1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15601) 19 мамыр, бейсенбі 2011
ТАБЫЛҒАН МӘЙIТТЕР ШЫНЫМЕН ДЕ ТЕМIРӘЛИВ ПЕН ХАСЕНОВТIКI МЕ?
Бас прокуратураның ресми өкiлi Жандос Өмiрәлиевтiң айтуынша, Жолдас Темiр­әлиев пен Айбар Хасеновтiң мәйiтi Қазтелерадио қоймасының ауласынан табылған. — Биылғы жылы 13 мамырда Қазтелерадионың Алматы маңындағы қоймасының ауласынан 3-3,5 метр тереңдiктен бұзылып кеткен екi мәйiт қазылып алынды. Оларды темiр бөшкеге салып, үстiне әк сепкен. Мәйiт­­­тердiң басына қара тақия кигiзiлiп, денелерi полиэтилен пакетке оралған. Мойындары жiппен және сымтемiрмен буындырылған. Табылған мәйiттер Жолдас Темiрәлиев пен Айбар Хасеновтiкi деуге негiз бар, — дейдi Ж.Өмiрәлиев. Бас прокуратураның ресми өкiлi мәйiттер табылған жердiң бұрын

Өткен сейсенбiде, яғни мамырдың 17-сi күнi жергiлiктi уақытпен таңертеңгi сағат 9.30-да Ұлт­тық қауiпсiздiк комитетiнiң жергiлiктi депар­тамен­тi ғимаратында 25 жас­тағы Рахымжан Махатов өзiн-өзi жарып жiбердi. Департаменттiң кiреберiсiн­де болған жарылыстан осы мекеменiң екi қызмет­керi мен жергiлiктi мұнай серiктестi­гiнiң менедже­рi, 32 жастағы Жеңiсбек есiмдi жiгiт зардап шектi. Жанкештi департамент ғимаратына кiруге әрекет жасағанда, оны тоқтатпақ болған кезекшi офицерге қарсылық көрсетiп, сол арада тұрған Жеңiс­бектiң қолынан ұстай алып, жарылыс тетiгiн қосқан көрiнедi. Жанкеш­тi оқиға орнында мерт болса, Жеңiсбектiң басы мен денесiне темiр сынықтары кiрiп, ауыр жараланды, қауiп­сiздiк қызмет­кер­лерiне жарықшақтар тиген.

Маңғыстаудың ең iрi кенорындарының бiрi – “Қаражанбасмұнай” Акционерлiк қо­ғамы. Бұл кенорында 4 500 мұнайшы 15 күндiк (вахталық) әдiспен жұмыс жасайды. Олар тәу­лiгiне 5 300 тонна мұнай өндiредi. “Қаражанбасмұнай” кенорны облыс орталығы Ақтау қаласынан 220 шақырымдағы Бозашы түбегiнде орналасқан. Кенорынның ашылғанына 30 жылдан аса уақыт өттi. Алғашқысында мұнайдан түскен бар қазына Мәскеудiң қазанына құйылды. Тәуелсiздiк алып ернiмiз аққа тие бастағанда канадалықтарға сатылды. Әрине, ол кез мұнайшылар үшiн қой үстiне бозторғай жұ­мыртқалаған кезең болды. Бiрақ қаражанбастық мұнайшылардың бұл дәуренi ұзаққа созылған жоқ. Канадалықтар кетiп, орнына қысық көз қытайлар мен “ҚазМұнайГаз алпауыттары” ауыз салды.
ШАМАСЫ ПӘТУАСЫЗ ПАРЛАМЕНТТI ТАРАТЫП ТЫНАТЫН ШЫҒАР
“Егер бiз бас шұлғып, әркiммен келiсiмге келгiш болмасақ, қыруар қаржы жем­қорлық жолымен ел қазынасын айналып өтпес едi. Қоржынға түсер сол мол пайданың есебi­нен әлеуетi кем әлеуметтiң жағдайын жасап, үйсiз-күйсiздердi баспанаға жеткiзiп, ардагерлер мен зейнеткерлердiң көз жасын тыяр едiк. Егер бiз бас шұл­ғып, әркiммен келiсiмге келгiш болмасақ, бұрынғы әкiмдер қалың әмиянымен шетелдерге қашып кетпес едi. Министрлер мен олардың орынбасарлары бас бостандықтарынан айырылып немесе бас сауғалап безбес едi. Егер бiз бас шұлғып әркiммен келiсiмге келгiш болмасақ, министрлерге мемлекеттiң ақшасын жеке серiктестiкке салғаныңды доғар немесе балаңның атынан банкте есепшот ашып, ұрлық қылғаныңды қой деп айтар едiк.
 
