1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №35 (15597) 6 мамыр, жұма 2011

Соңғы күндерi қаржы полициясы кеденнiң астын үстiне шығарды. Алматы облысы бойынша кедендiк бақылау департаментiнiң бастығы Құрманбек Артықбаевты тұтқындады. Ақмола облысы бойынша ҰҚК департаментiнiң бастығы Бақытбек Құрманәлиевтi қамады. “Қорғас” кеден бекетiнiң басшысы Бақыт Айдаров тергеу изоляторында отыр. Қолына кiсен салынғандарда есеп жоқ. Бiлетiндердiң айтуынша, Алматының тергеу изоляторы “VIP тұтқындарға” толып кетiптi. Қаржы полициясы сотқа өтiнiм жасап, кедендiк бақылау комитетiнiң бастығы Қозы-Көрпеш Кәрбозовты тұтқындау үшiн санкция сұрады. Сот олардың сұрағанын бердi. Бiрақ “Кәрбозов қазiр Қазақстанда жоқ” деседi бiлетiндер. 

Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әлемдiк резервтiк валюта енгiзу мәселесiн қайта көтердi. Астанада өткен IV экономикалық форумда Н.Назарбаев осыдан үш жыл бұрын айтқан ұсынысын тағы бiр пысықтап, әлем елдерiн “дефекталдан” құтылуға шақырды. “Әлемдiк валютаның дефектiлiгi қазiрдiң өзiнде кейбiр елдердi балама валюталарды қолдануға бағытталған қадамдарды қолға алуға мәжбүрлеп отыр. Ең ақырында әлемнiң барлық экономикалары ортақ есептiк төлем бiр­лiгiн, артынша жаңа класты ғаламдық валютаны енгiзу қажеттiлiгiне тоқтайды”, – дейдi ол. Прези­денттiң ойын­ша, қазiргi әлемдiк қаржылық жүйе заңдылық пен демократиялық прин­цип­­терiне сәйкес келмей
Дүниенi дүр сiлкiндiрген Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың ашылмаған, әлi де зерттеп-зерделеудi қажет ететiн құпиялары көп-ақ. Қазақ халқына қатысты айтылуы тиiс ақиқат та жетерлiк. Жылдар сырғып өткен сайын қан майданда жаумен арпалысып, ұрпағына бейбiтшiлiк күнiн сыйлаған соғыс ардагерлерiнiң де қатары азайып барады. Осы уақытқа дейiн оларды аялап, ардақтай бiлдiк пе? Қаншалықты дәрежеде құрмет көрсетiп, алақанға салдық? Зерттеушi-ғалымдардың алға тартқан деректерiне жүгiнсек, Қазақстаннан соғыс майданына аттанғандардың саны – 1 196 164 адам. Ал республиканың еңбек майданына 700 мың адам тартылған.
5 мамыр – дүниежүзiлiк мүгедектердi қорғау күнi. Бiрақ Қазақстанда бұл атаулы күн керiсiнше өттi. Жарымжан аналар­ға қамқор болудың орнына бiздiң шендi-шекпендiлер олармен соттасып, дауласып жатыр. Алматы қаласының экономикалық соты “Бибi-Ана” мүгедек аналар қоғамдық қорының шағымын қарады. Естерiңiзде болса, кемтар жандардың қоғамдық ұйымы мен Т.Құлыбаевтың арасындағы даудың шыққанына аз болмады. Алматының орталығында орналасқан ғимаратқа байланысты туындаған мәселеге әлi нүкте қойылмай келедi.Ұйымның төрайымы Бибiгүл Иманғазинаның сөзiне қарағанда, мәселенiң түйiнi президенттiң күйеубаласы болуы­мен тығыз байланысты.
Соғыс ардагерi Iзбасар Бұлы­байұлы 1925 жылы Алматы облысы Балқаш ауданының Көктал ауылында туған. Төрт жылдық мектептi Көкталда бiтiрiп, оқуын аудан орталығында жалғастырыпты. 1942 жылы мектеп бiтiре салысымен I.Бұ­лы­байұлын соғысқа алып кетедi. — Бұл бiр аласапыран кезең едi. 18 жасқа әлi тола қоймаған балаң кезiмiз. Бiздi Алматыда топтап, одан кейiн Қиыр Шығыс­қа жiбердi. Свободный деген қалаға барып түстiк. Ол жерде дайындықтан өттiк. Мылтық ату, дене шынықтыру дегендей. Дайындықтан соң қатарластарымды соғысқа алып кеттi де, менi кiшi командирлер дайындайтын курсқа қабылдады.
ҚХР-дағы бiр топ қазақ зиялыларынан
АШЫҚ ХАТ
ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевқа
ҚР премьер-министрi К.Мәсiмовке
Президент әкiмшiлiгiнiң басшысы А.Мусинге
Мәдениет министрi М.Құл-Мұхаммедке

