1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (15600) 17 мамыр, сейсенбі 2011
“Жас Алаш” ел аралауға шықты
Дәл қазiр Арал тұрғындарының тiршiлiгi адам төзгiсiз күйде. Қай ауылға бармаңыз, ауызсу, тас жол, жұмыссыздық мәселесi көлденең­дейдi. Кедейшiлiк дендеген. Халық азып-тозған. Тұзы көкке, суы құмға сiңген Аралдың азабын көзбен көрiп, қазақтың өте ауыр тұрмысымен таныстық. Ђкiнiштiсi, Аралда асылып, өзiне-өзi қол жұмсап, түңiлген тұрғындар көбейген. Елеусiз, ескерусiз қал­ған елдiмекендер жеткi­лiктi. Ауыр тұрмыстан айық­пас дертке шалдыққандар жиiлеген. Балалы әйелдердiң 70-80 пайызы қаны аздық ауруына шалдыққан. Балалар арасында мүгедек болып туу көбейiп кеткен. Тiзiп айта бер­сеңiз, түйiнi таратылмаған мұндай күрмеуi көп күрделi мәселелер жыртылып айырылады. 
Осындай талап қойған “Жас Алашқа” шексiз ризамын!
Нөмiрдiң қарбалас жұмысы жүрiп жатқанда, редакцияға Қ.Қамбаров келдi. Кiрген бетте сүйiншi сұраған азаматтың хабарын естiгенде, қуанышымызда шек болмады. Естерiңiзде болса, осыған дейiн Ахметтаева (Байтүгелова) Айманның өз баласына жете алмай жүрген тағдыры жайында бiрнеше мақала жазғанбыз («Тәлкекке түскен тағдырлар» 12.08.2010, «Жынды емес екенiн сотта дәлелдеп шықты» 23.12.2010). Әдiлдiк iздеп, табанынан тозған жас ана сәбиiнен тiрiдей айырылып, тағдырдың талқысына түскен едi.  Жазықсыз жапа шегiп, психикалық емханаға күшпен жатқызылған Айман кiнәсiздiгiн дәлелдеу үшiн көп күрестi. Сәбиiне жету үшiн талай соқпақтан жүрiп өттi. Себепсiз баладан айырған бұрынғы күйеуi Ахметтаев Бағдатты сотқа берiп, заңға жүгiнген болатын. Үмiтi алдамапты. Мамырдың 11-i күнi Айман мен баласы соттың шешiмiмен сағыныса қауышты. Екi жастан ендi асқан Сұлтанмұраттың “мамалап” шырылдаған үнi мен бетiн жас жуған ананың кездесуi сондағы адамның бәрiн тебiренттi. Кез келген баланың бақыты – анасының ыстық ықыласына бөленуiнде ғой. “Орта жолда тоқтап қалған сот iсiне қозғау салған “Жас Алаштың” бұл қуанышта рөлi
ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАСЫ БЕКТАС БЕКНАЗАРОВТЫҢ НАЗАРЫНА!
Өткен жылдың 25 қазанында түскi сағат 13-тiң шамасында үстi-басынан қан сорғалаған бiр жасөспiрiм автобус аялдамасына жете құлап сол жерде көз жұмды. Оқиға Ақтөбе қаласының Әлия Молдағұлова даңғылының бойында жұрттың көз алдында өттi, жедел жәрдем жеткенше үзiлiп кеттi. Денесiнiң бiрнеше жерiне пышақ сұғылған, мойнынан қан атқылаған 16 жас­тағы Мейiржан Сүйiновтiң тiрi қалуы мүмкiн емес едi. Полицейлер көп кешiкпей қылмыскер­лердi де ұстады. Мейiржанды бауыздап өлтiр­ген   Шадияр Бағдатұлы Байсанов пен оның се­рiк­терi (барлығы 7 адам) бiр кол­ледждiң студент­терi болып шықты.
