1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15599) 13 мамыр, жұма 2011

Президенттiң кеңес­шiсi Ермұхамбет Ертiсбаев көптен берi астыртын жүргiзiлiп келе жатқан саясаттың түпкi мақсатын ашық айтты. Ол Қазақстанда екi партиялы жүйе құрудың жолын нақтылады. “Нұр Отан” сол күйiн­ше қала бередi, ал оған “бәсекелес” болатын “шағын және орта бизнестiң мүддесiн қорғайтын” “Ата­мекен” пар­тиясын құруды ұсынды. Оның ұсынысы бойынша, “Нұр Отанның” тiзгiнiн премьер‑министр Кәрiм Мәсi­мовке, “Атаме­кендi” пре­зиденттiң күй­еу баласы Тимур Құлыбаевқа беру керек. Ал президент Нұрсұлтан Назарбаев ұлт көшбасшысы ретiнде партиялар арасындағы саяси тартысқа түс­пейдi, жоғарыда тұрады.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам және Ақай ауылының тыныс-тiршiлiгiмен танысу үшiн таң ата көшеге шықтық. Сауда орындарын араладық. Базардағы бағаға көз жүгiрттiк. Төретам ауылдық әкiмшiлiгiнiң ауласына келгенiмiз сол едi, “Жас Алаш” газетiнiң ел арасында жүргенiнен хабарланған болуы керек, ауыл тұрғындары мұң-мұқтаждарын жайып салды. Тыңдадық. Түйгенiмiз сол – төретамдықтардың бүгiнгi күнi – күңнiң тiршiлiгi. Тұрғындардың айтуынша, ауыл бүгiнге дейiн ауыз суға жарымай отыр. Жарық мәселесi күннен-күнге күрделе­нiп барады. Тас жолдың тозығы шыққан. Жұмыссыздық жайлаған, тағысын тағы мәселелердi айтып ауыз шаршаған.

“Қазатомөнеркәсiптiң” бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкiшевтiң түрмеге түсуiне “Росатом” мен Ресей қарулы күштерiнiң бас барлау басқармасы ықпал еттi”. Мұны “Уикиликске” сүйенiп, ҚазТАГ ақпарат агенттiгi таратып отыр. Елең еткiзер жаңалық деуге келмес мұны. Жәкiшевтiң қалай түрмеге түске­нiн, кiм түсiргенiн жұрт сезедi. ҰҚК-нiң бұрынғы төрағасы А.Шабдарбаевтың арқасында. Бұл туралы кезiнде жiлiктеп жаздық та. “Уикиликс” түкке тұрғысыз нәрсеге тұмсық тықпайды. Уранды “болмашы нәрсе” дей алмайсыз. Ендеше, “Укиликске” бiз де жүгiнiп көрейiк. Youtube дейтiн порталда 2009 жылы 4 қарашада М.Жәкiшевтi тергеу барысы жазылған бейнетаспа жарияланды.
 