Сiздердi Қазақстан Тәуел­сiздiгiнiң 20 жылдығымен құт­тықтай отырып, ҚХР-дағы қазақ бауырларыңыздың атынан бiрнеше ұсыныс-пiкiр бiлдiрмекпiз.

ЮНЕСКО белгiлi Колумбия журналисi Гильермо Кано атындағы сыйлықты тапсыру жөнiндегi шешiмдi 1997 жылы қабылдаған. Кано – Колумбияның қатардағы журналисiнiң бiрi емес. “El Espectador” басылымының бас редакторы болған Гильермо Кано Колумбияда iрi есiрткi саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың әрекетiн аяусыз әшкерелеп, елдегi мафия топтарына қарсы тұрды. 1986 жылы газет редакциясының алдында Гильермо Каноға қастандық жасалып, ол сол сәтте көз жұмды. Осылайша заңсыздық пен қылмысқа қарсы бас көтерген журналист өмiрiнен айырылды.

Жер қойнауына озбырлықпен қол сұғуға жаны қас азамат, үлкен ғалым Мұфтах Диарұлы осылай дейдi.
Қазақ геологтары қара шаңырағының негiзiн салушылардың бiрi, ҰҒА академигi, ҚР минералды ресурстар академиясының академигi, “Экология” халық академиясы академигi, Атырау мұнай және газ институты профессоры, геология, минерология ғылымдарының докторы, аймақтық экологиялық проблемалар ғылыми орталығының директоры Мұфтах Диарұлы ДИАРОВТЫ елге ежiктеп таныстырудың қажетi шамалы. Ол – Каспий мұнайын жабайы ашкөздiкпен емес, ғылыми тұжырымға негiзделген мөлшермен алу керегiн тынбастан дәлелдеп келе жатқан жалғыз ғалым.
Өзiммен-өзiм, көзiммен-көзiм, сөзiммен-сөзiм болып, көшеде күрсiнiп ке­ле жатқанмын. Бiреу жын қуғандай, тап бiр әйелi төрт баланы “оптом” туған­дай, жүгiрiп келдi де, арқама жұдырығымен қойып қалды. Жанарыма жас келiп, жылай салатындай жас бала емеспiн. Еңсерiле бұрылып, еркек мiнез та­ны­та жалт қарадым.
– Ой... — дедi анау. – Немене, “ой?” – Кешiрiңiз, танымай қалдым... Мен сiздi облыс әкiмi екен деп қалдым...
– Ей, есектiң қодығы, облыс әкiмi осылай көшеде, жал­ғыз өзi жынданып келе жата ма, не?– Облыс әкiмiнен аумайды екенсiз...
Аяқ астынан дардай бiр ауданға әкiм бола қалдым. Бұ­рын әкiмдiк қолдан келмес cұмдық шаруа деп ойлаушы едiм. Тiптi олай емес екен. Шынымды айтсам, әкiмдiк­тен оңай нәрсе жоқ па деп қалдым. Аумағы атшаптырым ка­бинеттiң төрiнде, мамық креслода шалқиып жатырмын. Қарсы бетте – көлемi тұтас қабырғаға жуық теледидар. Айналам толы телефон. Облыспен сөйлесетiн, ауылмен сөйлесетiн, бәйбi­шем­мен сөйлесетiн, анау... кiмдермен сөйлесетiн... Мына бiр тетiктi бассаң – желдеткiш. Жапсарлас бөлмеде тоңазытқыш тұр. Iшiнде құстың сүтiнен бас­қаның бәрi бар. Жатып демалам десең – көлдей диван. “Ләп­пәй­лап” аяғының ұшымен басқан қызметкерлер. 