“Жас Алаш” ел аралауға шықты
Сырдария өзенiнiң орта ағысында орын тепкен киелi мекен Қызылорда облысы, Шиелi ауданына ат басын бұрдық. Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарындағыдай тас жолдың азабы азайғаны сезiледi. Батыс – Қытай – Батыс – Еуропа тас жолының құрылысы қызу жүруде. Көктiң көзi көрiне бастады. Аудан орталығы да өзгелерден ерек­шеленедi. Облыстағы маңдайалды аудандардың бiрi деген ақпарат дұрыс екен-ау дедiк алғашында. Әдетiмiзше, ә дегеннен елдiмекендердi аралауға көш­тiк. Ақ күрiштiң атасы Ыбырай Жақаевтың туған жерiне аяқ бас­тық. Ауылдың қақ ортасында тұрған ескерткiшi мен бейiтiне барып, құран бағыштадық. Мұражайын тамашаладық.  Шиелi ау­дан­дық ардагерлер кеңесi­нiң төрағасы Ертай Әбiшұлы

Әкесiнiң құны бардай, жалмауыз тағдыр ақынға неге соншама өшiктi? Ақындық жүрек сезе-дүр. Ертең өлген соң жұрттың бәрi де оның ұлылығын мойындайды. Ер-тұрманы түгенделмей кеткен ақын едi деген сыңайдағы неше түрлi естелiктер жазады. Қара түнектi жарып шығатын мейiрiмнiң таңы да сол уақытта атады. Мұқағалидың рухын аялайтын мейiрiм де, ақынның талантына табынатын мойындаулар да сол кезде болады. Дегенмен сол мейiрiм мен мойындаудың ақынға дәл бүгiн, көзi тiрiсiнде керек екенiн тасбауыр жандар неге ұқпайды? Ешкiмге керегi болмай қалған ақынның, күресуге жаралмаған пендесiнiң жарық дүниенiң жылуын сағынып, әйелге мұңын шағып, өмiрiмен қоштасып жатқанының себебiн түсiнетiн кiм бар ма, мына жалғанда? 

