1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (15595) 28 сәуір, бейсенбі 2011
Борат ойлап тапқан “қазақтың” бар екенiне әлем жұрты тағы сенiп қалатын болды-ау...
Ғарыш айлағын кез келген жерге сала бермейдi. Бiрiншiден, бұған қыруар қаржы керек. Екiншiден, ғарыш айлағын салу үшiн жердiң кiндiгiн дәл табу қажет. Кеңес өкiметi кезiнде қыруар қаржы жұмсалып, жердiң кiндiгiне — Байқоңырға ғарыш айлағын салған. Байқоңыр қазақтың ғана емес, барша адамзаттың игiлiгiне айналды. “Адамға табын, жер ендi” дегендей, кейде “адамзат ғарышты Байқоңыр арқылы бағындырды” деп күпiрлiк жасаймыз. Әсiлi, “адамзат ғарышты зерттеуге алғаш рет Байқоңырда мүмкiндiк алды” деген дұрыс шығар. Ғарышпен салыстырғанда адамзат деген не, тәйiрi?.. Осы ғарышты зерттеуге мүмкiн­дiк берген Байқоңырдан — жердiң кiндiгi­нен айырылып қалатын түрiмiз бар. Ашығын айтқанда, жердiң кiндiгiн сатып жiбермекшiмiз. Бiзде өзi сатылмаған не қалды дегенде, ең алдымен осы Байқоңыр еске түсетiн. Ғарыш саласын өз бетiнше зерттеп жүрген бiр ғалымның:

Соңғы уақытта Қазақстанның әр аймағында наразылық шарасын ұйымдастырған әлеуметтiк топтардың қатары көбейдi. Әсiресе, екi қолға бiр күрек таба алмай дағдарған азаматтар, айлығы шайлығына жетпей, алақан жайғандар, еңбекақысын ала алмай қорлық көрген қарапайым жұмысшылар, баспанасыз сорлағандар, зейнеткерлер, студенттер, тiптi, шендi шекпендiлердiң өз қызметiне немқұрайды қарағанын алға тартып, ауызсу, қатқыл жол салу сынды әлеуметтiк маңызы бар нысандардың жоқтығына немесе оның iрiп-шiрiгенiне күйiнiп, жолға шыққан ауыл тұрғындарының да саны артты. Нелiктен Қазақстанда, әсiресе, әлеуметтiк мәселелер шиеленiсiп кеттi? Мұның салдары қандай болмақ? Бұған кiм, немесе кiмдер кiнәлi? Бүгiнгi ереуiл ертеңгi үлкен толқуларға себеп болмай ма?

ХРОМТАУДЫҢ КЕНШIЛЕРI НАРАЗЫЛЫҚ ШАРАСЫН БАСТАДЫ
10 күннен берi Хромтау ауданындағы Дөң кен байыту комбинатының кеншiлерi өз қарсылық акциясын өткiзiп, «Қазхром» трансұлттық корпорациясы басшылығы алдына еңбек заңының сақталуы мен еңбекақыларының өсiрiлуiн талап етiп жатыр. 25 сәуiрде Хромтау қаласының орталық алаңына 1000-нан астам кеншi жиналып, өз талаптарын орындамаса, қарсылық акциясын 1 мамыр күнi жалғастыратындықтарын мәлiмдедi. Мыңнан астам кеншiнiң ашу-ызасына тиiп, бiрден алаңға шығуға итермелеген мына жағдай: осы жылдың 11 наурызында «Экспресс-К» газетiне берген сұхбатында Олжас Сүлейменов Хромтауда болған сапарында бiр жұмысшы өзiнiң 700 мың теңге жалақы алатынын айтты  деген.

