1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №36 (15598) 11 мамыр, сәрсенбі 2011

Бiздiң қо­ғам үшiн дiн­нiң саясатқа араласқаны қауiптi. Дiндар­лар­дың билiкке ұмтылғаны қа­терлi. “Дiн мемлекеттен дербес, дiн мемлекет iсiне араласпайды” деп тасқа қашап жазғанымызбен, дүбара дiндер­дiң мемлекет iсiне араласа бастағанына бiраз бол­ған. Ешқашан “бас жақ­қа барыспайтын” “Ха­бар” арнасының 20-21 сәуiр күндерi “Ақи­қат” деп аталатын деректi фильмдi көрсетуi соның дәлелi. Мәселе “Ақиқаттың” кiм туралы, не жайлы екенiнде емес, әлде­бiр топтың мемлекеттiк телеарнаны “жусатып-өргiзуге” қауқары жет­ке­нiнде. Өзара “соғыста” мемлекеттiк тетiк­тердi пайдалана бастағанында. Ендi Исматулла Әбдi­ғаппар жөнiнде. Бұл адам­ға қатысты абың-күбiң әңгiме көп қоғамда.

АШЫҚ ХАТ
Құрметтi Нұрсұлтан Әбiш­ұлы! Үш жылдан берi мемле­кеттiк органдардан қайран болмағандықтан Сiзге жүгi­нуге мәжбүр болдық. Және де бiздi зарлатып қой­ған өзге емес — құдiреттi Тимур Құлыбаев. Байқауымызша, оған Сiзден басқа ешкiмнiң әлi келмейдi. Бiздiң “БИБI-АНА” мүгедек әйелдер қоғамымыз Алматыдағы Абай даңғылының бойында (Байтұрсынов көше­сi­мен қиылысы) орналасқан ғимараттағы кеңсенi 15 жылдан астам уақыт пайдаланып келдi. Меншiк иесi — қала әкiмшiлiгi. Виктор Храпунов қала әкiмi қызметiнен кетпес бұрын кеңсенi қауымдастыққа жекешелендiрiп берудi уәде еткен. Дәл осындай жолмен казино осы ғимараттан бөлмелердi жекешелендiрген-дi. Бiзге техникалық жоспарды, өзге де құжаттарды да­йындап бердi, ал бiз өз күшi­мiз­­бен кеңсенi бастан-аяқ жөн­деп алдық.

Сәуiр айының басында демократиялық қоғам өкiлдерi Қытай экспансиясының Қазақстанға қауiп-қатер төндiретiнiн айтып, президентке үндеу хат жолдаған едi. Олар бұл үндеуде билiктен қытай компанияларымен жасалған барлық келiсiмшарттар мен қытай несиелерiнiң шарттарын қоғамға жария етiп, Қытайға 1 миллион гектар жердi жал­ға беру жөнiндегi идея қайдан шыққанын халыққа ашып айтуды талап еткен болатын. Үндеу хатқа әлi күнге дейiн жауап болмағандықтан, оппозиция өкiлдерi мамырдың 28-i күнi митингiге шығуға бел буыпты. Бұл жайлы кеше “Азат” ЖСДП өткiзген баспасөз мәслихатында мәлiм болды.

ХВҚ ТИIСТI ШЕШIМ ҚАБЫЛДАСА, ҰЛТТЫҚ БАНК АЛТЫН-ВАЛЮТА АКТИВТЕРIНIҢ БIР БӨЛIГIН ЮАНЬҒА ӨТКIЗУГЕ ДАЙЫН
Кеше Ұлтттық банк сәуiр айының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткiздi. Бұл – Қаржы қадағалау агенттiгi мен Алматы өңiрлiк қаржы орталығын қадағалау агенттiгi таратылып, олардың қызметi Ұлттық банкке берiлгелi берi өткен бiрiншi баспасөз мәслихаты. Ұлттық банк төрағасы БАҚ өкiлдерiне арналған ай са­йынғы жиынды кадрлық өзгерiстен бастады. Президент жарлығы бойынша Әбен Бектасов Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалғанын еске салған Г.Марченко жаңа орынбасар ақпараттық технологиялар және төлем жүйелерi депар­та­ментiне жетекшiлiк ететiнiн шегеледi.
ТӨРЕТАМ МЕН АҚАЙДЫҢ ҚАЗАҒЫ БАЙҚОҢЫРДЫҢ КӨШЕСIН СЫПЫРУҒА МӘЖБҮР
 