Расында да, елу жыл бiр ғұмыр ғой, оған да келiп қалыппыз. Не тындырдық, бiтпеген қандай мақсаттар қалды дегенге бiрiншiден– уақыт төрешi. Екiншiден – журналист болған соң, бағасын оқырман берер деп ойлаймын. Бүгiнге дейiнгi тағдырым осы газеттiң бетiнде және онымен бiте қайнап, байланысып жатыр. Өзгемен салыстырсам, жаз­ғанымды жинақтап кiтап шығармаппын. Пәлен том етiп шығарсам да болар едi. Алайда мақалаларым жазылды, одан қандай нәтиже шықты, оны келешек ұрпақ таразылайды. Елуге келiп тағы бiр түйгенiм, “Серғазы Мұхтарбек” дегенде қосып айтатын ешқандай атағым жоқ екен. Журналистер одағының сыйлығын да алмаппын. Бiрақ бiр
Нарынқолға қарай жол тартқанда, Әлекеңе – Әлнұр Мейiрбеков ағамызға сәлем берудi өзiмiзге мiндет санайтынбыз. Абыз қарияның алды –ақжайлау. Ол кiсiнi көргенде, әкеңдi көргендей боласың. Әлекеңнiң шаңырағы туған үйiңдей жылы. Әйнек шешемiз екеуi келгендердi қалбақтап қарсы алады. Сенiң асыққан, асықпағаныңда ол кiсiлердiң шаруасы жоқ. Дереу қазан көтерiледi. Ендi әңгiменiң тиегiн ағытпасқа не шара бар? Менiң таңғалатыным, жылдың қай мезгiлiнде есiгiн ашсаңыз, бұл отбасы қонақ күтуге дайын. Қонақтың сыбағасын әзiрлеп тұру – қалыпты дағдыға айналған. Өтпелi кезең, дағдарыс, пәленбай, түгенбай деген сылтаулар Әлекеңнiң шаңырағын айналып өтiп жатқан сияқты.
 Флоренцияның ұлттық музейiнде Италияның ұлы перзентi, Ренессанс дәуiрiнiң аса көрнектi өкiлi Микеланджелоның “Жеңiмпаз” деп аталатын мәрмәр тастан қашалған мүсiнi бар. Дене бiтiмi керiм, аласа маңдайының алдында бұйра шашы желбiреген жалаңаш жiгiт, басы салбырап, өлiмге мойынсұнған жауын тiзесiмен басып тұр. Бiрақ жеңiмпаз кезiнде қанын iшкiсi келген дұшпанына ендi көзiнiң қиығын да салғысы келмей, оны өлтiруге да асыға қоймайды. Өйткенi осыдан әрi қарай оны бұл жеңiстiң ләззаты қанағаттандырмайды да. 
Қазiр әлемнiң ең үздiк спорт түрi – футбол десем, қате айтқаным емес. Кейбiреулердiң түсiнiгiнше, бұл ойын тек допты ары-берi қуумен шектеледi. Бұл – бұрыс түсiнiк. Футбол ойыншыдан жылдамдықты, ұтқырлықты, тапқырлықты, мергендiктi талап етедi. Сонымен қатар ала доптың қыр-сырын меңгеру, ойыншылардың алаңдағы өзара түсiнiстiгi де маңызды. Ал бiздiң елде бұл ойын қашан үздiк дәрежеге жетер екен?! Қарап отырсам, елiмiздегi барлық әзiл-сықақ театрлары мен көңiлдi тапқыштар клубының басты әзiлi – Қазақстан футбол құрама командасы. Ал шындығына келсек, бұл мүлде күлетiн нәрсе емес қой.

Бiздер қазiр мынандай келеңсiз жайға куә болып отырмыз. Ауыл шаруашылық өнiмiн әркiм өзi өндiруде, оны ешкiм бақылап жатқан жоқ, олар өз отбасына таза табиғи өнiм егедi де, ал сатылатын өнiмге аямай селитра және т.б. химиялық тыңайтқыштар қолданады. Ол улы өнiмдi халық қыруар қаржыға сатып алып жатыр. Адам ағзасы уланып, түрлi ауруларға шалдығуда. Асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек талмасы, тамақ ауруы үдеп барады. Әсiресе, балабақшаға, мектеп оқушыларына және ауруханадағы науқастарға тамақ өнiмдерi базардан сатып алынады. Облыстық денсаулық саласының мәлiметi бойынша, облысымызда әскерге шақырылған 10 баланың 1-еуi, не 2-еуi ғана жарамды. Келешекте де осылай бола берсе, онда...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықованың назарына
Былтыр “Жас Алаш” газетiнде Кенжебай Аманқұловтың “Аналардың өкпесi қара қазандай” (“Жас Алаш”, №66, 19 тамыз, 2010 жыл) атты мақала жарық көрген едi. Арада бiраз уақыт өтсе де, ой бөлiскiм келедi. Асығыс жасалған осы бiр заң алтын, күмiс алқа алған аналардың бiрiне қуаныш сыйласа, ендi бiрiне қайғы-қасiрет әкелдi. Баласын жоғалтқан аналардың жаралы жүрегiн одан сайын сыздатты. Оған дәлелдi алыстан емес, өз басымнан келтiргiм келедi.Ауылдық жерде ұстаздық ете жүрiп 6 ұл-қыз өсiрiп, тәрбиеледiм. Балаларымның бәрi де жоғарғы оқу орнын бiтiрдi. Оларды оқытып-өсiру үшiн қанша еңбек етiп, тер төктiм десеңiзшi.