“Жас Алаш” газетiнiң соңғы жылдардағы тiгiндiлерiн қайта парақтап, елге танымал екi дипломаттың бiр-бiрiне кереғар екi түрлi пiкiрiн көзiм шалды.
Белгiлi саясаткер, қо­ғам қайраткерi, ұлтжанды дипломат Болатхан Тайжан көзi тiрiсiнде газетке берген сұхбатында (“Жас Алаш”. 27 қаңтар, 2005 жыл) өз ойын былай ашық бiлдiрiптi: “Шетелде жұмыс iстейтiн қазақ дипломаттарының басым бөлiгi қазақша бiлмейдi. Осыған қатысты ұсынысымды мемлекет басшысына да, Сыртқы iстер министрi Тоқаевқа да айттым. Дипломаттардың өз тiлiн бiлмеуi – бiздiң мемлекет үшiн үлкен нұқ­сан. Өз тiлiн бiлмейтiн дипломат өз елiнiң тарихын да, мәде­ние­тiн де, әдет-ғұр­пын да бiлмейдi деген сөз.
ХОР ФЕСТИВАЛI
Жақында Ақтөбе қаласында “Жұбанов көктемi – 2011” деген атпен халықаралық хор фестивалi өттi. Бұл фестивальдi Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының бастығы, ҚР Мәдениет қайраткерi Нәзира Табылдинова: “Биылғы фестиваль елiмiздiң тәуелсiздiгiнiң 20 жылдық мерейтойымен қатар келiп отыр. Қазақтың кәсiби композиторы, өнертанушы, алғашқы кәсiби ұлт-аспаптар оркестрiнiң ұйымдастырушысы және тұң­ғыш дирижерi, ҚР халық әртiсi, академик Ахмет Жұбановтың және КСРО халық әртiсi Ғазиза Жұбанованың туған өлкесiне келгенде­рiңiз құтты болсын. Сiздерге фестиваль барысында сәттiлiк тiлей отырып, табысты өнер көрсету­ле­рiңiзге тiлектес­пiн!” деген жүрек-жарды сөздермен ашты.
Өмiр жолы – ауыр, тар да тайғақ. Бiрақ сонда да алдына қойған мақсатына жетпей қоймайтын, iзденгiш, қиындыққа қажымайтын болаттай берiк, еңбекқор жандар бар. Сол жандар өмiрдiң жай айдау жол еместiгiн iс-әрекетiмен түсiндiрiп отырады. Олардың бiрi – ұстазымыз Қуанышкүл Ермекбаева. Әрқайсымыздың көңiлi­мiз­де осы кiсiге деген зор құрмет, ерекше iлтипат бар. Бiз ғана емес, ұстазымыздың алдынан өткен әрбiр шәкiрт осы бiр аяулы сезiмде болары хақ. Олай дейтiнiмiз, мектеп қабырғасындағы әр оқушы жол көрсететiн жарық жұлдыздай iздейтiнi де, кеңесетiнi де, сенiм артып сыр шертетiнi де – осы кiсi. Барлық оқушыға сынып жетекшiсi сияқты.

