1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (15596) 4 мамыр, сәрсенбі 2011
АЛМАТЫЛЫҚТАРДЫҢ ДА, ТИIСТI ОРГАНДАРДЫҢ ДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ДАЙЫН ЕМЕСТIГIН КӨРСЕТТI
1 мамыр күнi таңғы сағат сегiз жарымда Алматыда жер сiлкiндi. Жер сiлкiнiсiнiң магнитудасы 5,4 балға жеткен. Бұдан кейiн де бiрнеше мәрте жер сiлкiнiсi тiркелдi. Екiншi дүмпу 13:41-де болса, үшiншiсi 15:13-те өткен. Кешкi сағат 17:37-де төртiншi мәрте жер сiлкiнiсi болды. Мiне, дәл осы төртiншi жер сiлкiнiсiнен соң алматылықтар мен қала iргесiндегi халық қатты елеңдеп, дүрбелең басталды.  “Алматыда түнде күштi жер сiлкiнiсi болады екен”, “Құжаттар мен ең қажеттi заттарды буып-түйiп дайын отырыңдар”, “Абай болыңдар!”... 1 мамыр күнi

1 мамыр – Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi күнi Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш селолық-округiнде (Алматы қаласының iргесiнде) таңсәрiден қара кешке дейiн тұрмыс тауқыметiн көрген 500-ден астам қазақ жер басып алмақ болып жиналды. “Мы­на жер 10 жылдан берi бос тұр. Үкiметтiң “Қазақстанның әрбiр азаматы тегiн 10 сотық жер алуға құқылы” деген қаулысы қағазда сарғайып қалды. Қашанға дейiн әркiмнiң босағасында сандалып, қаңғырып жүремiз? Неге қазаққа ұлтарақтай қара жердi қимайды? Қашанға дейiн жоғарыда отырғандар қазақты зар жылатады? Қаңғырған қазақтың қамын кiм ойлайды?..” – дейдi ашынған ел.

МҰНЫ ЕНДI “ҚАЗАҚ – КӨЛIК СОҒЫСЫ” ДЕМЕСКЕ НЕ ШАРА?!
Елiмiзде жыл өткен сайын авто­көлiк саны көбейiп келедi. Iшкi iстер министрлiгiнiң ресми мәлiметi бо­йынша Қазақстанда 3,5 миллионнан аса автокөлiк тiркел­ген. Келiп жатқан автокөлiктердiң 80 пайыздан астамы, яғни 2,8 миллион автокөлiктiң пайдалану мерзiмi       7 жылдан асқан, оның iшiнде 520 мыңдай көлiк жиырма жылдан аса уақыт қолданыста болған. Ал осы көлiктердiң жүретiн жолының 70-80 пайызы халықаралық талаптар­ға сай емес. Жол жүру ережеле­рiнiң де осал тұстары жетерлiк. Мiне, жоғарыдағы басты себептердiң салдарынан жыл өткен сайын автокөлiктен болатын жол апаты көбейiп барады.
ЮНЕСКО бас директоры мен АҚШ сенаторы сөз бостандығын шектейтiн авторитарлы режимдерге өркениеттi әлемде орын жоқ екенiн ескерттi
3 мамыр – халықаралық сөз бостандығы күнi. Осы мерекеге орай Вашингтон халықаралық журналистер орталығы (Мемлекеттiк департамент) әлемнiң 40-қа тарта елiнен БАҚ және мемлекет­тiк емес ұйым өкiлдерiн АҚШ-қа жинады. Олардың қатарында Қазақстан атынан, “Жас Алаш” газетiнен бiз де шақырылдық.Қазақстан мен АҚШ арасын Еуропа құрлығы ғана емес, алып мұхит та бөлiп жатқаны белгiлi. Осынау алыс елге “Люфтганза” ұшағымен алдымен Франкфуртке, одан соң “US Air” әуе компаниясының ұшағымен Вашингтон қаласына бардық. Алматыдан Франк­фуртке дейiн 7 сағат, ары қарай 9 сағат ұштық. Әуежайдағы тексерiс­тi, ұшаққа отыруды, қажеттi рейстi күтудi есепке алғанда, Вашингтонға жету үшiн бiр тәулiк уақытыңыз жолда өтедi.

