарына жауап бердi. Ал Алматы қаласының әкiмi А.Есiмов те елiмiзде еркiнсiп, секеңдеп кеткен секталарға тыйым керек дедi тура осы күнi. Әкiмнiң бiлек түрген себебi белгiлi дейiк, қаласында қару асынып, қан төгiп жүрген сектанттар жеткiлiктi болып шықты. “Аманат” клубының жетекшiсi Б.Уәли­дiң күн тәр­тiбiне дiн тақырыбын қоюы кездейсоқтық болар.
Қабдеш Жұмадiловтiң “Қылкөпiр” атты романы (2003 жыл) бар. Бұл романның басты кейiпкерi – Айжарық деген жазушы. Осы Айжарықтың өмiрлiк позициясы жөнiнде автор былай дейдi: “Айжарық үшiн бiр ғана таразы, бiр ғана өлшем бар. Ол – қазақ ұлтының мүддесi. Бұл жағынан Айжарықтың есебi өте қарапайым: қазаққа қызмет iстейтiн, қазаққа пайдалы нәрсенiң бәрi жақсы, оны қолдау керек. Ал қазаққа зиянды нәрсеге, мейлi, ол кiмнiң iсi болса да, жол беруге болмайды!”
Ендi Айжарықтың “өте қарапайым есебiне” дендеңкiреп үңiлiп көрелiкшi. Шын мәнiнде, бұл – қарапайым ғана есеп емес, ұлы есеп. Ұлы мiндет. Ұлы парыз. Қазақ зиялысы үшiн бұдан өткен ұлы парыздың болмағы да екiталай.
 (ұзақ эсседен үзiндi)
Халық жазушысы Қабдеш Жұмадiлов 75 жаста
Жазмыштан ба, әлде дәм-тұзымыз тарта ма, Қабдеш екеумiздiң тағдырымыз жиi-жиi түйiсiп тұрды. Сондықтан жұрт бiлетiн жайларға соқпай, жазушының жiгiт шағындағы бейнесi мен бейнетiн еске түсiргенiм жөн шығар. Санап отырсам, екеумiз осыдан тұп-тура 52 жыл бұрын Үрiмжiден шығатын “Шың-Жаң” газетiнiң бас редакторы Бұлантай Досжаниннiң кабинетiнде тоқайласыппыз. Өзiнiң ғұмырнамасында жазылғанындай ҚазМУ-дiң филология факультетiнен екi курс бiтiрген Қабдештiң оқуын жалғастыруға рұқсат етiлмей, мұнда әдеби қызметкер болып орналас­қан бетi.

Жапондықтар шеккен қасiрет бүкiл әлемдi дүр сiлкiндiрдi. Зiлзала салдарынан “Фукусима” атом электр стансасында болған апаттан соң әлем елдерi ядролық техно­логия­лар қаншалықты қажет деген мәселеге бас қатыра бастады. Жапондықтар тәрiздi алдыңғы технологиясы бар елдiң өзi апаттың алдында дәрменсiз болса, басқаларға не жорық? Германияның қоғамдық қозғалыстары атом электр стансаларына қарсы бас көтерiп жатыр. Ал Ресей премьер-министрi Владимир Путин сейсмикалық қауiптi аймақтарда атом электр стансалары мүлде салынбауы тиiс деп мәлiмдедi. Алайда Қазақстанның АЭС салудан бас тартатын түрi жоқ. Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi радиофобияға берiлмей, ресейлiктермен бiрiгiп қауiпсiз АЭС салатынын шегеледi.

Әр пенденiң қиын сәтте қол ұшын созып демеу беретiн, тiптi өмiрiн құтқарып қалатын перiштесi болады. Менi де сондай да бiр тылсым күш ажал аузынан аман алып қалды. Ол кезде он жасар бала болатынмын. Әкем екеумiз жолға шықтық. Әкем қызметте болғандықтан, жеке жүргiзушiсi бар. Қаладан шығып, тасжолға жеткен соң жүргiзушi жылдамдыққа басты. Тасжолмен зулап, жүйткiп келемiз. Алдымыздағы мәшинелердi басып оздық. Қорыққаннан жүрегiм аузыма тығылды. Әкеме қарасам, бейқам. Тап бiр осындай жылдамдыққа үйренген адам тәрiздi ештеңе болмағандай отыр.

Жер жаннаты – Жетiсу өңiрi батырлар мен ақындар елi ғана емес, бақсылар мен емшiлердiң, сал-серiлердiң де мекенi болған. Ал ендi Темiрбек кiм? Халық: “Қарасуды терiс ағызатын, жын-перiлермен шайқасқа түсетiн, сүф деген демi тегiн кетпейтiн, кез келген сырқатты құлантаза жазатын емшi, көрiпкел әулие болған”, – деседi. Темiрбек жайлы ел аузындағы мына бiр қызық жайларға сенер-сенбесiмдi бiлмей жүргенiмде, жасы 90-ға келiп қалған, арғы-бергi әңгiмелердi көп бiлетiн шежiре қарт­тар Кемалбек пен Тұрғанбай ақсақалдардың Темiрбек жайлы әңгiмелерiн естiп қайран қалдым. Бұл кiсiлер – Темiрбектiң қасиет­терiн өз көзiмен көргендер.

АДАМЗАТ МАРСҚА 2035 ЖЫЛЫ ҰШАДЫ
Марсқа ұшу туралы әңгiмелер бұрыннан қозғалып жүр. Алайда ғалымдар жақын он жылдықта бұл ғаламшарға ұшу мүмкiн емес дейдi. Роскосмостың басшысы Анатолий Перминов та жақында осы тұжырымды растады. Оның айтуын­ша, адамзат Марсқа ұшуы үшiн кемiнде 25 жыл қажет. Сөйтiп, Марсқа 2035 жылы ғана жетуiмiз мүмкiн. “Қазiргi кезде қолда бар кеме және двигательдермен ұшу миға қонымсыз. Мұндай техникамен Марсқа бiр жарым жыл бойы ұшу керек. Қызыл ғаламшарға жету үшiн ядролық двигателi бар су жаңа кеме қажет”, – дейдi ол. Осы кеменi жасап шығара алсақ, адамзат Марсқа бiр айдың iшiнде ұшып жете алатын көрiнедi. 
Елiмiздiң аяқдопшылары ел бiрiншiлiгiнiң 8-тур ойындарын өткiздi. Нәтижелерi төменде­гiдей:
8-тур
“Локомотив” (Астана) – “Қайсар” (Қызылорда) – 5:1 (Жұмасқалиев, 25, 90+3-минуттарда, Богавац, 63-минутта, Қонысбаев, 78-минутта, Шахметов, 90-минутта – Ибраев, 66-минутта);
“Тараз” (Тараз) – “Вос­ток” (Өскемен) – 3:1 (Исламхан, 26-минутта, Иованович, 29-минутта, Степанович, 88-минутта, пенальтиден – Лунин, 42-минутта);
“Ордабасы” (Шымкент) – “Қайрат” (Алматы) – 2:0 (Касьянов, 22-минутта, Тәжiмбетов, 85-минутта);
Өткен аптада футболдан Қазақстан кубогының 1/4 финалына шыққан командалар анықталды. Кубок жолында тер төгiп жатқан командалар ендi мамыр айының 11-i күнi ширек финалдық ойындарын өткiзедi. Жартылай финалға берiлетiн жолдаманың иесi бiр ойында белгiлi болады.
Қазақстан кубогы
1/8 финал. 
“Тобыл” – “Атырау” – 3:2;
“Тараз” – “Ақжайық” – 4:1;