Бүгiнгi таңда әлемдегi алпауыт елдердiң энергия   көздерiне бай жерасты байлықтарын иемденуге деген ұмтылыстарын бәрiмiз көрiп отырмыз. Технология дамыған мына заманда энергия көздерiне деген сұраныс уақыт өткен сайын өсуде. “Судың да сұрауы бар” демекшi, көмiр мен қара алтынның да алдағы 100 жылда таусылатыны айтылып жүр. Осы себептi болашақтың қозғаушы күшi деп атом энергетикасына назар аударылуда. Бiрақ таяқтың екi ұшы бар екенiн де ұмытпаған абзал. Сол атомның пайдасынан зияны мол екенiн ғалымдар да дәлелдеуде. Сонда қоршаған орта мен тiршiлiк иелерiне зиянсыз энергия көзiн қалай өндiруге болады?

Елiмiздiң “Астана арландары” кәсiпқой бокс клубы бүгiн және ертең Қытайдың ­Гуиянг қаласында Францияның “Париж Юнайтед” клубымен финалдық жекпе-жектерiн өткiзедi. Бейбiт Есжанов бастаған “арландар” осы аптаның сәрсенбiсiнде Қытайға ұшып кеттi. Екi күн бойы бүкiл­әлемдiк бокс сериясының бас жүлдесiне таласатын отан­дас­тарымыз Қытай жерiнде он жекпе-жек өткiзедi. Бүгiн “арландардың” алғашқы бестiгi шаршы алаңға шығады. Ертең тағы бес жекпе-жек өтедi. Бас бапкер француздарға қарсы өтетiн шешушi айқас­қа он екi боксшыны құрамға қосты. Он боксшы негiзгi құрамнан орын алса, екi бокс­шыны Бейбiт Есжанов қосал­қы құрамға бекiттi.
Словакияда хоккейден әлем чемпионаты өтiп жатыр. Дүние­жүзiнiң ең мықты он алты командасы қатысып жатқан сынның сәрсенбi күнi топтық ойындары аяқталды. Былтырғы жылғы әлем чемпионы Чехия құрамасы Д тобында ойнап, ұпай жоғалтқан жоқ. Ал­ғашқы ойында Латвия хоккей­шiлерiн 4:2 есебiмен ұтқан чехтар одан кейiн Дания қақпасына жауапсыз алты шайба соқты. Топтық бәсекенiң соңғы ойынында Чехия Финляндияны ұтты: 2:1. Әлемдiк тәждi жиырма төрт (!) рет қанжығасына байлаған Канада хоккейшiлерiнiң де арыны қатты. Алғашқы кездесуiнде Беларусь хоккейшiлерiмен айдынға шыққан канадалықтар
“Барселона” (Испания) – “Реал” (Испания) – 1:1 (Педро, 54-минутта – Марсело, 64-минутта); “Манчестер Юнайтед” (Англия) – “Шальке-04” (Германия) – 4:1 (Валенсия, 26-минутта, Гибсон, 31-минутта, Андерсон, 72, 76-минуттарда – Хурадо, 35-минутта). Осы аптада футболдан Еуропаның Чемпиондар лигасының финалына шыққан командалар анықталды. 28 мамыр күнi “Уэмбли” (Англия) стадионында сарапқа салынатын кәрi құрлықтың бас кубогын жеңiп алуға Англияның “Манчестер Юнайтедi” мен Испанияның “Барселонасы” үмiткер.
ӘР ЕЛДIҢ САЛТЫ БАСҚА
Атақты футболшы Дэвид Бекхем мен әйелi көпшiлiктiң алдында ұятқа қалды. “ЭГ” ақпаратының орталығы таратқан ақпаратқа сенсек, жақында ғана болған ағылшын ханзадасының тойына Виктория Бекхем салтанатты киiммен бармапты. Ақсүйектер арасында үлкен ыңғайсыз сөз тудырған бұл жайтқа Дэвидтiң де қылығы қосымша болған. Той-думанға киетiн ашық түстi киiмнiң орнына қара түстi көйлек киген Виктория мен Вес­т­министрлiк ордендi оң жағына таққан футболшы тойдағылардың басты нысанасына айналды. Бекхем ордендi сол жағына