Орталық Азияда алғаш рет ТМД, Қапқаз және Қаратеңiз бойынша Социнтерн комитетiнiң жиыны өттi. Бұл Комитетке әлемнiң 126 елiнен 150 социал-демократиялық партиялардың өкiлдерi тiркелген. Комите­ттiң Алматыда өткен жиынына 12 елдiң социал-демократиялық партиясынан өкiлдер қатысты. Әлемдiк социал-демократиялық қозғалыстың өкiлдерi: ТМД, Қапқаз елдерiндегi демократиялық процестердiң тежелу мәселесi және азаматтардың саяси құқығын қамтамасыз ету шаралары; Орталық Азия елдерiнде социал-демократиялық бағдарламаның негiзiн анықтау; бейбiтшiлiк пен қауiп­сiздiктi қамтамасыз ету, аймақтардағы шиеленiстердi шешу;

Жүсiп Алтайбаев – 100 жаста
Алла тағала бағыңды ашайын десе, қалқақтатып әкелiп, сондай бiр қамқорға, тап-таза парасат иесiне тағдырыңды таңады екен ғой.  Мен Жүсекеңмен қызметтес, дәмдес-тұздас болған кезiмде оның адалдығына, азаматтығына, әдiлдiгiне, бiрсөздiлiгiне, өткiрлiгiне, тап­қырлығына, өнерпаздығына, жүректiлiгiне, мейрiмдiлiгiне көзiм әбден жеткен-дi. Керек десеңiз, менiң Алматыға түбегейлi тұрақтауыма, ешқандай таяныш-сүйенiшiм жоқ болса да төтелей келiп қызметке тұруыма, әсiресе, баспаналы болуыма, тiптi Қажытай атымның шығуына ықпалы тиген дәл осы Жүсекең марқұм болатын.
Орынборға жолыңыз түсе қалса, Алаш қайрат­кер­лерiнiң қала көшеле­рiн­де сайрап жатқан iзiне үңiлiңiз. Жайықтың бойындағы қазақ мiнездi қаланың бiз үшiн орны қаншалықты екенiн сезiне­сiз, бiр кездердегi қазақтың астанасы болған Орынборды бар бiтiм-болмысыңызбен түйсiнесiз сонда... Бiлетiндер бiзге Алтай көшесiн­дегi “ұлттар ауылына” жөн сiлтедi. Онда Орынборда тұратын ұлт өкiлдерiнiң мәдени орталықтары орналасқан. Тiптi орыстардiкi де осында. Ең сәулеттiсi де, ең сәндiсi де орыстардiкi сияқты көрiндi. Қазақстанның мәдени орталығын оңай таптық. Түркiстандағы Ахмет Иассауи кесенесiнiң үлгiсiмен салынған ғимарат бiрден көзге түстi.
ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВТЫҢ БАСЫНА ӘЛI ЕСКЕРТКIШ ТҰРҒЫЗЫЛҒАН ЖОҚ
Қырғызстанның белгi­лi саясаткерi Аликбек Жекшенқұловтың ай­туынша, Шыңғыс Айтматовтың басына әлi күнге дейiн ескерткiш қо­йылмапты. Қырғыздың ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қаза болғанына үш жыл болды. Бiрақ ұлы жазушының бейiтiнiң басына күнi бүгiнге дейiн ешқандай белгi (ескерткiш) қойылмаған. “Үкiмет­тен, билiктен күдер үзген қырғыз зиялылары Шыңғыс Айтматовтың бейiтiне белгi орнату үшiн ендi өздерi ақша жинап жатыр” дейдi А Жекшенқұлов.
“Теңiздiң дәмi там­шысы­нан бiлiне­дi”. Мұқағалидың Мұқағалилығына бiр ғана жырын тұшынып оқу арқылы көз жет­кi­зуге әбден болады. Дәл қазiр бiз солай еткендi жөн көрiп отырмыз.