Кеше таңғы сағат 8:30-да Эйр-Астана компания­сының ұшағымен Алматыдан Қызылордаға ұштық. Бiр жарым сағатта дiттеген жерiмiзге жетiп, қондық. Мақсат – Қызылорда облысы тұрғындарының тыныс-тiршiлiгiмен танысып, мұң-мұқтажын тыңдау, шынайы өмiрiн көзбен көру. Негiзгi нысана – жаттың қолына кеткен Байқоңыр қаласын, дәл осы қаланың қақпасында тiршiлiк етiп жүрген Қазақстан азаматтарының заңдық құқығын таразылап, күнкөрiсiн зерттеу, Арал ауданының ауыр ахуа­лын зерделеу, Шиелi ауданының шиеленiскен тұрмысын бағамдау, жалпы, Қызылорда облысындағы күрмеуi көп күрделi мәселелердiң басын ашып, түйiнiн тарату.
Өткен аптада Атырау облысының Доссор кентi тұрғындары темiржол магистралi бойындағы жолаушылар мен жүк поездары жүрiсiн бiрнеше сағатқа тоқтатты. Оған кенттегi темiржол вокзалы қарсысына орналасқан “Доссор процессинг компани” ЖШС-нiң темiржол тұйығына 16 вагон Теңiз күкiртiнiң рұқсатсыз жеткiзiлуi себеп болған. Кент тұрғындарының айтуынша, аса қауiптi тауар туралы ести салысымен олар таңертеңгi сағат 10 шамасында жергiлiктi әкiмдiктiң алдына жиналып, күкiрттi дереу алып кетудi талап еткен. Алайда түске дейiн әкiмдiктiң алдында сарғайғандарымен олардың қасына келiп жауап қатқан әкiм болмапты.
Өткен аптада “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ шетелдiк компаниялармен және қытайлық әрiптестермен бiрлескен жобаларды дамыту мәселелерi жөнiнде қазақ БАҚ өкiлдерiмен дөңгелек үстел өткiздi. Бұл жиынға компания басқарма төрағасының орынбасары Б. Палымбетов, “ҚазТрансГаз” бас директорының кеңесшiсi З.Қияқбаев, ҚМГ-ның Алматыдағы филиалының төрағасы Н.Махмұтов қатысты. “ҚазМұнайГаз” – елiмiздегi ең iрi ұлттық, яғни мемлекеттiк компания. Қазақстанның мұнайын өндiруде “ҚазМұнайГаздың” орны мен үлесi өте үлкен. Сондықтан болар, компанияға қатысты кез келген ақпарат ел азаматтарын бейжай қалдырмайды.
Сәтбаев қаласының тұрғыны Нұрсұлу Жәкеева облыс прокуроры Мәдениет Ахметовке жазған шағымының көшiрмесiн “Жас Алаштың” Жезқазғандағы тiлшiлер қосынына да жолдапты. Соған көз жүгiртiп көрейiк. “Фермер Қамысқановқа шөп шабуға жалданып, Ұлытау ауданының Терiсаққан ауылына кетiп барамын, күзде қайтып келемiн” деген әкемiз Жүрсiнбай Жәкеевтен 2004 жылдан берi көз жазып қалған едiк. Iздес­тiрген-сұрастырғаннан ешқандай нәтиже шықпады. Бiрге iстеген адамдардың бiрi: “Ол өлген, мына жерге көмiлдi” деп, бiр төмпе­шiктi көрсет­кенiне сенер-сенбе­сiн бiлмей зар еңiреп жүрiп анам 2008 жылы қайтыс болды. Әкем­нiң туған апасы Жұмакүл жан күйзелiсiнен ауруға шалдықты.

Қасым Аманжоловтың әйелi Сақыпжамал былай дейдi: “Қасым екеумiз соғыс аяқталған соң, 1946 жылдың қаңтарында қосылдық. Алғашқы мекенiмiз қаланың солтүстiк шығыс жағындағы Городская көшесi, 69 үй едi. Қасымның ағасы Ахметжан да осы үйде тұратын. Осы үйдiң бiзге кiшкентай бiр бөлмесi тидi. Бөлмеде бар болғаны – бiр темiр пеш және екеумiздiң төсегiмiз ғана. Тiптi ас iшетiн, жазу жазатын үстел қоюға орын жоқ. Кiшкентай қара чемоданның үстiне қағаз жайып, ас iшетiнбiз. Сол чемодан Қасымның жазу үстелi де болды. Сол кездегi барлық шығармаларын Қасым сол қара чемоданды тiзесiне қойып отырып жазды...”