Алдыңғы мақалаларымызда АҚШ Мемлекеттiк департаментi халықаралық сөз бостандығы күнiне орай әлемнiң 38 елiнен журналистердi арнайы шақырып, оларға Вашингтон мен Нью-Йоркте ұйымдастырылған iс-шараларға қатысуға мүмкiндiк бергенi туралы хабарлаған едiк. Бүгiн АҚШ-қа сапарымыз, одан алған әсерiмiз туралы материалды оқырман назарына ұсынамыз. “Қазақстанды бүкiл әлем бiледi, Назарбаевтың Батыстағы беделi сұмдық” деген сөздiң құр дабыра әрi даңғаза ұран екенiне АҚШ-та анық көз жеткiздiк. Қарапайым американдықтар бiздiң елдiң қайда орналасқанын да бiлмейдi әлi.

Мамырдың 13-i күнi Ашғабаттың Копетдаг аудандық соты Бейсенқұл Бегдесiновке шартты жаза тағайындап, сот залынан босатты. Бiрақ ақтаған жоқ. Заңбұзушылықпен өткен сотта Б.Бегдесiновке 5 жыл мерзiмге шартты жаза кескен. Ол 15 жылға сотталып кетуi мүмкiн едi. Өйткенi оған аса ауыр айып тағылған-ды. Бегдесiновтiң адвокаты Байрам Назармедов “Азаттыққа” берген түсiнiктемесiнде Бегдесiновке “алаяқтық жасады” және “пара бердi” деген айып таққанын айтқан. Бегдесiновтiң өзi бұл айыптарды түбегейлi жоққа шығарды.

Бүгiнде елiмiзде хиджаб киген қыз-келiншектер көбейе түсуде. Хиджаб кию туралы президент Н.Назарбаев Түркiстан қаласында зиялы қауым өкiлдерiмен кездескенде өз пiкiрiн нақты айтты. Дегенмен, хиджаб мәселесiнде министрлерден бастап, мектептерде, ата-аналар арасында, керек десеңiз, балабақшаларға дейiн әртүрлi пiкiрлер айтылуда. Хиджаб оны жақтаушылар айтып жүргендей, күнделiктi тұрмыста кеңiнен пайдаланып келе жатқан киiм болса, онда кiмнiң шаруасы бар едi. Мәселе хиджабтың күнделiктi, дәстүрлi киiм еместiгiнде болып тұр. Сондықтан да хиджаб кию дiни ғана емес, саяси-әлеуметтiк мәселеге де айналып барады.

Қарсы мақала
Жақында елдiң сөзiн айтып жүрген, өзiмiз сүйiп оқитын әйгiлi газетiмiз “Жас Алаштан” “Шардараны шулатып жатқан әкiм мен ақын” деген мақаланы оқыдым. Бiраз оқыған соң барып, оның кезiнде талайды жазықсыз күйдiрiп, кейiн сот арқылы кешiрiм сұрау әдетiне айнал­ған, газеттен кеткенге... қазақтан кеткендей болып, өзiн орнынан алып, әдiлдiк орнатқан әкiмге сол үшiн жазықсыз жала жауып жүрген өзiмнiң ағам Жұмабек Мұқанов туралы екенiн бiлiп таң­ғалдым. Ал мақала авторы кезiнде бiздiң аудандағы тәуелсiз “Шартарап-Шарайна” газетiнде қыз­метiнен бiр саты төмендеткенi үшiн директордың соңына екi жыл түсiп, Жұмабек басқар­ған “Шардара