Бағамдап қарасаңыз, мынау жарық жалғанды тұтас бiр үйiм деп қабылдаған ақын сол отаудың әр керегесi басында ойнаған ән-әуезден, түндiгiн желпiген ерке самалдан терең сыр ұғып, күй тыңдамаққа әуес. Сондықтан да “дүниенiң мынау қабағын бағып тұратын” сырбаз ақын табиғат жарықтықтың тылсым сырларына өзiнiң түйсiк көзiмен зер салмаққа ұмтылады. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сондай тұңғиық әлемiн оқырмандары алдына жайып салған дүние­сiнiң бiрi – “Менiң мақсатым” атты жыры.
12 ЖЫЛДЫҚ БIЛIМ БЕРУГЕ КӨШЕТIН БОЛДЫ
Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұловтың мәлiмдеуiнше, Бiлiм берудi дамытудың 2011-20 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының 1-кезеңiн iске асыру үшiн үкiмет 2011-25 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiттi. Бұл үшiн қазынадан жарты триллион теңге қарастырылған. Жоспар да бар. Мәселен, тиiмдiлiгiнен тиiмсiздiгi артық болса, да 12 жылдық оқытуға көшу мақұлданды. Бұл жоспарда мұғалiмдердiң мәр­тебесiн арттыру мәселесi де алға тартылды. Дәл осы түйiн таратылса, құптарлықтай мәселе, әрине. Алайда ескеретiн жайт, бұл үшiн бiлiм беру iсiнде үлкен өзгерiс қажеттiгiн ұмытпаған абзал.
Бүгiнде м-агент дегендi бiлмейтiн адам жоқ шығар. Агент дегенде iшкен асын жерге қоятындар да табылады арамызда. Мұны замандастарым жоққа шығара қоймас. Өйткенi дәл қазiр 6 жастағы бала да, 60 жастағы аға да хал-жайыңды, логинiңдi сұрастыратын әдеттi тапты. Бұл күнде оған етiмiз де үйрендi. Арамызда “заманнан қалмау үшiн пошта аштырып, агентке кiрмей не бiтiрiп жүрсiң?” деп өкпелейтiндердi қайтерсiң? Тобықтай сөздiң түйiнi, агент дейтiн “ағайынмен” достастық. Тiптi “төртеу түгел болса, төбедегi келедi, алтау ала болса, ауыздағы кетедi” деп агент арқылы татуластық та. Кейде, күлемiз-ау, “бас екеу болмай мал екеу болмайды” деп агентпен дауластық.
АЙЖАН АҒЫЛШЫННЫҢ ОҚЫМЫСТЫЛАРЫН ТАҢҒАЛДЫРДЫ
Лондоннан жылы хабар жеттi. Сити университетi математика және статистика факультетiнiң 2-курс студентi Айжан Рымбек ағылшынның оқымыстыларын таңғалдырып, профессор Таннердiң сыйлығын жеңiп алды. Құрмет дипломымен, қаржылай сыйақымен марапатталды. Сондай-ақ, математика қоғамдастығының вице-президентi қызметiне тағайындалды. 130 студенттiң арасынан топ жарып шыққан Айжан бұл марапатқа жыл бойы оқып, қойылған баға қорытындысының нәтижесiнде қол жеткiзген. Бала күнiнен есеп шығаруға құмар қазақ қызының алға қойған мақсаты биiк. Еңбекқор, терең бiлiмдi игеру үшiн бар мүмкiндiгiн пайдаланып бағуда.