Дастарқан басында екi әйел отыр. Жасы елуге таяп қалғаны тәкаппарлау әрi кербез. Екiншiсi жастау, бiрақ жүзi тым жүдеу. Екеуi де көңiлсiз. Жасы үлкенi сыздана сөйлеген сайын жас әйел жерге кiрердей төменшiк­тейдi.
– Әсия қарағым, келгенiң дұрыс болды. Екеумiзге жасырынбақ ойнау ендi жөн емес.
Ендiгi жұмада Ерекеңнiң асы берiледi. Естiген боларсың...
– Иә, тәте..
– Менi тәтелемей-ақ қой. Екеумiз де бiр еркектiң, бiр Ере­кең­нiң әйелдерiмiз. Баян дей бер.
– Иә, Баян тәте...
ӘЗIРБАЙЖАН МЕН ӨЗБЕК ОЗЫП ТҰР
Алматы қаласында елiмiзде тұңғыш рет өткiзiлiп отырған Бiрiншi студенттiк және дебюттiк халықаралық “Бастау” кинофестивалi өз жұмысын бастады. Шығыс пен Батыстың белгiлi киномектептерiнiң басын бiрiктiрген бұл фестивальға Франция, Ресей, АҚШ, Үндiстан, Англия секiлдi мемлекеттер мен Орта Азиядан келген жас режиссерлер өз жұмыстарын ұсынды. “Бастау” халықаралық кинофестивалi студенттер­дiң тырнақалды туындыларына арналғандықтан, мұндағы бәйгеге түскен фильмдер қысқа метражды болды. Фестиваль көрсетiлiмi қырғыз режиссерi Ақтан Арым Кубаттың “Жұмақ” атты фильмiнен басталды.
10-турдың нәтижелерi:
“Жетiсу” (Талдықор­ған) – “Тобыл” (Қостанай) – 4:1 (Бақаев, 20-минутта, Щеткин, 33-минутта, Сариев, 80-минутта, Остапенко, 87-минутта – Гридин, 57-минутта); “Ақтөбе” (Ақтөбе) – “Қайрат” (Алматы) – 3:0 (Мане, 21, 29, 39-минутта); “Шахтер” (Қарағанды) – “Восток” (Алматы) – 2:0 (Көкеев, 63-минутта, пенальтиден, Хижниченко, 85-минутта); “Ордабасы” (Шымкент) – “Атырау” (Атырау) – 1:1 (Трайкович, 30-минутта – Бечан, 17-минутта); “Тараз” (Тараз) – “Қайсар” (Қызылорда) – 1:0 (Иованович, 1-минутта); “Локомотив” (Астана) – “Ертiс” (Павлодар) – 0:0.
Елiмiздiң “Астана арландары” кәсiпқой бокс клубы бүкiл­әлемдiк бокс сериясының финалында жеңiлiс тапты. Қытайдың Гуиянг қаласында Францияның “Париж Юнайтед” клубымен бас жүлдеге таласқан “арландар” қарсыластарынан 4:6 есебiмен ұтылып қалды. Гуиджи провинциясы универ­ситетiнiң спорт аренасында өткен бүкiләлемдiк бокс сериясының финалдық кезеңi екi күнге созылды. Бiрiншi күнi боксшылар бес салмақ дәрежесi бойынша жеңiмпаздарды анықтаса, келесi күнi боксшылар тағы бес салмақ дәрежесi бойынша шаршы алаңға шықты. “Астана арландарының” боксшылары үшiн жарыстың бiрiншi күнi сәттi басталды.
Хоккейден Словакияда өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгiнiң бүгiн ширек финалдық кездесулерi басталады. Топтық бәсекеден озып шыққан он екi команда өткен аптада алты-алтыдан екi топқа бөлiнiп, жарыстың екiншi кезеңiнiң ойындарын өткiздi.
Былтырғы жылғы әлем чемпионы Чехия хоккейшiлерi жарыстың екiншi айналымында ұпай жоғалтқан жоқ. Айдын иелерi Словакияны 3:2 есебiмен ұтқан чехтар дәл осындай есеппен Ресей хоккей­шiлерiн де тiзе бүктiрдi. Әлем чемпиондарына Германия құрамасы да қарсы тұра алмады: 2:5. Қатарынан екi жыл (2008, 2009) әлем бiрiншiлiгiнде топ жарған Ресей құрамасы ширек финалға әупiрiмдеп жүрiп әзер шықты. Дания құрамасын 4:3 есебiмен ұтқан орыстар одан кейiн Чехия мен Финляндияға тiсi батпады. Өз тобында төртiншi орынға ие болған Ресей ендi ширек финалда