Биылғы көктемнiң оңайға соқпайтынын, су тасқыны болуы мүмкiн екенiн Батыс Қазақстан облысының басшылығы алдын ала бiлдi. Өйткенi трансшекаралық өзендер Жайық (Орал) пен Шаған және Деркүл, Үлкен Өзен, Шижа-1, Шижа-2 өзендерi әне-мiне ернеуiнен асардай болып, көлкiлдеп тұрған-ды. Өзендердiң ернеуiн бұза-жарып, лықсып кетуiне үш нәрсе себеп болыпты. Бiрiншiден, биыл қыста Деркүл мен Шаған өзендерiнiң өн бойына қар әдеттегiден көп түскен. Ресей Федерациясы аумағына да, Қазақстан жерiне де. Екiншiден, әлi тоңы жiбiмеген жер қыртысына екi күн бойы шелектеп жаңбыр жауған. Үшiншiден, күн күрт жылып кеткенiмен, тоңы жiбiмеген жерге ылғал сiңбей, есепсiз көп су өзенге құйылды. Мiне, осы үш себеп Шаған мен Деркүл өзендерiн ернеуiнен асырды.

Президенттiң екiншi қызының күйеуi Тимур Құлыбаев елдiң түгелге жуық экономикалық байлығын құрайтын мемлекеттiк негiзгi компаниялар тоғысқан “Самұрық‑Қазына” холдингiне басшы болуы кейбiр сарапшыларға “кәрi патшаның тұсында тәж киiп алған ханзаданы” елес­тетiп, Н.Назарбаев өзiнiң мұрагерiн саусақпен шұқып көрсетiп, анықтап бергендей әсер етiп отыр. Неге? Мұның бiрнеше себебi бар. “Форбс” журналының мәлiметi бо­йынша, Т.Құлыбаев пен оның жұбайы Динара Назарбаева Қазақстандағы ең бай адамдар саналады – миллиардерлер. “Тақ мұрагерi – Т.Құлыбаев” деген болжамды күшейтiп тұрған тағы бiр себеп

Жақында әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық универ­ситетiнiң журналистика факультетiнiң ұйымдастыруымен Студенттер сарайында Қазақстан республикасының Тәуелсiздiгiне 20 жыл және “Айқап” журналы мен “Қазақстан” газетiнiң 100 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференция өттi. Республикамыздың түкпiр-түкпiрiнен келген ғалымдар мен қоғам қайраткерлерi өз ойларын ортаға салды. Конференция соңы журналистика, филология, тарих факуль­теттерiнде алқасөздерге ұласты. Сондағы пiкiрлердiң жалғасы ретiнде ғалым Сағатбек Медеубекұлының ойын оқырмандарымызға ұсынып отырмыз.

Жемқорлардың көктен сұрағанын жерден бердi. Ендi мемлекет қаржысын қымқырғанда, келтiрген зияны 15 миллион 120 мың теңгеден аспаса, олар бас бостандығынан айы­рылмайтын болды. Жай ғана айып­пұл төлей салады. Тiптi керемет! Tengrinews.kz агеттiгi премьер-министрдiң сайтына сiлтеме жасап, былай дейдi: “Республика үкiметi жекеменшiк бизнестi, әсiресе, шағын және орта бизнестi қорғаудың деңгейiн көтеру үшiн қылмыстық заңнаманы гуманизациялау жөнiнде заңнамалық ұсыныс дайындады”. “Ендi парламентке бекiтуге жiберемiз” – дептi Кәрiм Мәсiмов өз блогында бұл жөнiнде.

Жақында ғана Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентiнде ғылыми-практикалық конференция болып өттi. Бiз осы конференцияға қатысып қайттық. Ендi осы конференция жөнiнде өз пiкiрiмiздi оқырмандарымызбен бөлiсе кеткендi орынды көрiп отырмыз. Бұл ғылыми-практикалық конференция жазушы, баспагер, энциклопедияшы-маман, аудармашы, марқұм Тiлеухан Жұмахановтың шығармашылығына арналды. Т.Жұмаханов 49 жасында қаза болды. Тiлеухан кезiнде “Қазақстан” ұлттық телеарнасында, “Жалын” журналында, “Қазақстан әйелдерi” журналында жауапты қызметтер атқарды.