 Ардақты Димаш аға! Мен қырық екi жасқа толып, жан тыныштығын басқа тараптан iздегенiмдi түсiндiм. Өзiме-өзiм келiп, кiнәмды жуып-шайып, өз ақымақтығымнан жоғалтқанымды қалпына келтiруге көмектесiңiз. Ажал алдында тұрғандаймын, құтқара көрiңiз! Сiз қалай шешсеңiз, солай болады.  Iзгi iлтипатпен М.Мақатаев. 17.V.1974 ж. (“Мұқағали шығармалары, көп томдық толық жинағы, V том, 228 шi бет). Аянышты хат! “Қазiр мен бәрiнен де түңiлдiм.. Үйде омалып жаза беремiн, жаза беремiн. Бұлардың не әкелерiн кiм бiледi?... Екi жыл болды еш жерде жұмыс iстемеймiн, отбасым үлкен, кейуана анам, төрт балам бар, әйелiм жарты жалақымен мектепте ұстаздық етiп жүр…
“Ұят болады...” Әке-шешенiң аузынан шыққан осы сөздiң тереңiне үңiлiп, мағынасын зерттеп жатпай-ақ, әлдебiр жаман iстерден сақтандыру екенiн кiм-кiмде бала кезден-ақ түсiнiп өседi. Жаратушымыз пендесiне дарытар қасиеттердi адамның бойына сiңiргенде ақылды – миына, мейiрiмдi – жүрегiне қондырып, ұятты бетiнiң ұшына жайғастырыпты деген аңызды оқығаным бар. Әлденеден ұялып қалғанда, бетiмiздiң ду ете қалатыны содан болар. Ұялмайтын адамдар туралы айтылатын “бетi қалың екен” деген сөздердiң төркiнi сонда жатса керек. Ұлтымызбен ғасырдан-ғасырға бiрге жасасып келе жатқан осындай ұлы
Мен сiздерге жынды-ы-ы жұмбақ жасырайын ба? Шешуiн шешсеңiздер, өз айлықтарыңыз өздерiңiзге.
1. Айдалада бiр нүкте.
Ол не? Таба алмайсыздар. “Жұлдыз” дейсiз бе ? Жоқ. Жарайды, айта салайын. Адамның кiндiгi ғой.
 2. Әкел, әкел, мә-мә...
 Бұл не? Таба алмайсыздар. Миларыңыз ашып кеттi ғой деймiн. Соны да бiлмейсiздер ме? Жарайды, айта салайын.Парақор әкiм мен тендерге қатысушы кәсiпкер ғой.
Қазiр қоғам да, өмiр де қатты өзгердi. Сондықтан да бiз осы өзгерiстерге байланысты арнайы лұғат (сөздiк) жасадық. Бiз сияқты айналасындағы құбылыстарды жете түсiне алмай жүргендер де бар шығар, егер бар болса, осы лұғатқа көз қырларын сала жүрсiн. Жаратпаса, еш ренiш жоқ...
Аялдама – көше бойындағы көп тұруға болмайтын қатерлi жер.
Лотерея – мың ақымақ жиылып бiр ақымақты байытатын ұтыс.
Ақын болғым келедi. Бiрақ ақын емес, қатын болдым...Сәл дөрекiлеу кеттiм ғой деймiн. Ђзбектер «қатын» дей бередi әйелдерiн. Менiң атым – Пiстегүл, фамилиям – Стақанова. Сонда бiр стақан пiсте болады да. Ақын болғым келедi. Бiрақ жаза алмаймын. Сосын Мұқағали ақынның бiр өлеңiн көшiрдiм де, «Бұл бiз ғой» атты әдеби сайтқа салып жiбердiм. Қуан­ғаным-ай! «Ђлеңiм» жарияланыпты! Мұқағали тiрi болғанда, екеумiз бiрге қуанар едiк! Ол кезде интернет болған жоқ емес пе? «Ђлеңiмнiң» соңындағы пiкiрлердi оқып, өрiп қойған шашым тар­қатылып кеттi. Шетiнен данышпан! Шетiнен ақыл айтқыш! Әрине, тасада тұрып алып, шетiнен батыр! Шетiнен бәдiк! Қатын менен жаман! Сол пәтуа­сыз пiкiрлердi назарларыңызға ұсынайын:
Шишкин тауға шықты. Тау болғанда, өте биiк тау емес, аласалау, жатағандау тау. Бiрақ таудың басынан айналаның бәрi айқын көрiнедi екен: сыңсыған орман, жарқыраған көл, қырқа, қырат, төбешiк, сай-сала... Ең ғажабы, тып-тыныш. Құлаққа ұрғандай тыныштық.