Андрей Попов – Темiртау қаласының тумасы. Мамандығы инженер. Ол 1998 жылдан берi Темiртау қаласында ғана емес, бүкiл Қарағанды облысындағы идеологияға сәйкес келмейтiн ескерткiштер мен көше атауларына қарсы күрес жүргiзiп келе жатыр. Андрей тiптi 2006 жылы В.И.Лениннiң жұмысшылар табының интеллектуалдық меншiктерiн ұрлағанын бұлтартпас деректермен дәлелдеп, “көсемдi” қылмыскер ретiнде соттау және облыс орталығында оған орнатылған ескерткiштi күреп тастау жөнiнде Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотына талап-арыз түсiрген. Алайда судья “жасал­ған қылмыс мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты” дегендi желеу етiп, А.Поповтың талап-арызын қараудан бас тартты.

Мен “Жас Алаш” (бұрынғы “Лениншiл жас”) газетiмен 60 жылға жуық сырлас болып келемiн. 1953 жылы 8-сыныпта оқып жүргенде комсомол қатарына алынардағы жиналыс­та менен Қазақстан жастарының газетiнiң атын сұрады. Мен “Лениншiл жас” деп жауап бергенiмде, “комсомол қатарына алынсаң, өз газетiңдi үнемi алдырып оқисың ба?” дедi. Мен газеттi алдырып оқуға уәде бердiм. Сол уәдемдi әлi күнге орындап келемiн. Студенттiк кезiмде де және қай жерде жүрсем де сүйiктi газетiмдi қолымнан түсiрген емеспiн. “Жас Алаш” газетiнiң 90 жылдық тарихы – қазақ елiнiң кеңестiк кезеңдегi 70 жылдық, тәуелсiздiк тұсындағы 20 жылдық тарихы.
“Астана арландары” кәсiп­қой бокс клубының боксшылары сейсенбi күнi елге оралды. Қытайдың Гуйянг қаласында “Париж Юнайтед” командасынан жеңiлiс тапқан “арландар” бүкiләлемдiк бокс сериясының күмiс медалiмен және 150 000 АҚШ доллары көлемiнде сыйақыға ие болды.
Бейбiт Есжанов,  “Астана арландары” клубының бас бапкерi: – Менiң ойымша, бiз алдымызға қойған мақсатымызды орындадық. Маусым басында бiздiң алдымызға қойған талап – бүкiләлемдiк бокс сериясының плей-офф бәсекесiне шығып, олимпиаданың бiр лицензиясын ұтып алу едi. Қараңыздар, бiз финалда өнер көрсеттiк. Ал екi боксшымыз олимпиада
Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы Қытайдың Хайкоу қаласында өткен Азия кубогынан оралды. Вадим Присяжнюк баптайтын елiмiздiң бойжеткендерi бұл сыннан бес жүлде әкелдi. Биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып тұрған Азия кубогында бiздiң бойжеткендерге алтын медаль бұйырмады. Өкiнiштiсi сол, бiздiң төрт бiрдей бойжеткенiмiз финалда өнер көрсет­iп, жеңiлiп қалды.  54 келi салмақта жұдырықтасқан Жайна Шекербекова жартылай финалда филиппиндiк боксшыны жеңдi. Финалда Жайна солтүстiккореялық Ким Сонг Худан 4:7 есебiмен жеңiлiп қалды.
Сәрсенбi күнi футболдан Қазақстан кубогының ширек финалдық кез­десулерi ойналды. Елiмiздiң төрт қаласында өткен кубоктық сайыста командалар жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салды.  Биылғы маусымда жиырмасыншы рет өткiзiлiп тұрған ел кубогының жартылай финалына Шымкенттiң “Ордабасы” клубы мен Павлодардың “Ертiсi” және Тараздың “Тараз” клубтары жолдама алды. Сондай-ақ Қазақстан кубогының бес дүркiн жеңiмпазы Алматының “Қайратын” ұтқан Қостанайдың “Тобылы” да үздiк төрттiктiң қатарына қосылды. Қаскеленде Шымкенттiң “Ордабасы” клубын қабылдаған “Сұңқар” футболшылары оңтүстiкқазақстандық футболшылардан 1:3 есебiмен ұтылды.
КРОЙЦИГЕР ОНЫНШЫ КЕЛДI
Италия тасжолында өтiп жатқан “Джиро Д Италия” көпкүндiгiнiң кеше алтыншы жарыс күнi өттi. Бесiншi кезеңде Пьомбино – Орвьето қалаларының арасын жалғайтын 191 шақырымдық қашықтықта “Астана” командасының велошабандозы Роман Кройцигер мәреге оныншы болып келдi. Чех велошабандозының уақыт көрсеткiшi – 4 сағат 54 минут, 49 секунд.