АҚСАҚАЛДАР
Қазiр әр деңгейдегi кез келген әкiмнiң “қолында ұстайтын” өзiнiң шалдары бар. Бұлар көбiнесе сөз бiлетiн, бұрын­ғы партия-кеңес қызметкерлерi немесе мұғалiм т.с.с. болып келедi. Әкiмдер бұларды назардан тыс қалдырмай, қашанда қанатының астына ала жүредi. Қайсыбiр жиын, басқосуларда иықтасып қатар отырады. Ал ақтылы қой,алалы жылқы өсiрiп, кезiнде қоғамға бiр кiсiдей пайдасы сiңген ақсақалдар бұларға тек залдан көз салып, қызыға қарауға ғана жарайды. Бұлардың ана шалдардан бiр ғана кемшiлiгi – көпiртiп сөз сөйлей алмайды. Сосын өтiрiк айта алмайды. Алда-жалда бұл өңiрге
“Кенесары-Күнiмжан” – ең үздiк драма
Сәуiрдiң 23-26-сы күндерi аралығында Астана қаласында Қазақстан Мәдениет министрлiгi және “Қазақстан халқының рухани даму қоры” АҚ-ның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына арналған Ұлттық театрлардың республикалық фестивалi болып өттi. Осы өнер жарысында жазушы-драматург Думан Рамазанның “Кенесары-Күнiм­жан” атты тарихи драмасы “Ең үздiк ұлттық авторлардың драматургиясы үшiн” аталымында жеңiмпаз деп танылып, осы спектакльде (қоюшы-режиссер Болат Ұзақов) Кенесары ханның рөлiн сомдаған Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртiсi Сырым Қашқабаев “Ең үздiк ер адам бейнесi үшiн” сыйлығымен марапатталды.

1912 жылы Кембридж университетiн бiтiрген болашақ тыңшы Ким Филби 30 жасында-ақ Лондонның құпия қызмет саласында ақпарат жеткiзушi болып әрекет ете бастайды. Лауазымды қызметкерлердiң сенiмiне оңай кiрген Ким көптеген құпия құжаттарды қолға түсiрiп қана қоймайды. Екi жақты ойын жүргiзудiң арқасында, аса маңызды құпия мәлiметтердi Кремльге де жеткiзiп отырады.КСРО-ның коммунистiк идеясын толығымен жақтайтын ол кеңестiк азаматтардың коммунизмге жетерiне кәмiл сенiптi. Нәтижесiнде 1963 жылы Бейруттың құпия қызмет орталығында жүрiп, Мәскеуге қашып кетедi.

ҚР бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың назарына!
Қай кезде де iстiң ақ-қарасын заңға сәйкес ажырататын сот емес пе? Бiрақ сол соттың өзi заңды бұрмалап, әдiлет­сiздiк жасап жатса, одан ас­қан өкiнiш жоқ екен. Тобықтай сөздiң түйiнi, балам Жасұлан Балым Қызылорда облысы, Қазалы аудандық Iшкi iстер бөлiмiнiң тергеу бөлiмшесiнiң бастығы болып қызмет iстейтiн. Күтпеген жерден 09.01.2010 жылы ҚР ҚК-нiң 311-бабы, 2-бөлiгiмен Қызылорда облыстық IIД-нiң өзiндiк қауiпсiздiк басқармасының тергеушiсi Ғалымжан Әбдiреев оның үстiнен қылмыстық iс қозғады.
Ауыл тұрғындары жекешелендiру науқаны кезiнде жұмыстан, үлестен құр қалып, амалсыздан кедейшiлiк қамытын мойындарына кидi. Бүгiнде не жұмысы, не соқыр тауығы, не басқа күнкөрiс көзi жоқ адамдар қалай жандарын бағу керек сонда? Әрине, үкiмет тарапынан қолдау қажет. Қазақстанның жер көлемi үлкен болғанымен, халқы аз. Бас­қа қазба байлықтарды айтпағанның өзiнде, жылына 80 миллион тонна мұнай өндiретiн, 16 мил­лион тоннадай астық өнiмiн алатын бай мемлекетте ел бақуатты тұруы, жұмыссыздық болмауы керек. Ауыл тоқ болса, қала да тоқ. Сондықтан, менiңше, молшылыққа қол жеткiзу үшiн ауылды қолдау керек.
АЛДЫН АЛУ КЕРЕК ЕДI
“Жас Алашта” Оңтүстiк Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Жеңiсбек Мәуленқұловтың “Балам – маскүнем, немерем – нашақор” атты шағын мақаласы жарияланды (№4-5. 20 қаңтар, 2011 жыл). Елiмiзде маскүнемдiк пен нашақорлықтың қанат жаюы мемлекеттiк жүйенiң бұл мәселенi шешуге құлықсыздық танытуынан деп ойлаймын. Қазiргi кезде арақ пен сүттiң, тiптi минералды судың да бағасы бiрдей. Арысы – Қытай, берiсi – iргедегi елдерден сасық спирт әкелу кәдiмгi картоп пен қырыққабат тасымалдағаннан да оңай болып тұр. Бiрақ бiздiң қазаққа қасiрет әкелумен байып жатқандардың “көкесi” кiм екенiн шамалағанымызбен, қолынан шап берiп ұстап алып жазасын беруге құдiретiмiз жетпейдi. Соңғы кезде арақ iшу, маскүнемдiкке салыну қайта