Шишкин айғай салды:
          Ей, ей, е-е-ей...
          Ей, ей, е-е-ей..., – деп Шишкиндi қайталады жаңғырық.
Бiздiң үйдiң телебезiрi тiл-ауыздан қалғалы жылдан асып кеттi. Жұрттыкiндей “цветной” болмаса да, бала-шағаны алдандыруға тап-тамаша едi. “Адыра қалғыр, төбесiнен тоқпақтамасаң, тойып алғандағы сен сияқты тiл-аузы байланады да қалады”,– деп бiздiң Мықтыгүл төбесiнен жұдырық айырмаушы едi, шынымен-ақ адыра қалды. “Шiркiн-ай, осы қыстан аман шықсақ, Мықтыгүлды базарға салсам да, балаларға бiр “қытайский” телебезiр әперем” деп жүргем. Бiр қызы­ғы, бұл проблема күн жылына бере, өзiнен-өзi шешiлдi. Тiптi телебезiр iздемейтiн болдық. Бұл күнде жұмыссыздық дегенге әбден етi үйренген ауылдағы ағайынның iздейтiнi – қысыр әңгiме, сосын жиналып алып, қолдары талғанша қарта соғу.
Сенбi күнi Алматыда Халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов атындағы бокс­тан халықаралық турнир аяқталды. Биыл 16-рет өткiзiлiген турнирге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiкстан, Түрiкменстан, Украина, Грузия, Сирия, Беларусь, Әзiрбайжан, Ресей және Индиядан 170-тен астам был­ғары қолғап шеберлерi олимпиялық салмақтар бойынша бақ сынасты. Бұлардың 30-ы — боксты серiк еткен қыз-келiншектер. Айта кету керек, беделдi жарыс­қа Украина мен Қазақстан “нөмiрi бiрiншi” боксшыларын қатыстырды. Әрине, екi елдiң белдi боксшылары арасындағы айқастың қызықты болатыны белгiлi.

Елiмiзде ауыр атлетика күн санап қарқынды дамып келе жатыр. Қазақстан тумалары Олимпиада, әлем чем­пио­ны атануы жастардың осы спорт түрiне деген ынтасын арттыруда. Бiлiктi бапкерлер мен жiгерлi жастардың маңдай терiнiң жемiсiн көрiп жүрмiз. Соның iшiнде кеше ғана Перудың астанасы Лима қаласында аяқталған ауыр атлетикадан 17 жасқа дейiнгi жас­өс­пiрiм­дер арасындағы әлем бiрiншi­лiгiнiң жаңалықтары қуантты. Дүбiрлi додаға Қазақстан атынан сынға түскен қос толағайымыз Әдiлбек Балқаев пен Надежда Ногай бос қайтқан жоқ. Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметiнiң хабарлауынша, қоржынымызда бiр алтын және бiр қола медаль бар.

Ресейдiң Псков қаласында кикбоксинг және аралас жекпе-жектiң К-1 сериясы бойынша New Order Fighting Championship NOFC-2 «New Blood» турнирi өттi. Халықаралық деңгейдегi жарысты бiрiншi рет қабылдаған бұл қалада жекпе-жектiң осы түрiнде жаңа салмақ дәрежесi бойынша кездесулер өттi. 65 келi салмақ дәрежесi бойынша Гран-при жолында 4 мемлекеттiң: Ресей, Қазақстан, Беларусь және Әзiрбайжан елiнiң мықтылары қатысты. Өзара кездескен олар бiр күннiң iшiнде-ақ чемпионды анықтады. “Арлан” лақап атымен танылған қазақ жiгiтi Ержан