“Жастар газетiнiң ойлап таппайтыны жоқ” деп жалпы жұрт қайран қа­лып айтатыны жасырын емес. Со­ның бiр көрiнiсi – сонау 1975 жылы бүгiнгi “Жас Алаш” – бұрынғы “Ле­нин­шiл жас” республиканың түкпiр-түкпiрiне бойлай енiп, көктей шолған экспедиция ұйымдастырған едi. Ел-жұрттың өмiр-тынысын терең зерттеп, замана құбылысын бағамдамақ мақсатындағы бұл журналистiк жорықтың бiр кезектегi сапары Жамбыл облысының Қордай өңiрiне бағытталды. Редакция ұжымы атынан ең әуелi Қазақстанның халық ақыны, әйгiлi әншi-композитор, тамаша орындаушы Кенен Әзiрбаевқа пайғамбардың сәлемiн берiп, батасын алу рәсiмi өтелдi. Торқалы тоқсан жасын өткен жылы тойлап, екi дәуiрдiң басын қосқан бүкiл ақындардың ақсақалы тоқсан бiр жасында да тың, ой-санасы шайдай ашық едi.

Арғы беттегi әрiптестер, анығырақ айтсақ, ШҰАР Алтай аймағындағы фотографтар сәуiр айының 8-iнен 13-i аралығында, Алтай қазақ фотосуретшiлерiнiң тұңғыш кезектi шығармашылық фотокөрмесiн өткiздi. Көрмеге Алтай газетi мекемесi ақпарат бөлiмiнiң аға фототiлшiсi Ардақ Бейiсханұлы мен Тасқын Ысқақұлы сияқты 16 фотографтың 170 фототуындысы қойылып, көрменi әр күнi 1000-нан астам адам тамашалады.

Жуырда Алматы облысы әкiмiнiң Талдықорғандағы, “Көркемөнер” галереясында “Азия – Қазақстан” фотоклубының мүшесi, фототiлшi Жеңiс Ысқабайдың “Елiм деп соққан жүрегiм” атты көрмесi өттi. Бұл көрме тәуелсiздiктiң жиырма жылында жеткен жетiстiгiмiздi паш ету мақсатында ұйымдастырылды. Көрмеге суретшiнiң Жетiсу өңiрiндегi саясат, мәдениет, спорт, табиғат саласы бойынша 200-ден аса туындысы қойылды.

Мәди Медетұлы - Алматыда 1994 жылы 7 шiлдеде дүние­ге келген. Әуезов ауданы №126 мектеп лицейiнiң 10-сыныбында оқиды. Алтыншы сыныптан бастап “Гүлстан” республикалық ғылыми-танымдық, көпшiлiк журналында көркемдеушi болып жұмыс iстеп, фотосуреттер түсiре бастаған.  2009 жылы “Дельфилiк ойындар” атты сурет сайы­сына қатысып, жүлделi бiрiншi орынды иеленген Мәдиден келешекте жақсы фотосуретшi шығады деген сенiмдемiз! Мағжан Құлжабай - Алматы қаласында 1995 жылы 24 қаңтарда туған. Бүгiнгi күнi Әуезов ауданына қарасты №126 мектеп лицейiнiң 10-сыныбында оқиды. Алтыншы сыныптан бас­тап “Гүлстан” республикалық ғылыми-танымдық, көпшiлiк журналында фотосуретшi болып жұмыс iстеп, фотосуреттер түсiруге деген құштарлығы арта бастаған. 2007 жылдың тамыз айында “Гүлстан” гүл алқабында ландшафтық кескiндеу, гүл түрлерiн жақсы меңгергенi үшiн дипломмен марапатталған.