Бұл – Қызылорда қаласында тұратын, күнi-түнi ойын автоматтарына барып құмар ойындардан көз ашпай жүрген мектеп оқушысының сөзi. Шынында да, бұл мәселе республикамызда қайыру бермей бара жатыр. Жақында парламент мәжiлiсiнiң кезектi отырысында мәжiлiскер Мұрат Әбенов Қазақстан Республикасының бас прокурорына депутаттық сауал жолдап, комер­ция­лық бағытта бизнес ойындарын жүзеге асырушы мүдделi топтардың заңға қайшы әрекеттерiн, сондай-ақ, ақпараттық кеңiстiктегi жасөспiрiмдер мәселесiн көтердi. Жасөспiрiмдердiң мұншалықты өзiн-өзi басқара алмайтын “зомби” қалпына түсуiне не себеп?

Ертең Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында футзалдан УЕФА кубогының финалдық кездесуi басталады. Еуропаның ең үздiк төрт командасы сынға түсетiн сайыста Алматының “Қайраты” УЕФА кубогының бас жүлдесi үшiн бақ сынайды. Наурыз айында өткен жеребе тарту рәсiмiнде алматылықтардың Португалияның “Спортинг” клубымен жартылай финалда күш сынасатыны белгiлi болған.  УЕФА-ның жартылай финалына шыққан командалардың қай-қайсысы болмасын осал емес. Десек те, “Спортинг” клубының әлеуетi қандай? “Қайраттың” бұл клубты айналып өтетiндей қайраты бар ма? Ендi соған келейiк.
Сәуiрдiң 21-26-сы аралығында Алматының “Достық” спорт кешенiнде гандболдан әйелдер арасындағы ел бiрiншiлiгiнiң төртiншi тур ойындары өттi. 3-турдың нәтижесi бойынша көш бастап келе жатқан “Алматы” клубының төртiншi турда қарсыластарынан оқ бойы озып шығатындай мүмкiн­дiктерi бар едi. Алайда алматылықтар өз алаңында өткiзген бес ойынның үшеуiнде жеңiп, бiреуiнде тең ойнады. Бiр ойын алматылықтар үшiн жеңiлiспен аяқталды. “Достық” спорт кешенiнде өткен төртiншi тур ойындары сыр өңiрiнiң қол добы шеберлерi үшiн сәттi өттi. Қазақстанның бiрнеше дүркiн чемпионы “Сейхун-КАМ-КГУ” гандболшыларының Алматы облысының
“Тәуекел ет те, тас жұт — ажа­лың құдайдан” деген сөз бар қазақта. Шындықты айту тас жұтумен бiрдей болып тұрған мына заманда Сiздiң “Жас Алашыңыз” тәуекел еттi. Шындықты айтуды мақсат тұтты. “Жас Алаш” — шынайы ұлттық газет, ұлттың жоғын жоқтаушы бiрден-бiр басылым. Бұл – көптiң берген бағасы. Шындықты бiлгiңiз келсе, өтiрiк мақтаннан, көпiрме сөзден жалықсаңыз, “Жас Алашқа” жазылыңыз. Екiншi жартыжылдыққа жазылу жүрiп жатыр. Жазылу бағасы өзгерген жоқ. Жазылу индексi – 65365.  Сүйiктi газетiңiзге “Қазпошта”, “Евразия”, “Эврика пресс” және “Қазпоштаның” жергiлiктi бөлiмшелерiнен жазыла аласыз.