Мақатаев-80
Өткен сенбi күнi Алматыдағы “Опиум” бильярд клубында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың жүлдесi үшiн бильярдтан 1-республикалық турнир өттi. Ардақты ақынның мерейтойына байланысты өткен жарысқа елiмiздiң ақын-жазушылары, әншi­лерi, зиялы қауым өкiлдерi, мемлекет және қоғам қай­рат­керлерi қатысты. Ғабит Мүсiрепов және Абай-ақпарат қоғамдық қорлары бас болып өткiзген республикалық жарысқа барлығы елуден аса кии шеберлерi өз өнерлерiн ортаға салды. Жарыстың ашылу салтанатына Асанәлi Әшiмов, Құман Тастанбеков, Шө­мiш­бай Сариев, Саят Жансүгiров, Несiп Жүнiс­байұлы, Роллан Сейсембаев, Ғаббас Қабышұлы, Хайролла Ғабжалилов, Балташ Тұрсынбаев
СЕН ЖЫЛАДЫҢ...
(Мұхтар Шахановтың iзiмен)
Сен жыладың студент,
Көп оқыдым деп, лекцияның барлығын.
Қонбады деп миыма ешбiр сабағың,
Сен жыладың, бiр қатты соққы алдым деп.
Бақытсыз болып қалдым деп
Өткен сенбi күнi футболдан Қазақстан премьер-лигасының 9-тур ойындары өттi. Нәтижелерi төмендегiдей:
“Восток” (Өскемен) – “Ақтөбе” (Ақтөбе) – 0:0; “Қайсар” (Қызылорда) – “Ордабасы” (Шымкент) – 1:2 (Тағыберген, 10-минутта – Мұхтаров, 83-минутта, Трайкович, 90-минутта, пенальтиден); “Шахтер” (Қарағанды) – “Жетiсу” (Талдықорған) – 3:3 (Мұжықов, 22-минутта, Щеткин, 26-минутта, Бақаев,­ 73-минутта – Хижниченко, 33-минутта, Досманбетов, 77, 86-минуттарда); “Ертiс” (Павлодар) – “Тобыл” (Қостанай) – 3:2 (Даскалов, 9-минутта, Кулибали, 78-минутта, Дорош, 90-минутта – Кислицын, 2-минутта, Юрин, 5-минутта); “Қайрат” (Алматы) – “Тараз” (Тараз) – 1:0 (Христов, 79-минутта);

Талдықорғанда волейболдан ерлер арасында ел бiрiншiлiгi аяқталды. Биыл он тоғызыншы рет өткiзiлген iшкi чемпионатта Алматының “Алматы” клубы топ жарды. Екiншi орынға Хромтаудың “ТНК Қазхром” командасы ие болды. Қола жүлденi Өскеменнiң “Шығыс-СвинецСтрой” командасы жеңiп алды. Мұның алдында әйелдер командалары да ел бiрiншiлiгiн қорытындылап, жеңiмпаздарды анықтаған-ды. Бұл сында Талдықорғанның “Жетiсу” клубы қарсылас шыдатпай, мәреге қара үзiп келдi де, алтыннан алқа тақты. Күмiс жүлде “Ертiс-Қазхром” командасына бұйырды. Керекулiк волейболшылар қола жүлде алған “Қарағанды” клубымен бiрдей ұпай жинағанымен коэффициенттiк көрсеткiш бойынша қарағандылықтардың алдын орап кеттi.

Алматының “Қайрат” футзал клубы УЕФА кубогының екi дүркiн қола жүлдегерi атанды.
Сәуiр айының соңғы күндерi УЕФА кубогының финалдық кезеңiн бастаған Еуропаның ең үздiк төрт командасы мамырдың 1-i күнi жеңiмпазды анықтады. Iрiктеу ойындарынан iркiлмей өткен Португалияның қос клубы “Спортинг” пен “Бенфика”, Италияның мықтысы “Монтесильвано” мен Алматының “Қайраты” сарапқа салған УЕФА-ның “сары кубогы” Апенин түбегiне жол тартты. Осыдан бiр апта бұрын Италияның “Монтесильвано” клубы кәрi кұрлықтың бас жүлдесiн жеңiп алады дегенде ешкiм сенбес едi. Оған себеп те бар. Португалия елiнен келген қос команда “Спортинг” пен “Бенфика” УЕФА кубогының бас жүлдесiнен басты үмiткер саналған командалар