ҚР ПРЕЗИДЕНТI НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ НАЗАРЫНА!
Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!
Қазақ тарихындағы аса iрi оқиғалардың бiрi – елiмiздiң тәуелсiздiк алып, дербес мемлекет болуы, екiншiсi, тағдырдың тәлкегiмен әлемнiң 45 елiне тарыдай шашылған қазақтың өз Отаны – Қазақстан­ға көптеп оралуы едi. Осы тұрғыдан қарағанда, 20 жылда қол жеткен жетiс­тiктерiмiз бен елiне оралған 800 мың қандасымыздың қатарға қосылып, егемен­дi елдiң iргесiн бекемдегенiн жоққа шығармаймыз.  Құрметтi Нұреке!
– Жаһандану келе жатыр...
– Өй, келсе келе берсiн, –
Кiм оны елеп жатыр?...
– Ойбай-ау, жаһандану келсе,
Бiрден құтырады, – дейдi, 
– Рухы әлсiз ұлттардың бәрiн
Жердiң бетiнен сыпырады, –
 дейдi.
Сыпырылған дәрменсiздер
Рухы мықты ұлттарға сiңiп,
Жоқ болып мәңгi жұтылады ,
– дейдi,
– Билiгi мүддесiн ойлмайтын
Әсiресе, қазақ секiлдi
“Лениншiл жас” (“Жас Алаш”) газетiнде 1953-67 жылдары қызмет еткен қарт журналист, Ұлы Отан соғысының ардагерi Бекмырза Баймаханов – бүгiнде 86 жаста. “Жас Алаш” газетiнiң өткен тарихынан сыр шертiп, жылы естелiктерiмен бөлiсiп, көзiне жас алған Бекмырза аға: “Мен қазақпын!” деген идеядан ешуақытта жаңылмаған жалғыз әрi бiрегей басылым – кешегi “Лениншiл жас”, бүгiнгi “Жас Алаш” газетi! Қайда қызмет iстесем де, менiң рухымда бұл газеттiң идеясы, дәстүрi сақталды”, – дейдi.  “Лениншiл жас”, – дейдi ардагер журналист сөз тiзгiнiн таратып, – жас жалын
“Нұр Астана” газетiнiң 21 сәуiр күнгi нөмiрiнен жазушы, публицист Марат Қабанбай жайлы зайыбы Сәуле Хамзинаның “Көктем келген сайын екiұдай сезiмдi басымнан кешемiн” атты мақаласын оқыдым. Жұбайының “көктемде екiұдай сезiмдi бастан кешемiн” деу себебi – жазушы М.Қабанбай 22 наурызда дүниеге келiп, 26 сәуiрде дүниеден өткен екен. Марат Қабанбай көзi тiрiсiнде терең ойлы, басқа жазушыларға ұқсамайтын өзгеше мiнездi, ешкiмнiң айтқанына көне бермейтiн бiрбеткей, өз бағыты, өзiндiк көзқарасы мен пiкiрi бар шыншыл, батыл қаламгер болатын. Оның әдебиетiмiз бен баспасөзге берерi де, оқырманға айтары да көп едi.
Ғұмыр бойы қоғам үшiн бiр кiсiдей еңбек етiп, зейнеткер­лiкке шықтым. Кезiнде қазiргi Астанамыз Целиноград болып тұрғанда сол қалада, Қаланың маңындағы Малиновка ауы­лында жұмыс iстедiм. Күйеуiм сол жердегi құс фабрикасының құрылысында инженер болды. Жас кезiмiз ғой, сол жерде орналасқан әйелдердiң саяси лагерi (АЛЖИР) жайлы талай сұмдықты еститiнбiз. Жергi­лiктi халық бiр-бiрiмен сыбырласып қана сөйлесетiн. Алғашқыда таңғалып жүрдiм. Сөйтсем, әбден қорқып қал­ғандықтан екен. Фабрика салған жерден адамның сүйегi шығып жатады деп күйеуiм үнемi айтып келушi едi. Кейiн елге қайттық. Өзiм үш ұл, бiр қыз өсiрген анамын. Қазiргi жастардың жағдайы қатты алаңдатады
ЕКI ДIНДАР
Баяғыда екi санпуку (тау­да тiршiлiк ететiн Будда дiндары) болыпты. Бiреуi дiнге өте берiк, Каннонсамаға (Будда) үнемi сиынса, екiншiсi дiнге немқұрайлы қарайды екен. Бiрде екеуi Каннонсаманың (Будда) алдына келедi. Екеуi сол жерде түнейдi. Дiнге селқостау қарайтын санпукудың түсiне Каннонсама кiрiп былай деп аян берiптi:
— Император қатты ауырып жатыр. Барлық елге белгiлi бақсы-балгерлер қарап, жаза алмады. Императорды емдеуге сенi де шақырады. Сенiң емiңнен ол жазылады. Бәлен күнi күймемен алдырады. Тек асықпай күт. Расында, түсiнде айтқаны келiп, сарай адамдары санпукуды күймемен патшаға алып келедi. Санпуку
“Жас Алаштың” 6 мамыр күнгi 35-санын­да шыққан “Екi соғыстан аман оралған ардагер бiр бөлмелi пәтерде тұрады” атты мақаланы оқып, билiктегiлерге қатты қапа болдым. 18 жасқа толмай соғысқа кетiп, немiс фашистерiн 1945 жылы тiзе бүктiрген, онан кейiн жапон соғысқұмарларын тал­қандап елге оралған 3-дәрежелi Даңқ орденi және Қызыл ту орденiмен марапатталған, тағы бiрнеше орден-медальдардың иесi Iзбасар Бұлыбайұлы сияқты соғыс ардагерлерiмiздiң арқасында жеңiске жетiп, осылай мамыражай өмiр сүрiп, кабинеттерде шiрене шалқайып отырғандарын билiктегiлер неге бiлмейдi? Әрине, бiледi! Бiрақ бастарын ауыртқысы келмейдi. Өз қамын ойлап, байыған үстiне байи түссем дейдi.
Өмiр бойы аңсаған тарихи Отаныма қайтып оралғандардың алғашқысы мен едiм. Мiне, елге оралғаныма 20 жыл болды. 1991 жылдың 13 сәуiрiнен берi не көрмедiк. Әсiресе, солтүстiк өңiрге көш басын бұрғандарға өте қиын болды. Қазақ елi деп келгенiмiз орыс елi болып шықты. Бiз Отанға қайтып оралғалы берi үш рет көшi-қон заңы шықты. Одан еш нәтиже жоқ. Бұл заңдарды оралман ортасында болмаған, орыстiлдi және орысша ойлайтындар шығарды. Бiзбен санас­қан да жоқ, бiздiң пiкiрдi қажетсiнбедi де. Егер заң шығарушы орган – парламентте тым болмағанда бiр оралман азамат отырса, мәселе басқаша болар едi. Ал қазiр маңызды мәселенi қоз­ғап, президент атына хат жолдасақ, ауыл әкiмiнен мән-мағынасы жоқ, бiздi мазақ еткен жауап келедi.

Шымкенттiк жас былғары қолғап шеберi Аида Арапбайдың есiмi қас пен көздiң арасында дүниежүзiне танылды. Түркияның Анталия қаласында өткен әлем бiрiншiлiгiнде алтыннан алқа таққан боксшы қыздың шеберлiгi “мүйiзi қарағайдай” мамандарды таңдандырды. Бұл жолы ұлттық құ­ра­ма сапындағы боксшы қыздардың бiрқатары бiрiншi мәрте мұндай дүбiрлi додаға бағын сынауға барғандықтан психологиялық тұрғыдан “пi­сiп-жетiлмегендiктерi” салдарынан жеңiлiп, спорттың тi­лiмен айтқанда “жанып” кеттi. Тәжiрибе жетiспеген­дiктен, қазақстандық 8 бiрдей боксшы қыздың   жартылай финалда ұтылып, қола медальды қанағат тұтқаны осыдан. Есесiн 70 келi салмақта өнер көрсеткен Аида Арапбай қайтарып, қанжығамыз майланды.

15 мамыр күнi Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы айналымы аяқталды. Елiмiздiң былтырғы чемпионы “Тобылды” тобығынан қаққан астаналықтар 0:1 есебiмен жеңiске жеттi. Қанжығаларына үш ұпайды байлаған “Локомотив” турнир кестесiндегi орнын оңтайландырып алды. Әзiрге топ бастап тұр. 11 турда “Тобылға” қонаққа бар­ған “Локомтивке” жеңiстi жартылай қорғаушы Марат Шахметов әпердi. Тартысты өткен ойында Марат ұзақ жыл қостанайлықтардың тасын өрге сүйреген, қазiргi уақытта елордалық клубтың капитаны Нұрбол Жұмас­қалиевтiң пасын голға айналдыра бiлдi. Талдықорғанның “Жетiсуы” “Востокпен” тең ойнап ұпай бөлiсуге мәжбүр болды. Жуырда ғана бас бапкер
Қазақстанның әйелдер құрамасы Гран-При жолдамасына қол жеткiздi. Мамырдың 12-14-i аралығында Алжир­дiң Блида қаласындағы волейбол бәсе­кесiнде бiздiң қыздар барын салды. Квалификациялық раунд деп аталатын сында елiмiздiң волейболшы қыздарына алаң қожайындары қарсылас атан­ғанымен қауқар көрсете алмады. Үш таймға созылған тартысты ойын 25-11, 25-13, 25-21 есебiмен аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасын Бақытжан Байтөреев бастап барған. Бойжеткендер сенiмдi ақтап, осы сайыстың жолдамасын үшiншi мәрте жеңiп алды. Бұған дейiн 2007 және 2008 жылдары қол жеткiзген. Алжир құрамасы бiзге бұрыннан қарсылас. 2008 жылы Бейжiң Олимпиадасында да елiмiздiң волейболшы қыздармен жолы түйiсiп 3:1 есебiмен жеңiлiс тапқан болатын.